Адамзат әрқашан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:48, отчет по практике

Описание

Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осылай пайда болды. Кірпіш– жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
1 Жалпы мағлұматтар....................................................................................4
1.1 "Ш-Зулупхар" ЖШС туралы ақпарат.....................................................5
1.2 Кірпіш өндірісінің технологиясы..........................................................10
2 Сапаны басқару..........................................................................................16
2.1 Кірпіш өндіру технологиясын қадағалау............................................17
2.2 Дайын кірпіштің сапасын қадағалау.................................................18
3 Кірпішті сынау............................................................................................20
3.1 Аязға төзімділігіне сынау.........................................................................20
3.2 Кірпіштің беріктігіне сынау .................................................................21
3.3 Кірпішті ылғалдылыққа сынау ...........................................................22
3.4 Кірпішті су сіңіруіне сынау .................................................................23
4 Кірпішті сертификаттау..............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................... 30
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31
А қосымшасы..............................................................

Работа состоит из  1 файл

Отчет.docx

— 74.02 Кб (Скачать документ)

  Құрылыс материалдарын,  бұйымдары мен құрастырмаларын  буып-түю үшін қолданылатын материалдар  мен заттар қауіпсіз болуға  тиіс. Құрылыс материалдарын, бұйымдары  мен құрастырмаларын тасымалдау  және сақтау кезінде нақты  технологиялық процестер мен  тасымалдау және сақтау шарттарын  ескере отырып, қауіп-қатер дәрежесін  бағалау жүргізілуі тиіс.

Құрылыс материалдарын, бұйымдары  мен құрастырмаларын тасымалдау және сақтау кезінде "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемологиялық  салауаттылығы туралы", " Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленетін және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тасымалдауға және сақтауға қатысы бар басқа техникалық регламенттерде  белгіленген қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сапаны басқару

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты  артыру қызметті жүйелік  басқару шеңберінде жүргізілуі  мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өмір шендік кезеңін  қамтиды- жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.

Өнімнің сапасын басқару  стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың  қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі  талаптарды  анықтайтын нормативті- техникалық негізі болып табылады.

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі.

Қазіргі нарықтық экономика  негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі  дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы  және қызмет көрсетудегі орнықты  жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке –баға  деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші  орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің  сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы- бұл белгінімұқтаждылықты қанағаттындыруға үлкен себепші  болатын өнімнің пайдалылығының  жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды  экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.Егерде тұтыну құны- бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса,ал өнімнің сапалылығы –бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде  анықталады. Бұл деңгейді анықтау  үшін оның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Сапаның көрсеткішін анықтау  оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

Өлшеуші әдіс  (аспаптар, приборлардың көмегімен);

Тіркеу әдісі- бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкендесдірумен анықталуы  мүмкін;

Есептеу әдісі- өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау  үшін арнайы математикалық үлгілерді  қолдануға негізделеді;

Органолептік әдіс- адам мүшесін сезу-көру, есту ,дәм, түйсінуді  талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың  дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне  байланысты;

Социологиялық әдіс- өнім, оның нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау  негізінде жүзеге асырылады;

Сарапшылық әдіс – мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы; дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне  қортындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.

2.1 кірпіш   өндіру  технологиясын  қадағалау

Құрылыстағы сапаны басқару  жүйесін құрудың негізіне өнім сапасын  мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемлекеттік, ведомствалық және өндірістік деңдейінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік  деңгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік  депортаменттер жүргізеді. Олардың  негізгі міндеттеріне мыналар жатады : өнім сапасын жоспарлпу, сапаны сақтауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, сапаны жақсатру жөніндегі шаралар  жасау.     

Сапаны  басқарудың өндірістік деңгейі жобалау  ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс  ұйымдарында ішкі өндірістік қызметтер  арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданыоып жүрген мөлшерлер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс – құрастыру жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.     

Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.      

Жұмыс өндірісінің барлық кезеңдерінде ішкі бақылауды жүргізу құрылыс ұйымының әкімшілік – техникалық қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел баұылау негізінен жұмыс  басқарушыға, құрылыс шеберлеріне  және бригадирге жүктеледі. Олвр бақылауды үздіксіз  және тұрақты түрде жүггізеді. Сыртқы бақылау – тапсырыс бойынша құрылыс салынып жатқан тапсырма берушінің және жобалау ұйымының авторлық қадағалау міндеті.     

Тапсырма  берушінің техникалық қадағалауы –  құрылысты салудың барлық мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бақылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні қабылдайды. Тапсырма беруші алғашқы, аралық және түпкі қабылдау кездерінде бақылацға қатысады, бұл жөнінде құжаттар толтырылады.      

Жобалаушы ұйымдардың авторлық қадағалауы құрылыстың сапасын жақсарту, салынук мерзімін қысқарту және пайдалануға  берілетін объектілердің сапасын  және жетілдірілген материалдар  мен құрылымдарды құрылыстарда пайдалануды  жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін  арттыру мақсатында жүргізіледі.     

Авторлық  қадағалау жобадан ауытқулар  мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға  құқығы бар. Барлық табылған кемшіліктер  толық түзетілгеннен кейін ғана жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі. Жобалау ұйымдары құрылыстың сапасы және авторлық қадағалаудың мұқият жүргізілуімен байқаған кемшіліктерді түзеу үшін толық жауап береді.      

Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды қабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары  аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бақылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі ҚМЕШ – 3 – 76 «Құрылыстарды аяқталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің комиссияның мердігерден объектіні алдын – ала техникалық қабылдауы және мемлекеттік комиссияның түпкілікті қабылдауы.   
 

2.2  Дайын   кірпіштің   сапасын   қадағалау

Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың өзек жарды міндеттерінің бірі болып  табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс  өнімінің сапасы ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі дәрежесіне, қолданылып жүрген мөлшерлік талаптарға сай  келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдерімен айқындалады.     

Жобалық шешімдер үймереттер мепн ғимараттарды тұрғығу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түпкі сапасы құрылыс – құрастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құралымдардың сапасына байланысты.      

Үймереттер  мен ғимараттарды салу әдістері мен  құрылыс – құрастыру жұмыстары  өндірісінің технологиясын жетілдіру құрылысты интенсивтендіруге көмектеседі және оның тиімділігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саладағы техникалық  саясаттың негізгі бағыттары мынадай : құрылысты индустрияландыру мен механикаландыру; ауыр және еңбек сыйымдылығы көп қажет ететін құрылымдар мен бөлшектерді дайындау жөніндегі барлық жұмыс көлемін зауыттарға көшіру; олардың дайындық деңгейін арттыру; құрылыс объектілерін барынша тез құрастырудың және құрастыру күрделілігін азайту жолдары қарастырылған жобалар жасау және олады пайдалану; зауытта пайдалануға толық дайын құралымдар және бұйымдарды жиынтық түрде жеткізу; жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға негізделген жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді пайдалану.     

Тек қазігі заманғы ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін ұтымды пайдалану  және құрылыс өндірісінің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сүйене отырып басқарылса ғана бұл міндеттер ойдағыдай  жүзеге асырылады.       

 Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгеійне қол жеткізу құрфлысқа қатысушылардың бәріне : жоспарлау органдары, тапсырма берушілер жобалаушы мен құрастыру құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы

зауыттар  және бақылаушы органдарына тікеклей байланысты кешенді проблеме болып  табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайдалану кездерінде өнімнің белгіленген қажетті сапа деңгейін әрдайым  қамтамасыз ету жүйелі бақылау арқылы жүзеге асырылады және сапа деңғгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ – 15467 – 79)мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.      

 

 

 

 

 

 

3 Кірпішті сынау

 

3.1 Аязға төзімділігіне сынау

 

       Кірпіштің аязға төзімділігі – көпретті ауыспалы тоңазыту мен қайта еріту барысында физика-механикалық қасиеттерін сақтап қалу қабілеті.

Кірпіштің аязға төзімділігі  өзінің сәйкес Ғ маркасы бойынша  сипатталады.

Кірпіштің Ғ аязға төзімділігі  бойынша маркасы – базалық  әдістермен сыналған (сынау барысында  нормаланған шектерде бастапқы физика-механикалық  қасиеттері сақталады) бетон үлгілерін  тоңазыту және еріту циклдерінің  нормалармен бекітілген минимал  саны.

Сынау циклы – үлгілерді  тоңазыту және ерітудің бір периодының жиынтығы.

Негізгі үлгілер – тоңазыту мен ерітуге арналған үлгілер.

Бақылау үлгілері – негізгі  үлгілерді сынауды бастамастан  бұрын бетонның қысуға беріктігін анықтауға  арналған үлгілер.

Кірпіштің аязға төзімділігін анықтауға арналған сынау шарттары 6.1-кестеде көрсетілген

Сынау жүргізу реті

- үлгілер 6.3 - кестеде көрсетілген  тәртіп бойынша сыналады;

- тоңазытылған   үлгілерді   температурасы   (18 2) °С суы бар ваннада ерітеді. Үлгілерді арақашықтығы 50 мм болатындай етіп орналастырады, сонымен қатар су үлгілердің жоғарғы шегінен кем дегенде 50 мм-ге асып тұруы керек;

- тоңазытқыш   камерадағы   ауа   температурасын     камера    көлемінің ортасында  өлшейді;

- үлгілерді   ерітуге   арналған   ваннадағы   суды  әрбір 100 циклден соң ауыстырып  тұрады;

- негізгі   үлгілерді   ваннадан   шығарған соң 2-4 сағаттан  кейін қысуға беріктігін сынайды.

Сынау нәтижелерін өңдеу  реті

- егер   негізгі   үлгілердің   қысуға беріктігінің  орташа мәні бекіткеннен кейін  берілген марка үшін ауыспалы  тоңазыту-еріту циклдерінің саны  бақылау үлгілерінің қысуға беріктігінің  орташа мәнімен салыстырғанда  5%-дан артық емес азайса, бетонның  аязға төзімділігі бойынша маркасын  талапқа сәйкес деп қабылдайды [13].

Аязға төзімділігі бойынша  маркасы F50 жеңіл кірпіштің бақылау үлгілерінің орташа беріктігімен салыстырғанда негізгі үлгілердің қысуға беріктігінің азаюы 15%-дан аспауы керек;

- егер аралық сынаулардан  кейін негізгі үлгілердің орташа  мәнінің азаюы бетонның бақылау  үлгілерінің қысуға беріктігінің  орташа мәнімен салыстырғанда  15%-дан асып кетсе, онда сынауды  тоқтатады және сынау журналы  бетонның аязға төзімділік бойынша  маркаға сәйкес келмейтіндігі  туралы мәлімен енгізіледі;

-  кірпіштің  бақылау   және негізгі үлгілері туралы  бастапқы мәліметтер мен сынау  нәтижелері сынау журналына енгізіледі.

 

 

3.2 Кірпіштің беріктігіне сынау

 

      Кірпіштің беріктігін анықтау үшін сынау жүргізуге дайындау және сынау жүргізу шарттары.

Үлгілерге сынау жүргізетін бөлменің ауа температурасын (20?5) шегінде және ауаның қатыстық ылғалдығын 55%-дан кем емес етіп ұатау қажет. Осы жағдайда үлгілер сынауға дейін қалыптан шығарылған түрде егер олар суда қатса 24 сағаттан  кем емес және егер олар ауалы-ылғалды жағдайда немесе жылулық өңдеу шартында қатса 4 сағаттан кем емес уақыт тұруы қажет. 

Ыстық күйінде беонның  қысуға беріктігін анықтау үшін сынауға  арналған үлгілер және де суда қатқаннан  кейін созылуға беріктігін анықтауға  арналған үлгілер алдын ала белгілі  бір уақыт ұстамастан сынау қажет.

Информация о работе Адамзат әрқашан