Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 09:40, реферат
Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;
-тәуелсіздендіру процесі, әсіресе экономикалық, халық шаруашылығы бұтақтарының жаңа республикалық топтастыруын жасаумен бірге жүреді. Ол аймақтарда өндірісті қадағалауға және осы негізде халық шаруашылығында тұрақты өндіріс байланыстарын орнатуға, макроэкономиканың үйлесімді құрылымын жоспарлауға көмектеседі;
КІРІСПЕ ............................................................................................................ 2
1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........ 4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)..................................................... 8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19
2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР..................................................................................... 24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі................................................... 24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы........................................................................... 26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі......................................................................... 32
3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.... 39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
423.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 54
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 56
ҚОСЫМША 58
Аймақтық басқару жүйесіндегі негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны мағынаға толтыру мақсатындағы нақты қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы керек.
Қорыта келе аймақтық проблемаларды зерттеуде жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқарудың түрлері мен формаларының кең диапазоны байқалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз келесі бағыттарда реформалар жүргізуіміз қажет:
- Мемлекеттік саясатты жасау әдістерін конъюнктуралық факторларды емес, халықаралық назар мен стратегиялық мақсаттарды ескере отырып ұштау.
- Әр түрлі әлеуметтік топтардың назарын жақсылап бақылау арқасында мемлекеттік қызметтерді таратуда бағыттылықты күшейту.
- Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және нәтижелілігін жоғарылату, нновациялық жақын келуді, прогрессивті практикалық тәжірибені ендіру.
- Азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру және қызметті электронды жүйе арқылы тарату үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану.
- Қызметкерлерді ынталандыру жүйесін өзгерту, жұмыс көрсеткішін бағалау жүйесін жақсарту, және де осындай қызметке әйел адамның, басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің кең қол жеткізе алуы арқылы мемлекттік қызметке жаңарту енгізу.
Орта және шағын бизнес кәсіпорындардың кооперациясының халықаралық тәжірибесі кооперативтерді құру өнімділікті бірталай көтеретінін және оның мүшелерінің (шағын және орта бизнес кәсіпорындары) тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Қазақстанда СПК құру аймақтардың бәсеке қабілеттілігін көтеруге кластерлі даму механизмдарының енгізу, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды мобилизациялау арқылы жағдай жасайды. Тұрақты бизнес-құрылымдарды мемлекет қатысуы арқылы біріктіру өзінде аймақтың экономикалық белсенділігін шоғырландырған және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру катализаторы болуға қабілеттілер ірі аймақтық орталықтар құру мүмкіндігін береді. Бұл мемлекеттік және жеке сектордың бірігуі арқылы аймақтардың дамуына нәтижелі көмек беруге, кластерлі әдіс негізінде бірегей экономикалық нарық құруға мүмкіндік береді. СПК аймақ инновациясының орталығы, ішкі және сыртқы нарықта өндірістік және ауылшаруашылық өнімнің ірі жабдықтаушысы болады және шағын және орта кәсіпорын өнімін өткізуге, нәтижелігі аз жеке кәсіпорындардың бірігуіне болысады. Аймақтық СПК жасау нәтижесінде жаңа бәсеке көтеретін өндіріс жасау, аймақтарда жұмыс орнының көбеюі, жұмыстағы өндіріс өнімінің көбеюі,экспортқа шақталған отандық өнімді жоғарғы бағамен өткізу, рентабельсіз мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, кәсіпорын субъектілерінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру күтіледі. Бұл Қазақстанның ВТОға кіру қарсаңыда әсіресе өзекті.
Информация о работе Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау