Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 09:40, реферат

Описание

Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;
-тәуелсіздендіру процесі, әсіресе экономикалық, халық шаруашылығы бұтақтарының жаңа республикалық топтастыруын жасаумен бірге жүреді. Ол аймақтарда өндірісті қадағалауға және осы негізде халық шаруашылығында тұрақты өндіріс байланыстарын орнатуға, макроэкономиканың үйлесімді құрылымын жоспарлауға көмектеседі;

Содержание

КІРІСПЕ ............................................................................................................ 2
1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........ 4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде.... 4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)..................................................... 8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі................. 14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл......................... 19
2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР..................................................................................... 24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі................................................... 24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы........................................................................... 26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі......................................................................... 32
3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.... 39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
423.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау........... 50
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 54
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 56
ҚОСЫМША 58

Работа состоит из  1 файл

АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 453.50 Кб (Скачать документ)

 

Энергетикалық емес және тиімсіз секторларда жаңа нарықты дамыту сияқты, қорғалған сауда маркасы бар өнімдерді жасау және интеллектуалдық меншік құқықтарын, ферма шараушылығын дамыту, кәсіпкерліктің өнімін ішкі және сыртқы нарыққа шығару сияқты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді.

 

Сонымен қатар ӘКК кәсіпкерлік өнімдерін сатып алушы ретінде танылады және келесі міндеттерді атқара отыра кластер менеджері болады:

 

-кәсіпкерліктің шағын және орта кәсіпорындардың өнімдерін сатып алу және жаңа технологияларды басқару жүйесі мен өндіріске енгізу, инновацияларды енгізуге ынталандыру;

 

-ауыл шаруашылық өнімдерін тамақ тауарларына жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға енгізу, қайта өңдеу үдерістерін ұйымдастыру және өнімді қайта өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

 

-өнімдерді біртұтас брэнд негізінде ішкі және сыртқы нарыққа шығару және маркетинг;

 

-ӘКК-ның меншікті сауда үйлерін құруда ӘКК-ның аясында дайындалған өнімдерді іске асыру.

 

ӘКК шаруашылық субъектілерінің бірлестіктерін кластерлерге тартады. Кластердің өндірістік циклын ұйымдастыру жолымен жаңасын құру, инфрақұрылым объектілері мен жер телімін ұсыну, инновация енгізу, маркетинг базасын қалыптастыру, кластердің барлық шикізаты үшін көтерме бағамен сатып алу есебімен өнімнің өз құнын төмендету, өнімді қайта өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

 

Бүгінгі таңда елдегі экономикалық дамуының жалпы аясында ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жақсы емес. Халықтың 43%-ы

 

ауылды елді мекенде тұрады, олардың үштен бір бөлігі статистикалық мәліметтер бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыс алады. Бұл қоғамның әлеуметтік-саяси ахуалына кері әсерін тигізеді және адамның даму көрсеткіштері мен еліміздің инвестициялық имиджінде көрініс табады.

 

Ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі саласындағы кластердің дамуына ауылдық елді мекеннің әлеуметтік және саяси жағдайының дамуына әсер етеді. Ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің аз болғандығынан тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындары , шаруа қожалықтары өз беттерімен көп мөлшерде қазақстандық өнімді экспортқа шығара алмайды.

 

Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мүмкіндігінің концентрациясы технологиялық модернизацияның локомотиві және белгілі бір аймақ кластерінің бәсеге қабілетті болып өсуіне әсер етеді.

 

Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын жағдайдың бірі өнімділік инфрақұрылымның жетіспеушілігі, бірінші кезекте бұл жер құны мен коммуникация жүйесіне қосылу қиындығы болып табылады. Мемлекеттік меншікті активтерді пайдаланбау мәселелері, ӘКК жерлері өндірістік мақсатымен кәсіпкерлік қолдаудың тиімді шарасы болады.

 

Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі ӘКК активтерін, жерлер мен ғимараттарды, тиімсіз немесе пайдасыз кәсіпорындарды табыстаудың маңызды аспектісі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өз қызметінде қолдануы мүмкін. Сонымен қатар ӘКК-ға жүктелетін міндеттер мен қызметтер саны үлкен және оларды бір-бірімен шатастырмау керек.

 

Кәсіпкерліктің қайта құрылуы ӘКК-ға міндеттелмеу қажет, себебі оның міндетіне өте көп міндеттер кіреді. Оңалту деп кәсіпкерліктерді қайта құру және оның негізінде құрылған бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді айтады. Мемлекеттік тиімсіз кәспорындарды оңалту мен қайта құру талдауы бойынша жұмыстарын аймақтың орталықтандырылған даму инститтары ретінде ӘКК орындау керек. Сонымен қатар олар осы үдеріске өз еркілерімен қатысулары қажет. ӘКК қызметі мемлекет тарапынан реттеуге және оңтайлы болған сайын олардың жұмыстары да сондай тиімді болмақ.

 

ӘКК активтерді басқаруға, жобаларды тартуға және оларға нақты аймақтың дамуына байланысты қосымша инвестициялар да тарта алады. ӘКК-ның дамуы мемлекеттік тиімсіз кәсіпорындардың негізінде жаңа өндірістер мен технологиялар құруға себеп болады. Осы үдерістің бірінші қадамы болып жергілікті және орталық өкілетті органдарымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүлкін инвентарицазиялаудан өткізу, мемлекет иелігіндегі акциялардың бақылау пакеттерін өткізу болып табылады. Инвентаризация өткізудің нәтижесінде ӘКК-ға берілетін тиімсіз активтер анықталады.

 

ӘКК аймақтың инновация орталығы, ауыл шаруашылық өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығаратын ірі жеткізуші болады және шағын және орта кәсіпкерлік өнімдерін шағыруға жәрдемдеседі. ӘКК жобаларына қатысу қаржылық, жер, технологиялық ресурстар, ішкі нарық, ӘКК тарапынан кепілдік мүлікпен қамтамасыз етуге рұқсаты бар және бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы жұмыстарын кеңейту мүмкіндігі бар отандық бизнес-құрылымдарға қызықты болады.

 

Қазақстанда ӘКК-ның қатысуымен отандық өндірушілер шетелдік серіктестіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндігі бар, онда отандық шикізат пен шетелдік технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығаруларын арттырады. Қытай, Ресей, Қырғызстан секілді көрші елдердің көрсеткіштері үлгі бола алады, онда жергілікті және шетелдік кәсіпорындардың тоқыма өнеркәсібінде жергілікті шикізат пен шетелдік технологияны қолдану, сонымен қатар шетелдік компаниялар шығаратын әлемге танымал киімдер маркасы, жергілікті шикізат пен еңбек ресурстарын қолдану арқылы тоқыма өнімін өндіру бойынша кәспорын филиалдары дамып келеді.

 

Сонымен қатар ӘКК жобаларын іске асыру үшін салық салу кезінде заңға сәйкес уақытша жеңілдіктер енгізу - өндірістік фокусты өзгерту негізінде табысы аз кәсіпорындардың дамуына және инвестициялық преференция түрінде жаңа тауар номенклатурасын ендіруге мүмкіндік туады. ВТО құрамына енетін Қазақстан отандық кәсіпорындарды белсенді консалидация қажеттілігін түсіну қажет. Олардың өнімі импорттық нарыққа, атап айтқанда, мемлекеттің ӘКК-ға қатысуы белгілі бір дәрежеде отандық өндірушілердің қолдауының кепілі деуге болады.

 

3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау

Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы - халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші. Жоспарлы бағыттар шаруашылық басқарудың құралы ретінде пайдалануға болады. Басқарудың макроэкономикалық моделінде көрсеткіштердің негізінде мына жүйеге негізделген ең төмен жиынтық:

 

-экономикалық дамудың индикаторы - өнімнің өсу қарқыны мен көлемі, өндірістік шығындардың құрылымы (материалдық, еңбекақы төлемі т.б.) пайдалылығы, салық салу ауырлығы, инвестициялық белсенділік;

 

-әлеуметтік индикаторлар - өнім шығармайтын саланың дамуы деңгейі мен бастау көздерінің динамикасы, жұмыссыздық деңгейін бағалау мен жұмыспен қамту, халықтың нақты және номиналдық табысы және шығындардың құрылымы, халықты әлеуметтік қолдау көрсеткіштері;

 

-жалпы көрсеткіштер - инфляция факторы мен деңгейін бағалау, шаруашылық субъектілерінің шығындары мен кірістері (тұрғын халық, материалдық қызметтерге жатпайтын сала тауар өндірушілер, аймақтың бюджеттік емес қордың бюджеті, федералдық бюджет), аймақтың әлеуметтік-экономикалық үдерісін экономикалық реттеудің маңызды параметрлері.

 

Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды айтуға болады:

 

-валовтық аймақтық өнімнің ақшалай қорға қарым-қатынасы;

 

-ақшалай қордың материалдық құндылықтарды есептемегенде кәсіпорындардың айналымдық қаражатқа қарым-қатынасы;

 

-бір жұмысшыға өндірім және басқарудағы бір жұмысшыға келетін таза активтердің көлеміне қарым-қатынасы;

 

-аймақтағы басқаруға кететін шығын үлесі.

 

бұл модельді елестету үшін аймақтардың көрсеткіштерін талдау керек. Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары арасында салыстырмалы талдау жүргізейік.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының негзгі экономикалық даму индикаторы 1-кестеде көрсетілген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібімен өнімдер (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 134125,7 млн. теңгеге алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8,1 %-ға артық, ауыл шаруашылығының валдық өнімінің көлемі 9,6%-ға өскен және ол 80421,9 млн теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестициясы 1,44 есе өсіп 45231 млн. теңгені құрады. Жалпы алғанда ОҚО-на 383 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,21 есе артық. Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,31 есе артып, 61736,9 млн. теңгені құрады.

 

Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 113%, мұндай өсулер Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында және Шымкент қаласында байқалды. 2004 жылы ішкі айналым көлемі 749,5 млн.долларды құрады, экспорт 1,48 есеге өсіп, 442,4 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,52 есеге өсіп, 307,1 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген мақтасы (облыс экспортынан 41,6%), мұнай өнімдері (19,6%), бидай ұны (6,5%), қорғасын (3,7%). ресми инфляция 5-6%, тұтынушы бағасы 4,8%-ға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ға төмендеді.

 

ОҚО 2003 жылдағы бюджеті 599,75 млн. теңгеге орындалды, 2004 жылы 1679 млн, теңге дефицитімен орындалды. Бюджеттің нақтыланған бөлігі 97,1 %-ға, ал шығын 97,9%-орындалды. түсімді номиналды есептегенде 53890,3 млн. теңге, ал шығын - 55569,5 млн. теңгені құрады. облыстың шаруашылық субъектілерінің қаржылық нәтижесінде кіріс 16294,5 млн. теңгені құрағаны анықталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 %-ға артық. Бизнесті дамытуға арналған екінші деңгейлі банктер беретін несие қаражатының көлемі де өсіп келеді.

 

Соңғы 5 жылда облыстың кәсіпкерлік құрылымдары айналымдағы қаражатты толтыруға және жаңа жабдықтар алғанға екінші деңгейлі банктерден қысқа және ұзақ мерзімді негізде 50 млрд. теңге көлемінде ақша алды. Олардың маңызды бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылық өнімдерін (ұн дайындау, макарон, сары май мен жануар майы, жеміс-жидек пен көкөніс, шырын, ет, шұжық, тоқыма бұйымдарын) қайта өңдеуге жұмсалған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпкерліктерінің саны 5,1 %-ға өсіп 4028 бірлікті құрады, соның ішінде жартысы Шымкент қаласында тіркелген. Шағын кәсіпкерліктердің көбі сауда мен автомобильдерді жөндеу қызметінде - 1279 бірлік, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында - 1063 бірлік құрылған. соңғы 4 жыл ішінде өнімдерді, тауарлар мен шағын кәсіпкерліктегі қызметтерді іске асыруда кіріс 2,1 есеге өсіп 104657 млн. теңгені құрады.

 

Облыста кәсіпкерлік құрылымдарға қаржылық қолдау нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылды. соңғы жылы халық тұрғындарының саны 56 мың адамға өсіп, көптеген адамдар жұмыспен қамтылды. 2004 жылы шағын, орта және ірі кәсіпорындарда, мекемелерде, облыс ұйымдарында істейтін жұмысшылардың саны 927 мың адамды құрады, соның ішінде 438,6 мың адам жалдамалы жұмысшылар. Нақты ақша кірісі 21,7 %-ға өсті. кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және облыс мекемелеріндегі ортаайлық номиналды жалақы 2004 жылда 26,6 %-ға өсті. 2003 жылы ол 112,3 % болатын. соңғы 3 жылда орташа зейнетақы мөлшері 1,7 есеге, ал күнкөріс деңгейі 1,27 есеге өсті. Егер 2003 жылы номиналды ақшы кірісі 7,8 %-ға өссе, нақты - 0,4 %-ға өссе, 2004 жылы сәйкесінше 21,7%-ға және 15,6 %-ға өсті.

 

Шығыс Қазақстан облысының негізгі экономикалық даму индикаторы 2 кестеде көрсетілген. 2004 жылы ШҚО-ның өнеркәсіптерімен (соның ішінде үй шаруашылығы секторын қосқанда) 222814,8 млн. теңгеге өнім шығарған, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 22,4%-ға артық, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2,3 %-ға өсіп, 69926,2 млн. теңгені құраған. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізгі капиталдың инвестиция көлемі 13,1 пайызға өсіп, 50748 млн теңгені құрады, жалпы алғанда облысқа 114633 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық . Кәсіпорындарға, мекемелерге, халыққа (ұсақ кәсіпорындарды қосқанда) көрсетілген қызмет көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 7504,7 млн. теңгені құрады. Облыстың барлық аймақтарында 2004 жылғы физикалық өнімнің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда жоғары, өсу деңгейі 4,8%.

 

2004 жылы ішкі айналым көлемі 1532,7 млн.долларды құрады, экспорт 1,6 есеге өсіп, 868,7 млн. теңгені құрады, ал импорт 1,3 есеге өсіп, 663,9 млн. долларды құрады. Экспорттың дәстүрлі шығып жүрген металл және содан жасалынған заттар -53,2%, минералдық өнімдер-15,7% , химиялық және соған қатысты заттар (пластмасс пен каучукты қосқанда)-6,8% . Ресми түрде жұмыссыздық деңгейі - 7,2 пайызды құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы шағын бизнес кәсіпорындарының саны 7%-ға өсіп, 6656 бірлікті құрады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақытта экономика дифференцияциаланған территориялық даму проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында теңдікті қамтамасыз ету, проблемалы аумақтарды сүйемелдеу , аймақтық бәсекені жөнге салу , әлеуметтік - экономикалық дифференцацияны тегістеу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт мінездемелі , бірақ осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нәтижелі аймақтық реформалар қабылдауға рұқсат етеді .

 

Біршама бос аймақаралық ресурс айналымы бар бірыңғай ауылшаруашылығы кеңістігін сақтауда республика аймақтарының реформаларды өткізу екпінімен айырмашылығын, аймақтық басқару нәтижелілігі , кәсіпкерліктің және нарық инфражүйелерінің дамуын, сыртқы экономикалық қызметті , шетел капиталын тартуды ескеру маңызды .

 

Біздің көзқарасымыз бойынша, аймақтық басқару құрылған шаруашылық субьектілерінің қарым-қатынасына сәйкес келіп, нарықтың жеке, бірлестік бөліктері талабына сай болып қана қоймай, өзінің қарапайым әрекеттестігімен аймақтық өндірістің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін жоғарылатудың қажетті өсімін қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс.

 

Облыстың аймақтық басқару жүйесіне кіретін мінездемесі ретінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық жұмыс жасауының талданған ақпараты, сонымен қатар қолданылатын заттық-техникалық, еңбек, қаржы ресурстары, берілген уақыт аралығында басқару процесінде қолданған шығындардың көлемін анықтайтын сандық және сапалық көрсеткіштер болып табылады. Біздің ойымызша, бұл аймақты басқару жүйесі элементтерінің әрекеттестігін дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ол пайда болатын алдағы ағымдағы тенденцияны, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық дамуды, ресурсты қолдану нәтижелілігін талдауды, өндіріс нәтижелілігін, тұтынылушы ресурстардың экономикалық өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Бірақ, аймақтық саясатты мінездемелейтін аймақ «дискриминациясы», әлеуметтік көзқараста, азаматтардың мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюдан құтылу қажеттілігімен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық басқару халық табысының, жұмыссыздық деңгейінің, әлеуметтік инфражүйенің, көлік жүйесінің, коммуникация, қоршаған орта жағдайының және т.б. аймақаралық айырмашылығын тегістеуге бағытталуы тиіс.

Информация о работе Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау