Қаржы менеджментінің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 19:38, курс лекций

Описание

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет);
3) ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолдануы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.

Содержание

Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі

Работа состоит из  1 файл

лекций менеджмент.doc

— 695.00 Кб (Скачать документ)

Дәрістер  конспектілері

 

Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны 

 

Дәріс сұрақтары:

  1. Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
  2. Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
  3. Қаржыландыру көздері
  4. Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі
  5. Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз  байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының  мағыналары тамырлас болса да, бұл  екеуінің анықтамасы екі түрлі.

«Қаржы» термині  ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда  орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:

1) ақшалай қатынастардың  болуы, яғни ақша ғана қаржылық  қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);

2) екі субъектінің  болуы, әрі екеуінің біреуінде  ерекше міндеттердің болуы (бұл  субъектілердің біреуі - мемлекет);

3) ақшалай қатынас  негізінде жалпы мемлекеттік  қорлардың ақшалай қаржыларының  қолдануы;

4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.

Берілген белгілер бойынша қаржыны ақшалай қатынастар жиынтығынан мүлтіксіз бөліп  қарастыруға болады. Мысалы, азаматтармен бөлшек саудада болатыны ақшалай  қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды? себебі мұнда мемлекет ақшалай қатынастарды азаматтық-заңдылық әдіс бойынша реттеп отырады, яғни бұнда субъектілердің тең құқықтары негізгі белгісі болып табылады.

Басқада да ақшалай  қатынастардың тобына жеке тұлғалардың  салық төлеуін жатқызуға болады. Мұнда қаржының белгілерінің барлық түрлері қатысады: салықтарды төлеу ақшалай белгілерінің барлық түрлері қатысады: салықтарды төлеу ақшалай формада жүреді; екі тең емес субъект қатысады (жеке тұлға және мемлекет); берілген қатынастардың барлық элементтерін мемлекет анықтайды, яғни оларды заң бойынша бекітеді, бақылау жасайды.

Бұл айтылғандар  бойынша қаржының бірінші анықтамасын  беруге болады.

Қаржы – елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси  мәселелерді шешуге жалпы мемлекеттік  қорлардың ақшалай қаражатын және қолданатын  ақшалай қатынастардың жиынтығы.

Қаржының пайда  болуының қандай алғышарттары бар? Адамзат  бұған дейін ақшаны, тауарлы - ақшалай  қатынастарды пайдаланған жоқ па? Неге тек  ғасырдың ортасында оған әсер ететін терминдер пайда болады?

Бірінші (алғашқы) алғышарт. Тек Орталық Еуропада монархиялық  режим сақтамаса да алғашқы буржуазиялық көтеріліс қорытындысы бойынша  монархтардың билігі қысқарды және мұнда  ең маңыздысы мемлекет басшысы қазынадан  бас тартты. Мемлекет басшысы біркелкі ұстана алмаған ақшалай қаражаттардың жалпы мемлекеттік қоры – бюджет орнады.

Екінші алғы шарт. Бюджетті құру және қолдану –  жүйелік түрді ұстанады, яғни құрамымен, құрылысымен және заңдылық бекітумен  мемлекеттің кірістері мен шығыстарының жүйелі қалыптасты. Көптеген жылдар бойында бюджеттің шығыс бөлігі мүлдем өзгерген жоқ. Тіпті сол кезде шығындардың жұмсалуының бағыты көрсетілмеген болатын: әскери мақсатқа, басқаруға, экономикаға, әлеуметтік қажеттілікке.

Үшінші алғы шарт. Ақшалай формадағы салықтар мүліктік деңгейді ұстанады. Бұл мақсатта тек мемлекеттік және ақшалай қатынастың даму кезеңінде шығарылған өнімді бағасына байланысты тарату мүмкін болады. Бөлініс қатынастары – қоғамдағы экономикалық категория болып табылады.

Кез -  келген мемлекеттің қорлары мен ақшалай табыстың негізгі материалдық көзі – жалпы ұлттық өнім және оның негізгі бөлігі – ұлттық табыс болып табылады. Қаржының көмегімен оны тарату және қайта тарату орындалады және сонымен қатар өндіріске тікелей қатысы, тарату және пайдалану.

Мұнымен қоса, қаржы өндірістік қатынастың белгілі бір сферасын түсіндіреді және ол базалық категорияға жатады.

Кейде экономистер  қаржылық қатынастардың заң бойынша  белгілі бір актілермен бекітілетіндігіне  қарамастан берілген қатынасты құрудағы мемлекеттің орнын анықтайды және қаржыны категорияға жатқызады. Бірақ та қаржыны біріншіден, экономикалық категория және содан кейін – құқықтық категория екендігін дәлелдей отырып құқықтық акт тек экономикалық қатынастардың объективті мазмұның тіркейді, яғни мемлекет, құқықтық формаға қаржылық қатынастарды еліктіреді де олардың экономикалық объективті түрін сақтай отырып оларға сәйкес мемлекеттік – биліктік форма береді. Менеджмент дегеніміз –белгілі жетістіктерге жету үшін объектіге мақсатты түрде әсер етудің әдістерінің жиынтығы. Менеджмент адамның қызметінің барлық сфераларына оның ішінде қаржылық сфераға да тән. басқа басқарушылық жүйедегі сияқты басқаруда оның объектілері, субъектілері анықталады. Объектілеріне қаржылық қатынастардың әртүрлі түрлері, субъектілеріне басқаруды іске асыратын ұйымдастырушылық құрылымдар жатады.Сфералары бойынша қаржылық қатынастар жіктеледі.

Қаржылық менеджмент – ол кәсіпорынның қаржылық ресурстарымен  капитал айналымымен және қаржылық қатынастарымен басқару жүйесі. Қаржылық менеджментті әр түрлі қарастыруға болады:

- функционалды  көзқарас бойынша қаржылық менеджмент  – ол басқару жүйесі болып  экономикалық категория реттеуде  қарастырылады:

- институционалдық  көзқарас бойынша қаржылық менеджмент  басқару органы;

- ұйымдастырушылық, құқықтық көзқарас бойынша кәсіпкерлік реттеуде қарастырылады.

Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызмет болып қарастырылады, яғни қаржылық менеджердің  мамандануына байланысты кәсіпорынның қаржылық қызметі  дамиды. Басқару жүйе ретінде қаржылық менеджментте басқарылатын ішкі жүйе, яғни басқару объекті қарастырылады. Субъектіге  жататындар:  қаржылық қызметті жүзеге асыратын мамандар тобы, яғни қаржылық менеджмент – жерлер, ал қаржылық менеджментің объектісіне: ақшалай қаржылар, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және қаржылық қатынастар жатады.

Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құруға, бөлуге пайдалануға және ақша қаражаттарының айналымын ұйымдастыруға байланысты қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру әдістері мен қағидаларының жүйесі болып табылады. Қаржылық менеджмент - кәсіпорынның қаржысын басқару өнері. Теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ қаржылық менеджмент бір жағынан жеке ғылым саласы (концептуалдық негізі туралы), ал екінші жағынан іс жүзіндегі қызмет (шаруашылық субъектілерінің қаржыны басқарудың нақты әдістері мен тәсілдері туралы) болып табылады. Кез келген ғылымның концептуалдық негізі оның пәні мен әдістерін құрады және ерекшелейді.  Қаржылық менеджмент пәні – осы ғылым нені оқытатыны қарастырылады, яғни қаржылық қатынстар, қаржылық ресурстар және оның ағымы. Қаржылық менеджменттің негізгі мақсаты мен мазмұны тиімді қаржылық саясат арқылы компания иесінің байлығын арттыру. Осы мақсатқа қаржылық менеджмент әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Кең мағынада қаржылық менеджмент әдістері – шаруашылық субъектілерінің қаржылық қызметін басқару қағидалары,  аппараттары, базалық концепциялары мен теориялық категориялар жүйесі, яғни келесі үлгіде сипаттауға болады:

М= {SC, ВС. SI, RP },

мұндағы SC —категория жүйесі;

BC –базалық концепция жүйесі;

SI – ғылыми инструментарий (аппарат);

RP — реттеуші қағидалар жүйесі.

Шартты түрде 1 және 3 элемент әдістің негізгі  элементін сипаттайды, соңғысы динамикасын, 2 – аталған екеуіне де қатысты.

Қаржылық менеджменттің категориялары – бұл жалпы негізгі ұғым. Оған мыналар жатады: фактор, үлгі, мөлшерлеме, пайыз, дисконт, қаржылы инструмент, ақша ағымы, тәуекелділік және т.б.

Базалық концепциялар ҚМ ұйымдастыру логикасын және оның әдістері мен тәсілдерін іс-жүзінде  қолданылуын анықтайды. Бұл концепциялар қаржылық сипаттағы шешімдерді қабылдау кезінде ескеріледі. Яғни шаруашылық субъектілерінің қаржысын басқару жүйесінің элементі болып табылады.

Ғылыми инструментарий (аппарат) - шаруашылық субъектілерінің  қаржылық қызметін басқарудың жалпы және нақты ғылыми тәсілдерінің жиынтығы.

ҚМ қағидалары мен базалық концепциялары ҚМ әдістері мен әдістемелерінің тәртібін реттейді. ҚМ қағидалары: жүйелілік, кешенділік, бір ізділік, объективтілік және т.б.

Кез келген ғылымның әдістерінің негізгі өзгермелі элементіне – ғылыми аппараты жатады. Қазіргі уақытта кез келген ғылымның тек өзіне ғана тән әдістің бар екенін нақты айту мүмкін емес, өйткені көбісі бір-бірімен алмасып байланысқан. Осыған байланысты ҚМ әдістері алдымен өзге де экономикалық ғылымдарда қолданылған.

Іс жүзінде  қаржы шаруашылық субъектілердің экономикасына  әсер ететін маңызды тетік. Бұл әсер қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық механизм – қаржылық қатынастарды ұйымдастыру, реттеу және жоспарлау, сондай-ақ қаржылық ресурстарды құру және пайдаланудың әдістерін айтамыз. ҚМ механизмінің құрамына мыналар енеді:

- қаржылық инструмент;

- қаржылық тәсілдер, әдістер мен үлгілер;

- ішкі жүйені  құқықтық, нормативтік, ақпараттық, кадрлық, техникалық және бағдарламалық  қамтамасыз ету.

          ҚМ мазмұны мен қағидасы негізінде оның мақсаты мен міндеттемелері құрылады.

ҚМ  негізгі мақсаты ағымдық және алдағы кезеңде кәсіпорын иесін  ең жоғарғы мүліктік жағдаймен қамтамасыз ету. Бұл мақсат кәсіпорынды ең жоғарғы нарықтық құнмен қамтамасыз еткенде көрініс табады, нәтижесінде кәсіпорын иесінің соңғы қаржылық мүддесін жүзеге асырады.

Компанияны басқарудың базалық  концепциясы оның құнына бағытталған:

  • Компанияның жалпы мақсаты – құнын жоғарлату;
  • Компанияның құны болашақ ақша ағымын дисконттеу арққылы анықталады;
  • Инвестициялық қызметтен табыс алғанда ғана компанияның жаңа құны пайда болады;
  • Басқару шешімдері құнға әсер ететін факторларға негізделеді.

ҚМ өзінің негізгі  мақсатын жүзеге асыру процесінде келесі міндеттемелерді шешеді:

1. Кәсіпорынның дамуына сәйкес қаржылық ресурстардың жеткілікті көлемінің құрылуын қамтамасыз ету.

2. Кәсіпорын  қызметінің негізгі бағыттары  бойынша қаржылық ресурстардың  тиімдіпайдалануын қамтамасыз ету.

3. Ақша  айналымын арттыру.

4. Қарастырылған  қаржылық тәуекелділік деңгейінде кәсіпорынды ең жоғарғы табыспен қамтамасыз ету.

5. Кәсіпорынды  тұрақты қаржылық жағдайымен, оның  даму процесінде активтердің  тұрақты өсімімен қамтамасыз  ету.

  1. Компанияның қаржылық қызметін тиімді басқару оның бірқатар қағидаларын жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. ҚМ қағидалары:
  2. кәсіпорынды басқаруды жалпы бір жүйеге біріктіру;
  3. басқару шешімдерінің кешенді құрылу сипатты;
  4. жоғарғы өзгермелі басқару;
  5. жекелеген басқару шешемедерін даярлаудың көптеген амалдарының болуы;
  6. кәсіпорынның дамуының стратегиялық мақсатына бағытталуы.

Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйеге біріктірілуі. Кез келген басқару шешімі тікелей немесе жанама түрде қаржылық қызметтің нәтижесі мен ақша ағымының құрылуына ықпал етеді. ҚМ тікелей өндірістік, инновациялық, персоналдар және т.б. менеджментпен тығыз байланысты. Яғни бұл ҚМ кәсіпорынды басқаруды жалпы бір жүйеге біріктіру қажеттігін анықтайды.

Басқару шешімдерінің кешенді құрылу сипатты . Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды құру, бөлу, пайдалану және ақша айналымын ұйымдастыруға байланысты басқару шешімдері тікелей немесе жанама түрде қаржылық қызметтің нәтижесіне әсер етеді.  Кейбр жағдай бұл әсер қарама-қайшылық сипатында болады. Мысалы, жоғары табысты қаржылық инвестицияны жүзеге асыру өндірістік қызметте қаржы тапшылығын туғызады, нәтижесінде операциялық пайда азаюы мүмкін. Сондықтан ҚМ өзара байланысты басқару шешімдерін даярлауды қамтамасыз ететін кешенді  басқару жүйесі ретінде қарастыру керек. Әрбір басқару шешімі қаржылық қызметтің нәтижелілігін өз үлесін қосу керек.

Жоғарғы өзгермелі басқару. Кәсіпорынды басқаруға байланысты ең тиімді басқару шешімдері келесі бір кезеңдегі оқиғаларға қайта қолданылмауы мүмкін. Сондықтан ҚМ сыртқы факторлар әсерін ескеру қажет.

Жекелеген басқару шешемедерін даярлаудың көптеген амалдарының болуы қаржылық ресурстарға байланысты басқару шешімдерінің сан алуан жолдарының болуымен бұл қағида түсіндіріледі. Басқару шешімдерінің альтернативін таңдау қаржылық стратегияны немесе нақты қаржылық саясатты анықтайтын шектердің жүйесіне негізделуі керек. Мұндай шектер жүйесін кәсіпорынның өзі қалыптастырады.

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны