Қаржы менеджментінің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 19:38, курс лекций

Описание

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет);
3) ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолдануы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.

Содержание

Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі

Работа состоит из  1 файл

лекций менеджмент.doc

— 695.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық қаржы  менеджментінің міндеті – ішкі және сыртқы нарықтан қаржы ресурстарын тарту шартын оңтайландыру. Ішкі және сыртқы көзден қаржы тарту құны мен тәуекелділігі аса маңызды. Таңдау жасау көбінесе негізгі құралдарға сүйенеді: своп пайызы, форворд пайызы, опцион пайызы, коллар келісімінің пайызы, валюталық форвард, валюталық своп, тартылған құрал.

  1. ТҰК қаржы ағымын басқару халықаралық және корпоративтік факторлардың ықпалымен корпорациялардың тиімділігі мен тұрақтылығы үшін ақша ағымының көрсеткіштерін оңтайландыру әдістерінің жүйесін даярлау және жүзеге асыру.

Корпорациялық ақша ағымын реттеудің екі бағыты бар:

  1. ағымдық ақша ағымының қозғалысын арттыру.
  2. артық ақшаны инвестициялау.

ТҰК ағымдық  ақша ағымының қозғалысын арттырудың мынандай әдістері бар:

  • ақша қозғалысын жылдамдату;
  • конверсиялық операцияға байланысты шығындарды төмендету, яғни неттингіні қолдану.
  • заблокированн. Құралдарды басқару;
  • еншілес компания арасында ақшаны тікелей аудару;
  • трансферттік баға.

Негізгі мақсат корпорацияның өзіне қажетті  ресурстарды тез арада тарту. Ақшаның кірім ағымын арттыру және интенсификациялау үшін келесі әдістерді қолдану қажет:

  • аванстық төлемдер;
  • жедел банктік несиелеу немесе төлем жасау үшін алдын ала несиелік кепіл беру;
  • халықаралық есеп айрысу жүйесін қолдану;
  • интернетті пайдалану.

Неттинг – клирингпен синонимдес, өзара ақшалай талаптарды есептеу ретінде анықталады. Неттинг ақша қаражатын орталықтан басқару үшін бірнеше еншілес компанияның біріккен күшін жүзеге асыру. Неттингтің артықшылығы:

  • ақша аударымы азаяды;
  • шетел валютасымен болатын конверсиялық операцияға қажеттілік пен шығын азаяды;
  • жасалған мәміле туралы ақпаратты нақты және қатаң бақылауды;
  • ақша ағымын оңай болжауға болады.
  1. Трасферттік баға – ішкі қаржы ағымын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Бірнеше мемлекетте орналасқан бөлімшелер арасында жасалған мәміле үшін қолданылады.

Трансферттік  бағаны құрудың міндеті – компанияның  жалпы мақсаты мен әр бөлімшесінің мақсатының сай келуін қамтамасыз ету. Бір мемлекеттің ішінде қолданылатын трансферттік бағаға ішкі фактор әсер етеді. Ал бірнеше мемлекетте орналасқан бөлімшелер арасындағы жасалған мәміле бойынша трансферттік бағаға сыртқы фактор әсер етеді. Бұл жағдайда ТБ мемлекеттік реттеу факторы негізінде құрылады: салықтық пайыз, кеден бажы, валюталық бақылау.

ТБ құрылуына  еншілес компания орналасқан мемлекеттің салық салу деңдейі негізгі рөл атқарады. Яғни жоғарғы салық салынатын елде ТБ төмендету керек, ал салықтық жеңілдік бар елде жоғарлату керек. Тағы бір фактор – баға саясаты – бұл кеден саясатының ерекше түрі. Корпорация кеден баж мөлшерінің ТБ деңгейіне кері пропорционалдық байланыс қағидасына жүгінеді. ТҰК мақсаты шоғырланған пайданы өсіру үшін салық базасын азайту. ТБ құру саясатының екі бағыты бар:

  1. дифференциаданған елеулі жекелеген факторлардың ықпалын есепке алу;
  2. шоғырланған пайдаға ықпал ететін бірнеше негізгі фактордың кешендік бағытталған біріктірілген есебі.

 


Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны