Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:32, курсовая работа
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөліміне өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субъекттермен қатынасы болды.
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3
1 Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы туралы. . . . . . . . .
5
2 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ » бөлімі. . . . . . . .
7
3 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің қызметін ұйымдастыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
11
4 Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
23
5 Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы қызметіне SWOT-талдау. . . . . . .
25
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
28
Қосымшалар
Мазмұны |
|
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
3 |
1 Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы туралы. . . . . . . . . |
5 |
2 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ » бөлімі. . . . . . . . |
7 |
3 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің қызметін ұйымдастыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
11 |
4 Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
23 |
5 Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы қызметіне SWOT-талдау. . . . . . . |
25 |
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
26 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
28 |
Қосымшалар |
Кіріспе
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөліміне өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субъекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:
Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу құрылымы, салық басқармасы ішінде алатын орны, мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлім аралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері қарастырылған. Мақсатым – жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған мағлұматтармен салыстырып, тәжірибе барысында кеткен қателіктерді түзете отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену.
Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің негізгі мақсаты – барлық заңсыз кәсіпкерлікпен айналасатын жеке тұлғаларды анықтап, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу болып табылады.
Қызметіне тоқтала кетсек, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау, тіркеу және салық төлеу мерзімін қадағалау барысында жұмыс істейді. Тіркелмеген салық төлеуші тарапынан келіспеушілік болған жағдайда заң жүзінде айыппұл салуға құқылы. Сонымен бірге бақылау-кассалық аппаратын, лицензия, патент, іс-әрекеттің жекелеген түрлері бойынша тіркеу карточкасының және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті басқа да рұқсат құжаттарының болуын тексеру. Бөлімнің тағы бір ерекшелігі хронометраждық зерттеумен айналысады.
Хронометраждық зерттеу – салық органдарымен нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Хронометраждық зерттеуді жүргізер алдында салық төлеушіге салық қызметі органының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті және хронометраждық зерттеуді жүргізу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы табыс етіледі. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, хрономераждық зерттеу барысында салық төлеуші тауарлардың бағасын өсу жағына түзетулер енгізбеу керек. Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады. Хронометраждық зерттеу 1 жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен салық қызметі органдарымен анықталады.
Жалпы, салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган бір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар төлейтін салық түрі. Жанама салықтардың бірі – акциз салығы. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық, ол әмбебаптық және жеке- дара деп бөлінеді. Қосымша құн салығы дегеніміз – тауар өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.
1 Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы туралы
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауына жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына аймақ аралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.
Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Уәкілетті мемлекеттік
орган салық органдарына
Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды.
Салық қызмет органдары:
Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы бөлімдері мынадай:
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқа актілеріне, бұйрықтарына, жарлықтарына өкімденеді. Бөлім құрылымдық бөлімшелермен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствалармен, Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің бөлімдермен, Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы бөлімдерімен және басқа мемлекеттік органдармен әрекеттесіп өз міндетін іске асырады. Орындау шешімін бөліммен дайындалған және бастықпен немесе оның орынбасарымен бекітеді.
Қазақстан Республикасында әрбір жұмысты ұйымдастыру үшін арнайы нормативтік актілер қарастырылған. Сол себепті мемлекеттің салық саясатын дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау үшін және салық төлеушілерді Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа төлемдері туралы кодексінде көрсетілген тәртіпке сай тіркеу үшін арнайы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімі туралы ереже қарастырылған. Ол жыл сайын Салық кодексінде жасалған өзгертулер мен толықтырулар негізінде жаңарып 1 қаңтарды әрбір аудандық салық басқармаларына таратылып күшіне енеді.
«Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру кезінде бөлім қызметкері мен салық төлеушілер арасында компетенциялық құзыреттілікті және субординацияны сақтау үшін бөлім міндеттері мен құқықтары қарастырылған: