Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:32, курсовая работа
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөліміне өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субъекттермен қатынасы болды.
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3
1 Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы туралы. . . . . . . . .
5
2 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ » бөлімі. . . . . . . .
7
3 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің қызметін ұйымдастыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
11
4 Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
23
5 Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы қызметіне SWOT-талдау. . . . . . .
25
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
28
Қосымшалар
Құқықтары:
Бөлім бастығын Ақтөбе облысының Салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бастық бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және бөлімнің өз қызметін жүзеге асыруына жеке жауапкершілік алады. Бөлім атынан бағытталған құжаттарды бастықтың және басқарма бастығы міндетін атқарушының қолымен мақұлданады. Осы мақсатта бөлім бастығы:
Бөлім қызметкерлері Ақтөбе облысының Салық департаментінің бастығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Мамандық талаптарына сәйкес қызметтік міндеттерін орындайды және белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған лауазымды нұсқамаларына сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім жұмысын талдауға
алсақ мемлекеттік салық
1-сурет – «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің қызметі
Түсіндіре кетсек, салық төлеуші «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөліміне салық салынуға жататын обьектілерін тіркейді. Сол тіркелген обьекттер үшін ол бюджетке салық сомасын аударады. Бұл жерде маңызды рөлді «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімі атқарып тұр. Себебі, салық басқармасының барлық бөлімдерінің жұмысы ең алдымен салық төлеушінің тіркелуінен басталады. Содан кейін ғана ол әр түрлі салықтық операцияларға қатысады.
Сондықтан бұл бөлімнің маңыздылығы өте зор. Ол Салық басқармасының барлық бөлімдерімен қарым-қатынасқа түседі. Мысалға, егер салық төлеушілер тіркеу есебіне тұрса, сол мәліметтер бойынша аудит бөлімдері, салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімдері қажетті ақпараттар жинап өздерінің жұмыстарын ұйымдастырады. Республикалық базаның негізі салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою үшін арналғандықтан салық базасын толтырушы бірден бір бөлім болып саналады.
2-сурет – «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің типтік құрылымы
Осы суретте басқарма құрылымы көрсетілген. Яғни, басқарма бастығы жалпы барлық бөлімдерді қадағалайды. Ал бөлім бастығы мамандардың және шаруашылық бөлімінің басшысының талапқа сай жұмыс істеуін қарайды.
3 «Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және шұғыл топ» бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
Уәкiлеттi орган салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушiлердi есепке алуды жүргiзедi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушiлердi есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркеу;
2. Салық төлеушiнi:
Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн салық төлеушi ретiнде тiркеу:
1. Аталған тұлғалар туралы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына енгiзудi;
2. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасындағы тiркеу деректерiн өзгертудi және (немесе) толықтыруды;
3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеушi туралы мәлiметтердi алып тастауды қамтиды.
Салық төлеушiнi тiркеу есебi салық төлеушiнi осы баптың 3-тармағы 2-тармақшасында көрсетiлген тiркеу есебiне қоюды, салық төлеушiнiң тiркеу деректерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi, салық төлеушiнi тиiстi тiркеу есебiнен шығаруды қамтиды.
Салық қызметi органдарына салық төлеушi туралы:
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
2.Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
3.Салық төлеушiлер берген немесе мәлiмдеген мәлiметтер салық төлеушiнiң тiркеу деректерi болып табылады.
Салық органы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негiзiнде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiне сәйкестендiру нөмiрi берiлгеннен кейiн жүзеге асырады.
Салық органдары салық
төлеушiлердiң мемлекеттiк
1. Жеке тұлға, оның iшiнде шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам – тұрғылықты немесе болатын жерi бойынша;
2. Резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi – орналасқан жерi бойынша;
3. Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк ашпай, қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға – тұрақты мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша;
4. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алушы, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттiң немесе консорциумның орналасқан жерi бойынша;
5. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiк сатып алушы, салық агентi болып табылатын резидент емес – жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi бойынша;
6.Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетiнiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгi – дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша;
7. Резидент емес тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылатын тәуелдi агентi арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес – тәуелдi агенттiң тiркеу орны бойынша;
8. Резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер – резидент банктiң орналасқан жерi бойынша мәлiметтердi енгiзудi жүзеге асырады.
Салық қызметi органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына мәлiметтер енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiндегi жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық қызметi органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейiн бередi. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық мiндеттемесi туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәлiметтер салық қызметi органдарына салық органының сұрау салуы бойынша берiледi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.
Салық органдары қызметi
Қазақстан Республикасының
Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жеке тұлғаның жеке кәсiпкер ретінде жекеше нотариусты, адвокатты тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.
Жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай құжаттардың:
Азаматтарды тiркеу кiтабы немесе жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
Салық органы дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустiң, адвокаттың тiркеу деректерiн өзгертудi дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат салықтық өтiнiштi:
1. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген тiркеу деректерi;
2. Жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi өзгерген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына тапсыруға мiндеттi.
Дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу деректерiн өзгерту үшiн салықтық өтiнiшке:
1. Дара кәсiпкер - дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарды;
2. Жеке нотариус, адвокат – белгiленген құжаттарды қоса бередi.
Салық органы дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзудi дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiн өзгерту үшiн ұсынылған салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн ауыстыра отырып жүргiзедi.
Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi туралы мәлiметтердi өзгертудi тiркеу деректерiн өзгерту үшiн ұсынылған салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды орындалмаған салық мiндеттемелерi болмаған кезде жүргiзедi.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсiпкерлер белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне мiндеттi түрде қойылуы тиiс.
Мыналар:
Егер айналымның мөлшерi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгi айналым мөлшерiнен асып түскен жағдайда тұлғалар ең төменгi айналымнан асып кетуi туындаған айдың аяқталған күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына келу тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.