Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Дәрістің жоспары:
• экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы;
• нетізгі экономикалық түсініктер;
• балама шығындар, көлбеу өндірістік мүмкіншіліктер;
• экономикалық теорияның әдісі.

Работа состоит из  1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

а) қоғам  дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау;

б) адамның  қоғамдағы рөлін айқындау;

в) ғылыми жүйелерді жасау;

г) жеке ғалымдар ілімі.

 
 
 
 

        

 

     2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ  АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ  МЕН АЙНАЛЫСЫ

 

    Дәрістің  жоспары:

    • кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы;
    • негізгі және айналыс капиталы;
    • негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы;
    • негізгі айналмалы қорлар.
 

    Тақырыптың  мақсаттары:

    Тақырып материалымен танысқаннан  кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре  аласыз:

 
 

    Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игіліктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз. 

    Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы  бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.

    Жеке  ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

    І сатысы            П сатысы              Ш сатысы

     

                     

                             ҚЖ

    А - Т              . . . Ө . . .          Т1 - А1

                       

                            ЖҚ

 

    А - ақша қаражаты;                   Ө - өндіріс процесі;

    Т (ҚЖ) -  өндіріс құралдары;   Т1 - дайын өнім;

    Т (ЖК) - жұмыс күші;               А1 - сатылған өнімнен

                                                             алынған ақша қаржысы.

 

    Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады:

  • біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;
  • екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;
  • үшіншісінде, тауар сатылады және қызмет көрсетеді.

    Сонымен бірге кәсіпкерлік   іс-әрекет тауарлы өндіріс сферасында система  ретінде қарастырылады.

    1. (АЖК, содан кейін өндірістік  технологиялық процесс (. . .Ө. . . ) және дайын өнім шығарылады (Т1 - А1), сөйтіп, оны сату арқылы тиісті табыс алынады.

    Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы  қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.

    Айналым мен айналыс бір-бірімен аргономикалық  жағынан байланысты. Олар бір-бірімен  тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашқы формасында авансталған құнын қайтарады. Бір бөлігі әрбір айналыстан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған құн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс фондасын құрайды.

    Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

    Өндірістік  капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.

    Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшіру тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі  және айналмалы капиталға бөлінеді.

    Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

    Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар  жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен  ауыстырады.

    Қызмет  ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.

    Амортизациялық  мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын, бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

    Амортизациялық  қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

    Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) – негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану,  құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

    Өндірістің  негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

    Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

    Материалдық тозу деп - құнның екі себепке, яғни:

    1) ұқсас,  бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

    2) өнімділігі жоғары, бірақ бағалары  бірдей еңбек құралдарын жасап  шығаруға байланысты жойылуын  айтады.

    Табиғи  және материалдық тозуды есептеу  үшін амортизация нормасының маңызы зор.

    Амортизация нормасы - деп  амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдық орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

    Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің  жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

    Айналыс қорлары - өндірістің бір кезеңінде  түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі.

    Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады. Айналым қорларының негізгі элементтері еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.

    Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

 

    Мұнда:

    n - бір жылдағы айналым саны;

    о - қабылдаған уақыт өлшемі (бір жыл);

    t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

 

 

     Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен  ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық қорға айналуын - аммортизация деп атайды.

    Аммортизация  қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

    Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

    Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған  көрсеткіші қор қайтарымы (ФО) болып табылады.

 

ФО = П/Фосн

 

    Мұнда:

    ФО - қор қайтарымы;

    П - жасалған өнім;

    Фосн - негізгі өндірістік қорлардың құны.

 

    Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:

 

МЕ - Фоб

 

    Мұнда:

    Фоб/П - айналмалы қорлар;

    П - жасалған өнім құны;

    МЕ - материал сыйымдылығы.

 

    Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

    Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына  жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

    Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

    2. Айналым - уақыт пен жылдамдық  арқылы өлшенеді.

    Капиталдың  айналым уақыты  деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

    Өндірістік  қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір периодтағы жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.

 

N =; O =;

 

    Ағындының айналыс уақыты (βоб) өндіріс уақыты (βn) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

 

об) = (βn) + (βо)

 

    Өндіріс уақыты  барлық периодты қамтиды. Құралдар мен өндіріс сферасындағы еңбек заттары, кәсіп орнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

    Айналыс уақытын қоса есептегенде:

    а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;

    б) оларды тұтынушыға транспортировкалау уақыты.

Кәсіпорын қорларының құрылымы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портальдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.

Информация о работе Экономика. Экономиканың негізгі элементтері