Ұйым.Табысты басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:32, лекция

Описание

Ұйым дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.
Әрбір топтың ұйым боллып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады.
Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.
Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
Топтың мақсатына жету үшін топ мүшесінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.
Ұйымдардың негізгі түрлері.
Мақсатты орындауда, нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады.
1). Ресми ұйымдар .
2). Бейресми ұйымдар .
3). Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 87.84 Кб (Скачать документ)

 

- техникалық функция (өндіріс)

 

- сауда – саттық функциясы  (сатып алу және өткізу)

 

- есеп жүргізу функциясы  (есептеу)

 

- қаржылық функциясы (қаржыландыру

 

- қауіпсіздікті қамтамассыз  ету функциясы (қызметкерлер мен  материалдық игіліктердің сақталынуы)

 

- әкімшілік функция (басшылық, ұйлестіру және бақылау)

 

 

 

Басшылардың тікелей басқарушылық әрекетін белгілейтін операционалдық басқару теориясы бойынша функциялар: жоспарлау, ұйымдастыру, кадырлармен  жұмыс жасау, басшылық және лидерлік, бақылау болып жіктелінеді

 

Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында кәсіпкерлік  басқару маңызды орын алады. Осы белгі бойынша іскерлік басқарудың функциялары болып дамыту,маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады.

 

Осыдан көріп отырғандай, басқару функцияларын жіктеу бірқатарбелгілерге байланысты болып отыр. Басқару функцияларын ғылыми түрде топтау басқару ппроцесін белгілі бір тиімді тиімді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және басқару еңбегңнің озық тәжірбиесін таратуды жеңілдетеді.

 

 

 

 

 

 

2. Басқару функцияның  өзі бірнеше түрге, топқа бөлінеді.

 

 

 

Басқару функциялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспарлау Ұйымдастыру Үйлестіру  Ынталандыру Бақылау, тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жоспарлау функциясы  – алға қойған мақсатқа жету үшін ұйымға қойылатын міндеттер мен оларды орындау жолдарын анықтау. Жоспарды жасау үшін ғылыми негізде ұйымдастырған жөн. Көп қолданылатын экономикалық және ғылыми әдістерді пайдаланған жөн. Адаммен жобалау, моделін жасау - программалау

 

2. Ұйымдастыру функциясы  - ұйымдастырудың бөлшектерін бір жөнге салу, ретке келтіру.

 

Мына жұмыстар жатады:

 

а) жұмыстарды әр түрлі процестерге бөлшектеу

 

б) жұмыстар мен қызметтердің іс - әрекеттерін ұйымдастыру

 

в) басқару процестерін  жобалап, оның орындалуына жағдай жасау

 

3. Ұйлестіру басшылық  функциясы – ұйлестіру дегеніміз  – атқаратын істерінің бір – бірімен өтетін уақытын және ретін келістіру. Әр бөлімшелердің жұмыстары қабылдаған шешімдерді қарсы болмауы керек.

 

 

 

Басшылық функциясы өндірісті немесе ұйымды басқарып отырған қызметінің осы басқару обьектісінің жұмысын қадағалап, керекті шешім шығарып, олардың орындалуын қамтамассыз ету қажет.

 

4. Ынталандыру функциясы  – Жұмысшыларды өнімді ынталы  еңбекке жұмылдыру қызметі.

 

5. Бақылау функциясы –  алға қойған мақсатқа жету  үшін әрқашан қадағалап, тексеріп, керек жерге өзгеріс енгізу қызметі. Бақылау функциясы алға қойған мақсатқа жету үшін мынандай шарттар орындауы керек:

 

а) Бухгалтерлік есепжүйесі болу керек

 

б) Өндіріс көлемі жөнінде немесе істейтін жұмыс мөлшерін есепке алатын экономикалық көрсеткіші болу керек.

 

в) Қоғамның немесе кәсіпорынның болашақтағы проблемаларын біліп, оны шешу жолдарын анықтаған жөн.

 

 

 

Басқару функциялары барлығы  да бір – бірімен тығыз байланысты әрқайсысы бір – бірінің қызметін бірі толтырып, бастаған мақсатқа жетуді қамтамассыз етеді.

 

 

 

 

 

14. Тақырып: Менеджметтегі  жоспарлау 

 

 

 

1. Жоспарлаупроцесінің маңызы  мен сипаты

 

2. Стартегиялық жоспарлау

 

3. Тактикалақ жоспарлау  және оның сипатты белгілері

 

4. Индикативті жопарлаудың  маңызы

 

 

 

1.Жоспарлау жүйеге ықпал  ететін белсенді басқару процесі  болып табылады., сол арқылы белгіленген  мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

 

-  ұйымның  болашақтағы  дамуын анықтайды 

 

- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді

 

- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды

 

Жоспарлаудың маңызы болып  қоршаған  сыртқы   орта  факторларының  әсері мен  ұйымның   ішкі  мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды  белгілеу  және  сол мақсаттарды  жүзеге асыруды тиімді әдіс жолдарын таңдап алу болып табылады.Нарық жағдайындағы жоспар өндіріспен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланысты болады.

 

Басқаша айтқанда, жоспарлау  мынандай сұрақтарға жауап береді:

 

- біздің қазіргі,бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай

 

- болашақта біз қандай  болуымыз керек 

 

- осы жолда қандай кедергілер  орын алған

 

- мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасағанымыз орынды

 

Осыдан барып жоспарлау  барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатан төмендегідей міндеттерді атап өтуге  болады:

 

- нақтылы мерзім ауқымында  белгіленген мақсаттар мен оны  орындаудағы іс-әрекеттер

 

- қажет етілетін адамдық,  материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру

 

- басқару жүйесі мен  ұйымдық құрылымдықалыптастыру  және ақпараттар тасқынын реттеу

 

-еңбек өнімділігі мен  пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұжымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру

 

- сенімді бақылау жүйесін  қамтамассыз ету арқылыміндеттерді  орындауға қол жеткізу

 

Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді.

 

 

 

 

 

2. Қазіргі кезде басқару  теориясы мен тәжірбиесінде стратегиялық жоспарлау маңызды орын алады.

 

Стартегиялық жоспарлау  –  ұйым  алдындағы мақсатқа жетуге басшылықтың қабылдаған кешенді жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде:

 

 

 

- шектеулі ресурстарды  бөлу 

 

-  сыртқы   ортаға  бейімделу

 

- ұйымдық стратегияны  ұғыну элементтері орындалады.

 

 

 

Ресурстарды бөлу қызмет барлық қоғамдық ресурстардың шектеулігімен  байланысты, яғни ұйымдағы қолда бар  еңбек, материалдық  және  қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

 

 Сыртқы   ортаға  бейімделу, басқару ісінің барысы  көп жағдайда қоршаған  ортадағы  экономикалық саяси, әлеуметтік - мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық  ұйым  тарапынан тысқары факторларды зерттеп , солар тарапынан төнетін қауіп – қатерді анықтайды. төнетін қауіпсіздікті анықтайды.

 

Ұйымдық стратегияны ұғыну  басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірбие, жоспарлар мен деректерге сүене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады.

 

Ұйымдардағы стратегияны  анықтап өтейік.

 

Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия

 

 

 

1) Өндіріс

 

1. Өндірістің талап ететін деңгейі қандай

 

2. Қор мөлшері қанша  мерзімге алдын ала есептелгені орынды

 

3. Қаржы салуды қалайша  тиімді орындауға болады

 

4. Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келе ме

 

5. Жабдықтау, құрастырубөлшектерін  кімнің жасағаны дұрыс

 

2) Қаржы

 

1. Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай

 

2. Айналым қаражатын қалайша  арттыруға болады

 

3. Қаржы жағдайын талдауды, дамыту жолдары қандай

 

4. Қаржы көздері, ресурстар  ауқымы қандай

 

3) Маркетинг

 

1. Нарықтағы қайсы сегментке  үлкен көңіл бөлу қажет

 

2. Өнімді өткізу саласындағы  қаражат қалай бөлінуі керек

 

3. Ұсынылатын өнімнің  сапасы мен құрамы қандай болуы  тиіс

 

4. Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады

 

5. Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде

 

4) Қызметкерлер

 

1. Персоналды оқыту мен  дамытудың тиімді шаралары қандай

 

2. Басшы қызметкерлерді  даярлауға қойылатын талаптар қандай

 

3. Іс-әрекет бағалау, ынталандыру мұқият орындалады ма

 

4. Болашақта қызметкерлерге  қандай талаптар қойылады

 

5. Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады

 

5) Мәдениет

 

1. Әдеп-ғұрып пен дәстүрді қолдануға қандай шаралар қажет

 

2. Фирма репутациясын  сақтап қалу жолдары қандай

 

3. Ұйымдағы қарым-қатнасты қалайша жетілдіруге болады

 

4. Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай

 

 

 

2. Стратегиялық жоспар  қабылданған кезде ол бүкіл   ұйымның  болашағын анықтайтындай,  нақтылы деректермен негізделіне  отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырылады.

 

Аталған жоспар  ұйымның  барлық дамуын белгілей отырып, тек  қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс.

 

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда  бар ресурстарды тиімді пайдалана  отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны  орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат және ереже арқылы жүзеге асырылады.

 

 

3. Тактикалық жоспарлау   және  оның сипатты белгілері.

 

Өгдіріспен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлау қолданылады.  Ұйым  дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқы мерзімге есептелінген, тактикалық жоспарға сүйенеді.

 

 

 

Тактиканың сипатты белгілері:

 

 

 

1. Стратегияның дамуында  әзірленеді

 

2.  Орта  буындағы басшылықтың  қабылдануы 

 

3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі

 

4 Нәтижені бағалау, тез  уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.

 

 

 

Кәсіпорындағы жоспарлар  жүйесі барлық қызметті орындаудағы  әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай  ұйымда  тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған: - өндіріс жоспар

 

- шикізат жоспары 

 

- еңбек күші жоспары 

 

- маркетинг кешенінің  жоспары 

 

- тауар айналымының жоспары 

 

- қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.

 

 

 

Индикативті жоспар – кең  мағынасында мемлекеттік әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық пен  ғылыми дәлелделінген мақсаттарды  анықтау, осыларға байланысты өлшемдер жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.

 

 

 

15. Тақырып: Менеджменттегі  мотевация

 

 

 

1. Мотевация түсінігі

 

2. Матевация мазмұндық  теориялары

 

3. Матевация іс жүргізушілік теориялары

 

 

 

1. Басшылар адамдарды  ұйым үшінде жұмыс істеуге  тарту қажет екенін әрқашанда түсінген. Бірақ олар бұл үшін жай ғана материалдық сыйлық беру жеткілікті деп есептеді.

 

Бірақ бұл әдістен басқа әдістер бар екенін адам қызметінің негізгі мативациялары қарастырады.

 

Басшы жұмысты жоспарлау  мен ұйымдастыру кезінде берілген ұйымның нақты не істеу керектігін, қашан, қалай және кімнің жұмысты орындайтындығын анықтап алады. Осы арада тиімді шешім қабылдай алса, басшы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткезеді.

 

Мотив дегеніміз - адамдардың белгілі бір іс-қимыл әрекет жасауларына итермелеймін себеп.

 

Мотив – адамның ішкі хал-ахуалының жеке тұлғалық сипат алу болып табылады. Матив тек қана адамдарды іс-әрекетке оятып қана қоймайды, сонымен бірге, ол не істеу керек екендігін және оның қалай орындалатындығында анықтайды.

 

Мотивация – бұл адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі.

 

Мотивация – адамдарды  басқару негізін құрайды.

 

Мотивация қызмет төмендегідей сипаттамаларына ықпал етеді:

 

1. ынта - жігер

 

2. талпыну, тырысу

 

3. жауапкершілігі

 

4. бағыттылық

 

Қорыта айтқанда мотивация  деп - бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі бір дәрәжеде жұмсалған ынта-жігері, көрсеткен талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсаттарына жету үшін өзін өзгелерді қызметке тартупроцесі.

 

 

 

2. Матевация мазмұндық  теориялары біріншіші кезекте адамдарды әрекетке итермелейтін, қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Мотивацияның қазіргі заманғы тұжырымдамаларының ең негізгі қалаушылардың ішінен үшадамды атап айтуға болады: Абрахам Маслоу, Фредерих Герцберг және Давид Мак Клелланд

 

 

 

А . Маслау қажеттілік меориясы (иерархиясы)

 

Басшылар адамдардың қажеттіліктерінің  күрделіліктерін және олардың мотивацияға  ықпалын ең алғаш рет А. Маслау есімді бихевеюристік еңбектерінен білді.

 

Бихевиоризм - ағылшынша * мінез-құлық* . Бұл американ психологиясының ХХ ғасырдың басында пайда болғанбір бағыты. Оның басқа теориялардан айырмашылығы, психология пәні ретінде сана мен ойлауды ғана емес, мінез - құлықты да қарастырады деп дәлелдейді.

 

40-шы жылдары өзінің  мотивация теориясын құра отырып, А.Маслау қажеттіктерді 5 негізгі  категорияларға бөлген.

 

 

Физиологиялық қажеттіліктер  өмір сүру үшін қажет. Оларға: тамақтану, демалыс, киім, ауа, су, тыныштық. қ.ж.

 

 

Қауіпсіздік және болашаққа  деген сенім қажеттілігі. Оған мысалы : ретінде сақтандыру полисін сатып алу немесе жақсы зейнетақыны қамтамассыз ететін сенімді жұмысты айтуға болады.

 

 

Әлеуметтік қажеттіліктер. Сенім артар біреуді қажет ету.

 

 

Құрметке ие болу қажеттілігі, өзін-өзі сыйлау, жеке бас жетістіктері.

 

 

Өз-өзін көрсете білу деген қажеттілік. Адамның өзіндік потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалануы және тұлға ретінде дамуы. Қызмет барысында жоғарлауы.

Информация о работе Ұйым.Табысты басқару