«Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 14:29, контрольная работа

Описание

Қазіргі кезде Республикамызда 34 екінші деңгейлі банктер, 14 шетелдік банктер (сонымен қатар 9 еншілес банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері) және еікнші деңгейлі банктер қатарына жатпайтын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ.
Қазақстан Республикасының банк секторына активтердің жоғары шоғырлануы, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың дипозиттері тиесілі. Бұл секторда соңғы жылдары жетекшілік тізгінін «Казкоммерцбанк» АҚ, Банк Туран Алем» АҚ, «Халық Банк» АҚ сияқты ірі банктер ұстап тұр.

Работа состоит из  1 файл

Отчет Маржан.docx

— 222.35 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Мүмкіндіктерді қолдану:

  • инноваиялық қызметтерді, өнімдерді ұсынатын банктар қатарына ену.
  • Қызмет көрсету сапасын жақсарта отырып, жаңа өнімдер қатарын кеңейту.

Қауіп-қатерлерді төмендету:

  • банк клиенттерін бәсекелестерге өтуден бас тартқызу.
  • банк қызметтерінің қандай дәрежеде,қандай сапалы екенін дәлелдеу.    

Мүмкіндіктерді қолдануға  не кедергі келтіреді:

  • әлуетті клиентерді жеткіліксіз ақпараттандырылғандықтан, өнімге деген сұраныстың төмендігі
  • клиенттің қызмет көрсету сапасы жоғары банк бәсекелеске артықшылығын көрсету мүмкіндігі.

Банктың үлкен қатерлері  түзеуі:

Банктың мақсатты нарығына бәсекелестердің шығуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе, «Kaspi bank»  АҚ-ы соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. «Kaspi bank» АҚ қазақстандықтармен өзара қарым-қатынаста жаңа қадам жасады, жаңадан 100 бөлімше ашты, өзінің слоганын өзгертті және клиенттеріне қызықты сұрақтарды қоя бастады. Бүкіл Қазақстан бойынша банк бөлімшелеріне ай сайын 60 мыңнан астам адам келеді, ал тұтас алғанда kaspi bank-інің клиенттік қоры 1,5 миллионннан астам қазақстандықты құрайды.  Банктің соңғы 2 жылда жасаған қадамдарына көз жүгіртудің өзі жеткілікті. 

«Кaspi bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. тенге  шамасындағы біріктірілген капиталымен  Қазақстандағы жетекші он банктің  қатарында тұр. Банк тұтыну несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің  бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equite III (BVPEF III) тікелей инвестициялау  қоры – «Кaspi bank» АҚ-ның инвесторы  болып табылады. Банк өз өнімдерінің  жұртшылық талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге назар аударады. Зерттеулер мен есептеулер негізінде  Банк өз клиенттеріне қазіргі заман  талабына технологияларды қолдана  отырып, халықтың сұранысына көбірек  ие банк қызметтерін ұсынуға мән  береді. Банк өз қызметін сату арналарын  дамытуға және өнімдерін нарықта  жылжытуға күш салуда.

 «Кaspi bank» АҚ өз қызметінің  барысында көптеген жетістіктерге  қол жеткізген. Ол жетістіктер  банктің ішкі саясаты, яғни  дұрыс қабылданған стратегиялық  жоспарлар негізінде жатыр. Ал  банктің кадр  саясатына келетін  болсақ, сол саясаттың нәтижесінде  банктің жыл сайын беделі жоғарылап  отыр. Банкте жоғары квалификацияланған  мамандар қызмет етеді. Барлығы  өздерінің жұмыстарына  ұқыптылықпен  және жауапкершілікпен қарайды.  Банктің көрсететін қызмет түрлері  әртүрлі, жаңа идеялар енгізуде, сондай ақ шағын және орта бизнеспен айналысатын заңды тұлғаларға көптеген шарттар жасалған.

«Kaspi bank» АҚ кадрлық саясаттың негізі Банк алдына қойылған стратегиялық және тактикалық міндеттерді  жоғары кәсіби деңгейде  шешуді қамтамасыз ете алатын, алмастыру барысын орынды байланыстыратын және персоналдарды қорғау, қызметкерлердің сандық және сапа құрамын оңтайлы деңгейде ұстайтын, персоналдарды кәсіби және әлеуметтік дамыту  болып табылады. Банкдың кадрлық саясаты, кадрлық әлуеттің жоғары деңгейін Банк ережесін қазақстанның нарығында нығайту мақсатындағы саланың маңызды элементі ретінде қамтамасыз ету; нарықтың қазіргі заманға сай адам ресурстарын ұйымдастырушылық басқарудың барлық саласына келтіру; банктың жағымды бейнесін және клиенттерінің және серіктестерінің сенімін арттыруға бағытталған.

Банк кадрлық саясатының  мақсаты – жоғары кәсіби еңбек ұжымын қалыптастыру, бірыңғай командалық рухына ие болатын және банк алдына қойған міндетті адам ресурстарының әлеуетін барынша іске асыру және корпоративтік өзара әрекет механизмінің әрекеттелігі арқылы сапалы және шұғыл шешу мүмкіндігі.

«Kaspi bank» АҚ үшін Банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті бірінші орында тұрады. Банктың қалыптасқан дәстүрлері, банк қызметкерлерінің моральдық-адамгершілік бет-бейнесін қалыптастыратын мінез-құлық ережелерін, іскерлік қасиеттерді қолдауға және тәрбиелеуге бағытталған. Кодекс Банктің мерейін қолдауға және Банк қызметкерлерінің келісілген әрі тиімді қызметі үшін бірыңғай адамгершілік-құқықтық негіз қалыптастыруға көмектесуге үндейді.

2011 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде осы зерттеуге қатысқан ең ірі 18 банктің ішінде kaspi bank ең көп балл жинап, бірінші орын алды. Kaspi bank үшін стратегиялық маңызды басымдықтардың бірі – клиенттерге қызмет көрсету сапасы. Банк әрдайым жақсаруға бағытталып жұмыс жасайды және мақсатты стандарттарына жету үшін көп нәрсе істейді. Зерттеу нәтижесі бойынша бірінші орынға шығу – банк үшін зор мәртебе. Бұл дегеніміз банктің оң өзгерістер жасап жатқанын білдіреді. Банктің ұраны – Клиенттеріміз үшін тағы не істей аламыз? Бұл құр бос сөз емес, клиенттердің банкті әрдайым ең үздік деп тануы тиіс деген басты мақсатқа жету үшін барын салатын банктің әрбір қызметкері өзіне қоюы тиісті сұрақ.

 «Kaspi bank» АҚ 2011 жыл бойынша қорытындысы

2011 жылы kaspi bank-тің өнімдері мен қызметтерін 2 миллионнан астам қазақстандық пайдаланды. Қарапайым өнімдерге, жаңа бөлімшелер ашуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға сүйене отырып, осындай нәтижеге қол жеткізілді.   
        2011 жыл бойы kaspi bank 2 миллионнан астам қазақстандықтарға банк өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

2011 жыл бойы банк барынша белсенді  жұмыс берушілердің бірі болды,  өйткені Қазақстандағы жоғары  оқу орындарының түлектері үшін  жаңа 1 200 жұмыс орнын ашты. Қазіргі таңда kaspi bank қызметкерлерінің саны – 5 000-нан астам адам.

Есеп беруде «Кaspi bank» АҚ құрылу тарихы, стратегиясы, құрылымдық басқарылуы, бухгалтердік есебі, кадрлық саясаты жайлы түсініктеме берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

      1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңы (Өзгертулер мен толықтырулармен 2005 жылдың 1 желтоқсанына берілген);
      2. «Кaspi bank» АҚ-ның ішкі несие саясаты туралы Ереже;
      3. Клиенттерге арналған журнал: №8 қыс 2010ж.,  Просто о финансах;
      4. Журнал для клиентов: №9 весна 2011ж.,  Просто о финансах;
      5. «Кaspi bank» АҚ-ның сайты: www.bc.kz.
      6. «Екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестер мен ипотекалық компаниялар үшін бухгелтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары» 2002 жылы 30 шілдеде №275 қаулысымен Қазақстанның Халық Банкі бекіткен.
      7. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы