Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:29, реферат
Жұмысты жазудағы мақсат –коммуникациялық кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік реттеуге тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктеріне тоқталу.
1-бөлім. Көлік- коммуникациялық кешенінің дамуын мемлекеттік реттеу.
2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайын талдау.
3-бөлім. Коммуникациялық кешенінің реттелуі, даму проблемалардың шешу
жолдары, перспективасы.
2009
жылы бекітілген байланыс
Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет және деректер тарату қызметтерінің үлесі соңғы 4 жылда азын-аулақ өзгерді және 2009 жылы 10 % шамасын құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі 2009 жылы 43,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, берілген сектор ішіндегі табыстар құрылымы елеулі өзгерді. Интернет және IP-телефония қызметтері табыстарының үлесі елеулі өсті; арналарды жалға алу табыстарының үлесі төмендеді.
2009
жылы Интернет желісін
Соңғы жылдар ағымында құрамына ақылы теледидар, веб-хостинг, IP-телефония, телерадио бағдарламаларын тарату және телекоммуникациялардың басқа қызметтері кіретін телекоммуникациялардың қосымша қызметтері үдемелі дамып келеді. Байланыстың басқа қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2009 жылы 67,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға көбірек.
«Қазақтелеком» АҚ-ның экономикалық шоғырлануын төмендету мақсатында соңғы жылдары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен аффилиирленген байланыс операторларында үлестерді (акцияларды) өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «NEO» сауда маркасы бар «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұялы байланыс операторының жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51 %-ын сату аяқталды және қалааралық және халықаралық телефон байланысының, сонымен қатар Интернет желісіне қол жетімділік қызметінің операторы болып табылатын «Нұрсат» акционерлік қоғамына үлесті өткізу жоспарланып жатыр.
Телерадио бағдарламаларды тарату қызметінің табысы 2009 жылы 13,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 %-ға артқанын көрсетеді. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру тракты 215 электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) ұсынылған. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінің аумағында хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді. Кәбелді хабар таратудың 67 операторы және спутниктік хабар таратудың 2 операторы жұмыс істейді. Республикалық хабар таратумен ірі елді мекендердің – облыс және аудан орталықтарының тұрғындары ғана толық көлемде қамтылған. Ауылдық аумақтардың көпшілігі мемлекеттік телевизиялық арналардың (Қазақстан, Хабар, Ел арна) ғана хабар таратуымен қамтылған.
Телевизиялық
және радио бағдарламаның
Пошта
байланысы жоғары әлеуметтік маңызға
ие және Қазақстан Республикасының
ақпараттық-коммуникациялық
Пошта байланысының қазақстандық саласы дамудың кішігірім қарқынын көрсетіп отыр: 2009 жыл ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамымен 13 млрд. теңге сомасындағы табыстар жиынтығы алынды, бұл 2008 жылдың көлемінен 6,4 %-ға кем. Пошта қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мен арттыру үшін жеткізу уақыты мен шығындарды қысқарту мақсатында пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың жаңа технологияларын үнемі енгізіп отыру қажет. Бекітілген Параметрлерге сәйкес пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері, жай жазбаша хат-хабарды жіберудің бақылау мерзімі мыналардан тұрады:
Астана, Алматы қалалары және күнделікті тікелей әуе, темір жол және автомобиль арқылы хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында –Д+3 (Д–бұл жай хат хабарды тарату, +3 – қабылдау кезінен жеткізгенге дейінгі пошталық жөнелтімнің өту күні);
Астана, Алматы қалалары және тікелей әуе, темір жол және автомобилдік хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында аптасына 3 және одан да көп күн – Д+4;
қалған облыс орталықтары арасында Д+6;
осы облыстың облыс және аудан орталықтары және облыстың қала, аудан орталықтары арасында –Д+3;
жергілікті пошта жөнелтілімдері –Д+1.
Қазіргі уақытта қолданыстағы пошта хат-хабарларын жіберудің бақылау мерзімдері бойынша сапа параметрлері төзімді. Бірақ тәуелсіздікалудан кейін басталған республиканың экономикасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ұсынылатын пошта қызметтері параметрлеріне жаңа әлемдік сапа стандартының пайда болуы Қоғамның пошта желісінде жаңғыртуды талап етеді. Байланыс саласындағы Өңірлік ынтымақтастықтың кезекті отырысында (ағымдағы жылы) Қазақстан бойынша 2012 жылға халықаралық пошта жөнелтімдері үшін жаңа параметрлер –Д+5 талқыланды, бұл бүгінгі күні Қазақстанның пошта саласы үшін қиындық туғызады, ал бірқатар өңірлер үшін қолданыстағы желі және пайдаланатын көлік түрінде орындалмайтын міндет болып табылады.
Ауыл тұрғындарын қаржылық қызметтердің толық спектірімен қамту үшін, 2006-2010 жылдары банктік операцияларды ұсыну және қолма қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті, күрделі және техникалық жайлылық деңгейі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің және Ішкі істер министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келетін, пошта байланысының 380 ауылдық бөлімшелері құрылды. Сондай-ақ 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 8,5 мың бірліктен артық сандағы пошталық жабдықты жаңғырту жүргізілді, тозған автокөлік құралдарын ауыстыру жүзеге асырылды, заманауи пошталық вагондар сатып алынды (15 бірлік), хаттарды, сәлем саухаттарды және бандеролдарды жеткізу 69,2 %-ға артылды, кезеңдік баспаларға жазылу 23,7 %-ға артты, қаржы қызметтерінің көлемі 2,5 есе өсті, ауылдық жердегі Интернетке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі 115 бірлікке кеңейтілді, ауыл тұрғындарын пошта-қаржылық қызметтердің кеңейтілген ассортиментімен қамту 1,2 есе көбейтілді.
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты Қазақстандағы IT-нарығының жалпы көлемі, бағалаулар бойынша, 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен.
IT шығындарының құрылымы экономикасы дамыған елдер үшін сипатты болып табылады, яғни компьютерлік жабдықтардың үлесі БҚ және IT-қызметтері секторларының үлестерінен басым болады. 2009 жылғы компьютер жабдығына арналған шығындар шамамен 71 млрд. теңге, IT-қызметтері шығыны – 12,6 млрд. теңге құрады.
IT-саласында қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуында ең маңызды фактор мемлекеттік саясат болып табылады. 2007 және 2008 жылдары елдің мемлекеттік органдарының ақпараттандыруға инвестициялық шығындары бағалау бойынша 15,1 және 17,7 млрд. теңгені құрады. Дағдарысқа қарамастан, мемлекет IT-қызметтері нарығында ірі тапсырыс беруші болып қалады. 2009 жылы бюджеттен IT инвестициялауға 18,8 млрд. теңге бөлінді. 2004-2010 жылдарда «электрондық үкіметті» (бұдан әрі – ЭҮ) қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру, БҰҰ дайындаған, электрондық үкіметке ғаламдық дайындық бойынша рейтингте Қазақстанға соңғы жылы, Ресейді (59-орын), Беларуссияны (64-орын) және Украинаны (54-орын) артта қалдырып, 81-орыннан 46-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. АКТ және мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 2008 жылы «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.
Ақпараттық технологиялар құрылымында үш ірі секторды көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндірісі секторы, қорабтық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және IT-қызметтер секторы.
Қазақстанның
IT-нарығы құрылымындағы өндіріс секторы
және
IT-жабдығын іске асыруда жалпы көлемінде
басыңқы болып табылады (79 %), ол компьютерлерге,
қазақстандық қоғамды ақпараттандыру
үдерісін сүйемелдейтін желілік және
периферийлік компьютерлік жабдыққа
сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.
Осы сегментте жұмыс істейтін кәсіпорындардың
жалпы түсімі 2009 жылы 71 млрд. теңге шамасына
жетті. Сарапшылардың бағасы бойынша қазақстандық
қамтудың үлесі 2 млрд. теңгеден аспайды
(2 %-ға жуық). Сектордың маңызды ерекшелігі
оның импортқа тәуелділігі, ол микроэлектрондық
құрушылардың жеке меншік өндірістік
базасының болмауының салдары болып табылады.
3-бөлім. Коммуникациялық кешенінің реттелуі, даму
проблемаларының шешу жолдары,
перспективасы.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
Телекоммуникациялық
нарықтағы жоғары бәсеке
Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру «Электрондық үкіметтің қызмет ететін инфрақұрылымы Саланың
даму орталығы ретінде арнайы экономикалық
аймағының «Ақпараттық технологиялар
паркі» («Алатау» АТП АЭА) «Алатау»
болуы |
3G, 4G технологияларының
негізінде байланыс желілерін таратудағы
артта қалушылық
Телерадио хабарлар тарату кешенінің ескірген инфрақұрылымы Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамымауы Ұсынылатын электрондық қызметтердің жеткіліксіз саны Ақпараттық-коммуникациялық технология-лардағы импортқа жоғары тәуелділік Пошталық инфрақұрылымның негізгі қорларының тозуы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдықтарының өндірісі саласында табысты кәсіпорындардың болмауы |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
Интернетке
кеңжолақты қол жетімділік қызметтеріне
жоғары сұраныс
Цифрлық хабар таратуға көшу мен байланысты жабдыққа сұраныс Шағын және орта бизнесті және инновацияларды дамыту құралдары ретінде Интернетті қолдану ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдығына жоғары сұраныс Жабдықтың, БҚ-нің және IТ-қызметтерінің отандық өндірушілері үшін Кедендік одақ шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейту Электрондық сауда элементі ретінде пошта-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мамандарына жоғары сұраныс |
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласының нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету және техникалық реттеу
деңгейлерінің сәйкессіздігі
ЖОО-ның және кәсіби білім беру деңгейінің сала талаптарына сәйкессіздігі БҚ-ны әзірлеу және IТ-қызметтері саласындағы қазақстандық мазмұнның төмендеуі |
Ақпараттық
технологиялар мен
конвергентті қызметтердің ұғымдық аппараты;
интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті лицензиялау;
радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.
Конвергенция
жағдайларында байланыс операторлары
мен нарықтың басқа да қатысушыларының
қызметтерін мемлекеттік
Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым саласында негізгі проблемалар телекоммуникациялық желілерді цифрландырудың аяқталамағандығы болып табылады. Жаңа ұялы байланыс технологияларын енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерді телефондандыруды дамытудың бөгелуі, жаңа байланыс технологиялары күшті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектрондық құралдарының жиілік диапазонын қолданумен түсіндіріледі.
Жергілікті телефон байланысын дамыту көрсетілетін қызметтердің шығындылығымен бөгеледі, ол инвестициялық тартымдылықты жоғарылату мақсатында тарифтердің дәйекті өсуін талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін тежегіш факторы бас тарту төзімділігінің жоғары деңгейлі сауда есептегіш орталықтар нарығының дамымағандығы болып табылады.
Байланыс операторларының тең құқылы қол жетімділігі мақсатында әмбебап қызмет көрсету үлгісін, оның ішінде, байланыс операторларының Қазақстанның облыс орталықтарының шегінде телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін көрсетуге конкурстарды өткізуді, атап айтқанда, конкурсқа ұялы байланыс операторларының қатысу мүмкіндігін қарастыруды қайта қарау қажет.
Ұтқыр байланыс операторларының дамуы үшін 3G технологиясын енгізу үлкен мәнге ие. Алматы және Астана қалаларында 2008 жыл ішінде ұялы байланыс операторларымен 1920-1980/2110-2170 МГц жиілігі диапазонында 3G стандартты ұялы байланыс жабдығын тестілеу бойынша пилотты жобалар сәтті өткізілді.
4G, оның ішінде, Wi-Max технологиялары бойынша кеңжолақты байланысты енгізу үлкен әлеуетке ие.