Коммуникациялық кешенінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:29, реферат

Описание

Жұмысты жазудағы мақсат –коммуникациялық кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік реттеуге тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

1-бөлім. Көлік- коммуникациялық кешенінің дамуын мемлекеттік реттеу.
2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайын талдау.
3-бөлім. Коммуникациялық кешенінің реттелуі, даму проблемалардың шешу
жолдары, перспективасы.

Работа состоит из  1 файл

Реферат.docx

— 62.72 Кб (Скачать документ)

     Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық  инфрақұрылымын дамыту дамыған елдермен салыстырғанда артта қалып отыр.  Халықаралық электрбайланысы одағының мәліметтеріне сәйкес, электрондық сауда саласындағы операциялар барысында қауіпсіз қосылуды пайдаланатын серверлер саны 2008 жылы Қазақстанда 1 млн. халыққа 3,5 серверді құрады, ал дамыған елдерде бұл индикатор 500 бен 1000 аралығында ауытқиды: Кореяда – 500-ден астам, Ұлыбританияда – 750-ден астам және АҚШ-та 1 млн. халыққа 1000 серверден келеді.

     Қазақстандық  телерадио таратылымның алдында тұрған көкейкесті міндет цифрлық технологияларға көшу арқылы телерадио хабарларын таратудың бүкіл ұлттық желісін жаңғырту болып табылады. Халықаралық электр байланысы одағымен ұйымдастырылған, Жердегі  радиохабарлау қызметін жоспарлау аймақтық конференциясы шегінде, 2006 жылы «Женева-06» келісіміне қол қойылды, ол сандық хабар таратудың жиілікті бөліністерінің (мақсаттарының) жоспарын анықтады. Осы құжатпен 2015 жылы, құрамына Қазақстан Республикасы да кіретін келісімге қатысушы елдер үшін  цифрлық хабарлар таратуға көшудің соңғы мерзімі анықталды.

     Ақпараттық  технологиялардың екпінді дамуы, коммуникацияның  және ақпарат берудің жаңа құралдарының пайда болуы пошталық алмасудың (әсіресе іскерлік хат-хабардың) бірден төмендеуіне алып келді. Пошта операторларының  қаржылық жағдайының нашарлауы сапаның  төмендеуін, пошташылар еңбегінің ынтасыздануын  және тұрғындардың ақпаратқа қол  жетімділігінің шектелуін туғызды.

     «Қазпошта»  акционерлік қоғамы магистралды бағыттарда жолаушыларды тасымалдау поездары құрамына тіркелетін және сол бағытта жүретін пошта вагондарын пайдаланады.  Өзінің поездар қозғалысы технологиясы мен қауіпсіздігіне сәйкес оператор-тасымалдаушы  аялдамалар  және уақыт бойынша (кету, келу және поездардың тұрағы) регламент белгілейді, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамы  поездар қозғалысы кестесіне тәуелді. Бұдан басқа, вокзалдар мен станциялардың инфрақұрылымы (перрондар, пандустар, жолдар) ең алдымен жол жүру бойынша  пошта жүктерін тиеу және түсіруге емес, жолаушыларды қабылдау және отырғызуға бейімделген.

     Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күрделі және техникалық жайластыру деңгейі бойынша (күзет және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, техникалық нығайту, температуралық режим) нормативтік талаптарға сәйкес еместіктер ретінде 86% ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін толық қайта жабдықтау мәселесі өткір тұр.

     Азаматтар мен бизнес тарапынан ақпараттық технологияларға ішкі сұраныстың төмендігі  отандық компаниялар дамуының тежеуші  факторы болып табылады. Тұрғындар  арасында Интернетке кеңжолақты қол  жетімділіктің төмен енуі, қазақстандық веб-қорлар санының аздығы және Интернет желісінің қазақстандық сегментінде  түп нұсқалық контенттің болмауы  электрондық бизнеске және электрондық  саудаға қатысында бизнестің  инвестициялық белсенділігін төмендетеді.

     Жоғары  технологиялық құрылғыларды өндірудің  және сатудың қазақстандық секторында сауда нарығының бейнесі бар, яғни сектордың қазақстандық компаниялары зияткерлік өнімдер мен инновациялық технологияларды құруға қатыспайды, олар клиенттерге негізінде тек  дайын тауарларды іске асыруға жинақталған. Осыған байланысты, экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында сектордың негізгі мәселелері басқа сауда салаларының мәселелерімен сәйкес келеді – халық пен бизнестің сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі, мемлекеттік сатып алулардың қысқаруы, бизнесті жүргізу бойынша жоғары үстеме шығындар.

     Жоғары  технологиялық тауарларды меншікті өндірудің болмауында баж салығы ішкі өндірушіні қорғау қызметін атқармайды, ол тек соңғы тұтынушы үшін есептегіш техника құнын өсіреді.

     Дербес  компьютерлерді жинақтау мен сатудан  жоғары технологиялық тауарлар мен  микроэлектроника саласындағы табысты  қызметке көшу табысты салалық тәжірибе мен дәстүрдің; меншікті ғылыми-техникалық базаның; маманданған еңбек ресурстарының (техникалық мамандардың, инженерлердің, жаңа өнімдерді әзірлеуге қабілеті бар ғылыми қызметкерлердің); және халықаралық  өткізу арналарына (дистрибьюторлік  желілерге) қол жетімділіктің  жоқтығымен тежеледі.

     Мамандар көрсеткен басқа мәселелердің ішінде инновациялық құрылымдарды коммерцияландыру жөнге салынған тетігінің жоқтығын, венчурлық капиталға қол жеткізудің қиындығын, қазақстандық нарықтың аз сыйымдылығын, тұрақсыз кедендік және фискалді саясатты бөліп көрсетуге болады. Сектор дамуының тежеуші факторы Жоғары технологиялық тауарлар мен микроэлектроника ірі өндірушілерінің жақын орналасуы болып табылады (ҚХР, Ресей).

     Бүгінгі күні нарықта сұранысқа ие өнімді өндіруді дамыту және «Алатау» АТП АЭА негізінде жоғары технологиялық компанияларды жайғастыру әлеуеті іске аспаған. Инфрақұрылымның, электр энергетикасының, сумен қамтамасыз ету құрылысының аяқталмағандығы және әлеуетті қатысушылар үшін жоғары жалдау ақысы «Алатау» АТП АЭА дамуына тосқауылдар болып табылады. Аймақта оқу және ғылыми-өндірістік ғимараттарды орналастыру мәселесі шешілген жоқ. Жоғары технологиялық әлеуметтік-экономикалық аймақтарды дамытуда жемісті тәжірибесі бар шетелдік компаниялар «Алатау» АТП АЭА-н басқаруға қатыстырылған жоқ.

     Ақпараттық  технологиялар саласындағы қазақстандық компаниялар үшін жоғары мамандандырылған мамандардың жетіспеушілігі өзекті  мәселе болып саналады. 2008 жылы мамандардың бағалауы бойынша IТ-мамандарының сұранысы жартылай қанағаттандырылды. Сұраныс іргелес салалардан мамандарды тарту және оларды жұмыс берушілер есебінен оқытумен жартылай қанағаттандырылады. Саладағы кадрлардың жетіспеушілігі ақпараттық технологиялар саласындағы жалақысы еңбек өнімінен асып кетті, ол саланың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. 
 

     Коммерциялық электрондық қызметтерді және электрондық коммерцияны дамыту

     Қазақстандық  шағын және орта бизнесті және қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үшін коммерциялық электрондық қызметтерді енгізу және электрондық коммерцияны дамыту маңызды мәнге ие. Электрондық сауда алаңдарын, электрондық сөрелерді, онлайн-дүкендерді құру шағын және орта бизнес инвестицияларын Интернеттің қазақстандық сегментіне тартады, бизнесті жүргізудің үстеме шығындарын төмендетеді және отандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді, сондай-ақ салық салынатын базаны көтереді және сауданың көлеңкелі айналымнан жарым-жартылай шығуын қамтамасыз етеді.

     Электрондық коммерцияның қазақстандық сегменті өсуінің негізгі факторы Қазақстанның интернет-тұтынушылары санының көбеюімен негізделетін өспелі ішкі сұраныс болады.

     Берілген  бағыттың даму стратегиясы электрондық  коммерцияның дамуындағы мемлекет рөлінің артуынан және берілген секторға бизнес субъектілері тарапынан инвестицияларды көбейтуді ынталандырудан тұрады. Осы мақсатта мынадай қадамдар іске асырылады:

  1. электрондық коммерциямен байланысты интернет-жобаларды іске асыру әлеуеттілігін қамтамасыз етудің  нормативтік құқықтық тетіктері әзірленді;
  2. электрондық коммерцияның және электрондық қызметтерді ұсыну стандарттарының нормативтік құқықтық базасы дамытылды;
  3. электрондық коммерциямен айналысатын компаниялар үшін жеткізудің ұлттық қызметінен арнайы тарифтер әзірленді.

     Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту және бизнестің осы секторды инвестицияландыруын ынталандыру үшін мынадай тетіктер іске асырылады:

  1. электрондық ақшаларды пайдаланудың нормативті-құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру;

     2) электрондық коммерциямен айналысатын компаниялар үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамының арнайы тарифтерін ұсыну.

   Әрбір міндет бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірл. 2014 жылдағы мәні 2014 жылдағы мәні Қол жеткізу кезеңі
АКТ секторының

ЖІӨ-дегі үлесі

% 3,3 3,8 Орта мерзімді
  1. «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту» міндеті
Телекоммуникация  секторының

ЖІӨ-дегі үлесі

% 2,6 2,8 Орта мерзімді
Ұялы  байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 95 135 Орта мерзімді
Байланыстың тіркелген желілерінің тығыздығы 100 тұрғынға 24,2 25,4 Орта мерзімді
Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 10,1 22,0 Орта мерзімді
Телекоммуникациялардың  жергілікті желілерін цифрландыру  деңгейін арттыру, қала (ауыл) % 88 (78) 100 Орта мерзімді
Мерзім  шегінде жеткізілген хаттар мен  сәлемдемелердің үлесі %   99 Орта мерзімді
Пошта байланысының автоматтандырылған бөлімшелерінің үлесі %   95 Орта мерзімді
Ауыл  тұрғындарын электрондық сауда  желісімен қамту % 0 50 Орта мерзімді
Пошта байланысының ауылдық бөлімшелерін құру және жаңғырту бірл.   560 Орта мерзімді
Интернет  пайдаланушыларының тығыздығы  100 тұрғын-ға 33,9 44,5 Орта мер-зімді
Салалық стандарттау деңгейі халықаралық  нормаларға дейін жеткізілген және Қазақстан Республикасында АКТ-ның  дамуына ықпал ететін құқықтық негіз  қалыптастырылған (үйлестірілген стандарттардың саны ақпараттық- коммуникациялық технология- лар стандарттарының жалпы санынан 76%) %   76 Орта 

мер-зімді

  1. «Цифрлық телерадио хабарлар таратуды дамыту» міндеті
Елді  мекендерді эфирлік цифрлық хабар  таратумен қамту % 0 95 Орта мерзімді
Елді  мекендерді спутниктік цифрлық хабар  таратумен қамту % 0 100 Орта мерзімді
  1. Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту
Ұлттық  мемлекеттік және коммерциялық ресурстарды  ілгерілету бірл.   10/20** Орта мерзімді
  1. Электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту
Мемлекеттік электрондық, оның ішінде әлеуметтік мәні бар қызметтер санын көбейту бірл. 7 50/8* Орта мерзімді
  1. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және IТ-қызметтер секторын дамыту
IТ-нарығының көлемі млрд. тг 90 172 Орта мерзімді
IТ-нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі млрд. тг 6,3 55 Орта мерзімді
IТ-нарығының жалпы көлеміндегі IТ-қызметтерінің көлемі млрд. тг 12,6 51, 6 Орта мерзімді
IТ-қызметтеріндегі қазақстандық қамтудың үлесі % 30 80 Орта мерзімді
IТ-нарығының жалпы көлеміндегі қорабтық (лицензиялық) БҚ-нің көлемі млрд. тг 6,3 25, 8 Орта мерзімді
қорабтық (лицензиялық) БҚ-дің көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі % 2 15 Орта мерзімді
  1. Жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту
IТ-жабдықтары секторының көлемі млрд. тг 71 94,6 Орта мерзімді
IТ-жабдықтары секторының көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі % 3 10 Орта мерзімді
100 адамға арналған дербес компьютерлер % 12,7 25 Орта мерзімді
  1. Ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту
Халықтың  компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру %   40 Орта мерзімді
Студенттерді  Ақпараттық технологиялардың халықаралық  университетінде оқыту адам 400 1500 Орта мерзімді
2014 жылға қарай кем дегенде үш IТ-колледждерін құру бірл. 0 3 Орта мерзімді
Студенттерді  IТ-колледждерінде оқыту адам 0 900 Орта мерзімді

     Қосымша: Іске асырудың орта мерзімді кезеңі – 2014жылға дейін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Коммуникациялық кешенінің