Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 14:53, реферат

Описание

Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод.Ст. кіші-Джорджтың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап басқару ғылымының дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер төмендегідей.

Работа состоит из  1 файл

1- бөлімге Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

1 Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің

теориялық негіздері

    1. Кәсіпорынның басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәні
 

    Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод.Ст. кіші-Джорджтың (басқару саласының  американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап басқару ғылымының дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер төмендегідей. 

1-кесте  – Басқару ғылымының даму тарихы 

Жылдары Жеке тұлға  немесе этникалық топ Басқару ғылымынынң дамуына қосқан негізгі үлестері
Біздің  дәуірге дейінгі 5000 ж. Шумерлер Жазу, фактілерді тіркеу
4000 Мысырлықтар Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
2600 Мысырлықтар Басқаруды орталықсыздандыру
1100 Қытайлар Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
400 Сократ Менеджмент  әмбебаптығының принциптерін қалыптастырады
900 Әл-Фараби Басшылыққа  талап қояды
1832 Чарльз Баббедж Ғылыми тәсілдемеге  ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндіқ құралдарды есептеу
 

 

    Кең мағынада алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы – басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.

    Өндірісті басқарудың мәні мыналардан көрінеді:

  • өндірісті басқару – объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзеге асыратын механизм;
  • өндірісті басқару – қоғамдық, коллективтік және жеке мүдделерінің жүйесін жүзеге асыратын механизм.

    Өтпелі  кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуін қамтамасыз ету болып табылады.

    Сонымен қатар, басқарудың перспективалық мақсаттарының  бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.

    Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

    Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.

    «Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдардың ара жігін ажырата білу керек [1].

    Басқарудың  ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті  басқару туралы білімнің бүкіл жүйесін  қамтиды және мынадай үш құрамдас элементтерден тұрады:

  • өндірісті басқару мәселелерін зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымдардың ( философия, саяси экономия), сондай-ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымдардың ( кибернетика, жүйелер теориясы және басқалар) басқару аспектілері;
  • басқарудың жекелеген жақтары мен функциялары туралы нақты ғылымдар (салалық экономика, жоспарлау, есеп және басқалар);
  • өндірістік басқару заңдылықтарының өзін зерттейтін басқару теориясы.

    Тұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс  ретінде қоғамдық өндірісті басқару заңдары басқару теориясының пәні болып табылады.

    Басқару теориясы басқару тәжірибесінде объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп (белгілі бір жүйе) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.

    Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың  біреуі қисынды талдау негізінде  өндірісті басқарудың жалпы заңдары  мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінде алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.

    Басқару ғылымының пәні экономиканы басқару  үрдісінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы – басқару қатынастары болуына байланысты [2].

    Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастарға, екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

  • басқару сатылары арасында. Мысалы, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді, министрліктерді басқару аппараттарының арасындағы қатынастар (тік байланыстар);
  • әрбір сатыны басқару буындарының арасында. Мысалы, учаскелердің басшылығы арасындағы, жекелеген заыод басқармалары арасындағы, цехтарды басқару аппараттарының арасындағы қатынастар, яғни бұл арада көлбеу байланыстар айтылып отыр;
  • басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатынастар: мысалы, министрліктің жоспар-экономикалық басқармасы арасындағы заводтың жоспарлау-экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.

    Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).

    Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).

    Сонымен бірге басқару қатынастары былайша  бөлінеді:

  • салалық қатынастар, яғни бір сала шегіндегі қатынас;
  • территориялық, яғни бір аймақ шегіндегі қатынастар;
  • салааралық, яғни әртүрлі өнеркәсіп салалары ұйымдарының арасындағы қатынас;
  • аймақаралық, яғни әртүрлі аймақтар ұйымдарының арасындағы қатынастар;
  • территориялық-салалық қатынастар.

    Белгілі бір қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

    Қатынастардың сипаты және жасаушылардың санына қарай оларды басқаруды: жүйе аралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, ұжымдық және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.

    Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша: уақытша және тұрақты болып бөлінеді.

    Басқару қатынастары объектіге ықпал  ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.

    Әлеуметтік  басқаруға талдау жасау үрдісінде оның екі түрін:

  • адамның, индивидтің қандай да болсын, еңбек қызметінің элементі ретінде басқаруды;
  • адамдардың өзара қатынастарының элементі ретінде басқаруды атап өту қажет.

    Өндірісті тікелей қоғамдық сипат алған  кезде оны басқару қажет болып, оған мүмкіндік пайда болады. «Басқару - деп жазған К.Маркс, - бірлескен аралас еңбектің өз табиғатынан туындайды және содан туындайтын жалпы функцияларды атқарады» [3].

    Басқару функциясының меншік қатынастарымен байланысты басқару функциясының мазмұнында белгілі  бір меншік формасына тән белгілердің  пайда болуын қажет етеді. Басқару функциясының әлеуметтік мазмұны дегеніміздің өзі де осы. Егер басқарудың өзін өндірістік организмнің жекелеген бөліктерінің қозғалысын үйлестіру қажеттігі туғызатын болса, («.... Жеке скрипкашы  өзін өзі басқаратын болса, оркестрге дирижер керек»,- К.Маркс ) – басқарудың әлеуметтік мазмұнын меншік қатынастарының сипаты анықтайды.

    Өндірістік  басқару ғылыми басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен ара-қатынастарын зерттеу, өндірісті басқару үрдісіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасы, функциялары мен әдістерін әзірлеу [4].

    Өндірісті басқару теориясының мазмұнын оның объектісін анықтайды. Оны өндірістің белгілі бір саласы мен аясында болатын жеке заңдылықтар емес, қайта жалпы жүйе ретіндегі қоғамдық өндірістің жұмыс істеуі қызықтырады. Сондықтан өндірісті басқару теориясының пәні қай салаға жататынына немесе қызмет ететініне қарамастан, өндірісті басқару қатынастарына тән ортақ нәрсені зерттеу болып табылады.

    Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті  басқару қатынастарының механизмін түсіндіру, практиктердің нақты  міндеттерді шешудің жолдары  мен әдістерін табуына теориялық әдістемелік негізде көмектесу. Өндірісті басқару теориясы білімнің кешенді жүйесі. Басқаша айтқанда мұндағы міндет – басқаруды азын-аулақ адамдардың шамасы келетін өнерден осы салаға маманданушы әрбір білікті адам істей алатын ғылыми жүйеге айналдыру болып табылады.

    Басқарушылық  іс-қимыл өндірісті де, басқаруды  да ұйымдастырудың белгілі бір формалары  жағдайында еңбек қызметіне қатысушылардың арасында пайда болатын белгілі  бір нақты байланыстарды бейнелейді. Осы байланыстар мен ұйымдық формалардың жиынтығы экономиканы басқару механизмін құрайды.

    Өндірісті басқару ғылымы мыналарды қамтиды:

  • өндірістік басқарудың әдістемесі мен теориясы;
  • өндірісті басқарудың объектісі мен субъектісінің құрылысын ұйымдастыру;
  • басқарушылық ықпалды қалыптастырудың әдістері;
  • басқару үрдісі;
  • басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі.

    Бірінші бөлімінің ерекше зор маңызы бар. Ол өндірісті басқару жүйесінің  құрылысы мен жұмыс істеуінің  методологиялық негіздерін зерттеуге  арналған.

    Ол  мынадай мәселелерді қамтиды: өндірістік басқару қатынастарының мәні; басқарудың заңдылықтары мен принциптері; жүйені басқару ретінде өндірісті басқару.

    Екінші  бөлім басқарудың ұйымдастырылуы мен  әдістері туралы ілімге арналған.

    Курстың барлық бөлімдерінің логикалық ішкі бірлігі бар және пәннің мазмұны өзінің осы бірлігімен ашылады.

    Бұл басқару басқа да экономикалық салалармен, ең алдымен саяси экономикамен тығыз байланысты. Бұл байланыс, сонымен қатар, өндірісті басқару ғылымының бірінші кезекте қоғамдық өндірістің дамуы объективті экономикалық заңдарға ғана сүйенетінінен көрінеді.

    Ол  нақты экономикалық ғылыми пәндермен - әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлаумен, статистикамен, пәндердің қаржы-несие  циклдарымен, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және т.б. өзара тығыз әрекет жасайды.

    Экономиканы басқару ғылымының мазмұны туралы айтқанда, мына қағидаларды атап көрсету керек: сипатты белгілері – экономикалық заңдарды, басқару заңдылықтарын тану мен оны саналы түрде пайдалану; басқарушылық ықпал ету үрдістерінің жүйелілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; басқарылатын объектілер мен басқару субъектілерін үлгілеу; өндірісті мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық басқарудың диалектикалық өзара байланысы.

    Басқару дегеніміз – ғылым әрі өнер, онда объективті нәрсе мен жеке нәрсе  ұштасып жатады.

    Басқару әрекетінде орын алатын функциялар өзіндік өзгешелік, ерекше мазмұн және жүзеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Басқаруда жекелеген функцияларды бөліп көрсету өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі  туғызатын объективті үрдіс. Басқару функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдарды саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны мамандандырудың нәтижесі.

Информация о работе Кәсіпорындағы ішкіфирмалық басқару қызметінің теориялық негіздері