Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 21:05, курсовая работа
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кіріспе
І. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні мен маңызы, бағалау мен амортизациясы
І.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
І.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
ІІ. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды сипаттау
ІІ.1. Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау
ІІ.2. Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу
ІІІ. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
ІІІ.1. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары
ІІІ.2. Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі - бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады:
Негізгі капитал рентабелділігі:
П
Р нк =
х 100%
К н
Мұнда:
П - таза пайда;
К н - негізгі капитал.
Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор қайтарымы) жатады.
Өзіндік капитал рентабелділігі:
П
Р өк =
х 100%
К ө
Мұнда:
К ө - өзіндік капитал.
Жалпы рентабелділік пайданың негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:
Жалпы рентабелділік:
П б
Р ж =
НӨҚ +АӨҚ
Мұнда:
П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы пайданың жалпы сомасы;
НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құны[12, 149б.].
Кәсіпорынның негізгі қорларының тиімділігін көтеру барысында қорлардың қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.
Қор қайтарымы:
Q
Ф қ
= -------
Ф орт
Мұнда:
Q - өндірілген өнім көлемі (ақшалай түрінде);
Ф орт. - негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, онда бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қор сыйымдылығы:
Ф орт.
Ф с
= ------
Q
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы және жеке көрсеткіштер арқылы есептеп шығаруға, өзгерістердің пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның және құрал-жабдықтардың өндірістік қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін шығаруға экономикалық талдаулардың тиімділігі зор.
Талдау жасау әдетте негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі - негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі, олардың керекті мөлшерде, ассортиментте және толықтай пайдалануы күтіледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын өндірістік қорлар анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.
Келесі талдау жасаудың қадамы - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен, құрал-жабдықтармен, ғимараттармен қамтамасыз етілуі өнім өндірісінің нақты көрсеткішінің және жоспарлы көрсеткішінің салыстыру қажеттілігімен орындалады.
Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.
Қормен қамтылу:
Ф орт
Ф қамт = --------------
S өнд
Мұнда:
S өнд - өндірістік алаң ауданы, га
Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі еңбектің қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына қатынасы болып есептелінеді.
Еңбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек өнімділігінің өсімі еңбектің техникалық қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін тиімді болып есептелінеді.
Қормен қарулануы:
Ф орт.
Ф қ.қ.
= -------
Ж өөп
Мұнда:
Ж өөп - өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда қандай деңгейде пайдаланғаны туралы толық талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады. Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.
Интенсивті коэффициент:
Ө ф
К инт. = ------
Ө м
Мұнда:
Ө ф және Ө м - құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.
Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.
Экстенсивті коэффициент:
Т ф
К экс
= ------;
Т к
Т ф
К экст
= ------.
Т п
Мұнда:
Т ф - құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;
Т к және Т п - құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.
Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды коэффициентті шығара аламыз.
Интегралды коэффициент:
К и
= К экст. х К инт.
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы анықталып, олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді[12, 197б].
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту