Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 21:05, курсовая работа
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кіріспе
І. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні мен маңызы, бағалау мен амортизациясы
І.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
І.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
ІІ. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды сипаттау
ІІ.1. Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау
ІІ.2. Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу
ІІІ. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
ІІІ.1. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары
ІІІ.2. Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдауы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортизациялық қор - негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық ресурсы ретінде есептеледі. Амортизациялық қор негізгі қорладың қарапайым жұмыс істеуіне арналған, ескі негізгі қорларды жаңа құралдармен ауыстыру, әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты амортизация негізгі қорлардың жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде қабылданады.
Жылдам техникалық прогрестің шарттарында әрдайым жаңа техникалардың жаңартулары болып жатады, жаңа және жоғары өндірістік механизмдер мен аппараттардың түрлері ескі техникаларды ауыстырып тұрады.
Негізгі құралдар, айтып өтелік, өндірістік үрдісте саны көп өндірістік циклдарға қатысып, ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, уақытысымен тозу процесіне ұшырап, табиғи нысанын сақтай отырып, бөліктермен өз құндылығын дайындалатын өнімге ауыстырады. Осындай негізгі қорлардың ерекшелігі оларды неғұрлым қажетті және пайдалануға тиімді етіп жасалынады.
Негізгі қорларды өндірістік процесінде жұмыс істеуі мен қарапайым кеңейтілуі гармониялық түрде бірігеді және өзіндік ерекшелігі бар шартты түрде сипаттамасы болады. Келесі формулаларды пайдалана отырып, біз негізгі қорлардың амортизациялық мөлшерін, шығындарын, жылдық сомасын есептей аламыз.
Толық қалпына келтіру амортизациясы:
Ф баст. + Ф ж
Н қк = ------------- х 100% = ----------. (16)
Т н х Ф баст. Ф баст.
мұнда,
Т н - НҚ-дың мөлшерлі қызмет жасау мерзімі.
Негізгі қорлардың тозуына қарай күрделі жөндеуге, модернизациялауға кететін амортизация мөлшерін осы формула арқылы есептеп таба аламыз.
Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі - амортизациялық қорды пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды шеше алады.
Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі қорларының ары қарай жүргізілуіне, жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті тұрақтандырып, қаржылық ресурстардың өсуіне жол беруі абзал. Тек сонда ғана кәсіпорындарды негізгі капиталы өсіп, жоғары тиімділікке апаруы мүмкін.
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация - бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
ІІ. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды сипаттау
ІІ.1. Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау
Кәсіпорынның негізгі капиталдың жалпы соммасында әдетте негізгі қорлар үлкен үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы. [15,245б.]
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын ҚҚС-ғын, акциздерді алып тастағаннан кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ), қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің өсімінің бір теңгесіне салынған күрделі салымдардың үлесі көрсеткіштер анықталады. Сонымен бірге салыстырмалы үнемдеу де есептеледі:
± Ү нөқ = НӨҚ1 - НӨҚ0 х IЖӨ (17)
мұнда,
НӨҚ1 , НӨҚ0 - сәйкесті бзистік және есептік жылдарда негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны;
IЖӨ - өнім өндірісінің көлеміінң индексі.
Қорлардың ортажылдық құнын есептеу барысында тек қана өзіндік негізгі құралдар ғана емес жалға алынғандар, резервтегі және жалға берілгендер де есепке алынады. [13,313б.]
Жеке көрсеткіштер кейбір машиналар, жабдықтар, өндірістік алаңдарды саипатту үшін пайдаланылады. Мысалы сменада жабдықтың бір данасына шаққан өнім көлемі, өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне өнім өндірісі.
Талдау барысында өсы көрсеткіштердің динамикасы, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуы , шаруа аралық салыстырмалар зерттеледі.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің жалпылама көрсеткіші ретінде қор рентабелділігі болып табылады. Оның деңгейі тек қор қайтарымына емес сонымен өнімінң рентабелділігіне байланысты. Осы көрсеткіштердің ара байланысын келесідей көрсетуге болады:
П ЖӨ П
R нөқ = ---------- = ---------- х ---------- = ҚҚ х Rжө , немесе
НӨҚ НӨҚ
ЖӨ
П СӨ П
R нөқ = ---------- = ---------- х ---------- = ҚҚ х Rсө (18)
НӨҚ НӨҚ
СӨ
мұнда,
R нөқ - негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі;
П - өнімді сатудан алынған пайда;
НӨҚ - негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны;
ЖӨ, СӨ - сәйкесті өндірілген немесе сатылған өнімнің құны;
ҚҚ - қорқайтарымы;
Rжө, Rсө - өндірілген немесе сатылған өнімнің рентабелділігі. [13,432б.]
«К
& К - TALDYKORGAN» ЖШС-нде негізгі өндірістік
қорларды пайдалану тиімділігін талдау
үшін келесі кестені есептегенде мынандай
қорытындылар шығады.
Кесте 1 - Негізігі қорларды пайдалану тиімділігін талдау үшін бастапқы мәліметтер
Көрсеткіш | 2008
жыл |
2009 жыл | 2009жыл
2008 жылдың өзгерісі |
Өндірілген өнімнің көлемі(ЖӨ), мың тг | 96000 | 100800 | + 4800 |
Өнімді өткізуден алынған пайда, мың тг | 17900 | 19296 | +1396 |
Ортажылдық
құн, мың тг:
-жабдықтардың бірлігі (Б) |
12715 7680 120 |
14000 8400 127,27 |
+1285 +720 7,27 |
Үлес
салмақ, коффициент:
-қорлардың активті бөлігі (ҮС@ ) |
0,604 |
0,6 |
-0,004 |
Қор рентабелділігі
(R нөқ),% |
140,8 | 137,8 | -3,0 |
Өнімнің рентабелділігі (Rжө), % | 18,65 | 19,14 | +0,49 |
Қор қайтарымы,
тг:
-негізгі өндірістік қорлардың(ҚҚнөқ) -активті бөлігінің (ҚҚ@) |
7,55 12,5 |
7,20 12,0 |
-0,35 -0,5 |
Технологиялық жабдықтардың ортажылдық көлемі (К) | 64 |
66 |
+2 |
Барлық
жабдықтар жұмыс жасағаны (Т), мың. сағ
Оның ішінде жабдықтардың бірлігімен: -сағат (Тбір) -ауысым(Ау) -күн (Күн) |
240 3750 500 250 |
226,51 3432 470,4 245 |
-13,49 -318 -29,6 -5,0 |
Жабдықтардың ауысымдық коэфициенті(Кау) | 2 |
1,92 |
-0,08 |
Деректер көзі: «К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нің 2008, 2009 жылдардың бухгалтерлік балансы |
Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту