Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:57, реферат
Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы – индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:
Кіріспе………………………………………………………………………..3
1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі…….……………………..4
1.1 Ақпарат туралы түсінік…………………………….……………………4
1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу…5
1.3 Ақпараттық жүйе………………………………………………………...7
2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат……………………...9
2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау……………………………………………………………….9
2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары……………………………………………………………………11
Қорытынды………………………………………………………………….14
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...15
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
Менеджмент кафедрасы
Халықаралық менеджмент пәні
Реферат
Тақырыбы: Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі
Орындаған: ГМУ-31 тобының студенті
Абилмажинова И.Д.
Тексерген: Әбенов Е.М.
Астана 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………
1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі…….……………………..4
1.1 Ақпарат туралы түсінік…………………………….……………………4
1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу…5
1.3 Ақпараттық жүйе………………………………………………………...7
2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат……………………...9
2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау………………………………………………………………
2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..
КІРІСПЕ
Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы – индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:
қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру;
жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер бөлігін өсіру;
мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік:
а) адамдардың тиімді ақпараттық өз-ара іс-қимылы;
б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі;
в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсіз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуі үшін бүкіл әлемдік жарыста жеңілгенін білдіреді. Нақтылығы бүкіл әлемде ақпараттық кеңістікті шектеуді құра отырып, өндірісті, білімді және адамдардың өмірін түбірімен өзгертеді.
Ақпарат – басқару процесінің негізі болып саналады. Басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері ақпаратты өңдеуге байланысты.
Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипатта болады, өйткені олар шешім қабылдау үшін ақпараттар алады, және қабылдаған шешімдер жайлы ақпарат тарады.
Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.
Ақпараттық жүйе – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті ақпараттардың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе – бұл қажетті және дәлме дәл ақпараттарды басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі ақпараттарды қамтамасыз ету құралы.
Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді.
Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми –білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды.
Ақпараттық кеңістікті дамыту қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейінгі - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі.
1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі
1.1 Ақпарат туралы түсінік
Ақпарат – «информация» термині латын тілінен енген – түсіндіру, баяндау, мәлімет деректер беру деген ұғымдарды білдіреді. Басқару ісінде ақпарат ұғымы сақтауға, таратуға және түрлендіруге тиісті деректер ұғымын береді.
Басқару процесі тұрғысынан қарастырғанда ақпаратта еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда ақпарат басқару процесінің негізі шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ретінде орын алады. Басқару процесі шешімін біршама дәйектілігі түрінде жүзеге асады, ал оның тиімділігін аралық және ақырғы нәтижелер туралы ақпарат негізінде анықтауға болады.
Сонымен басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері ақпараттарды өңдеуге байланысты. Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипат алады. Ақпаратсыз басқару мақсатын анықтау жағдайын бағалау, проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және оның орындалуын бақылау мүмкін емес.
Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда ақпарат рөлі арта түседі. Басқару құрылымын, олар атқаратын қызметінің құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту ақпарат тасқынының жеткізілуіне, оның мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау-экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.
Кез келген ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру және әзірлеу кезінде басшы мақсаттар мен міндеттер қоюы, әрекетерді жоспарлауы керек, көрсеткіштердің әрбір топтарында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыстардың орындалуын бағалаудың критерияларын анықтау және мынадай сұрақтаға жауап беруі қажет:
көзделген қаржылық нәтижелерге жете отырып, біздің иелеріміз бен акционерлеріміздің алдында біз қандай болуымыз тиіс;
өзінің болашығын елестетуді іске асыру үшін, біздің тұтынушыларымыздың алдында біз қандай болуымыз тиіс;
біздің тұтынушыларымызды қанағаттандыру үшін, қандай бизнес-үдерістерде жетістіктерге жеткізуіміз тиіс;
өзіміздің болашағымызды елестетуді іске асыру үшін қандай өзгеру және жетілдіру қабілеттілігімізді біз қалай қолдауымыз қажет?
Осындай қатынас басшыларға ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге бағытталған стратегияларды өндіруге ұйымның барлық бөлімшелерінің күш-жігерін шоғырландыру мүмкіндігін береді. Бұл ретте көрсеткіштердің барлық төрт топтарының мақсаттары ұзақ мерзімді қаржылық нәтижелермен байланысты болады. Бөлімшелердің, командалар мен қызметкерлердің міндеттері ұйымның стратегиялық міндеттерімен сәйкес келеді. Ресурстарды, стратегиялық бастамалар мен жылдық бюджеттерді бөлу стратегияларға бағынышты, ал қорытындыларды талдау жөніндегі мәжіліс нақты кері байланысты орнату және стратегияны іске асыру барысы туралы нақты ағымдағы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Мақсатқа жету үшін, ұйымның барлық жұмыскерлері бір үйлесімді организм сияқты әрекет етуі қажет. Оған, тұлғаны құрметтеуге және мотивацияға негізделген, адамның табиғатына, білім мен ақпаратқа бағытталған менеджменттің сапасын арттыра отырып жетуге болады.
Үдерісті дұрыс басқаруда олардың артынан тұрақты бақылау және деректерді үнемі талдауды талап етеді. Барлық деңгейдегі басқару үдерісінде барлығы, кім өкілетті оған араласады, негізгі факты шешуде іскерлікті қабылдау, үдеріске араласуға болама екен, егер де керек болса, онда кімге. Үдеріске оған араласатын адамдар да араласуы мүмкін.
Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономи калық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «электрондық үкіметті» қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.
1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы әр түрлі кезеңдер мен сатылардағы ақпарат рөлі, оны пайдалану нышаны мен сипаты, параметрлері ықпал етеді.
Мұндай сипаттамаларға жататыны:
1. басқару процесінде пайдаланатын ақпараттардың саны мен сапасы. Ақпараттың барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда ақпараттардың тіркелу әдістеріне, әр түрлі тасымалдаушылардың қолданылуына т.б. тәуелді.
Кейде басқару аппаратындағы қызметкерлерге ақпаратар шамадан тыс көп келеді, яғни ақпарат молшылығы пайда болады. Мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады. Кейде керісінше – басқару аппаратының қызметкерлеріне қажетті ақпараттар жетіспейді де, ақпарат «тапшылығы» пайда болады, мұндайда ақпарат жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.
2. ақпараттың толықсыздығы, мұның өзі басқару үшін қажетті және алынған ақпараттардың ара қатынасы бойынша анықталады. Қажетті ақпарат саны, оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Ақпараттар сапасын бағалау үшін мынадай сипаттамаларды пайдаланады: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығы, өзектілігі, құндылығы және пайдалылығы.
3. ақпараттың дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Кез келген нақты деректер шынайы оқиғаның анықтылығын көрсетеді. Ақпараттар неғұрлым дұрыс болса, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.
4. ақпараттың өзектілігі – басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Ақпараттарды дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзді біз А.И.Бергтің жазғандарынан кезедстірдік. Ол бйлай дейді: «... ақпаратты аз шамада шарапқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі».
5. ақпараттардың құндылығы, пайдалылығы басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстырмалы түрде, өйткені ақпараттың құндылығы оны қабылдайтын субъектілерге байланысты. Міне, сондықтан да ақпараттардың құндылығын қатаң бағалауға немесе өлшеуге болмайды. Дегенмен де, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер басшыға жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз ақпараттар тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі ақпаратпен қамтамасыз етілуді теріс бағалайды.
6. ақпарат тығыздығы – бұл оның саны. Тиісті өңдеу техникалары болмағанда ақпарат тығыздығының төмендігі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, ақпараттарды сақтау және іздестіру процестерін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді. Ақпараттың өте тығыз болуы, оны пайдалану үшін арнайы техникалық құралдарды қажет етеді.
Ақпараттардың тығыздығы, оны таратушыда тіркелуіне ғана емес, тіркелу белгілеріне, тіліне де байланысты. Іс құжаттарында терминдердің үйлестірілуінің, құжаттарды толтыру тәтібінің үлкен рөлі бар.
7. тиімді пайдалану мүмкіндігіне қарай ақпараттарды пайдалы, жалған және артық деп бөледі.
Ақпарат алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:
— ақпаратты жіберуші идеяны қорытушы немесе ақпаратті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;
— символдар көмегімен кодталған ақпараттың өзін хабарлау;
— канал, ақпаратты беру құралы;
— алушы. бұл ақпаратты қажет ететін адам.
Ақпаратты алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жакка да түсінікті болуын қарастыру. Ақпарат алу кезеңдері мынадай:
а) идеяның пайда болуы; ә) кодтау және канал таңдау;
б) беру;
Ақпарат алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық ақпарат алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе ақпаратті тандаудан басталады. Бұл кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыкка алу қажет екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген факторларды ескереді. Мәселен, басшы жұмыс нәтижесін бағалау туралы ақпарат алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтауы тиіс: идеянын мәнісі сол, өзінің қарамағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты ақпаратты хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру.
Информация о работе Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі