Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:57, реферат

Описание

Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы – индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..3

1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі…….……………………..4
1.1 Ақпарат туралы түсінік…………………………….……………………4
1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу…5
1.3 Ақпараттық жүйе………………………………………………………...7

2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат……………………...9
2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау……………………………………………………………….9
2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары……………………………………………………………………11

Қорытынды………………………………………………………………….14

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...15

Работа состоит из  1 файл

Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі.doc

— 116.00 Кб (Скачать документ)

Ақпаратты жөнелтуші кодтауға аайдаланатын, символ типіне үйлесетін каналды тандай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі және одан да көп коммуникациялық құралдар пайдаланылады. 
      Үшінші кезеңде женелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін ақпаратті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны декодтайды. Декодтау – бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

Басшы мынаны ескеруі қажет: олардын басқа орындардар алған ақпараты дәл болмауы және алмасу барысында әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға қою қажет.

 

1.3 Ақпараттық жүйе

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес: «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе».

Елімізде қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы Ережесі мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрлар қызметшiлерi туралы толық ақпараттың дұрыстығын, шапшаңдығын және толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттiк органдардың ақпараттық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында құрылған автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жүзеге асу механизмiн айқындайды.

Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай:

1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.

Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.

Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.

Ақпараттық жүйе – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті ақпараттардың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе – бұл қажетті және дәлме дәл ақпараттарды басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі ақпараттарды қамтамасыз ету құралы.

Ақпараттық жүйені қалыптастырған кезде басқарушы неғұрлым жалпы айқындаушыларды және сапалық сипаттамаларды басшылыққы алуы тиіс.

Кәсіпорынды дамытудың және техникалық жарақтандырудың кез келген сатысында ақпараттық жүйені ұйымдастырған кездегі маңызды айқындаманың бірі – шығыс құжаттары болып саналады. Шығыс құжаттары – бұл ақпараттарды өңдеудің және қалыптастырудың аяқталу сатысы, мұның өзі тиісті басқару командасын ойластыру үшін қажет.

Ақпараттық жүйені ұйымдастырған кезде қамтамасыз етілуге тиісті ең маңызды сипаттамаларға мыналар жатады:

1.            дұрыстығы. Басқаруға пайдаланылатын кез келген шығыс құжаттарының ақпараттары өндірістің дамуының нақты көрсеткіштеріне дәлме дәл сәйкес келуі тиіс. Ақпараттардың бұрмалануы дұрыс шешім қабылдауға, нәтижесінде бар мүмкіндіктің толық пайдалануына әсер етеді.

2.            түсініктілігі. Ақпараттар басқарушы адамның шешім қабылдауына қиындық келтірмеуі тиіс.

3.            бірмағыналылығы. Шығыс құжаттарының ақпараттарында әр түрлі түсінік болмауы тиіс.

2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат

2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау

Ақпараттық технологиялар әлемдегі сияқты Қазақстан Республикасында да бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін шешуде басты факторлардың бірі болып отыр. Осы рыноктың дамуы тұрақты экономикалық дамудың және өнеркәсіп пен басқарудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете отырып еліміз үшін шешуші болып отыр.

Ақпараттық технологиялар (AT) саласындағы негiзгi мiндет ашық жүйелердiң тұжырымдамасы негiзiнде әлемдiк қоғамдастық іске асыратын ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымның бiр бөлiгi (Global Information Infrastructure - GІІ) ретiнде ҰАИ-ды (ұлттық ақпараттық инфрақұрылым) бiртiндеп дамыту, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердi және софт-технологияларды дамытуды ынталандыру болып табылады.

АТ-ны дамыту кезiнде компьютер жабдықтарына бағаның төмендетiлуiне орай негiзгi пайда компьютер жабдығының өндiрiсiнде емес, пайдаланушылар шығындарының тұрақты өсiмi болатын - бағдарламалық құралдар, қызметтер мен консультациялар секторында шоғырланатынын ескеру қажет.

АТ саласындағы қызметтерге ғаламдық сұраным 1997 жылы 327 млрд. AҚШ долларына тең болса, 2008 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына жеттi. Қазақстанда қолдануға болатын АТ секторы экономиканың аса маңызды салаларында нығаюы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда осы саланың өнiмi импорттың маңызды бөлiгi болып қала беруi мүмкiн. Бұдан басқа, тұтас алғанда ұлттық экономика салаларында сапалы өзгерiстердiң қозғаушысы бола отырып, АТ елдiң телекоммуникацияларын дамытуда айқындаушы рөл атқарады.

АТ саласындағы мемлекеттiк саясат:

ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететiн ашық және тұрақты нормативтiк-құқықтық базалар мен стандарттарды жасауға;

халықтың, шаруашылық субъектiлерiнiң, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының, ҰАИ-ға жан-жақты қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

мемлекеттiк органдар порталдарын жасауды, мемлекеттiк деректер базасы мен құжат айналымы рәсiмдерiн қоса алғанда, «электрондық үкiметтi» әзiрлеп, енгiзуге;

ақпараттандырудың мемлекеттiк құралдары мен жүйелерiн стандарттауға, сәйкестендiруге және сертификаттауға;

iшкi және сыртқы әлемдiк нарықтардың жаңа мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сауда-саттықты толық ауқымда енгiзуге жәрдемдесуге;

мемлекеттiк сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер тетiгiн енгiзуге;

халықтың бiлiм деңгейiн электрондық оқу мекемелерi мен кiтапханаларды құруды қолдау есебiнен көтеруге;

бағдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың ұлттық индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауға бағытталуы тиiс.

Қазіргі уақытта республикамызда 3018 бірлік бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) жұмыс атқарады. Олардың құрылымы келесі түрде бөлінген: жалпы санының 91%-ын газеттер (1873) мен журналдар (877) құрайды, 8,5%-ы - электронды БАҚ (63 телеарна, 42 радиокомпания, 146 кәбілді теледидар және 6 спутниктік хабар тарату операторы) және 0,5% - ақпараттық агенттіктер (11). Баспа басылымдары арасында ең көп үлесін қоғамдық-саяси (36%), ақпараттық (32%), ғылыми-талдамалық (27%) бағыттағы басылымдар алады. Мемлекеттік емес БАҚ сегменті республиканың ақпараттық нарығында басым болды, оның үлесі 85% құрайды. Соңғы жылдары ақпараттық өрістің маңызды тақырыптық саралауы өтті, ірі медиа-компаниялар құрылды және жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасында 2005 жылы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007–2009 жылдарға арналған бағдарламасы, 2007 жылы «Ақпараттандыру туралы» Заңы қабылданған. 2010 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қаулысы шықты. Сонымен қатар елімізде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы ережесі заң күшіне ие.

Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер көрсету жағдайы келесі деректермен сипатталады:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетуде (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивті сұраулар және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшіру жүзеге асырылуда;

2) «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы құрылады, оның шеңберінде 20 ІТ-жоба өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген;

3) «электрондық үкімет» веб-порталында жеке және заңды тұлғалар үшін 1700 аса ақпараттық қызмет, іске асырылған 22 электрондық қызмет, 37 сервис ұсынылады;

4) жергілікті атқарушы органдарды Бірыңғай көліктік ортаға, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне және Мемлекеттік органдардың куәландыратын орталығына қосылу жүргізілді;

5) жергілікті атқарушы органдардың басшыларына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтардың электрондық өтініштерінің жүйесі құрылды, сондай-ақ пилоттық жобасы шеңберінде Павлодар облысының базасында бес әлеуметтік маңызы бар электрондық қызметтер енгізілді;

6) «электрондық үкімет» аясында көрсетілетін қызметтерге on-line режимінде қолма-қол емес төлем жүйесін автоматтандыру үшін «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі құрылды. Қазіргі уақытта салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 120 түрін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің порталы арқылы төлеуге болады;

7) халықтың компьютерлік сауаттылығы шамамен 20% құрайды.

Инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:

1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ жанынан «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ІТ-Университеті) құрылды, мемлекеттік лицензия алынды, жоғары кәсіби оқытушылар штаты қабылданды, бағдарламалау бойынша білім берудегі әлемдік көшбасшы Carnegie Mellon (Питтсбург, АҚШ) университетімен лицензиялық келісім жасалды;

2) мемлекеттік тапсырыс негізінде бакалавриаттың 1 курсында 4 мамандық бойынша ағылшын тілінде американдық Carnegie Mellon университетінің бағдарламалары бойынша 300 студент оқиды, сондай-ақ 2010 - 2011 оқу жылына 300 грант бөлу жоспарланды;

3) Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындары арасынан ІТ-Университеті үшін қосымша шетелдік серіктестердің іріктеу жүргізілуде;

4) мамандырылған ІТ-колледждерді ашу мәселесі пысықталуда.

 

2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың

негізгі проблемалары

Ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары:

отандық ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;

медиялық инфрақұрылымның технологиялық артта қалуы, атап айтқанда отандық телерадио хабарын таратуды және оның тақырыптық саралауын одан әрі дамыту үшін кедергі ретіндегі радиожиілік спектрінің шектелуі;

цифрлық телерадио хабарын таратудың болмауы;

Интернет желісінде қазақстандық сегменттің жеткіліксіз дамуы;

қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын автоматтандырылған режимде орталықтандырылған мемлекеттік есепке алудың болмауы;

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау және сақталу үшін жағдайлардың жетіспеушілігі;

қоғамның отандық ғылыми-техникалық, классикалық, көркемдік, балалар және жасөспірімдер әдебиеттерімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

қазақстандық кітап нарығында шетелдік (ресейлік) кітаптардың үстемдігі.

Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тең емес мүмкіндігін білдіретін «ақпараттық теңсіздікті» жою туралы, оның ішінде:

азаматтардың компьютерлік және басқа цифрлық, коммуникациялық техниканы тең емес иелену;

азаматтардың Интернет ресурстарына тең емес қол жеткізу;

компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын азаматтардың тең емес иелену мәселелері тұр.

Электрондық қызметтер көрсетуді дамытуды тежейтін негізгі проблемалар:

1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерінің, ақпараттық жүйелері мен ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;

2) электронды түрде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі;

3) түрлі әлеуметтік топтардың инфокоммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - ИКТ) пайдалану мүмкіндіктерінің тең болмауы болып табылады.

Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми –білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды.

Қазақстан жағдайды жақсартуда тұрақты прогресті көрсететінін атап өту қажет. Бұл туралы БҰҰ жүргізілген 2005 жылғы электрондық үкіметке жаhандық дайындық туралы есебінің деректерінде айтылған. Электрондық үкіметке елдің және оның қоғамының дайындық деңгейін бағалайтын бүкіл дүние жүзілік 179 елдердің рейтингінде Қазақстан 65 орынды алады. 2005 жылы Қазақстанның рейтингі 2004 жылмен салыстырғанда 4 позицияға жақсарды, 2003 жылға қарағанда  14 тармаққа жоғары.

Информация о работе Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі