Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:57, реферат
Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы – индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:
Кіріспе………………………………………………………………………..3
1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі…….……………………..4
1.1 Ақпарат туралы түсінік…………………………….……………………4
1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу…5
1.3 Ақпараттық жүйе………………………………………………………...7
2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат……………………...9
2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау……………………………………………………………….9
2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары……………………………………………………………………11
Қорытынды………………………………………………………………….14
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...15
2008 жылғы Интернетті пайдалану туралы Халықаралық телекоммуникациялар жөніндегі одақтың деректеріне сәйкес, Қазақстанда – 400 000 Интернетті пайдаланушылар немесе жалпы халықтың санынан 2,7 % төменгі табыс деңгейіндегі ел үшін орташадан сәл ғана көп. Салыстырма үшін Оңтүстік Кореяда, Сингапурда, Жапонияда Интернетті пайдаланушылар пайыздық ара қатынасы 67 % құрайды, Ұлыбританияда – 63 %, Данияда – 70 %, АҚШ және Канадада – 68 %, Ресейде – 16,5 % және Эстонияда – 50 %. Интернет-хостар саны Қазақстанның 10 000 тұрғынына тек қана 14,69 құрайды, олай болса Ресейде – 59,24, ал Украинада 27,03.
2010 жылы Швейцарияның Лозанна қаласындағы коммерциялық емес Халықаралық менеджмент дамуы институты Дүниежүзілік бәсекелестік кітабының кезекті санын шығарды. Экономикалық зерттеу саласында зор беделге ие бұл ұйым 1989 жылдан бері тұрақты түрде 58 мемлекеттің дамуын қадағалап отырады. Халықаралық менеджмент дамуы институты 1990 жылы Швейцарияда құрылғанмен осы ұйымға қарайтын Дүниежүзілік бәсекелестік орталығы 1989 жылдан бері жыл сайын экономикалық зерттеуін жариялап келеді. Таңдап алынған 58 мемлекетті бағалау кезінде экономикалық көрсеткіш, тиімді басқару жүйесі, бизнестің оң ықпалы және инфрақұрылым сияқты төрт белгіге ерекше мән беріледі.
Қазақстан елу сегіз елдің ішіне кіріп қана қоймай, биыл экономикалық бәсекелестік жағынан 33-ші орынға бір-ақ көтеріліп отыр. Сөйтіп, тізімге кірген жалғыз орталық азиялық ел пост-советтік дамушы экономикалардың ішінде бірінші орынға шықты. Салыстыру үшін айтар болсақ, Эстония 34-ші, Литва 43-ші, Ресей 51-ші, ал Украина 57-ші орында тұр. Қазақстанның неліктен биыл үш сатыға бірден жоғары көтерілгені туралы анық ақпарат берілмеген. Бірқатар халықаралық сарапшылар бұл өзгерісті дер кезінде жасалған банк жүйесіндегі реттеумен және үкіметтік басқарудың тиімділігімен ұштастырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақпараттың рөлі біркелкі емес, ол әр түрлі кезеңде түрліше болады. Мысалы, басқару мақсатын анықтаған кезде ақпарат ауқымы, оның соңылығы, құндылығы, толықтығы т.б. маңызды.
Жағдайды бағалаған кезде, осы бағалауды жинақы түрде, жүйелік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат түрлерінің айрықша маңызы бар.
Шешім шығару және аналитикалық әрекет сатысында ақпаратты өңдеу мүмкіндігі зор рөл атқарады да, мұның өзі оның ұсынылу нышанына тәуелді болады.
Шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдық практикалық істе ақпараттың тарату процестері, таратылу жылдамдығы, дер кезінде берілуі, оның түсу толықтығы т.б. айрықша рөл атқарады.
Қазақстанда ақпараттық саясатты жүргізуде бірқатар мәселелер туындаған.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасындағы маңызды бағыт АКТ саласындағы отандық жоғары білікті кадрлық әлеуетті даярлау болып табылады.
«Ақпараттық теңсіздіктің» проблемасы жаhандық және адам табысының тәуелділік феноменіне, оның компьютерлік және телекоммуникациялық революцияға қатынасы, сондай-ақ, жекелеген мемлекет пен қоғамның даму деңгейімен тығыз байланысты болып табылады. Проблеманың мәні әлеуметтік және экономикалық мақсаттардың жетістіктері үшін ұсынылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндігіне теңсіз қол жеткізуден тұрады. Бұл адамзат әлеуетінің жеткіліксіз деңгейімен де, адамдарда қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдардың, сондай-ақ коммуникацияларға қол жеткізуінің болмауымен де байланысты.
Елімізде ақпараттық технологияларды дамыту саласында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасында 2005 жылы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007–2009 жылдарға арналған бағдарламасы, 2007 жылы «Ақпараттандыру туралы» Заңы қабылданған. 2010 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қаулысы шықты. Сонымен қатар елімізде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы ережесі заң күшіне ие.
Ақпараттық технологиялар әлемдегі сияқты Қазақстан Республикасында да бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін шешуде басты факторлардың бірі болып отыр. Осы рыноктың дамуы тұрақты экономикалық дамудың және өнеркәсіп пен басқарудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете отырып еліміз үшін шешуші болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. – Ақтөбе-Орал, «А-Полигтафия», 2005
2. Дүйсенбиев. Ш. К. XXI ғасырға кандай экономикамен кіреміз. – А, 2001
3. Жыл сайынғы халықаралық тәуекел-менеджмент конференциясы, - 2010. – 14 сәуір
4. IMD: Қазақстан қарқынды 58 экономиканың 33-шісі болып тұр//Азаттық радиосы, - 2010. – 24 мамыр
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы № 1155-1 Қаулысы
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы № 795 Қаулысы
7. Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңы (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы ереже
9. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қорғау жүйесінің қызметіне жалпы талап//Ақпараттық қауіпсіздік
10. Сапа менеджменті – ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің және Қазақстанның тұрақты дамуының құралы//Сапа менеджмент жүйесі және АЖ-сервистерді басқару жүйесі
15
Информация о работе Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі