Персоналды бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 15:08, реферат

Описание

Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.

Работа состоит из  1 файл

Metodika.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

                                            Қазақстан Республикасы

                                            Мемлекеттік қызмет істері

                                            агенттігі Төрағасының

                2010 жылғы 14 маусымдағы 
                № 02-01-02/106 бұйрығымен

                                            бекітілген 
 

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі  
 

1. Жалпы ережелер 

     1. Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.

     2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарындағы персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.

     3. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырылады.

     Агенттікке  қатысты персоналды басқаруды бағалау  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен іске асырылады.

     Агенттікте  орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптама комиссиясының кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы құрылады (бұдан әрі – Жұмыс тобы). Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.

     Жұмыс тобы барлық дереккөздерден алынатын мәліметтерді олардың дұрыстығын анықтау  мақсатымен талдайды. Талдау барысында Агенттік жүргізген тексерістердің нәтижелері қолданылуы мүмкін.

     4. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге сәйкес (бұдан әрі – Кесте) есеп беру (күнтізбелік) жылының қорытындылары бойынша жыл сайын іске асырылады.

     5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Агенттіктің Әдістеменің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша дайындаған бағалау нәтижелері туралы қорытындылары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылады.

     6. Персоналды басқаруды бағалау белгілеріне мыналар жатады:

     1) персоналды іріктеу;

     2) персоналды оқыту және дамыту;

     3) мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы;

     4) персоналды уәждеу;

     5) сыбайлас жемқорлық деңгейі.

     7. Бағалауға арналған ақпарат көздеріне мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында алынған мемлекеттік органдардың есеп берулері, статистикалық көрсеткіштер, мәліметтер жатады.

     8. Ақпарат Агенттікке мемлекеттік органдармен орталық мемлекеттік орган аппаратымен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің аппараттарымен қағаз және электронды жеткізгіштерде Кестеге сәйкес жыл сайын ұсынылады. 

     2. Персоналды басқаруды бағалауды жүргізу тәртібі  

     2.1. «Персоналды іріктеу» өлшемі бойынша бағалау 

     9. «Персоналды іріктеу» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша іске асырылады:

     1) бағаланатын мемлекеттік орган штатының жасақталуы;

     2) мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі;

     3) мемлекеттік орган кадрларының ауысуы.

     10. Бағалау жүргізу барысында Агенттік Төрағасының 2004 жылғы                18 наурыздағы № 02-01-02/32 бұйрығына сәйкес мемлекеттік органдар ұсынатын кадрлар жағдайының мониторингі бойынша келесі есеп берулердің мәліметтері есепке алынады: мемлекеттік қызметшілердің саны туралы; мемлекеттік органда өткізілген конкурстардың нәтижелері туралы; кадр резерві, аттестациялау және ауыстыру тәртібімен келісу бойынша.

     Аталған есеп берулерді мемлекеттік органдар Агенттікке тоқсан сайын қағаз және электронды жеткізгіштерде есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың            5-ші күніне дейін ұсынады.

     11. Мемлекеттік органдар Агенттікке, Агенттік Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Әдістеменің 2 Қосымшасына сәйкес форма бойынша талдау есептерін ұсынады.

     Талдау  есебінде мыналар туралы мәліметтер көрсетіледі:

     есеп  беру жылының әр тоқсанының қорытындылары  бойынша штаттың жасақталуы туралы;

     мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының  тиісті лауазымдар үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

     білім бағдарының сәйкес келмеуінің себептері  және сәйкессіздікті жою шаралары туралы;

     кадрлардың  ауысуы, соның ішінде мемлекеттік  қызметшілердің теріс негіздер бойынша  жұмыстан шығарылуы, сондай-ақ, аталған мемлекеттік органда бір жылдан кем жұмыс істеген қызметшілер туралы;

     кадрлардың  ауысуы, соның ішінде мемлекеттік  органның басшылығы ауысқаннан кейін  ұлғаю себептері және оны болдырмау  шаралары туралы.

     12. «Мемлекеттік орган штатының жинақталуы» көрсеткіші бойынша бағалау есеп беру жылының әр тоқсаны ішінде төрт индикатор бойынша анықталады: 

     1) жыл басындағы бос орындардағы қызметкерлердің жалпы саны;

     2) тоқсандық көрсеткіштің сомасы ретінде анықталатын жыл ішіде босатылған мемлекет қызметкерлерінің жалпы саны;

     3) төрт тоқсандық көрсеткіштің сомасы ретінде анықталатын жыл ішінде қабылданған қызметкерлердің жалпы саны;

     4) штат саны 

     13. Мемлекеттік орган штатының жасақталуы (бұдан әрі – жасақталу %) және қабылданған мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші (бұдан әрі – қабылданғандар %) бойынша алынған нәтижелер салыстырылады және бағалау келесі формула бойынша есептеледі:  

ЖБ = [ 1 – 5*( ШЖОК - ҚМҚОК) / ШС ] * 10  

     ЖБ – мемлекеттік органның жасақталуының бағасы;

     ШЖОК – мемлекеттік орган штатының жасақталуының орташа көрсеткіші;

     ҚМҚОК – есеп беру жылының тиісті тоқсанындағы қабылданған мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші;

     ШС – мемлекеттік қызметшілердің штат бойынша саны;

     1 – көрсеткіштің оң мәні;

     10 – ең жоғарғы бал. 

     14. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды ауыстыру үшін өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша және/немесе әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр қорында тұрған үміткерлер қарастырылғанда мемлекеттік орган штатының толық жинақталуы үшін мемлекеттік қызметшілер қабылданбаған және/немесе жеткіліксіз қабылданған жағдайда мемлекеттік органның бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды ауыстыру бойынша жұмысы келесі формула бойынша есептеледі: 

БӘМЛА = [ 1 – (БЛЖУҚ / БЛС) / 270] * 10 

     БӘМЛА – бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды ауыстыру;

     БЛЖУҚ – бір жыл ішіндегі бос лауазымдар бойынша жұмыс уақытының қоры;

     БЛС – жыл бойы 1 күннен аса бос болған лауазымдардың саны;

     270 – бір жыл ішіндегі жұмыс күндерінің орташа саны;

     1 – көрсеткіштің оң мәні;

     10 – ең жоғарғы бал.  

     15. «Мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның Әдістеменің 3 Қосымшасына сәйкес, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін тоқсан сайын Агенттікке ұсынатын мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес келуі жөніндегі есебінің негізінде іске асырылады. 

     Мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары  – мемлекеттік органның негізгі  міндеттері мен функцияларынан туындайтын бағыттар.

     Бағалау келесі формула бойынша есептеледі: 

ББҚНБС = БТСББС * 10

                    НС 

     ББҚНБС«білім бағдарының мемлекеттік орган қызметнің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;

     БТСББС – есеп беру жылының тиісті тоқсанында атқаратын лауазымдарға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білімі бар мемлекеттік қызметшілердің саны

     НС – мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны. 

     16. Білім бағдарлары мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшілердің бір жыл ішіндегі орташа көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:  

ББҚНБСОК=ББҚНБС 1т + ББҚНБС 2т + ББҚНБС 3т + ББҚНБС 4т

                  4 

     ББҚНБСОК – білім бағдарлары мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші;

     ББҚНБС 1т – есеп беру жыының бірінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;

     ББҚНБС 2т – есеп беру жыының екінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;

     ББҚНБС 3т – есеп беру жылының үшінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;

     ББҚНБС 4т – есеп беру жыының төртінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау. 

     17. «Мемлекеттік орган кадрларының ауысуы» көрсеткіші бойынша бағалау жүргізу барысында Агенттіктің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 02-01-02/32 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылған мемлекеттік органның саны туралы есеп берудегі келесі мәліметтер ескеріледі:

     теріс уәж бойынша қызметтен босатылғандардың саны;

     аттестацияның теріс нәтижелері бойынша қызметтен босатылғандардың саны;

     тәртіптік жаза салдарынан қызметтен босатылғандардың саны;

     басқа мемлекеттік органға әкімшілік  тең мәнді немесе төмен лауазымға  ауысумен байланысты қызметтен босатылғандардың саны;

     мемлекеттік емес құрылымға кетумен байланысты қызметтен босатылғандардың саны;

Информация о работе Персоналды бағалау