Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 15:08, реферат
Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.
басқа себептер бойынша қызметтен босатылғандардың саны.
Есеп
беру жылының әрбір тоқсанындағы
«мемлекеттік орган кадрларының
ауысуы» көрсеткіші бойынша бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
КА = ЕЖБМҚС * 10
НС
КА – есеп беру жылының тиісті тоқсанында мемлекеттік орган кадрларының ауысуы;
ЕЖБМҚС – есеп беру жылының тиісті тоқсанында қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
НС
– мемлекеттік органның
нақты саны.
18.
«Персоналды іріктеу» белгісі бойынша
жалпы бағалау келесі формула бойынша
есептеледі:
ПІЖБ = ЖБ + БӘМҚО+ББҚНБС + КА
4
ПІЖБ – «персоналды іріктеу» белгісі бойынша жалпы бағалау;
ЖБ – «мемлекеттік органның жинақталуы» көрсеткіші бойынша бағалау (балмен);
БӘМҚО – Бос орындардағы әкімшілік мемелекеттік қызметкерлердің орналасуын бағалау
ББҚНБС – «мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау (балмен);
КА
– «мемлекеттік орган
кадрларының ауысуы»
көрсеткіші бойынша
бағалау (балмен).
Балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды іріктеу бойынша тиімді қызметі»;
7 балдан 8,9 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды іріктеу бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 6,9 балға дейін – «мемлекеттік
органның персоналды іріктеу бойынша
тиімсіз қызметі».
2.2.
«Персоналды оқыту және
дамыту» өлшемі бойынша
бағалау
19 «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау шеңберінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны, оқытылған курстардың мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкестігі, мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен және ұсынылған оқумен қанағаттану деңгейі айқындалады.
20. «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау:
1) орталық мемлекеттік органдардың Әдістеменің 4 Қосымшасына сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың Әдістеменің 5 Қосымшасына сәйкес Агенттікке ұсынатын ақпараттары;
2) мемлекеттік органдардың Әдістеменің 6 Қосымшасына сәйкес Агенттікке ұсынатын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және/немесе олардың біліктілігін арттыру оқыту курстарын бағалау бойынша сұрау қағаздары негізінде жүргізіледі.
21. «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру индексі;
2) мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаларға арналған қайта даярлау индексі;
3) басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларға арналған қайта даярлау индексі;
4) оқытылған курстардың мемлекеттік қызметші қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келу индексі;
5) мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен қанағаттану индексі;
6) мемлекеттік қызметшілердің оқыту және оны ұйымдастыру барысымен қанағаттану индексі.
22.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттыру индексі келесі формула бойынша
есептеледі:
Iба
= (B – C – D)/А*10
А – есеп беру мерзімінде біліктілігін арттыруға тиісті мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – біліктілікті арттыруды белгіленген мерзімде өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
C – біліктілікті арттыруды белгіленген мерзімнен кеш өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
D – есеп беру мерзімінде біліктілікті арттыруы тиісті, бірақ оны өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін мемлекеттік қызметшілердің саны
Iба
– біліктілікті арттыру
индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 7 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
23.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған
тұлғаларды қайта даярлау индексі келесі
формула бойынша есептеледі:
Iаққд = (B – C – D)/А*10
А – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, қайта даярлау курсын мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап үш ай ішінде өткен тұлғалардың саны;
C – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, қайта даярлау курсын мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктіріп өткен тұлғалардың саны;
D – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, бірақ есеп беру мерзімінде қайта даярлаудан өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін тұлғалардың саны;
Iаққд
– мемлекеттік қызметке
алғаш рет қабылданған
тұлғаларды қайта даярлау
индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 8 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
24.
Басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларды
қайта даярлау индексі келесі формула
бойынша есептеледі:
Iблтқд = (B – C – D)/А*10
А – басшылық лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – басшылық лауазымына тағайындалған, қайта даярлау курсын тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде өткен тұлғалардың саны;
C – басшылық лауазымына тағайындалған, қайта даярлау курсын тағайындалған күннен бастап үш айдан кешіктіріп өткен тұлғалардың саны;
D – басшылық лауазымына тағайындалған, бірақ есеп беру мерзімінде қайта даярлауды өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін тұлғалардың саны;
Iблтқд
– басшылық лауазымына
тағайындалған тұлғаларды
қайта даярлау индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 9 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
25. Мемлекеттік органдардың «персоналды оқыту және дамыту» белгісі бойынша жұмысын бағалау барысында Агенттік Әдістеменің 6 Қосымшасына сәйкес сауалнама қағазының нысаны бойынша мемлекеттік қызметшілермен анонимдік сұрау жүргізеді. Агенттіктің мөрі басылған сауалнама қағаздарын Агенттік мемлекеттік органдарға таратады.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері оқуды өткен мемлекеттік қызметшілердің арасында анонимдік сауалнамалық сұрау жүргізуді қамтамасыз етеді. Сұрауға Агенттіктің өкілдері қатысады.
26. Мемлекеттік қызметшілердің оқыту барысында алған білімдері мен машықтарын қолдануын талдау, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің персоналды оқыту және дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қатысты жұмысы туралы мәліметтер алу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын анықтау мақсатында оқытудың мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес келу, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен қанағаттану, оқыту және оны ұйымдастыру барысымен қанағаттану индекстері Әдістеменің 10 Қосымшасына сәйкес айқындалады.
Оқытудың
мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі
бағыттарына сәйкес келу индексі келесі
формула бойынша есептеледі:
Iоқнбс
= B/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
В – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 1 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iоқнбс
– оқытудың мемлекеттік
қызметші қызметінің
негізгі бағыттарына
сәйкес келу индексі.
Мемлекеттік
қызметшілердің біліктілікті арттыру
мүмкіндігімен қанағаттану
Iбамқ
= C/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында келтірілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
С – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 2 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iбамқ
– мемлекеттік қызметшілердің
біліктілікті арттыру
мүмкіндігімен қанағаттану
индексі.
Тұлғалардың
оқыту және оны ұйымдастыру барысымен
қанағаттану индексі келесі формула
бойынша есептеледі:
Iобқ
= D/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
С – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 3 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iобқ
– тұлғалардың оқыту
және оны ұйымдастыру
барысымен қанағаттану
индексі
Есептеу
мәліметтері Әдістеменің 10 Қосымшасына
сәйкес толтырылады.
27.
«Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі
бойынша жалпы бағалау Әдістеменің 7-10
Қосымшаларында көрсетілген индекстердің
алынған мәндерін қосу арқылы келесі формула
бойынша есептеледі:
ПОДБ = Iба + Iаққд + Iблтқд + Iоқнбс + Iбамқ + Iобқ
6
ПОДБ – «персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау;
Iба –біліктілікті арттыру индексі;
Iаққд – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаларды қайта даярлау индексі;
Iблтқд – басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларды қайта даярлау индексі;
Iоқнбс – оқытудың мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес келу индексі;
Iбамқ – қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен қанағаттану индексі;
Iобқ
– тұлғалардың оқыту
және оны ұйымдастыру
барысымен қанағаттану
индексі.
«Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша жалпы бағалау мәліметтері Әдістеменің 11 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды оқыту және дамыту бойынша тиімді қызметі»;
7 балдан 8,9 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды оқыту және дамыту бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 6,9 балға дейін – «мемлекеттік
органның персоналды оқыту және дамыту
бойынша тиімсіз қызметі».
2.3.
«Мемлекеттік қызметшілердің
этикалық нормаларды
сақтауы» өлшемі бойынша
бағалау
28. «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы» өлшемі бойынша бағалау мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) бұзу санының көрсеткіші бойынша анықталады.