Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 15:08, реферат
Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.
29. Бағалау мемлекеттік органдардың Ар-намыс кодексін сақтау жөніндегі Агенттік Төрағасының 2005 жылғы 14 мамырдағы № 02-01-02/63 бұйрығымен бекітілген есеп беру нысандарына сәйкес ақпарат ұсынуы негізінде жүргізіледі.
30. Мемлекеттік органдар Агенттікке Әдістеменің 12 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы жөнінде талдау есептерін ұсынады.
Талдау
есебінде Ар-намыс кодексін бұзғаны
үшін тәртіптік жауапкершілікке
тартылған мемлекеттік
31. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы бойынша берілген бағалаулар Әдістеменің 13 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
Бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
МҚЭНБ = (1 – 10 * ТЖМҚС ) * 10
МООНС
МҚЭНБ – мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтауын бағалау;
ТЖМҚС – Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
МООНС – мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің орташа нақты саны;
1 – көрсеткіштің оң мәні;
10
– бағалау қатаңдығының
коэффициенті.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
10 бал – «мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы бойынша тиімді қызметі»;
9,7 балдан 9,9 балға дейін – «мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 9,6 балға дейін – «мемлекеттік
органның мемлекеттік қызметшілердің
этикалық нормаларды сақтауы бойынша
тиімсіз қызметі».
2.4.
«Персоналды уәждеу»
өлшемі бойынша бағалау
32. «Персоналды уәждеу» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:
1) мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану деңгейі;
2) мемлекеттік қызметшілердің уәждеу және көтермелеу жүйесімен қанағаттану деңгейі.
33. «Персоналды уәждеу» белгісі бойынша бағалау сауалнама жүргізуге қаржы бөлінгеннен кейін мемлекеттік органның персоналымен сауалнама жүргізу жолымен іске асырылады.
Мемлекеттік қызметшілермен сауалнама жүргізу бойынша қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру Агенттікпен іске асырылады.
Мемлекеттік қызметшілермен сауалнама жүргізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу нәтижелері бойынша анықталатын ықтимал қызмет көрсетушілермен іске асырылады.
2010
жылы Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігімен
Мемлекеттік
қызметшілерді анонимдік
Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері мемлекеттік қызметшілердің сауалнамаға қатысуын қамтамасыз етеді.
34. «Мемлекеттік қызметшілердің уәждеу және көтермелеу жүйесімен қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау сауалнаманың 3-сұрағына берілген жауаптардың негізінде, ал «мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау сауалнаманың 9-сұрағына берілген жауаптардың негізінде анықталады.
Сауалнаманың 1, 2, 4, 5-сұрақтары мемлекеттік орган персоналының уәждеу жүйесімен қанағаттану немесе қанағаттанбау себептерін талдау үшін, 6 және 7-сұрақтар уәждеудің және көтермелеудің қолданыстағы жүйесін жақсарту шараларын анықтау үшін, 8-сұрақ мемлекеттік орган персоналының мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану немесе қанағаттанбау себептерін талдау үшін, 10-сұрақ қызметтегі мүмкіндіктерді арттыру шараларын анықтау үшін пайдаланылады.
35.
«Мемлекеттік орган персоналының уәждеу
және көтермелеу жүйесімен қанағаттану
деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
УКЖҚ
= В*10/А
А – сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің саны;
В – сауалнама нысанының 3-сұрағына «иә» жауабын таңдаған мемлекеттік қызметшілердің саны;
УКЖҚ
– «мемлекеттік орган
персоналының уәждеу
және көтермелеу жүйесімен
қанағаттану деңгейі»
көрсеткіші бойынша
бағалау.
36.
«Мемлекеттік орган персоналының мансаптық
өсу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі»
көрсеткіші бойынша бағалау келесі формула
бойынша есептеледі:
ҚӨМҚ
= С*10/А
А – сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің саны;
С – сауалнама нысанының 9-сұрағына «иә» жауабын таңдаған мемлекеттік қызметшілердің саны;
ҚӨМҚ
– «мемлекеттік орган
персоналының мансаптық
өсу мүмкіндіктерімен
қанағаттану деңгейі»
көрсеткіші бойынша
бағалау.
«Персоналды
уәждеу» өлшемі бойынша жалпы бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
ПУЖБ = УКЖҚ + ҚӨМҚ
2
ПУЖБ – «персоналды уәждеу» белгісі бойынша жалпы бағалау;
УКЖҚ – «мемлекеттік орган персоналының уәждеу және көтермелеу жүйесімен қанағаттану жүйесі» көрсеткіші бойынша бағалау
КӨМҚ
– «мемлекеттік орган
персоналының қызметтегі
өсу мүмкіндіктерімен
қанағаттану деңгейі»
көрсеткіші бойынша
бағалау.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды уәждеу бойынша тиімді қызметі»;
7 балдан 8,9 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды уәждеу бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 6,9 балға дейін – «мемлекеттік
органның персоналды уәждеу бойынша тиімсіз
қызметі».
2.5.
«Сыбайлас жемқорлық
деңгейі» белгісі бойынша
бағалау
37. «Сыбайлас жемқорлық деңгейі» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің саны;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны анықталады.
38. Бағалау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Әдістеменің 15 Қосымшасына сәйкес Агенттікке ұсынған ақпаратының негізінде жүргізіледі.
39 Мемлекеттік органдар Агенттікке Әдістеменің 16 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша талдау есептерін ұсынады.
Талдау есебінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер, қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау себептері, жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар көрсетіледі.
40. Жемқорлық деңгейі бойынша берілген бағалаулар Әдістеменің 17 Қосымшасына сәйкес толытырылады:
Бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
СЖДБ = (1 – 10 * (СМҚС + ӘЖТЖМҚС) ) * 10
МООНС
СЖДБ – мемлекеттік органның дәрежесін сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша бағалау (балмен);
СМҚС – жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің саны;
ӘЖТЖМҚС – жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
МООНС – мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің орташа нақты саны;
1 – көрсеткіштің оң мәні;
10
– бағалау қатаңдығының
коэффициенті.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
10 бал – «мемлекеттік органның жемқорлық деңгейі бойынша тиімді қызметі»;
9,7 балдан 9,9 балға дейін – «мемлекеттік органның жемқорлық деңгейі бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 9,6 балға дейін – «мемлекеттік
органның жемқорлық деңгейі бойынша тиімсіз
қызметі».
3. Мемлекеттік органның персоналды басқару бойынша
қорытынды
бағалауы
41. Мемлекеттік органның персоналды басқару бойынша қорытынды бағалауының мәліметтері Әдістеменің 1 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
Қорытынды
бағалау «персоналды іріктеу», «персоналды
оқыту және дамыту», «мемлекеттік қызметшілердің
этикалық нормаларды сақтауы», «персоналды
уәждеу» және «сыбайлас жемқорлық деңгейі»
өлшемдері бойынша бағалау сомасының
(балмен) белгілердің санына келесі формула
бойынша арақатынасымен анықталады:
ҚБ
= (ПІБ + ПОДБ + МҚЭНБ +
ПУБ + ЖДБ) / 5
ҚБ – мемлекеттік органның қорытынды бағасы;
ПІБ – мемлекеттік органның персоналды іріктеу бойынша бағасы;
ПОДБ – мемлекеттік органның персоналды оқыту және дамыту бойынша бағасы;
МҚЭНБ – мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы бойынша бағасы;
ПУБ – мемлекеттік органның персоналды уәждеу бойынша бағасы;
ЖДБ
– мемлекеттік органның
сыбайлас жемқорлық
деңгейі бойынша бағасы.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9,4 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның тиімді қызметі»;
8,1 балдан 9,3 балға дейін – «мемлекеттік орган қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0 балдан 8 балға дейін – «мемлекеттік орган қызметінің тиімсіз қызметі».
Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің берілген шекті мәндері «персоналды іріктеу» (7, 9 және 10 бал), «персоналды оқыту және дамыту» (7, 9 және 10 бал), «мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы» (9,7, 9,9 және 10 бал), «персоналды уәждеу» (7, 9 және 10 бал), «жемқорлық деңгейі» (9,7 9,9 және 10 бал) тиісті өлшемдері бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің шекті балдарының орташа арифметикалық мәндерінен шығарылады.
42.
Қорытынды бағалау кезінде