Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:45, автореферат
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиетік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Тәуекел
кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің
өзара іс-әрекет жасау жүйесінің ажырамас
бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың
өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді
бағалау әдістемесі бар, оны
төмендегі формула бойынша есептеуге
болады:
мұнда: Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел көрсеткіші;
bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.
Біз
зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті
теорияларының негізінде
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі.
Банк қызметінде кез келген операция орындағанда тәуекелдік болады, өйткені тәуекелдіксіз кәсіпкерлікті елестету мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару – іс жүзінде банк қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.
Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады.
Тәуекелдерді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағыттарымен ұштасады. Бірқатар қаржы тәуекелдері актив операциялармен, ең алдымен кредиттік және инвестициялық қызметпен байланысты. Салымдарға, депозиттерге, құнды қағаздарға есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар түрінде қаражат тарту жөніндегі қызмет көптеген тәуекелдермен байланысты.
Банк экономикалық жүйенің сенімділігінің негізін қалайды, сондықтан өзінің анықтамасына сәйкес қоғамның ең сенімді институттарының бірі болуы мүмкін. Біздің экономикалық және құқықтық орта тұрақсыздығымызда банктер мемлекеттік қолдаудың болмауынан және қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге арқа сүйемей өз клиенттерінің қаражатын сақтап қана қоймай, іс жүзінде өздері көбейтуге тиіс.
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытында анықтауға ықпал етуі тиіс. Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Мұның өзінде тәуекел-менеджмент жүйесі банктің ішкі бақылау жұмысының төмендегі жалпы және ерекше принциптеріне сәйкес болуға тиіс:
– басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты принциптер;
– тәуекел факторларын басқаруға қатысты принциптер;
– ақпаратқа қатысты принциптер;
– электрондық ақпараттық жүйелерге қатысты принциптер.
Қорытындыланған
сапа көрсеткіштерін белгілеу үшін тәуекел-менеджменттің
ойдағыдай процесіне тән сипаттамалар
анықталды, олар: ашықтық, өлшем дәлдігі,
уақтылы сапалы ақпарат, әртараптандыру,
дербестік, егжей-тегжей стратегиясы.
Соңғы жылдары салада тәуекелдерді басқарудың
арнайы механизмдері әзірленген болатын.
Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды
келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін
жасауға және әрбір элемент шектерінде
топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын
жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте
1):
Кесте 1- Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері | ||
Операция жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту | Тәуекелдерді болжау | Ысырапты материалдық өтеу |
1. Сенімсіз
клиенттер
мен әріптестерді анықтау. 2. Тәуекелі жоғары операциялардан бас тарту. 3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу. |
1. Ықтимал ысыраптың
барынша көп шамасын және барынша аз шамасын
алдын ала есептеу.
2. Ысыраптың ықтималдығын анықтау. 3. Ықтимал ысыраптың уақытын есептеу. |
1. Сақтандыру.
2. Хеджерлеу 3. Ішкі бақылауды күшейту. 4. Тәуекелдер мониторингін енгізу |
Тәуекелдерді басқару объектілері | ||
1. Қаржы
тәуекелі
2. Валюталық тәуекел 3. Несиетік тәуекел 4. Инвестициялық тәуекел |
1. Өтімділік
тәуекелі
2. Операциялық тәуекел |
4. Несиетік тәуекел. 5. Инвестициялық тәуекел |
Ескерту-Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген |
Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы проблемаларды төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:
1. Ұйымдастыру проблемалары: банк акционерлері тарапынан тәуекел
менеджментінің маңызын (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе басқа тәуекелдердің ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын) жеткіліксіз түсіну.
Ұқсас
мысал ретінде әлемдік
Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға алынады:
Диссертациялық
зерттеудің жеке тарауында тәуекел-
Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз алушының кредит төлеу қабілеті, сондай-ақ оның өзіне алған міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.
Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:
Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.
Информация о работе Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату