Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:45, автореферат
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банктердің тәуекелдік стратегиялары мәселелерін қарастыра отырып, банктердің тәуекелдерді басқару жөніндегі әлемдік ауқымды тәжірибесінің болуына қарамастан, отандық банк жүйесінде проблемалық активтердің, атап айтқанда қайтарылмаған кредиттер үлесінің жылдан-жылға артуы байқалады. Бұл жағдай тәуекелдер әруақытта қалыптасқан жағдайға сәйкес бағаланбайтынын растайды. Екінші деңгейдегі банктер әрбір тәуекелді жағдай бойынша сыни ахуалды нақты бағалау мақсатында тәуекел-менеджмент жүйесінің рөлін, маңызы мен функционалдық саапасын күшейту қажет.
Банк активтері мен пассивтерінің жай-күйін талдау нәтижесінде әдебиетте банктердің тәуекел-менедежмент жүйесін енгізу мен дамуының екі негізгі себептері жеке бөлініп атап өтіледі. Біріншіден, көптеген банктердің басшылығы тәуекел-менеджментті дамытудың қажет екенін, онсыз бүкіл банктің тұрақты дамуы қиын болатынын түсінді. Бұл бүкіл тәуекел басқару жүйесінің дербес дамуында ойдағыдай табыстарға жетуге септігін тигізді. Сонымен бірге, олар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық жасау қажет екенін, бұл халықаралық стандарттарға жетуге ықпал ететінін түсінді.
Екінші жағынан, тәуекел-менеджменттің дамыған жүйесінің болуын халықаралық деңгейдегі де, сондай-ақ республика үкіметі деңгейіндегі қадағалаушы-реттеуші органдардың өздері де қолдайды. Банктердің қазіргі заманғы тәуекел-менеджментті өз еркі бойынша енгізуге мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, ҚҚА екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын енгізіп, ұйымдастыруды міндеттейтін нұсқаулықты қолданысқа енгізуге шешім қабылдады. Сонымен бірге банктердің тәуекел-менеджмент жүйесін дербес халықаралық аудиторлық компаниялардың жылына бір рет міндетті аудит жүргізу банктерге қойылатын тағы бір маңызды талап ретінде қойылды.
Соңғы он жылда, 80-ші және 90-шы жылдардың ортасындағы нарықты реттеу нәтижесінде инновациялық процестердің ауқымы түбегейлі өзгерді. Бұрын соңды осынша қысқа уақыт аралығында мұндай көп өзгеріс болмаған. Сондықтан тек жаңа қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы ғана барлық өзгерістерге қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды сақтап қалуға көмектесті. Әлбетте, халықаралық бірлесу мен шаруашылық қызметті ғаламдандыру, халықаралық нарықтардың тұрақсыздануы мен экономикалық дамудың әркелкі дамуының күшеюі қаржы инжинирингінің пайда болуының негізгі себебіне айналды.
Шетелдік
зерттеулердің көпшілігі
Біздің түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары – қаржы нарығы құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді процесс.
Қаржы инновациялары – аса маңызды ауыспалылардың, адам капиталының, нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет жүйесінің функциясы.
Білім әлеуетін басқару жүйесінде инновация жасау және оны енгізуде адам капиталы негізгі рөл атқарады. Қаржы инновациясы банк жүйесінің қазіргі заманда дамуының ең айқын әрі маңызды үрдісі болып табылады.
Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты (Сурет 1).
Банк
тәуекелдерін басқару саясаты банктің
жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып
табылады, ол түрлі қаржы операцияларын
жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің
қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі
іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда
соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында
жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер
айқындала түсті, тәуекел мөлшерін анықтайтын
әдістер кеңірек пайдаланады, тәуекел
жан-жақты бақылауға алынып, өлшене бастады,
жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық
технологиялар пайда болды. Осының барлығы
менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді
басқару проблемаларына меншік иелері
тарапынан да баса назар аударуына себеп
болды.
Сурет 1-Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
(Ескерту-Автор
зерттелген әдебиет көздерінің негізінде
әзірлеген)
Қазақстанда банк мекемелері көп және олардың барлығының меншік капиталының біршама төмен болуынан оларда тұрақсыздық орнауы мүмкін, демек клиенттердің, инвесторлардың және салымшылардың тарапынан банк жүйесіне сенімсіздік тудыруы – Қазақстандық банк жүйесінің бірінші және ең басты проблемасы болып табылады. Әлемде және Қазақстан көлемінде де күшейіп бара жатқан бәсекелестік Ұлттық банк тарапынан өздерінің меншік қаражатының мөлшерін Қазақстанға келетін әлемдік банк институттарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткізу үшін күш-жігер жұмсауды қажет етеді.
Сондықтан Қазақстанның банк қызметін сауықтыру үшін банктердің меншік капиталын ұлғайту және тиісінше тұтастай банк жүйесінің тәуекелін төмендету жолында іс-әрекет жасау қажет. Банктердің меншік капиталын ұлғайту әдістері көп емес. Ең алдымен, бұл инвесторлардың арасында қосымша акциялар эмиссиясын қарастырады. Іс жүзінде акциялар эмиссиясында нарықтың жаңа эмиссиялар сатып алу мүмкіндігі әрдайым ескерілуге тиіс.
Банк
өз инвестицияларының
Қарастыруды қажет ететін келесі мәселе – Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолдары. Қазақстандық банк жүйесінің шетелдік банктерден айырмашылығы – көрсетілетін қызметтер аясының тарлығы. Мәселен қазақстандық банктер практикасында қолданылатын тек дәстүрлі құралдар банктерге қойылатын талаптарға жауап бермейді.
Банктердің практикасына электрондық төлем карточкаларын енгізу көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтудің екінші келешек жолының мол бағыты болып табылады. Аталмыш нарық қазіргі таңда іс жүзінде әлі құрылған жоқ, ал оның келешегі – аса мол.
Қазақстан банктері ұсынатын қызметтердің саны тым шамалы, ал қызметкерлердің саны әлемдік практикамен салыстырғанда керісінше өте көп екенін айтып өту қажет. Демек, қазақстандық банктер жаңа қызметтер енгізу, сондай-ақ банк жұмысын автоматтандыру және қызметкерлер санын қысқарту арқылы өзінің пайдалылығын айтарлықтай арттыруға және тиісінше өздерінің бәсекелік жайғасымдарын елеулі жоғарылатуы мүмкін.
Кепілзат облигацияларын шығару активтерді секъюритизациялаудың инновациялық процесіне жатады. Айтарлықтай тәуекелге ұрындыратын банк операцияларын секъюритизациялау бір жақты мағынада айтқанда өтімсіз активтерді нарық үшін қолайлырақ формаға, яғни құнды қағаздарға шоғырландырып өзгертуді білдіреді. Секъюритизация банк институттарының активтері мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымына айтарлықтай ықпал етеді:
Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.
Қазіргі
уақытта банктер тәуекелге
Банктердің және клиенттердің тәуекелді операцияларын басқарудағы басты міндет тәуекелдің сол немесе басқа түрін өзіне алуы өзін ақтайтынын білу және операциялар бойынша ықтимал ысырапты шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.
Тәуекелдерді
кешенді басқару жүйесі ықтимал ысырапты
толықтай болдырмайтын қорғаныс емес,
алайда олардың жиынтығының ықпалы күтілетін
мөлшерден тыс ысырапқа әкеп соқтырмайды
деп айтуға негіз береді. Осы жүйе банк
бизнесінің тәуекелдер жиынтығын шоғырландыруға
және жағдай қолайсыз дамығанда ықтимал
ысырапты барынша төмендетуге мүмкіндік
туғызады. Біз осы пікірге арқа сүйеп,
екінші деңгейдегі банк менеджменттерінде
тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын
әзірледік (Сурет 2).
Сурет 2- ЕДБ-де тәуекел-менеджментін ұйымдастыру сызбасы
(Ескерту-Автор
зерттелген әдебиет көздерінің негізінде
әзірлеген)
Әлемнің
ең ірі корпорацияларының
Тәуекел-менеджмент
бөлімінің жұмысын
Сурет 3-Тәуекел-менеджмент жұмысының ұқсас моделі
(Ескерту-Автор
зерттелген әдебиет көздерінің негізінде
әзірлеген
)
Біздің ойымызша, екінші деңгейдегі банктерде ұйымдастырылған тәуекел-менеджмент бөлімі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі принциптерге негізделуге тиіс, біз оларды сондықтан практикаға енгізуді ұсынамыз:
жиынтық тәуекел банктің меншік капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;
Тәуекел-менеджмент жұмысында тәуекелді сәттер мен оқиғаларды басқару әрі үйлестіру жөнінде дәстүрлі емес шараларды жиі қолдануға тура келеді.
Біз банк менеджерлері тәуекелі жоғары және сол немесе басқа шешімді таңдау қиындығымен байланысты проблемалық жағдайларда пайдалана алатын модель ұсынып отырмыз. Аталмыш модельді құру қиындығы ең алдымен қалыптасқан жағдайдың маңызды қырларын кешенді жүйелі сипаттауды қажет ететін модельдеу мәселесін қоюмен байланысты. Тәуекелдерді реттеу жөніндегі жағдайды модельдеу өлшемдердің белгісіздігімен және тұрақсыздығымен байланысты, сондықтан модель құрғанда нақты объектінің ұқсас үлгісін пайдаланған орынды.
Информация о работе Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату