Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 08:39, курсовая работа

Описание

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Работа состоит из  1 файл

Жамиля.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

       Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау  мүкіндігінің және тұтас алғанда,  экономиканың жандана бастағанының  куәсі бола алады. Алайда, жұмыс  орындарын құрудың қарқыны еңбек  базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттардырмайды.

       Жұмыс іздеп арыз берген 4,3 мың  оралманның тек 688-і ғана орналастырылды. Қоғамыдқ жұмыстаға 1,7 мың адам  жіберілді, кәсіптік оқытуда 117 адам өтті. Шағын несиені 23 оралман  алды және 1,6 мың оралманға материалдық көмек көрсетілді. Алайда, талдай оралмандарды кәсіптік даярлау жөніндегі жұмыс жетерліктей емес екенін көрсетеді.

       Бағдарламаны орындау мақсатында  еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министірлігі  және демография  агенттігімен бірлесе отырып 2001-2002 жылдары оралмандарды еңбекке  орналастыру шараларының жоспарын жасады. Онда оралғысы келетіндердің кәсіптік, біліктілік мінездемесін алдын ала зерттеу және оларды республика аумағына аймақтық еңбек базарындағы жұмыспен қамту мүмкіндігін ескере отырып орналастыруды көзделген.

     2001 жылдың 1 қаңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты,  бұл  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  келген азаматтардың жалпы санның 31,6 пайызын құрайды, яғни 200 жылдың 1 қаңтарына қарағанда екі есе көп. Бағдарламада республика бойынша қоғамдық жұмыстарға 71,8 мың адамды қатыстыру  көзделсе, іс жүзінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен қамтылды, яғни жоспар 158,9 пайыз орындалды. Жоспарлы  тапсырманы республиканың барлық аймақтары орындап – 6,8 есе және тапсырма Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында орта есеппен 2,5 есе орындалды.

     Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуге  барлығы  987,5миллион теңге белгіленгенді, одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион  теңге, яғни жалпы 68,8 пайызы.

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сеәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне ақы  төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2000 жылға ең төменгі жалақыдан асқан жоқ.

       Қазақстан Республикасының «салықтар  және бюджетке басқадай төлемдер  туралы» заңына сәйкес әлеуметтік  салық ұсталды. Сондықтан 897,5миллион  теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теіге қалады, бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де, оның қамстылатын санын да кеиітеді. Табыс салығы ақша төленетін жердеұсталды және оның көлемі 125 теңгедей. Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады. Республиканың «Халықта жұмыспен қамту туралы» жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, қаржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді. Осы заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады, ол республикалық  және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылды. 
 

     2.2 ҚР – дағы жұмыссыздықтың  қазіргі жағдайы

     Экономикалық  саясат үшін шешуші сұрақ – экономика  жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ке тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 %  төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер жұмыссыздықты 7 %  төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді дегенді айтады.

     Халықтың  тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының  басты факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.

     1999 жылы экономикалық белсенді халықтың  саны 12.225,8 мың адам болды немесе ол бүкіл халықтың  34,2 % пайызы болды. Одан басқа 4.273,2мың адам экономикалық белсенді емес деп саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың адам. Экономикада шұғылданатын адам саны 2004жылы 10.1245 мың деп есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын кәсіпорындарында (жұмыс саны 50-ден аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше жұмыс істейтіндер. Ал қалған  12,962 мың адам немесе экономиканың белсенді халықтың 4,1 % пайызы жұмыссыздыр болып саналды. Осы дерек шындыққа сәйкес сияқты. Кейбір сарапшылар мен мамндар жұмыссыздар саны статагенттіктің  бұл жағынан әжептеуір көбірек деп айтып, жазып жүр.

     Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес  бағдарламасын жасап, жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.

     2005 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген  жұмыссыздық деңгейі экономикалық  белсенді халықтың  4,5%  болды.

     Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі  агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы  көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.

     Жұмыссыздықтың  деңгейін анықтаудың негізгі факторы  ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру  үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.

     2006 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту  орталықтарына өтінішпен барған  азаматтар саны 489,3 мың адам болды,  ал 2005 жылғы 1 қаңтарында  439,3 мың болғандығы. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 118,2мыңға жетті, яғни 2000 жылдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Оралда 5,1 пайыз,  Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды.

     Жасалған  талдау көрстекендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  барушылар санының біраз өсуінің  себептерінің  бірі – жұмыссыз ретінде  тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту  бағадрламасына мезгілінде қаражат бөлуіне себеп болды. Мәселен,  Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87пайызындай, Оралда -75 пайызындай, Қызылордада – 72 пайызындай, Маңғыстауда – 85 пайздай және Атырау  облысында – 79 пайызындай болды.Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын (жағдайын) күшейту де өз әсерін тигізді.

     Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының  орындалуы үшін 2005 жылға 19.530,4 миллион  теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарланғандығы, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге  (ЖІӨ - нің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.

     2006 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша  тұтас алғанда есепке 231,4 мың жұмыссыз  адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана  материалдық көмек алды, 7,8 мыңы  қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде және қайтадан даярлауда болды.

     Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80пайыздан жоғары көрсеткіші Шығыс  Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды облыстарында (86%) және Астана қаласында (81%) орын алды.

     Алайда  қорыта келгенде,  жұмысқа орналастыру  жөніндегі органдарға өтініш жасап  барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді. 
 

    3  ҚР-дағы жұмыссыздықтың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

     Бағдарлама  Қазақстандағы әр отбасының кемінде  бір мүшесін жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етуге бағытталған  және жұмысты жоқ халықты еңбек  етуге ынталандыратын жаңа жұмыс  орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.

     Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті  реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік  бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде  кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.

     Республика  бойынша және оның жеке аймақтары  бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада  оның негізгі себептеріне де айрықша  көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі  өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.

     Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.

     Осының  бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық  жұмыстарға  уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен  қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.

     Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек  орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.

     Бағдарламада  халықтың еңбекке жарамайтын топтарына  әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.

     Бағдарламада  жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу  қарастырылған. Республикада 46 балалар  үйі және 180отбасына ұқсас балалар  үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.

     Бағдарламада  жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте  қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006 жылдары жұмыс орныдарын құрудың  басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш өндіру, машина жасау                                          сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.

     Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде  заң жобасын дайындалып, ол парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі.  Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.

       Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалап,  отыру үшін оның өлшемін жетілдіру  керек.  Сондықтан біздің алдымызда  тұрған бір мақсат – халықтың  тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика агенттігінің халықтың табыс деңгейі туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 3,0 миллиондай ғана. Көп адамдар ұсақ саудамен айналысып, табыс алады. Бірақ табысын жасырып, салық төлемейді.Табыстың басқа да толып жатқан көздері бар. Бірақ жаппай табыс декларациясы болмағандықтан әр адамнан қалай және қанша табыс тауып жатқанын ешкім сұрамайды.

     Ал  дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты жауапкершілік түсетінін білуге тиіс. Қазір біз табысқа амнистия (кешірім жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.

Информация о работе Жұмыссыздық