Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 08:39, курсовая работа
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл
теориның мәні мынада: қарқыны баяу,
орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция
деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи
дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал
табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі
кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі
ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық
және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы
анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі
мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға
бағытталған экономикалық саясат мақсатына
жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен
қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында
АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді),
мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи
деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт
энерциямен қозғалады да содан кейін оның
қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық
батыс елдерінде дерлік өсті .
ИНФЛЯЦИЯ
МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
АРАҚАТЫНАСЫ
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында(қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарыла- тады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Экономикалық өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.
Инфляция өсу қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі-бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен ету мүмкін емес.
Жалақы туралы келіссөз, шын мәнінде, жұмыс алушылар мен жұмыс беру- шілер арасындағы талас: жұмыс алушылар жалақыны көтеруге, ал жұмыс берушілер әрбір өнімнің жалақы сыйымдылығына және өнім өтімділігіне қарай бағаны өсіруге ұмтылады. Осы екі талап инфляция қарқынына негативті әсер етпеу үшін, екі жақтың бөлу мәселесін шешуде тепе-теңдік құратын механизм керек. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту жағдайы осы мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесуі мүмкін, егер де жұмыс берушілер мен фирма талаптарын бір-біріне сәйкес келтіруге мүмкіншіліктер болса. Мысалы, экономика өсуінің қарқыны төмендегенде (рецессия кезінде) жалақы туралы кәсіподақ талаптары да төмендейді. Фирма да еңбек нарығындағы осы жағдаймен санасып, өнімді сату нарығындағы өзін осыған сәйкес ұстайды.
Осыны
ескеріп, екі жақ талабын үйлестіргенде,
инфляция қарқынын өзгертпей қалдыратын
белгілі бір жұмыссыздық
Егер екеуінің біреуі, не екеуі де өз бетімен әлеуметтік өнімге қоятын талабын жоғарылатса, онда тепе- теңдік жұмыссыздығын өсіруге әкеледі. Ал егер бұл жағдайда инфляция қарқынын тұрақты қалдырамыз десе, онда бөлу үшін күрес жоғары жұмыссыздыққа әкеледі. Мысалы, кәсіподақ жұмысшылар үшін жоғары жалақы талап етеді; ал инфляция қарқынын тұрақты деңгейде сақтап қалу үшін кәсіпкер өз үлесінен айырылуы керек. Өмірде мұндай жағдайды кездестіру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.
Жалақы деңгейіне көп фактор әсер етеді. Осыдан жалақы емес, оған қоятын талап детерминаттары жұмыссыздық себебі ретінде қаралу керек. Мысалы, кәсіп- одақтың ереуілге дайындық өжеттілігі; 1974 және 1979 жылдары Батыс елдерінде
шикізаттарға деген күрт баға өсуі нәтижесінде өнімділік өсімі баяулады, ал бұл оқиға NAIRU көтерілуіне әсер етті. Инфляцияның тұрақты өсуін сақтап қалу үшін, жалақыны төмендету керек болды, өйткені шығарылған өнім бір бөлігі ел ішінде бөлінбей, шикізатты шығаратын шетелдерге бағытталды; жалақы ел ішінде қалыптасатынына байланысты инфляция қарқынын, тек жоғары жұмыс- сыздық арқылы, тұрақты жасауға болды.Жұмыссыздық себептерн талдауда келісім, тиімді жалақы, инсайдер теорияларының маңызы зор. Мысалы, жұмыстан босаудың белгілі ықтималдығын алдын-ала ескеріп, жалақыны тұрақты өсірсе – бұл ұтымды іс болар еді. Мүмкін осы себеппен адамдар кейде жалақысы жоғары жұмыс орнын іздегеннен гөрі, қысқа мерзімді жұмыссыздықты артық көреді. Дегенмен, барлығы бір жұмыссыздық себебін табу қиын. Тиімді жалақы теориясы, ұзаққа созылған жұмыссыздық қызметкердің ұтымды шешімімен қалайша келісетінін, көрсетеді. Бірақ осыдан жұмыссыздық қызметкерлерді тәртіпке келтіреді деген қорытынды жасауға болмайды, өйткені қысымды әлсіздіретін басқа құралдар бар екенін ұмытпау керек.
Жалақы деңгейін және күтілген инфляцияны анықтау.
Жалақы
деңгейін анықтауда фирмалар мен
жұмысшылар еңбек нарығының жағдайын
ескереді. Өндіріс және жұмыспен қамтылу
деңгейі төмен болған жағдайда, жалақы
мөлшері өспейді тіпті
мынадай түрде берілсе, , ал жалақыға байланысты Филлипс қисығының формуласы :
Фридман және Фелпс жалақыға арналған Филлипс қисығынын бір заттай кемшілігіне назар аударды. (3) теңдік түрінде көрініс тапқан: ол күтілген инфляцияның жалақы қойылымына деген әсерін ескермейді. Жұмысшылар номиналды (ақшалай бірлікте) жалақыға қарағанда, нақты (олар сатып алалатын тауар көлемі) жалақы мөлшеріне қызушылық танытады.
Нақты жалақы мөлшерімен алаңдаушы жұмысшылар номиналды жалақының , ол белгіленген мерзім мен берілу мерзімінін арасында күтілетін инфляцияны ескеру керектігін қалайтыны түсінікті. Бақа сөзбен айтқанда, жұмыспен қамтылу деңгейінін жалақы мөлшері жайлы келісім сөзге әсеріне қарамастан, жұмысшылар күтілетін инфляцияның өтелуін қалайды.
Ал екінші жақ ше? Неліктен фирмалар жоғарғы бағаларды күтіп отырғанда да, жалақыны жоғарылатуға келіседі. Өйткені, егерде олар өзінің тауарларын жоғарғы бағамен саталса, өздеріне жоғарғы номиналды жалақыны төлеуге рұқсат ете алады. Негізінен, жалақы мен бағалар бірдей қарқынмен жоғарылағанда, фирмалар мен жұмысшылар инфляция болмағанда және тұрақты нақты жалақы болғанда бірдей жағдайға ие болады.
Егер инфляция күтілген болса, онда Филлипс қисығы мынадай болады:
мұндағы, - күтілген инфляция қарқыны. Бұл күтумен толықтырылған жалақыға арналған Филлипс қисығы, дәлірек айтқанда күтілген инфляцияны ескерген алғашқы Филлипс қисығы/4,500-501бб/.
Қазақстандағы
статистикалық мәліметтерге сүйенсек,
жұмыссыздық пен инфляция қарқыны
арасындағы арақатынас өзгеруде. Уақыт
өткен сайын инфляция қарқыны мен жұмыссыздық
деңгейі бір бағытта – төмендеуге - өзгергенін
көруге болады. Бірақ қаншалықты сапалы
түрде инфляцияны “жүгендеуге” әрекеттер
жасалғаны туралы бір жақты айту қиын.
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Ифляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық
артық сраныс тұсында мемлекет өз
шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады.
Нәтижесінде сұраныс қысқарады,
инфляцияның қарқыны
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың діңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы 3 топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жіне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталадыру, 80 – 90 жылдары көптеген елдердің тіжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығыныңұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.
Инфляциға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерімен, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетүінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістерімен әсер етеді.
Ақша
айналымының тұрақтылығы
Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алыбақ. “Монополисттік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады.
Индустрия және сауда министірлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.
Көптеген монополисттер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен,
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне
келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің
мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ
емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек.
Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді
жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып
отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.