Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 08:39, курсовая работа

Описание

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Работа состоит из  1 файл

Жамиля.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

     Жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.

     Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика  жағдайына тәу-елді және мемлекеттік  деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,

     Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер  А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің  экономикалық процестерге араласпаған  жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз  ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің «Жұмыссыдық теориясы» еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.

     К.Маркс  жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.

     Жұмыссыздықтың  белгілі бір деңгейінің болуы  еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру

     Республика  бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2006 жылға  белгіленген  еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4пайыз орындалады.

     Республика  бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты.

     Жеке  аймақтар бойынша алып қарағанда  Қарағанда облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан облысында – 5,1 мың адам, яғни 30,9 пайыз.Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың және 9,5 мың адам  немесе 20,1пайыз.,Қызылордада – 4,0 мың және 5,0 мың яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз артық орналастырылды.

     Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері  бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл  облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналыстырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бес облыста орындалмай қалды.

     Еңбекпен  қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін  өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру  мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола. Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар.

     Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесіп атқарып жатқан «Еңбек базарының  саясаты және жұмыстылық» техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыс қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп , елеулі нәтиже беруде . Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды :

  • жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу ;
  • жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базарында кәсіптік бейімделе білуі мақсатында оларды даярлау , кәсіптік білімін көтеру және қайта даярлау ;
  • жастардың , әйелдердің , ауыл тұрғындарының және сондай-ақ экологиялық апат аудандарында тұратын азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде мақсатты бағдарламалар жасап жүзеге асыру ;
  • шағын несие жүйесін енгізу есебінен республикада кәсіпкерлікті және өзін өзі жұмыспен қамтуды дамыту .

     Жаңа  жұмыс орның құру бағдарламасы бойынша 2000 жылы 146,2 мың жұмыс орнын құру болжамдалды , 2001 жылғы 1 қантарға 264,9 мың жұмыс орны құрылды , оның 204,6 мыңы (77 %) – тұрақты жұмыс орындары . Сөйтіп, республика бойынша бағдарламада белгіленген жоспар 181,2 пайыз орындалды .

     Ең  көп жұмыс орны (83,3 мың) шағын бизнес саласында ,өнеркәсіпте – 63,0 мың  және шаруашылығында – 30,2 мың жұмыс орны құрылды .

     Бағдарламада  қаралған жоспарлы тапсырма тек үш облысты – Павлодарда (44,1 %) , Ақмолада (56,9 %) , Қызылордада (61 %) – ғана орындалмай қалды .

     Бағдарламадығы  жұмыс орнын құру жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау көрсеткішінің  ампилитудасы 110 және 515 пайыз аралығында болды . Жұмыс орнын құру мына облыстарда белсенді жүгізілді : Қарағандыда – 424,3% , Оңтүстік Қазақстанда – 515,3 % , Солтүстік Қазақстанда – 497,2 %.

     Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау мүмкіндігінің  және тұтас алғанда , экономиканың жандана бастағанының куәсі бола алады . Алайда , жұмыс орындарын құрудың қарқыны еңбек базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттандырмайды .

     Жергілікті  атқарушы органдардың шешімі бойынша  әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота бекітілген-ді. Квота есебінен 2005 жылы 23,0 мың адам (20 жасқа дейінгі жастар, кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, оралмандар, бір жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар және басқалар) еңбекке орналастырылды .

     Алайда, әлеуметтік қолдауға аса зәру азаматтарды  жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерде  айтарлықтай экономикалық ынта жоқ, бұл оларды жұмысқа орналастыруды  қиындатады .

     Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген . Ол топтар : жеткілікті қамтамасыз етілмегендер; 21 жасқа дейінгі азаматтар, жетім балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жеке басты және көп балалы ата-аналар ; Казақстан Республикасы заңдарына сәйкес қарамағында үнемі көрсетілетін күтімге, көмек пен бақылауға мұқтаж деп танылған адамдары бар азаматтар; зейнеткерлікке шығар алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл қалған), мүгедектер; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыратын жерлерден және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар; оралмандар .

     2006 жылдың 1 каңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты , бұл  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  келген азаматтардың жалпы санының  31,6 пайызын құрайды яғни 2005 жылдың 1 қантарына (59,3мың адам болған) қарағанда екі есе көп . Бағдарламада республика бойынша қоғамдык жұмыстарға 71,8 мың адамды катыстыру көзделсе , іс жүсінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен қамтылды , яғни жоспар 158,9пайыз орындалды . Жоспарлы тапсырманы республиканың барлық аймақтары орындап шықты . Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында – 6,8есе және тапсырма Қостанай , Ақтөбе , Атырау , Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында орта есеппен 2,5 орындалды .

     Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі  барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы  төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан жоқ . Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады , бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

     Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы»  жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі  өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .

     Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыру органдарына бос орындар жайына ақпарат беруге ынтасының төмендеуі , кәсіптік  оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

     Бағдарлама  бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

     Бағдарлама  бойынша жұмыссыздарды оқыту  жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

     Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды  кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның өзі негізінен жұмыссыздарды оқыту жөнінде жасалған төрт жақты келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .

     Бизнес  –инкубаторлар

     Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор  ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына оларды құру ұйымдастыру сатысында ғана .

     Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған .

     Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың  әкімдеріне , облыстық және қалалық  Еңбек , жұмыспен қамту және халықты  әлеуметтік қорғау департаменттері  мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне жүктелген .

     Кәсіпкерлікті колдаудың Батыс Қазақстан қоғамдық қоры негізінде жалпы көлемі 2220 шаршы  метрлік бизнес-инкубатор ұйымдастырылған , онда өндіріспен , өндеумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын шағын кәсіпкрліктің 15 субъектісін орналастыру жоспарланып отыр .

     Шағын несие беру

     Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау деректері боынша шағын несие бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .

     Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен  несиелерде қайтару жүріп жатыр .

     Халыққа шағын несие беру бағдарламасының жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде ол бұған мүдделі министрліктерге жіберілді . 
 

2 ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ  СИПАТТАМА

     Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға  байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс  жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Информация о работе Жұмыссыздық