Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 14:30, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның қаржы жүйесінің ислам қаржы жүйесімен байланыстарын анықтап, болашақтағы еліміздегі ислам банкингінің даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
• ислам қаржы жүйесінің пайда болу тарихын анықтап, ерекшеліктерінің мәнін ашу;
• әлемдік деңгейде ислам банкингінің даму жағдайын талдап, Қазақстандағы даму мәселелерін қарастыру;

Содержание

1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
1.1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы
1.2. ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
1.3. Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары

Работа состоит из  1 файл

ислам банкинг курс.docx

— 242.35 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарыдағы кестеде көріп  отырғанымыздай, ислам қор нарығының мықты жақтары мен мүмкіншіліктері әлсіз жақтары мен қауіп-қатерлеріне қарағанда көптеу. Дәлірек айтқанда, ислам қор нарығы жүйесі шариғат нормаларына сәйкес қызметін жүзеге асыруы, тәуекелді клиентімен бірге бөлісуі дәстүрлі қор нарығынан ерекшелейтін ең басты қасиеттер. Fattah finance секілді Қазақстан қор нарығында табысты қызмет етіп келе жатырған брокерлік компанияның халал жолмен табыс алуы көптеген инвесторлар арасында қызығушылықты тудыртады. Осы брокерлік компанияның белсенді дамуы Қазақстан экономикасына тереңірек енгізуді мақсат еткен ислам қаржы жүйесінің одан әрі тұрақтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қор нарығында бәсекені тудырып, отандық қор нарығын бәсекегке қабілеттілігін жоғарылатуға, көрсетіп отырған қызметтерінің сапасын жоғарылатуға әсер етеді. Көп уақыт ұзамай, біздің отандық қор нарығының қатысушылары ислам мемлекеттері арасында кең етек жаю мүмкіндігі туындап, сол елдермен байланысын одан әрі тереңдете түсуге тек қана оң әсерлерін береді. Ислам қаржы жүйесі шариғат нормаларына сәйкес қызмет ететіні бәрімізге мәлім, сол себепті Fattah finance брокерлік компаниясының алкоголь, темекі, есірткі өндірумен айналысатын кәсіпорындар менен ойын-сауық бизнес саласының кәсіпорындарымен еш байлансы жоқ. Сондықтан, брокерлік компанияның экономикамыздың нақты секторына басымдық береді, оның дамуына мүмкіндік жасайды. Оған қоса, спекуляцияға орын жоқ. Осындай мықты жақтары тек қана мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар мұсылман еместер тарапынан қызығушылықты арттырып, клиенттік базаны әртараптандырып кеңейуге мүмкіндік беретін болады. Fattah finance брокерлік компаниясының Қазақстан экономикасында белсенді әрі тиімді әрекет етуі  арқасында экономикамызға шет ел инвесторларын тартуға ықпал етеді.

Дегенмен, Fattah finance брокерлік компаниясы Қазақстан қор нарығында небәрі 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Яғни, ол әлі де болса жас компания. Сондықтан өз қызметін жүзеге асыру барысында біраз қиыншылықтарға тап болды. Бұл қиыншылықтардың алдын алмаса болашақта компанияның қызметіне жағымсыз әсерлер беруі әбден мүмкін. Бұл ең алдымен, әрине, осы саладағы тәжірибелі мамандардың аздығы. Бұл мәселе Fattah finance брокерлік компаниясы секілді компаниялардың Қазақстан қор нарығында кең етек жаюын тежейді. Ал мұсылмандық құқық бойынша эксперттердің жетілмегендігі де брокерлік компанияның қалыпты қызмет етуіне теріс әсерін беретіндігін түсінуге болады. Себебі, қазіргі таңдағы өзгерістерге толы экономикада әр түрлі компаниялар қызмет етеді, өзара қарама – қайшылықтар туындайтыны анық және осыған байланысты дисбаланстың алдын алу мақсатында экономика да арнайы  қарастырып, ойластырылған заңдар мен нормативті - құқтық актілерге сүйене отырып олардың қызметтерін реттеп отырады. Осындай оқылық жағдайлар туындағанда, мұсылман құқтық эксперттердің жетіспеуі Fattah finance брокерлік компаниясы секілді компаниялардың экономикада толыққанды, дербес қызмет етуіне кедергі болуы мүмкін. Басқа шет елдермен салыстырғанда, елімізде қор нарығы онша қатты дамымағандығы екенін білеміз. Яғни, тұрғындар бағалы қағаздарды инвестициялаудан гөрі ақшалай қаражаттарын депозитке немесе жылжымайтын мүлікке салуды жөн көреді. 2007 жылы экономикалық дағдарыс басталған кезде, екінші деңгейлі банктер де дефолтқа ұшырап, ол өз кезегінде капиталын депозитке салушылардың жағдайына да әсерін тигізген еді. Бұл, мінекей халқымыздың қор нарығы жөнінде сауатсыздығының айқын мысалы. Осы дағдарыстан кейін экономикамызды сауықтыру мақсатында енгізілген ислам қаржы жүйесі біз үшін тіптен беймәлім әрі түсініксіз болды. Ол кейбір тұрғындар арсында мүлдм қызығушылықты тудырмады, кейбіреулері оның діни экстремизммен байланысы бар деп қате түсінікте болды. Осыдан шығатын қорытынды, егер біздің тұрғындар қор нарығы туралы хабары тым мардымсыз болса, жақында енген ислам қор нарығыны олардың сеніміне енуі үшін әлі талай жұмыстануы керек дегенді білдіреді. Барлық осы жоғарыда айтылып кеткен мәселелер Fattah finance брокерлік компаниясы секілді компаниялардың әлсіз жақтары болып табылады.

                                                                                                  Мың тенге

Диаграмма 3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының активінің жылдар бойынша салыстырмалы көрсеткіштері

Көріп отырғанымыздай, «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының активтері жылдан жылға өсім тапқан.

                                                                                       Мың тенге

Диаграмма 4. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пассивінің жылдар бойынша салыстырмалы көрсеткіштері

Жоғары диаграммадағы  «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының міндеттемелері мен капиталының көлемінің жылдар бойынша көрсеткіштеріне қарай отырып, пассивтері де активі секілді өскенін байқауға болады.

                                                                         Мың тенге

Диаграмма 5. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының жылдар бойынша салыстырмалы қаржылық көрсеткіштері

Ал бесінші диаграммадан «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының 2007 жылы таза пайдасы (-87 234) мен табысы (-63 246) минусқа түскенін көреміз. Керісінше шығындары 2010 жылмен салысырғанда көбірек. 2010 жылы «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының жағдайы түзеліп, таза пайдасы (36 033) мен табысы (61 235) жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр.

Сонымен, Қазақстан ислам  қор нарығына SWOT-талдау жасай отырып, осы нарықта 2007 жылдан бері белсенді қызмет көрсетіп келетін «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының дәстүрлі брокерлік компанияларымен салыстырғанда басым жақтарын және осы Қазақстан ислам қор нарығында қандай мүмкіндіктері бар екенін, сонымен қатар болашақта күтіп отырған қауіп – қатерлерін анықтадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы

3.1. ҚР  Ислам банкингті дамыту мәселелерін  шешу жолдары

 

Исламдық қаржы институттарының Қазақстанда белсенді қалыптасуы әлемдік дағдарыстың өткір кезеңіне сәйкес келгенін атап өткен маңызды. Белсенділік көбіне объективті себеппен: әлемдік қаржы дағдарысының исламдық банкингті шарпымауымен түсіндірілді. Екінші себеп – Қазақстанның баламалы қаржы жүйесін қабылдауына заңнамалық тұрғыдан дайын болуы. Осы дайындық қаржы жүйесінің бұл бағыттағы он жылдан астам баяу қозғалысының қорытындысы болды. Өтімділік дағдарысы және баламалы қор жинау көздерін белсенді іздеу катализатор болды. Практика көрсетіп отырғандай, капиталдың әлемдік нарықтарының қазіргі кезде байқалып отырған жандануы Қазақстанның исламдық банкинг жағына қарай жылжуына кедергі болмады. Бұл саладағы көп векторлық саясатының нығая түскенін атап өтуге болады. Үстеме пайызбен бергенін үстеп алатын Батыстың дәстүрлі қаржы жүйесіне қарағанда, Құдайға қараған исламдық банктердің дағдарыс деген дауылға белі бекем келетінін уақыттың өзі көрсеткен соң, біздің ел де шариғаттың шеңберінен шықпайтын қаржыландыру тетіктеріне қызығушылық танытқан. Бірақ сол әлемдік қаржы дағдарысынан бері де екі-үш жылдың жүзі өтіп кеткенімен, исламдық қаржыландыру қағидалары отандық қаржы жүйесіне әлі толық кірігіп кете алған жоқ. Мұның ең басты себебі қажетті заңнамалық база еді. Бірақ бұл мәселе де 2009 жылы шешімін тауып, исламдық банктер мен исламдық қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру туралы заңды Парламент қабылдады.  
Міне, осыдан кейін елімізде жұмыс істейтін исламдық банктің алғашқы қарлығашы – Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Hilal Bank-інің Қазақстандағы еншілес банкі есебінде тіркелген Әл-Хилал исламдық банкі пайда болды. Алайда бұл банктің келуімен де елімізде исламдық қаржыландыру кеңінен қанат жайып кетті дей алмаймыз. Себебі аталған банк әзірге негізінен корпоративтік клиенттермен, ірі жобалармен ғана жұмыс істейді. Қысқасы, «жалғыз ағаштың орман болмайтыны» секілді, жалғыз исламдық банкпен ғана іс бітпек емес. Ауыз толтырып айту үшін исламдық қаржыландыру жүйесіндегі қағидалар мен қаржылық тетіктерді өзге отандық банктер де меңгеруі тиіс.  
Заңнама да әлі толық мүмкіндік бермейді 
Кеше Астанада Мәжіліс ғимаратында өткен исламдық қаржыландыруды дамытуға арналған семинарда осындай мәселелердің күрмеулі тұстары талқыға түсті. Мәселен, семинарда сөйлеген Әл-Хилал банкінің қаржылық директоры, басқарма мүшесі Айдын Тайыров мырза: «Бөлшек бизнесті қаржыландыруға екі жылдан кейін шыққымыз келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір біз салықпен, сондай-ақ исламдық банк өнімдерін тіркеумен байланысты проблемаларға кезігіп отырмыз», – деп атай отырып, дәл бүгінгі таңда исламдық қаржыландырудың барлық құралын пайдалануға ел заңманамасы толық мүмкіндік бермейтінін айтады.  
Коммерциялық банктерге күдік басым 
Ал Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов болса ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі елдегі коммерциялық банктерде «исламдық терезелер» ашуға қарсы екендігін алға тартып отыр. Оның айтуынша, қаржы нарығын қадағалаушы агенттік коммерциялық банктер қулыққа басады деп күдіктенеді. Яғни әлгіндей «терезелер» ашыла қалса, бұл банктер исламдық қаржыландыруды жамылып, өздерінің қитұрқы операцияларын жүзеге асыруы мүмкін. Ал мұны қадағалау қиынға соғатын көрінеді.  
Әркен Арыстанов сондай-ақ осы семинарда исламдық қаржыландыру жүйесін дамытуға байланысты тағы бір түйткілді мәселеге – маман тапшылығына да назар аударды. «Бізде бүгінде исламдық қаржыландыру бойынша білікті мамандар жоқ», – деген ол елімізде сондай мамандар даярлайтын орталық құруды ұсынып отыр. Ә.Арыстанов мұндай орталықты құруға Ислам даму банкі мен өзге де исламдық қаржы институттарын тартуға болатынын, бірақ негізгі инвестор мемлекет болуы тиістігін айтып отыр [15].

Астанада “Абу-Даби Плаза” отелін ашу туралы және алғашқы ислам  банкін ашу туралы үкіметаралық екі келісімге қол қойылғанын да атап өткен жөн. Алайда, бірінші жоба әзірге тоқтатылған. Ал екіншісі іске асырылды: Al Hilal 2010 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді. Небәрі бір жылдың ішінде ол 23 млн. долларға жуық сомаға телекоммуникациялар, сауда, құрылыс және басқа салаларда кейбір жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ Al Hilal-мен бірлесіп ҮИИД бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаны қаржыландыру мәселелерін қарастыруда. 2011 жылғы шілдеде банк меншікті капиталын 70 млн. долларға дейін екі еселеді. Бұдан басқа “ҚазАгроҚаржы” компаниясы исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша қаражат алған компания ретінде мысал бола алады, ол Ислам Даму Банкінен (ИДБ) агроөнеркәсіп кешені үшін лизингке жабдық пен техника сатып алуға 30 млн. доллар мөлшерінде заем алды. ИДБ “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік жобасының шеңберінде де 400 млн. доллар бөліп отыр. Жалпы алғанда 2011 жылға қарай (трансұлттық жобаны есептемегенде) исламдық банктердің Қазақстанға 500 млн. доллардан аса қаражаты тартылды [16].

Жол картасы аясында әлемдегі бірқатар жетекші ислам ұйымдарымен ынтымақтастық  орнатылды. Атап айтқанда, Халықаралық исламдық қаржы нарығы (International Islamic Financial Market), Исламдық қаржы институттарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйым (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions), Халықаралық исламдық рейтинг агенттігі (International Islamic Rating Agency), Исламдық қаржы қызметтерін көрсету жөніндегі кеңес (Islamic Financial Services Board) сияқты және басқалары. Осы институттарға қолдау көрсету аясында білуге деген қызығушылығын қанағаттандырудан және ұйымдастыру міндеттерін шешуге көмектесуден басқа исламдық қаржыландырудың тұтас бағыттары дамыды. Осындай маңызды бағыттардың бірі – Қазақстанда исламдық микрокредиттік ұйымдарды ашу және жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау болатын. Лизинг және ипотека секторын да дамытату да қолға алынды. Жол картасын іске асыру елде исламдық қаржы қызметтері индустриясының тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға, эмитенттердің, инвесторлардың және нарықтың кәсіби қатысушыларының сыни жағдайлардағы тобын құруға ықпал ететін болады. Бұл құжат Алматының 2020 жылға қарай аймақтағы алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуына да ықпал ететін болады және жалпы алғанда Қазақстанның халықаралық деңгейдегі исламдық қаржыландыру орталығы ретінде мәртебесінің нығаюына септігін тигізеді [18].

«Банк және банк қызметі  туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Салық қодексі» секілді заңдарға, сонымен қатар исламдық қаржыландыруға қатысты басқа да нормативті-актілерге  өзгертулер мен толықтырулар енгізгеннен  кейін елімізде ислам банкигінің дамуына құқтық жағдай жасалған болатын. Қазақстан постсоветтік елдер арасында исламдық банкинг үлгісін ғана емес, сонымен қатар классикалық және ислам қаржы жүйелерінің үйлесімді форматын ұсынып отыр. Қазақстандағы ислам банкингінің ұзаққа созылмаған тарихы жүйелердің өзара бейімділігі жаман емес, аталмыш антоганизм жоқтығын көрсетеді, бірақ та ислам банкингін алдағы уақытта дамыту мәселелері мен бірқатар сұрақтарды қарастыру керек.  Қазіргі таңда классикалық қаржы институттарымен қатар елімізде алғашқы ислам банктері тіркеліп, қызмет көрсетіп келеді:  Al Нilal банкі;  Алматы қаржы орталығының қатысушысы, АҚ «Ислам Қаржысының Даму Ассоциациасы» ислам инвестициялық қорының басқарушысы – АҚ «Fattah Finance» брокерлік компаниясы; Олар өз кезегінде халықаралық және отандық ұйымдармен тығыз байланыстар орната отырып, Қазақстандағы ислам банкингінің дамуына жүйелі әрі жан – жақты әсер береді. Республикамызда такафул – сақтандыру қызметінің  екі түрін көрсететін (шет елге шыққан тұлғаларды ерікті такафул – сақтандыру және күтпеген оқиғалардан такафул - сақтандыру)  бірінші «Такафул» сақтандыру компаниясы тіркелді. Алматы қаржы орталығының  мәліметтеріне сәйкес былтыр компания 70-тен астам сақтандыру полистерін жазып шығарған.  Ислам қаржы институттарының республикамызда белсенді пайда бола бастауы дүниежүзілік қаржы дағдарысымен тұспа тұс келгенін айта кету өте маңызды. Ішінара белсенділік объективті себептермен түсіндіріледі:

  1. Әлем қаржы дағдарысы ислам банкингіне мүлдем әсер етпеді;
  2. Қазақстанның балама қаржы жүйесін қабылдауға заңнамалық-құқтық дайындығы;

Бұл дайындық осы бағыттағы  он жылдан бері баяу дамып келе жатырған қаржы жүйесінің қорытындысы болды. Ал катализаторлары - өтімділік дағдарысы мен баламалы қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Исламдық банкингті Қазақстан Республикасында даму перспективасын қарастыруда бірқатар проблемалық сұрақтар туындайды:

  • Классикалық қаржы секторында орын алуы мүмкін жағдайларға қарамастан, Қазақстанда ислам банкингі әрі қарай дамуын жалғастыра береді деген қаншалықты шындыққа саяды?

Заңнамаларға өзгерістерді енгізудің өзі мемлекетіміздің  ислам қаржы сферасын дамытуға нақты  бел буғандығын көрсетеді. Кейіннен орын алған қадамдар осы қорытындыны  растайды. Реттеуіштермен негізгі халықаралық  ислам қаржылық стандарттары есепке алынды. Алматы қаржы орталағы байланыс және ақпарат, қаржы, индустрия және жаңа технология, сыртқы істер  министрліктерімен, Қаржы қадағалу агенттігімен, мемлекеттік  қызмет ісі агенттігімен, сонымен қатар Ұлттық банкпеннен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға арналған исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша келісіп жүзеге асыратын іс – шаралар жоспарын мақұлдау» бұйрығын қабылдады. Құжаттар пакеті «Жол картасы» атауына ие болды. Ол инвестиция тарту, ислам қаржы құралдарын енгізу мен дамыту, ислам қаржы институттарын тарту мен ашуға қызығушылық білдірген мемлекеттік органдармен координацияланған іс – шараларды қамтиды.   Корпаративті эмитенттерге арнап бенчмарк (инвестициялардың нәтижелігін салыстыру үлігісі болып табылатын қаржылық актив немесе көрсетікш) құру мақсатында дербес ислам бағалы қағаздарын шығару жоспарланып отыр. Тұрақты негізде Қазақстан мен шет елдерде ислам қаржылары бойынша әр түрлі халықаралық форумдар өткізіліп тұрады. Ислам қаржыландыру сұрақтары бойынша қаржылық сауаттылықты көтеру мақсатында Алматы қаржы орталығы ислам қаржыларының  принцптері мен ерекшеліктерін ашып көрсететін бірқатар семинарлар және бағалы қағазлар мен инвестициялардың аккредитивті Лондон институтының  (CISI) «Исламдық қаржыландыру» (IFQ) квалификациялық оқыту өткізілді [14].

  • Әрібір жаңа сфераны дамытуда ең керек жағдайлар -  Заңнамалық базаға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білімін көтеру процесстері туралы көп айтылады. Дегенімен, Қазақстан теориядан практикаға өте алдыма және нарықта айтулы өзгерістер бар ма?

       Негізгі қадамдар заңнамаға өзгерістер енгізбес бұрын жасалған болатын. Олар қоғам арасында дұрыс талқылнабағанымен, олар нақты жобалар. Мысал ретінде отандық екінші деңгейлі банктердің Ислам Даму Банкі және ислам банктерімен серіктестігі атап өтуге болады. Қаражаттар меншікті сауда операцияларын дамытуға және бизнестің бөлек – бөлек салаларын несиелендіру үшін тартылды. Дәстүрлі банктер мурабаха (сату – сатып алу келісімі) өнімі арқылы қазақстандық компаиялардың қызметін қаржыландыру агенттері ретінде болды. Мурабаха принцптеріне сәйкес банк клиент атынан керекті тауарды сатып алып, кейін клиентке тараптармен алдын ала келісілген әрі белгілі бір мерзімде өтелетін үстеме бағамен кері сатады. Сонымен қатар, екі үкіметаралық келісімге қол қойылғандығы  жөнінде айта кетуге болады – Астан қаласында «Абу-Даби Плаза» қонақ үйі мен бірінші ислам банкін ашу. Бірақғ бірінші жоба тоқтатылып қойды. Ал екіншісі жүзеге асырылды: Al Hilal банкі 2010 жылдың наурызынан бастап қызмет етіп келеді. Бір жыл ішінде ғана теле коммуникация, құрылыс және тағы басқа салалар бойынша шамамен 23 миллион доллар сомасында бірнеше жобалар қаржыландырған болатын. Қазіргі уақытта, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ Al Hilal банкімен бірлесіп ҮИИБ бағдарсламасын қаржыландыру мәселелерін қарастырып жатыр. Оған қоса, ислам принцптеріне сәйкес қаражаттарды ұсыну мысалы ретінде  Ислам Даму Банкінен  агроөнеркәсіптік комплекстер мен техника, құрал – жабдықтар лизигісі үшін  30 миллион долларындай заем алған  «КазАгроФинанс» келтіруге болады. ИДБ «Батыс Еуропа – батыс Қытай» транспорттық жобасына 400 миллионов доллар бөлген болатын. 2011 жылы республикамызда жалпы ислам банктерінің 500 миллион доллар қаражаты тартылды. Ислам қаржы жөнінде нормативті базаның дамуы қаржыландыру көздерін диверсификациялауға және елімізде тұрақты қаржыж жүйесін дамытуға мүмкіндік береді. Al Hilal ислам банктерінен басқа ислам принцптері бойынша қызмет көрсететін басқа да ұйымдар бар. Мысалы, малайзиялық AmanahRaya мемлекеттік компаниясымен бірслесіп республикамызда инвестициялық қор ретінде «Хадж Фонд» ислам қаржы өнімі пайда болған еді. Оның қоржынында хаджды жүзеге асыруға арналған қаражаттар бар. Мұндай қордың құрылуы тұрғындардың бос ресурстарын жұмылдыруға және ислам қаржландыру принцптеріне сәйкес жинақтауға мүмкіндік береді. Бұрын Алматы қаржы орталығы Қаржы қадағалау агенттігімен бірслесіп исламдық сақтандыруды енгізуге байлынысты заң жобасын дайындады. Қазіргі уақытта бұл жоба талқыланып жатыр, алдағы уақытта Үкіметке енгізу жоспарлануда.

Диаграмма 6. Ислам қорлары активтер класстарының аймақтар бойынша орналасуы

 
      «Жол картасының»  шеңберінде әлемдік алдыңғы қатарлы  ислам ұйымдарымен байланыс орнатылады. Соның ішінде, Халықаралық ислам  қаржы нарығы (International Islamic Financial Market), ислам қаржы институттарында бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымы (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions), халықаралық рейтинг агенттігі (International Islamic Rating Agency), ислам қаржылық қызмет көрсету Кеңесі (Islamic Financial Services Board) және т.б. Осы институттардың қолдауы арқасында нағыз ислам банкингі әр түрлі бағыттар бойынша дами бастайды. Осындай бағыттардың бірі – Қазақстанда ислам микронесиелеу ұйымдарны енгізу және дамыту. «Жол картасының» жүзеге асуы ислам қаржы индустриясының тұрақты дамуына, эмитенттердің критикалық массасының қалыптасуына, нарықтаңы маманданған қатысушалары мен инвесторларының дамуына мүмкіндік жасайды. Бұл құжат, сонымен  қатар 2020 жылға таман Алматы қаласын алдыңғы қатары қаржы орталығы және Қазақстанды халықаралық деңгейде ислам қаржыландыру статусын нығайтуға оң әсер береді. Ислам қаржы жүйесінің дамуымен, біздер алдағы уақытта заңнаманы одан әрі жетілдіре түсетініміз сөзсіз. Соның ішінде банктік және салықтық заңнамаларға. Қазіргі таңда заңнама тек маманданған ислам банктеріне ислам банкингі қызметтерін  көрсетуге мүмкіндік береді. Ислам бмғалы қағазадрының (сукук) эмитенттері тек арнайы ислам  банктерімен, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі және жүз пайыз еншілес ұйымдарымен қалыптасытырылған ислам   қаржы ұйымдары бола алады. Жақында ТМД және Орталық Азия елдеріндеқ азақстандық сукутардың шығарылымы мүмкіндігі үшін Парламент Мәжілісі эмитенттердің тізімін толықтыру мәселесі жөнінде заңнамаға түзетулер енгізді.  
Ислам қаржы нарығын реттейтін заңнаманы дамыта отырып, тағы да бірқатар сұрақтарды қарастыру керек. Оның ішінде, ислам банктерінің депозиторларын қорғау мақсатында талап етілгенше дейінгі пайызсыз депозиттерді  мемлекеттік міндетті кепілдік жүйесіне енгізу[12].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы