Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 14:30, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның қаржы жүйесінің ислам қаржы жүйесімен байланыстарын анықтап, болашақтағы еліміздегі ислам банкингінің даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
• ислам қаржы жүйесінің пайда болу тарихын анықтап, ерекшеліктерінің мәнін ашу;
• әлемдік деңгейде ислам банкингінің даму жағдайын талдап, Қазақстандағы даму мәселелерін қарастыру;
1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
1.1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы
1.2. ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
1.3. Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары
Эксперттердің айтуынша ислам
банкингінің маңызды
Егер, ислам банктерінің бейімділігінің мәселелерін айтар болсақ, басқару механизмінің, қадағалау мен жаңа салық салудағы қиыншылықтар. Екінші мәселе – мемлекеттік және шариғат бақылауларын жүргізетін жоғары квалификациялы мамадардың жетіспеуі. Осылар ислам банктері мен олардың өнімдерін жасауда шығындарды көбейтеді.
Қазақстанда ислам қаржыларының
дамуы инвесторларға балама инвестициялық
құралдарға қол жеткізуге және экономиканың
тұрақтылығын қамтамасыз ететін қосымша
көздерін жасауға мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі таңда ислам қаржа
жүйесі – ең қарқынды дамып келе
жатырған сектор. Оның әлемдік активтері
1 триллион доллар, ал жылдық өсімі - 15–20%
Ислам қаржыларының географиясы: 71% - Таяу
Шығыс елдеріне,
24% – Азия елдеріне келеді.
Ислам қаржыландыруы бойынша батыс елдері
арасындағы көшбасшы мемлекет – Ұлыбритания.
Диаграмма 7. Ислам қаржыларының географиясы
Тікелей шет ел инвестицияларын тарту – Қазақстан экономикасы үшін ең маңызды сұрақтардың бірі. Қаржы дағдарысы батыс нарығынан заемдар алу мүмкіндігін шектегеннен кейін, еліміз баламалы қаржыландыру көздерін іздестіруг мәжбүр болды. Оған қоса, мұнай шығарумен айналысатын Таяу Шығыс елдері артықшылық өтімділікпен ерекшеленіп, жаңа нарықтарды іздестіруде. Эксперттер оның тек қана инвестициялық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар экономикалық пайдалылығы мен тиімділігінғ сонымен қатар әділділігі мен этикасына қызығады. 2011 жылы Қазақстанға $400-500 млн шамасында ислам қаржылары тартылды. Қаржылар тартылған ең негізгі каналдарға:
Алдымен басымдықтар ұлттық
және корпоративті секторларды жоғары
сұранысқа ие тауарларға берілді. Жоғарыда
айтылып кеткендей 2009 жылы Қазақстан
Республикаысының заңнамаларына енгізілген
өзгерістер ислам банктері, ислам
инвестициялық қорлары және ислам
бағалы қағаздарын шығаруға қолайлы
орта қалыптастырды. Fattah Finance және «Такафул»
сақтандыру компаниялары ұсынатын бөлшек
(розничные) ислам өнімдері заңнама
қаншалықты мүмкіндіктер берсе, олар соншалық
дамыған. Осылайша, өзара халал
сақтандыруды жүзеге асыратын «Такафул»
сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының
«Өзара сақтандыру туралы» заңнамасы
шеңберінде қызметер көрсетеді (шет
елге шығушы тұлғаларды медициналық
және күтпеген оқиғалардан сақтандырулар).
Ислам қаржы нарығында
Осы орайда, деді ол қазақстандық жақ исламдық құралдарды дамыту жөніндегі HSBC тәжірибесіне мүдделілік танытуда. [www.nterfax.kz]
Енді ислам банкингінің
шет елде даму ерекшеліктеріне тоқталсақ.
Лондонда осы жылдың мамыр айында тарихта
бірінші рет сауда алаңының ашылатындығы
туралы хабарландыру жасалды,ол шариатқа
сәйкес жұмыс атқаратын компаниялар үшін
ақшалай қаражатты тартуға ықпал ететін
болады. The Shariah Ummah Securities Information Exchange
(Umex) капиталы £20млн ($31млн) тұратын және
осы соманы нарық құнынан ең кемінде 20%
арттыруға тырысатын компаниялар үшін
платформа құруға арналған.
Halal Industries биржаға жауап беретін төрағасы
Mahesh Jayanarayan, оның Көпжақты сауда қоры (Multilateral
Trading Facility – MTF) ретінде қызмет ететіндігін
хабарлады.
«Umex» Шариатқа сәйкес 10 ислам кәсіпорындарын
және 100 бағалы қағаздарын біріктеді, олар
биржаға жіберілген соң саудаласатын
болады. Биржа жыл ішінде, мамыр айынан
бастап шамамен 100 IPO әлемдік ислам кәсіпорындарын
жүргізуді жоспарлауда. Shariah Umex сонымен
қатар америкалық және ғаламдық депозитарлық
қолхаттардың исламдық үлгісін – Ислам
Шариат депозитарлық қолхаттарын (Islamic
Shariah Depository Receipt - ISDR) ұсынады.
ISDR өзімен шариатқа сәйкес шетел биржаларында
бағаланатын ислам компаниялары мен фирмалары
акцияларының белгіленген санының меншік
құқығын білдіреді [11].
Солтүстік Америка континентінің
аумағындағы өз тұрғысынан бірінші
болып табылған жаңа пайызсыз кредиттік
карта, ислам заңының қағидаты мен
батыстың тұтынушылық мәдениетін біріктіріп
жатыр. Жақын уақыттарға дейін мұсылмандар
кредиттік карта иеленуден бас тартып
келді, олар ол бойынша пайыз төледі, ал
бұл шариат заңдарын бұзушылық болып табылады.
Жақын күндері шығарыла бастайтын іFreedom
Plus Mastercard картасы пайыздар алу мен берешектің
туындауын болдырмайды.
«Күнделікті өмірде әр адамға кредиттік
карта қажет. Сізде карта болмаған жағдайда,
машинаны пайдалана тұруға ала алмайсыз,
қалыпты саяхат жасай алмайсыз», дейді
Торонто UM Financial ислам қаржыландыру фирмасының
президенті Омар Калаир. Оның компаниясы
Mastercard брендімен бірге «ислам» кредиттік
карталарын шығара бастады.
Алайда банктерде жоғары кредиттік мөлшерлемелерсіз
өнім ұсыну ынтасы жеткіліксіз және бұл
Канаданың мұсылман тұтынушылары үшін
проблема болып табылады, дейді ол.
ІFreedom Plus Mastercard картасының иелері 6 мың
долларға дейін сала отырып, шоттарын
ертерек толтыру мүмкіндігіне ие болады.
Әр сатып алу барысында шоттағы сомма
пайыздар есептемеусіз ақ азайтылатын
болады.
«Осылайша, сіз шынымен де өзіңіздікі
болып табылатын ақшаны жұмсайсыз», ал
бұл ислам қағидатына толық сәйкес келеді,
осыған сәйкес кез-келген мәміле нақты
активтермен бекітілуі керек, дейді Омар
Калаир.
Мұндай карталардың иелерінен түсетін
жыл сайынғы түсім 50 долларды құрайды,
әр қолдағы ақшаны аудару 95 центтен тұрады.
Ең басында жаңа бастаған клиенттерге
қызмет көрсету үшін ойлап табылған «Ислам»
картасы, Торонто қаласында өткен шариат
қаржыландыру мамандары ассоциациясының
барлық қатысушыларының кездесуі барысында
ұсынылған болатын. «Сіз университетке
түскен сәттен бастап, банктер сіздерге
шотында 500 доллары бар кредиттік карталар
жібере бастайды», дейді Калаир. «Адамдар
оларды қолдана бастайды және қарызға
кіреді. Сондықтан да алдын ала төленген
картадан бастаған дұрыс».
100 доллардан аса сомаға сатып алу барысында,
карта иелеріне 1% қолма-қол ақша қайтарылады.
Одан өзге, картаның көмегімен Etihad Airways
(БАЭ) авиакомпаниясының авиабилеттерін
броньдау барысында 10% жеңілдік алуға
болады [14].
Астанада маусымның 7-9-шы жұлдыздарында
«Жаһандану: өзара байланыс, бәсекелестік,
жан жақты сратегиялық
14-15 наурызда Астана қаласында
2-ші исламдық қаржы жөніндегі
Қазақстандық конференция
Бүгінгі таңда ислам банктерінің жалпы активін 1 триллион долларға, ал жылдық өсу жылдамдығын 10–15% бағалап отыр. Standart&Poors рейтингтік агенттігі ислам банктерін жоғары табыстылар қатарына жатқызып отыр. Онымен қоса ислам банктерінің қызмет ету аясы мұсылман елдерімен шектеліп қалмайды: осындай қаржылық институттар Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Босния, Жапония, Үндістан секілді мұсылман емес елдерде кеңінен тараған. Барлығы 80 жуық елді қамтиды. Сонымен қатар, шариғат нормаларына сәйкес қызмет ететін исламдық терезелердің де аясы кең. Мысалы, HSBC, DeutscheBank, Calyon, Citibank, Standard Chartered, BNP Paribas, ING bank, Chaise Manhattan Bank, Goldman Sachs, The Nomura Securities, JP Morgan, Lloyds TSD секілді танымал банктер өздерінде исламдық бөлімшлер ашқан. 2011 жылдың 14-15 наурызында Қазақстанда өткен ислам қаржы аясындағы екінші конференцияда (Kazakhstan Islamic Finance Conference — KIFC 2011) негізгі мәселе болып, Қазақстан және ТМД елдерінде исламдық қор нарығын дамыту болатын. Ислам қаржы моделіне деген үлкен сұраныс пен қаржы дағдарысы кезіндегі тұрақтылығы оның халықаралық экономика тәжірибесінде берік орналасуына үлкен септігін тигізді. Ислам қаржыгерлерінің едәуір инвестициялық потенциалы бар және Қазақстан Республикасының инвестициялық белсенділігін көтеруге және ҚР Президентінің жасап жатырған инвестициялық жағымды климатына қызығушылық білдіруде. Биылғы 2011 жыл айтарлықтай халықаралық оқиғаларға толы. Айта кететін болсақ, Астаналық Экономикалық Форум 2011 жыл 3-4 мамыр, Ислам экономикасы аясындағы бүкіләлемдік форум (WIEF) 2011 жыл 7-9 шілде, ең бастысы ИКҰ төрағалық етуі 2011 жылдың шілде мен 2012 жылдың мамыр аралығы. Барлық аталған іс шаралар ТМД елдері арасында Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі тұрақтанып, ислам қаржы жүйесін дамытуда үлкен жетістіктерге жетіп келе жатырғандығын білдіреді. Қазақстан ҮИИБ стратегиясын жүзеге асыруда тікелей шетел инвестициясын, соның ішінде ислам инвестициясын тратуды көздейді. ҚР примьер министрі Кәрім Мәсімовтың айтуынша ислам қаржысы ҮИИБның қаржыландыру көздерінің маңызды кілті болу керек, сол себепті ислам елдерінің бизнесмендерін осы бағдарламаны жүзеге асыруға шақырған болатын. Бұл өз кезгінде Қазақстанды ислам қаржысы нарығына тереңірек енуге үлесін тигізеді. Сауда және индустрия министрі Әсет исекешевтің пайымдауынша 5-10 жыл аралығында шамамен $10 млрд. сомасында қаржы тартпақ. Ислам Даму банкінің бағалауынша Қазақстанның ислам бағалы қағаздар нарығы $1 млрд. саяды. Болашақта бұл көрсеткіш $20 млрд жетеді деп болжануда. Мысалы, Еуропаның консервативті мемлекеттерінің бірі Люксембургте $40 млрд сомасында 16 сукук шығарылған. Бұның өзі біздің ел үшін де тиімді екенін білдіреді.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ислам банкинг жүйесі тиімді қызмет етіп, активтерін жылдае жылға өсіріп жтатқанына қарамастан, бірқатар қиыншылықтарға жолығып отыр. Осы мәселердің алдын алу мақсатында төмендегідей ұсыныстарды жасаймыз:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы