Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 14:30, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның қаржы жүйесінің ислам қаржы жүйесімен байланыстарын анықтап, болашақтағы еліміздегі ислам банкингінің даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
• ислам қаржы жүйесінің пайда болу тарихын анықтап, ерекшеліктерінің мәнін ашу;
• әлемдік деңгейде ислам банкингінің даму жағдайын талдап, Қазақстандағы даму мәселелерін қарастыру;
1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
1.1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы
1.2. ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
1.3. Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары
Кесте 21. ҚР-нда ислам банкингін дамытудағы мәселелері мен шешу жолдары
Мәселелелер |
Салдар |
Шешу жолдары |
Республикамызда бір ислам банкі, бір ислам брокерлік компаниясы және бір ислам сақтандыру компаниясы бар |
Олар Қазақстан нарығында |
Боашақта тағы да ислам банктері мен басқа да ислам қаржы ұйымдарын ашу қаржылық тетіктерді өзге отандық банктер де меңгеруі тиіс. |
Ислам қаржы нарығында |
Ислам банкингі бойынша профессионалдардың аздығы, оны әрі қарай жетілдіруде кідірістер мен шиленістерге кезігуі мүмкін |
ЖОО-да ислам қаржылары бойынша арнайы мамандықтар ашып, ислам банкинг жүйесінің қыр – сырына үйрету, курстар жүргізу |
Бөлшек сауданы қаржыландыруға көшу |
Әлі де болса, салықтық, тіркеу секілді мәселер кедергі болып отыр |
ҚР-ңың құқтық- нормативті актілерін бөлшектік ислам қаржыландыру мәселелеріне байланысты қайта қарастыру |
Ислам бағалы қағздарының эмитенттерінің шектеулігі |
Ислам бағалы қағаздарына отандық қарапайым компаниялардың толыққанды қол жеткізе алмауы, отандық биржада кеңінен тарай алмауы |
ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу |
Ислам қаржыларын басқару механизмі, қадағалау мен жаңа салық салудағы қиыншылықтар |
Ислам банктері мен олардың өнімдерін жасауда шығындарды көбейтеді, сапасын төмендетеді |
ҚР-ның заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізе отырып, олардың дамуына қолайлы климат қалыптастыру |
Ислам банкингі туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, тұрғындардың ислам қаржылары туралы сауаттылығы деңгейінің төмендігі |
Ислам банкингіне деген сенімді төмендетіп, олардың дамуына кедергі жасауы мүмкін |
Баспасөз көздерінде ислам банкингі туралы мақалаларды көбірек оналастыру, қарапайым тұрғындар арасында тренингтер өткізу, жарнамалау |
Автормен құрастырылған |
Қорытынды
Исламдық қаржылар – бүкіл әлемде қаржылық қызметтің альтернативалық және ұзақмерзімді қаржы қызметінің бір түрі деп қарастырылады. Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы ислам қаржысына деген қызығушылықты арттыра түсірді. Қазіргі таңда Қазақстанда Әл – Хилал ислам банкі, «Фаттах Финанс» брокерлік компаниясы және «Такфул» исламдық сақтандыру компаниялары қызмет етіп келеді. Эксперттердің айтуынша ислам банкингінің маңызды плюстарының бірі – әлем қаржы дағдарысына тұрақтылығы. Постдағдарыстық периодта да ислам банктері артықшылық өтімділігін көрсетіп отыр. Ислам қаржыларының тұрақтылығының себебі – тәуекелдер мен табыстарды қатысушылар арасында әділ бөлісу. Яғни, екі тарап та жобаның табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығына бірдей жауапты болады. Ислам қаржысының принцпі сенімге, шындыққа, анықтылыққа және қатысушылардың трансперантті қатынастарына негізделген, ал ол кезегінде дәстүрлі банктердің алдындағы артықшылықтары болып табылады.
Ислам қаржы жүйесі өзінің қызмет ету принцптерін Құран мен Суннадан алады. Бұл киелі кітаптарда қаржы жүйесіне мүлдем пайызға рұқсат бермейтіндіктен, рибаға шектеу (пайыз) – әділетті әрі тепе – тең қаржы жүйесін қалыптастыру үшін ислам қаржыгерлерімен ойлап қарастырылған маңызды бөлігі болып табылады. Ислам тарихының сонау кезінде мұсылмандар тұтынушының қажеттілігін қанағатандыруда және өндірісті қамтамасыз етуде ресурстарды мобилизациялау үшін пайызсыз қаржы жүйесін пайдалана алатын болған. Сонымен қатар ислам қаржы жүйесі тек қана мұсылмандар емес, христиандар мен еврейлер арасында кең етек жайды. Экономикалық дағдарыс кезінде дәстүрлі банктердің осалдығын көрсеткен Қазақстан Республикасының экономикасы үшін баламалы қаржы жүйесіне қажеттілік туындаған болатын. Сол кезеңдерде дағдарысқа былқ етпеген ислам банкингіне біздің тарапымыздан қызығушылық артып, елбасымыздың арнайы тапсырмасымен экономикамызға ислам қаржы жүйесін енгізіп, одан әрі дамуына қолайлы климат жасалған болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ислам қаржы индустриясы экономикамызда дамып келе жатырған ең жас сала болса да, қазіргі таңда екі ислам банкі мен ислам брокерлік компаниясы қазақстандықтарға өз қызметтерін көрсетіп жатыр. Міне, исламдық банк жоғарыда жалпы айтып өткендей қаржы құралдарымен жұмыс істейді, ешкімнің қолына ақша ұстатып жібермейді. Дағдарысқа тап болмастан бұрын елдің бәрі банктерден несие алып, қарызға батқан болатын. Сондықтан қарызы бар адамдардың көпшілігі исламдық банктер келсе, пайызсыз несие алып, біздің банктерден алған қарызын жауып тастауды ойлаған болатын. Өкінішке орай ондай тегін ақша еш жерде жоқ. Исламдық банктің жалпы экономиканы сауықтыруда үлкен маңызы бар. Біздің банктеріміз несие көлемін арттыруда бір-бірімен жарыса отырып, нарықта спекулятивті ақшаны көбейтіп жіберген болатын, бұның салдарынан тұрғын үй бағасы дағдарысқа дейінгі жылдары үнемі қарқынды түрде өскен болатын. Қолында бос ақшасы барлардың көпшілігі ақшаларын не банктердің депозиттеріне салды, не болмаса тұрғын үйлерге салды. Себебі, нарық ол инвесторларға басқа балама инвестиция құралын ұсына алмаған болатын. Ал шариғат нормаларынан бастау алатын ислам қаржы жүйесі қазіргі таңда әрі сенімді, әрі тұрақты дамып келе жатырған сала болып табылады. «Банк және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Салық қодексі» секілді заңдарға, сонымен қатар исламдық қаржыландыруға қатысты басқа да нормативті-актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізгеннен кейін елімізде ислам банкигінің дамуына құқтық жағдай жасалған болатын. Қазақстан постсоветтік елдер арасында исламдық банкинг үлгісін ғана емес, сонымен қатар классикалық және ислам қаржы жүйелерінің үйлесімді форматын ұсынып отыр. Қазақстандағы ислам банкингінің ұзаққа созылмаған тарихы жүйелердің өзара бейімділігі жаман емес, аталмыш антоганизм жоқтығын көрсетеді, бірақ та ислам банкингін алдағы уақытта дамыту мәселелері мен бірқатар сұрақтарды қарастыру керек. Алматы қаржы орталағы байланыс және ақпарат, қаржы, индустрия және жаңа технология, сыртқы істер министрліктерімен, Қаржы қадағалу агенттігімен, мемлекеттік қызмет ісі агенттігімен, сонымен қатар Ұлттық банкпеннен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға арналған исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша келісіп жүзеге асыратын іс – шаралар жоспарын мақұлдау» бұйрығын қабылдады. Құжаттар пакеті «Жол картасы» атауына ие болды. Ол инвестиция тарту, ислам қаржы құралдарын енгізу мен дамыту, ислам қаржы институттарын тарту мен ашуға қызығушылық білдірген мемлекеттік органдармен координацияланған іс – шараларды қамтиды. . Қазіргі уақытта “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ Al Hilal-мен бірлесіп ҮИИД бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаны қаржыландыру мәселелерін қарастыруда. 2011 жылы Қазақстанға $400-500 млн шамасында ислам қаржылары тартылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша 1
«Fattah Finance» брокерлік компаниясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында төмендегі категориялар бойынша аккредиттелген:
Қосымша 2
2-ші Астаналық экономикалық форум «Жаһанды тәуекелдер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі»
Астана қ., 11 наурыз 2009 жыл
Ислам банкингін енгізудің өзектілігі
Ислам қаржы жүйесін ұйымдастыру және ислам банктерінің қызметі мен ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР заңы
Елбасысымыздың 2008 жылы 24 сәуірдегі «Қазақстандағы ислам қаржы құралдарын енгізу және дамыту бойыша іс-шаралар қабылдау туралы» тапсырмасы бойынша жасалды
Қабылданды 12 ақпан 2009 жыл
Заңнаманың негізгі мақсаттары:
«ҚР банк және банк қызметі туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бағытталған:
«Бағалы қағаздар туралы» ҚР-ның заңнамасына енгізілген толықтырулар мен өзгертулер анықтайды:
Қазақстан Респбликасының Салық Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар анықтайды:
Қосымша 3
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы