Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 18:59, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның факторларын толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
инфляцияның мәні мен пайда болу себептері қарастыру;
инфляцияның даму факторларын анықтау;
КІРІСПЕ 4
1 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері 6
1.2 Инфляцияның түрлері 7
1.3 Инфляцияға әсер ететін факторлар 8
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 11
2.1 Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляция 11
2.2 Азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі 13
2.3 Қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері 17
3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25
ҚОСЫМШАЛАР 26
5. Өндірістің төмендеуі және т.б.
Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының тұжырымдамаларын инфляцияның әр түрлі себептері қарастырады.
Сұраныс инфляциясы біріккен сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол біріккен сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.
Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған бағаға тәуелді (жалақы, шикізат, материалдар және т.б.)
Орташа жылдық бағаның жанама өсім қарқынына байланысты баға былай бөлінеді:
1. Бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция - әдетте ол жылына 10%–дан артылмайды.
2. Жай шоқырақ инфляция – жылына 200% -ға дейін.
3. Гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.
Пайда болу түріне байланысты инфляция ашық және жабық (басыңқы) болып ерекшеленеді. Ашық инфляция – ортақ баға деңгейінен биіктігінің көрнекі көрінісі болып табылады. Жабық инфляция мемлекеттің тұрақты бағасының мүмкіндігінше табанды және «ресми» биіктемейтін орталықтандырылған экономикасына тән.
Әдетте, экономикада сұраныстың өсуi бағаның, жалақының, жұмыспен қамтудың, өндiрiстiң нақты өсуiне әкеледi. Осы үдеріс шығындар инфляциясы түрін алуы мүмкiн, ал шынында, шығындардың өсуi сұраныстың күштi ықпалы арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның бейнесi екi түрi де бiр мезгiлде жүрiп отырады және бiр-бiрiне әсер етуіде болады.
Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруi мынадай жағдайларға әкелiп соғады: ұзақ мерзiмдiк аспектiде - өндiрiлген өнiмдердiң саны өндiрiс факторларының шығындарымен және қолданған технологиямен белгiленедi; өндiрiстiң номиналдық көлемi және инфляцияның қарқыны ақшаның ұсынысымен белгiленедi. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында байланыс барын (көбiнесе асинхрондық) дәлелдейдi. Қазiргi заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуiне байланысты өсуiне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесi.
Инфляция ашық және басынқы деп ажыратылады. Бiрiншiсi – бағаның өсуi, екiншiсi – тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейдi, бұл СССР-да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуiнде баға көтерiлмейдi бұл нарық шартына сәйкес және тепе-теңдiктен төмен болады. Содан тапшылық пайда болады. Тапшылық көлеңкелi экономиканы тудырады.
Қажет тауарды iздеуде сатып алушы сатушыға қажетiнен көп төлеп, бұдан ақша өндiрiстi айналып өтiп, саудада шоғырланады. Сосын өндiрушiлерде тауар өндiруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейедi.
Ашық инфляцияны жiктеу үшiн бiрнеше белгi қажет:
Бiрiншi белгi тұрғысынан баяу инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгередi, әдетте жылына 10%, секiрмелi, мұнда бағаның өсуi жылына жүздеген процентпен өлшенедi; Гиперинфляция, мұнда бағаның өсуi 1000%–н жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.
Екiншi белгi тұрғысынан инфляцияның екi түрiн ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты өзгермейдi, ал тең емес инфляцияда –әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты үнемi өзгерiп тұрады.
Үшiншi белгiден күтiлетiн және күтiлейтiн инфляцияны бөледi. Күтiлу факторы инфляцияның салдарынан бiлiнедi. Егер фирмалар мен халық келесi жылы баға 5 есе өсетiнiң бiлсе, онда тиiмдi нарық жағдайында олар келесi жылы өздерiнiң тауар бағасын 5 есе көтередi және ешкiм күтiлетiн инфляциядан зардап шекпейдi. Ал күтiлмейтiн инфляция жағдайында бағаның 10%-ке өсуi экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Инфляцияны сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екi түрге бөледi.
Сұраныс
инфляциясында сұраныс пен
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндiрiс шығынының өсуiне байланысты, бағаның өсуi. Бұның салдары жалақының өсуiне және энергия мен шикiзатқа бағаны көтередi.
Шығынның өсу қайнар көздерi және экономика дисбалансының факторлары:
1. Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсiредi, бұл фирманың қызмет көрсетуiн жоғары бағамен төлейдi және несие-қаржылық механизм жолымен жүргiзiледi.
2. Кәсiподақтар. Олар жалақының өсуiн талап етедi, бұдан шығын да өседi, одан кейiн баға өседi, сосын – жалақы ставкасына жаңа өсiмi қайталанады. Нәтижесiнде «инфляциялық серiппе» пайда болады.
3. Iрi фирмалар. Олардың монополиялық жоғары
баға қоюға мүмкiндiктерi бар және инфляциялық
процеске мүмкiндiк туғызады. Әлемдiк экономикалық
әдебиетте осы үш факторды инфляциның
басты себептерi деп атайды.
Инфляция факторларын келесі түрде топтастырайық:
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторын себептерiн айыра бiлу қажет. Iшкi факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестiгінiң бұзылуы, экономиканың циклдың дамуы, өндiрiстi монополизациялануы, инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, Әлеуметтiк – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының дағдырысы – бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Дүние жүзiлiк құрылымдық дағдырыстар шикiзат, энергетика, валюта дағдырыстары, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығаруға инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көп факторлы үдеріс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы алшақтықтың көрiнiсi.
Инфляцияның iс – әрекетiң қаржы мәселерін байланыстырып отыру қажет, өйткенi инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелдi болып келедi:
Нарықтық экономика кезiнде қаржы инфляциялық үдеріске бiрқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етедi, инфляциялық тенденцияларды күшейте түседi.
Бiрiншi фактор – мемлекет шығыстарының өсуi, бұл ерекше төлем алушылық сұраныстың артуын жеткiзедi, сөйтiп тiкелей баға белгiлеуге әсер етедi. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерiлуiне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюiне соқтырады, ал оның кiрiстерi, ең алдымен, салық түсiмдерi қажеттiлiктен артта қалып қояды. Бұл сөзсiз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екiншi фактор – табысқа, пайдаға салынатын салықтың көбеюi. Салықтың едәуiр бөлiгi баға механизмi арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерiлуiнiң басты себебi болады.
Үшiншi фактор – бюджеттердiң ұзақ уақытты тапшылықтары өндiрiстiк емес шығындардың неғұрлым өсуiмен байланысты. Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерiстерге ұшырады.
Инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсiмдерiн арттырудың қажеттiгiн тудырады және инфляциялық үдеріс мемлекеттiң берешегi мәселерін шиеленiстiредi.
Сөйтiп, қаржы мен инфляция өзара тәуелдi болып келедi. Қаржы инфляциялық үдерістердің тездеткiшi бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етедi.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі - баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуды талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Айталық, Батыс Еуропада екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауалардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың қүшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықпен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздікті (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҮӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жағары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер
Инфляция
экономикадағы сәйкессіздікті күшейтеді,
ұзақ мерзімді инвестицияларды
Мұның үстіне инфляция халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінен қоғамдағы әлеуметтік қауырттықты күшейтеді, ұсақ және орта өндірушілер мен кәсіпкерлер күйзеледі.
Инфляциямен күрес және арнаулы инфляцияға қарсы бағдарламаны әзірлеу экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.
Мұндай
бағдарламаның негізінде
Өнеркәсібі
дамыған елдерге жылжымалы