Бағалы қағаздар құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 18:59, реферат

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның факторларын толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 инфляцияның мәні мен пайда болу себептері қарастыру;
 инфляцияның даму факторларын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері 6
1.2 Инфляцияның түрлері 7
1.3 Инфляцияға әсер ететін факторлар 8
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 11
2.1 Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляция 11
2.2 Азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі 13
2.3 Қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері 17
3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25
ҚОСЫМШАЛАР 26

Работа состоит из  1 файл

Курсовая по каржы.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

     Инфляцияға  ықпал етудiң ең түбегейлi экономиканы  мемлекеттiк реттеу шеңберiнде баға мен жалақыға бақылау қою болып  табылады. Баға мен жалақыны реттеудiң  ауқымдарын таңдау қысқа мерзiмдi саясат бағдарламаларында айқындалады  және кеңiнен инфляция деңгейiне, өндiрiс қарқынына, халықты әлеуметтiк қорғаудың қажеттiлiктерiне қарай түрленiп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикiзат, отын, басқа бастапқы өнiмдердi өндiруде бағаны реттеудi жүргiзудiң маңызы зор. Олардың құны келесi техногиялық шектердiң өнiмi бағасының бүкiл пирамидасының негiзiне қойылады.

     Жалақыны  реттеу бастапқы (қол жеткен )деңгейден  еңбек өнiмдiлiгiнiң нақтылы артуына  қатаң байланыста жүзеге асыралады, өйткенi номиналды жалақы ставкасының еңбек өнiмдiлiгi өсуiнiң қарқынынына тең өсiмi өзiнiң сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

     Сыртқы  экономикалық қызметтi қамтып көрсететiн  төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын  байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдiкке жетуге қатысты болады.

     Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен  қызметтерге iшкi сұранымды отандық  тауарлар  мен қызметтерге ауыстыру есебiнен, сондай-ақ сыртқы сұранымға  қарағанда экспорттық өндiрiстiң икемдiлiгiн арттыру есебiнен жету керек. Бұған реалистiк деңгейде валюта бағамын белгiлеу саясатын жүргiзу, инфляциялық серпiлiс кезеңiнде сауда және валюталық шектеулердiң ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы эконоомикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетедi.

     Сөйтiп  инфляциямен күрестiң негiзгi нысандары  ақша реформалары және инфоляцияға  қарсы саясат болып табылады.

     Ақша  реформасы – ақша айналысын ретке  келтiру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргiзiп отырған ақша жүйесiн толықтай немесе iшiнара өзгерту. Ақша реформасы елдiң экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздандану дәрежесiне, мемлекет саясатына қарай түрлi әдiстермен (нөлдендiру, қалпына келтiру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.

     Өршiмелi инфляциямен күрестiң айрықша нысаны – естен тандыру терапиясы.

     Оның  мәнi – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркiн бағаларды белгiлеуде. Бағаларды реттеуден бас тартуда  және осылардың нәтижесi ретiнде  – халықтың тұрмыс дәрежесiнiң төмендеуiнде болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорытындыға келгенде, өтпелі экономикадағы инфляция – көптеген факторлардың, байланыстардың, заңдылықтардың тығыз шиеленісінде дамитын күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Инфляцияның басты себебі нарықтық инфрақұрылымдар, бәсекелестік, экономика монополияланған жағдайда тауарлар мен қызметтерге бағаны босату болып табылады. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс құрылымындағы жүйелі үйлесімсіздік, өндірістің құлдырауы, төлем дағдырысы, инвестициялық белсенділіктің шұғыл төмендеуі, ұлттық валютаға сенімсіздік, бюджеттік дағдарыс, соның бәрі инфляцияның міндетті элементтеріне айналады. Мұндай жағдайда экономиканы реформалаудың универсалды монетаристік үлгілерін қолдану, инфляцияны тек ақша массасын шектеу арқылы тежеу әрекеттері дұрыс емес екендігін іс-тәжірибе.

     Қазіргі жағдайда нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде инфляция бірінші дәрежелі мәселе емес. Бұл елдерде (Жапония, Гонгонг, Тайвань, Германия, т.б.) алаңдатып отырған жағдай инфляцияның өте төмен деңгейі, тіпті жоқ болуы. Нәтижесінде бұл елдердің экономикасының даму қарқыны бәсеңдеп отыр. Бұның бірнеше себебін келтіреді:

  • әлемдік экономиканың циклдік дамуы; 1980-1992 жж. әлемдік   экономикалық дағдырыстан кейінгі ұзаққа созылған тоқырау және осыған байланысты жұмыссыздық, тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуі;
  • еңбек өнімділігі серпінінің артуы және тауар нарығындағы бәсекелестік күрестің шиеленісуі жағдайындағы өндіріс шығындарының төмендеуі, осыған байланысты монополиялардың бағаны көтеруіне шек қойылуы;
  • бюджет тапшылығының және банкілердің кредиттік экспансиясының төмендеуі, осының әсерінен инфляцияның ішкі нарыққа ықпалының әлсіреуі.

     Алайда  инфляцияны толығымен жеңілді деп  айту әлі ерте. Ол экономикасы бәсекеге қабілеттілігі төмен, өндірісінде  құрылымдық үйлесімсіздік бар, шикізат секторындағы өнімнің қосымша құны төмен, нарықтық инфрақұрылымы жетілмеген елдердің экономикасының өсуіне және тұрақтануына әлі де қауіп төндіреді. Қазіргі заманғы инфляцияны қоғамдағы қайта жанданудың қарама-қайшылықтарын шешудің нәтижесі және тәсілдері деп айтуға болады. Инфляция мен нақты экономиканың өсуінің арасындағы қатынас оң, бір-біріне сәйкес болу үшін экономикада терең өзгерістер жүргізу қажет. Ол үшін өндірістің үлестік шығындарын едәуір азайту қажет, технологияны жаңартуды жеделдетіп, жаңа маркетинтік идеяларды жүзеге асыру арқылы халықтың табысын көбейтуге, тауарлар мен қызметтердің бағаларының төмендеуіне жағдай туғызу қажет.  

       Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, инфляцияға қарсы саясаттың   теориялық негіздері туралы жазылған.

     Екінші  негізгі бөлімінде инфляцияға қарсы  саясат және Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы айтқан. Оның ішінде азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляциясы, азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі және қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері көрсетілген. Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляциясында экономиканың нақты секторының барлық салаларында бағалардың өскені байқалды. Ал азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның бағаларының  өсім қарқыны тіркелді. Қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері көбінесе бағалар өсті.

     Үшінші  бөлімінде, инфляцияға қарсы саясаттағы мәселелер және оны шешу жолдары  туралы жазылған.

     Курстық жұмыста Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат және мәселелерді шешу жолдары туралы жазылған. Қазіргі кезде нарықта көптеген инфляцияға қарсы саясаттар жүргізіледі.

     Қорытындыласақ, осы жұмыста кіріспеде белгіленген  мақсатқа қол жеткізілді, аталған  міндеттері орындалды. Белгілікті нәтиже шығарылды және де соның негізінде кірістерді  арттыру үшін қажетті ұсыныстар мен шаралары зерделенді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
  1. Мақыш С.Б.  Ақша айналымы және несие - Алматы, 2005
  1. Жаналинов Б.Н. Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясат - Алматы, 2006
  1. Жаналинов Б.Н. Инфляция және Қазақстан Республикасында  инфляцияға қарсы саясат - Алматы, 2007
  1. Ержанов М.С., Нурумов А.А Финансовая отчетность казахстанских предприятий - Алматы, 2007
  1. Өтебаев Б. С.  Мемлекеттік бюджет - Алматы, 2006
  2. Молдакулова Г. М.  Международная  экономическая статистика - Астана, 2008
  3. Джандосов У.А. Денежно-кредитная политика и экономическое развитие Казахстана - М, 1997
  4. «Aймақтағы бағалар» статистикалық жинақ - Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті, Петропавл, 2009
  5. Банк ісі және Банк операциялары: Нормативтік актілер жинағы. Алматы: ЮРИСТ, 2004
  6. Ақша, несие, банктер: Ғ.С. Сейтқасымов – Алматы: 2007 жыл – 478 бет.
  7. Баймұханова С. Б., Қаржылық есеп: оқулық, Алматы: Экономика, 2007.
  8. Назарова В. Л., Басқару есебі: оқулық, Алматы: экономика, 2005.
  9. Ілияс А. Ә., Сәулембеков Ә. Қ.: Төлем жүйесі: теория және практикасы, оқу құралы Алматы: экономика, 2007.
  10. «ҚР-ң Ұлттық банкі туралы» заңы. 1995 жыл.
  11. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. - Алматы: Экономика, 2008. – 328 бет.
  12. Г.Кеңес «Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері»// «Қаржы – қаражат» журнал, 2011, №1.
  13. Міржакыпова С.Т. Қазақстан Республикасында банктік есеп беру : Оқулық. Ч.1/  Н.К. Мамыров редакциясында. Алматы: Экономика, 2002.
  14. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». Алматы -2009 ж., 126 бет
  15. Гүлжихан К.К. «Қолма-қолсыз есеп айырысулардағы жаңа құбылыстар және ақшаның әртүрлі нышандарының ақша айналымындағы бәсекелестігіне олардың әсері»// «Қазақстан банктері» журнал 2006, №6.
  16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы 2006 жыл, 445 бет
  17. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2005 жыл, 154 бет.
  18. Саниев М.С. “Ақша. Несие. Банктер.” – Экономика және статистика интситуты, Алматы 2006 жыл.
  19. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2006 жыл, 385 бет
  20. Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы 2006 жыл, 365 бет.
  21. Сапарова Б.С. «Қаржылық менеджмент» – Алматы 2008 жыл, 848 бет.
  22. Ғабит Ж.Х., «Экономикалық теория» - Астана − 2008 ж.
  23. Тоқабаев Қ., «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты, инфляцияны ұстап тұру» - ҚазАқпарат, Астана 2006 жыл.
  24. Құлпыбаев С., Мельников В. Д., Қаржы негіздері: жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы, 2009.
  25. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» – Алматы 2006 жыл  – 478 бет.
  26. Сейдахметова Ф. С., Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі ережелері: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық., Алматы, 2001.
  27. Мамыров Қ.Н, Тілеужанова Ә.М. - «Макроэкономика», Алматы 2008 жыл.
  28. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. «Банк ісі» – Алматы 2004 жыл.
  29. Смайлова А.А., «Қазақстан 1991-2006 ж.» - Қазақстан Республикасының статистика басқармасы - Алматы 2006 жыл.
  30. ҚР ҰБ «Статистикалық бюллетені» №2 (147) Ақпан 2011.
  31. www.minfin.kz
  32. www.nurbank.kz
  33. www.afn.kz
  34. www.banker.kz
  35. www.nationalbank.kz

Информация о работе Бағалы қағаздар құқығы