Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

Техникалық қамтамасыз етуді  таңдау кезінде қолданылатын негізгі  критериилер: қауіпсіздік, баға, сапа. Несиелік бюроның сапалы қызметінің негізгі шарттары құпиялылықты сақтау. Сондықтан, мәліметтер базасының қауіпсіздігі, оны сырттан енушіліктен қорғауды бірінші орынға қояды. Баға – бұл  коммерциялық аспект. Әрине, қол жетімді  бағаға сапалы өнім алу жақсы болар  еді. Сапа – бұл бағдарламаны тез  және жылдам орнату. 

Ақпараттық ашықтық пен  қаржылық делдалдық тиімділігі арасындағы тікелей байланыс әлемдік тәжірибиеден белгілі. Потенциалды қарыз алушшы туралыы мәліметтердің жеткіліксіздігі  экономикада несиелік ресурстарды  бөлу процесіне теріс әсері бар. Экономикалық теорияда ақпараттың толық  еместігіне байланысты сұрақтар жақсы  зерттелген және бірінші кезекте  келесідей мәселелермен байланыстырылады: жағымсыз таңдау жасау (adverse selection) және ар-ұятсыз іс-әрекеттің тәуекелі (morol harald). Бірінші жағдайда банк қарыз  алушыларды олардың төлім қабілеттілігіне  байланысты бөлу мүмкіндігі болмағандықтан, несиелер бойынша орташа мөлшерлемелер  енгізуге мәжбүр болады. Сенімді клиенттер  берілген қаржыландыру шарттарын пайдасыз деп қарастырады да, нарықты тек  тәуекелділігі жоғары қарыз алушыларға қалдыра отырып, қарыз алуды тоқтатады. Соңғысы өз кезегінде, ақпараттың айқын  еместігінен несиеге алынған қаражаттарды саналы түрде басқару ынтасынан айырылған. Мұнда пайда болған ар-ұятсыз іс-әрекеттер қаржылық тұрақтылыққа үлкен қатер алып келуі мүмкін. Қаржылық емес сектордың жалпы жағдайының нашарлауы кезінде өсіп келе жатқан мөлшерлемелер сеніисіз қарыз алушылардың несиелер тартуын ұстап тұра алмайды. 

Қазақстан Республикасындағы  несиелік бюролар және несиелік тарихты  қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының  заңы.

Осы заң Қазақстан Республикасындағы  несиелік тарихты қалыптастырудың  құққықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін, несиелік тарихты және пайдалануышылар жүйесіне қатысушылардың құқықтық жағдайын анықтайды, несиелік бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктерін реттейді.

Осы заңда мынандай негізгі  ұғымдар пайдаланылады:

1) несиелік тарихтың деректер  базасы – Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген талаптарға  сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге  және ақпараттық процеске негізделген  несиелік бюроның ақпараттық  ресурстары;

2) ақпарат берушінің несиелік  тарихтың деректер базасын жасауға  және қорғауға қатысу жөніндегі  қызметі – ақпарат берушінің  осы Заңның талаптарына сәйкес  несиелік тарих субъектілерінен  алынған мәліметтерді рәсімдеу (өңдеу), сақтау және несиелік бюроға  беру жөніндегі іс-әрекеттер;

3) ақпарат беру және  несиелік есептерді алу туралы  шарт – осы Заңда көзделген  шарттарды және тәртіппен несиелік  бюро мен ақпарат беруші арасында  жасалатын шарт;

4) ақпарат – несиелік  тарихты қалыптастыру және оны  пайдалану жүйесіне қатысушылар  беретін құжат болған жағдайда  электрондық цифрлік қолтаңбамен  куәландыратын электрондық және  қағаз түріндегі жеткізушілердегі  несиелік тарих субъектілеріне  қатысты мәліметтер;

5) несиелік тарих –  несиелік тарих субъектілері  тураы ақапраттар жиынтығы;

6) несиелік бюро – несиелік  тарихты қалыптастыруды, несиелік  есептер беруді және өзге де  қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын  коммерциялық ұйым;

7) несиелік есеп – несиелік  тарихтағы ақпаратты толық немесе  ішінара беру нысаны;

8) несиелік есепті алушы  – несиелік есепті алуғы құқығы  бар тұлға;

9) ақпарат беруші –  несиелік ұйымға ақпарат беруші  жеке кәсіпкер немесе заңды  тұлға;

10) несиелік есепті беру  – несиелік бюроның тарихындағы  ақпаратты беру жөнінде қызмет;

11) жазбаша ұйғарым –  анықталған кемшіліктерді анықталған  мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы  міндетті түзету шараларын қолдану  туралы несиелік бюроға нұсқау;

12) несиелік тарих субъектілерінің  келісімі – Қазақстан Республикасы  заңында белгіленген талаптарға  сәйкес рәсімделетін, несиелік тарих  субъектілерінің өзі туралы ақпаратты  несиелік бюроларға беруге не  өзі  туралы несиелік есепті  басқа тұлғаларға беруге жазбаша  рұқсаты;

13) несиелік тарих субъектілері - өздеріне қатысты несиелік тарих  қалыптастырылытын жеке тұлға,  жеке кәсіпкер немесе заңды  тұлға;

14) уәкілетті орган –  қаржылық нарығы және қаржылық  ұйымдарын реттеу және қадағалауды  жүзеге асыратын мемлекеттік  орган;

15) шартты және ықтимал  міндеттемелер – орны жабылмаған  аккедитивтер, шығырылған немесе  расталған кепілдіктер, вексельдер  мен кепілгерліктер;

16) несиелік тарихты қалыптастыру  және оны пайдалану жүйесіне  қатысушылар - несиелік тарих  субъектілері, ақпарат берушілер,  несиелік бюролар, несиелік есептерді  алушылар;

17) несиелік тарихты қалыптастыру  – несиелік бюро осы Заңға  сәйкес ақпарат берушіден алған  ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, мониторинг жасау,  нақтылау және жаңарту жөніндегі  іс-әрекет немесе іс-әрекеттер  жинтығы.

Қазақстан Республикасындағы  несиелік бюролар және несиелік тарихты  қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен, осы заңдар мен Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтік құқықтық актілерінен  тұрады.

Осы Заң несиелік тарихты  қалыптастыру және несиелік есеп беру, несиелік бюроларды құру, олардың  жұмыс істеуі мен қызметін тоқтатуы, ақпарат берушілердің несиелік тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру  кезінде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданатын салаға жататын қатынастар осы Заңның реттелмеген  қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдардан  өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық  шарттың ережелері қолданылады.

Несиелік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына қағидаларыды ескере отырып жүзеге асырылады:

1)несиелік тарих субъектісі  келісімінің болуы;

2)барлық несиелік тарих  субъектілерінің теңдігі;

3)ақпараты, несиелік тарихтың  деректер базасын және ақпараттық  жүйені мақсатты пайдалану;

4)ақпараттың құпиялылығы;

5)несиелік тарихтың деректер  базасын және тиісті ақпараттық  жүйелерді қорғауды қамтамасыз  ету;

6)азаматтардың жеке өміріне  қол сұғылмауы, азаматтардың және  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғау.

Несиелік бюролардың қызметін және несиелік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды  уәкілетті орган жүзеге асырады.

Уәкілетті органның құзіретіне:

1) осы Заңға сәйкес  несиелік бюролардың қызметі  мәселелері бойынша нормативтік  құқықтық актілер қабылдау;

2) несиелік бюро қызметін  жүзеге асыру құқығына лицензиялар  беру;

3) Қазақстан Республикасындағы  несиелік бюролар және несиелік  тарихты қалыптастыру туралы  заңдарының сақталу мәселесі  бойынша несиелік бюро қызметіне  инспекциялау жүргізу;

4) Қазақстан Республикасындағы  несиелік бюролар және несиелік  тарихты қалыптастыру туралы  заңдарын бұзушылықтарды жою  туралы несиелік бюроларға жазбаша  ұйғарымдар жіберу;

5) несиелік бюроларға  (және олардың лауазымды адамдарына) санкциялар қолдану;

6)несиелік бюро қызметіне,  соның ішінде несиелік тарихты  қалыптастыруға байланысты мәселелер  бойынша жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау жатады.

Ақпараттандыру саласында  мемлекеттік саясатты іске асыру  және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілеттімемлекеттік орган осы  заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, ақпараттық қызметтер көрсету  нарығында ақпарат берушілердің, несиелік бюролардың және несиелік есептерді  алушылардың (несиелік тарих субъектілерін  қоспағанда) қызметін ұйымдастырудың ерекщеліктерін анықтайды және олардың  қызметіе бақылауды жүзеге асырады.

Несиелік бюролар Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасында  жеке және заңды тұлғалар бойынша  несиелік бюролар құрылады және жұмыс  істейді.

Несиелік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілетті  орган өзі белгілеген тәртіппен  береді.

Несиелік бюро қызметінің негізгі түрлері несиелік тарихты  қалыптастыру және несиелік есептер  беру болып табылады.

Несиелік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:

1)несиелік тарихты қалыптастыру  және оны пайдалану жүйесіне  қатысушылардың қызметін автоматтандыру  үшін пайдаланылатын мамандандырылңан  бағдарламалық қамтамасыз етуді  өткізу;

2)несиелік бюро қызметіне  қатысты арнайы әдебиетті және  өзге де ақпаратық материалдарды  өткізу;

3)несиелік тарихты қалыптастыру  және оны пайдалану жүйесіне  қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз  етуге байланысты консультациялық  қызметтер көрсету;

4)несиелік тарих субъектілерінің  несиелік қабілетін олар әзірлеген  әдістеме негізінде жүзеге асырылатындығын  бақылау;

5)маркетингтік және статистикалық  зерттеулер жатады.

Несиелік бюроның осы  бабында көзделмеген кәсіпкерлік  қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.

Лицензиат несиелік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу  үшін уәкілетті органға:

1)лицензия беру туралы  өтініш;

2)заңды тұлғаны мемлекеттік  тіркеу туралы куәліктің нотариат  куәландырған көшірмесі;

3)берілген тәртіппен мемлекеттік  тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының  нотариат куәландырылған көшірмесін;

4)уәкілетті орган несиелік  бюроның қызметін қамтамасыз  етуге қоятын шарттарға лицензиаттың  сәйкестігін растайтын құжаттар;

5)Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген лицензиялық  алымның төленгенін растайтын  құжат беруге міндетті.

Несиелік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы  жоғарғы баптардакөзделген соңғы  құжатты алған күннен бастап бір  ай ішінде қарауы тиіс.

Несиелік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден:

1)қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес субъектілердің  осы санаты үшін тыйым салынған  белгілі бір қызмет түрі жүзеге  асырылған;

2)осы Заңның 9-бабыында  көзделген талаптар сақталмаған;

3)өтініш беруге қатысты  оның қызметінің осы түрімен  шұғылдануына соттың тыйым салған  шешімі болған жағдайларда бас  тартылады.

Уәкілетті орган мынандай негіздемелердің бірі бойынша:

1)лицензиардың лицензияның  қолдануын тоқтата тұруына негіз  болған себеп жойылмаса;

2)лицензияның қолдануы  соңғы он екі ай ішінде бірнеше  рет тоқтатыла тұрса;

3)лицензиаттың жүзеге  асыру лицензиясы бар қызмет  түрімен айналысуына сот тыйым  салса;

4)лицензиаттың кәсіпкерлік  қызметі тоқталса;

5)лицензиат лицензия алу  кезінде жалған ақпарат берсе,  несиелік бюроның лицензиясын  қайтарып алу туралы арызбен  сотқа жүгінуге құқылы.

Несиелік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Несиелік бюро құқықтары:

1)ақпарат берушілермен  ақпарат беру және несиелік  есептерді алу туралы шарттар  жасауға;

2)ақпарат берушілерден  несиелік тарих субъектісінің  өзі туралы мәліметтерді несиелік  бюроларға беруге келісімін алғандығы  туралы растауды, сондай-ақ  несиелік  тарихты қалыптастыратын толық  әрі анық ақпарат беруді талап  етуге;

3)Қазақстан Республикасының  заңдарында айқындалған тәртіппен  филиалдар мен өкілділіктер ашуға;

4) Қазақстан Республикасының  заң актілерінде және осы Заңдарға  сәйкес жасалған шарттарда көзделген  өзгеде құқықтары болуы.

Несиелік бюроның міндеттері:

1)несиелік тарихты қалыптастыруды  жүзеге асыру;

2)несиелік тарих субъектілерісінің  келісімін алғаны туралы растау  болған кезде несиелік есептерді  беруге;

3)осы Заңдарда көзделген  жағдайларды қоспағанда, несиелік  тарихтағы ақпаратты ашуға жол  бермеуге;

4)егер алушыға берілген  несиелік есепте, несиелік бюро  қызметкерлерінің әрекеті немесе  әрекетсіздігі салдарынан, ақпарат  берушілер несиелік бюро берген  ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат  болмаған жағдайда, несиелік бюроның  ішкі құжаттарында көзделген  тәртіппен несиелік тарих субъектісіне  түзетілген несиелік есеп беруге;

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары