Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

-Банк қызметтерінің кең  гаммасы банк рейтінгіне,жоғары  беделіне оң әсер етеді және  банктің табыстылық базасын кеңейте  отырып,клиенттерді көп тарту.

Шетелдік тәжірибені зерттеу,әсіресе  кең территорияны алып жатқан біздің елімізде қолма-қолсыз есеп айырысуда  және ақша айналысын ұйымдастыруда біршама маңызды мәселелердің бар екенін көрсетті.Осы қолма-қол ақшаны банктер халыққа тұтыну несиесі түрінде беру.

Микроэкономикалық деңгейде де -«банк-клиент»деңгейінде бұл  мәселе банктің халыққа қызмет көрсетуінің  жаңа жүйесін құру.

Осы мақсаттарға жету үшін ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді  шешуді қажет етеді.Ірі шетел  банктері жылдық пайданың 20%-ын қызметтерін  автоматтандыруға жұмсайды.Сол арқылы қоғамдағы бәсекелестік қабілеттігін сақтайды.

Осы ұсынылып отырған мәселелерімді  сапалы түрде жүзеге асыру Қазақстан  Республикасы экономикасының қарқынды дамып,дамыған елдер қатарына қосылуына  алып келер еді[23.45б.].

 

 

 

3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалалаудағы ролі

Дамушы және экономикасы  өтпелі мемлекеттер үшін ақпараттық асимметрия мәселелері одан әрі ұшқыр  болып отыр. Қылмыстық экономиканың жоғарғы деңгейі, құқықтық институттардың тиімсіздігі, бизнесті жүргізу этикасының жетіспеушілігі ақпараттық институттарды  құру қажеттігін жоғарлатады. Мұндай институттарсыз банк жүйесін табысты қайта  құрылымдау мүмкін емес, оның мұндай сапалы сипаттамаларға  жетуі, банктік дағдарыс жүйесінің  пайда болу мүмкіндігін жоюға  әкеп соғады. Бірақ та корпоративтік  және банктік бизнес бұл елдерде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп  тұрса да, ұзақ несиелік тарихы бар  депайтуға болмайды.

Экономикасы өтпелі елдердегі  ақпараттық асмиттерия мәселелерін  шешу, ең алдымен несиелік бюроларды  құруға мүмкіндік туғызады. Мұндай институттарды Ұлттық банк (Қаржы  министрлігі) жанынан немесе банктік  ассоциацияның қамқорлығы негізінде  құру мақсатқа сай болады. Ұсақ жеке несиелік бюролар желілерін құруға жиі ұсынатын ойлар, несиелік тәуекелдер мониторингі жүйесін тиімді құруға, сонымен бірге осы пікірдің беделін  түсіруі әбден мүмкін. Несиелік бюроларды  құру кезінде, әрине заңдарда және тәжірибеде тұрғындардың құқықтары мен бостандықтары  үшін қорғаныш механизмдерін алдын  ала қарастыруы қажет[24.38б.].

Қарыз алушылар туралы әр түрлі  ақпараттарды шоғырландыратын және ерікті ынтымақтастық сипатында  болатын несиелік мәлілелер туралы ақпараттарды міндетті түрде тіркейтін  арнайы мемлекеттік мекемелер болуы  керек.

Ақпараттық асимметрия мәселерімен бірге әр түрлі саладағы немесе тұтас экономиканың жағдайы туралы ақпараттық деректер қорын шешуге көмектеседі. Экономикасы өтпелі бірсыпыра мемлекттерде орталық банктер корпоративтік кәсіпорындар бойынша деректер қорын статистикалық қаржы материалдары және күнделікті басшыларынан сұрау жүргізу негізінде жасалады.

Ұлттық рейтингтік агенттіктер құру мәселелері өте қажеттіліктен туындап отыр. Олардың дамуы атақты халықаралық рейтингтік агенттіктермен жақын ынтымақтастықта болған жағдайда ғана, сіре нәтижелі болады. Ұлттық рейтингтік агенттіктерінің капиталдарындағы соңғылардың қатысуы берілген бағыттағы оң қадамы болар еді.

Халықаралық тәжірибеде көрсетіп отырғандай, банктік сектордың мөлдірлігінің  жоғарлау ролін анықтауға қатысатын  монетарлық билік органдары, ең алдымен  Орталық банктер. Іс жүзінде барлық елдерде несиелік ұйымдардан Орталық  банктерге (қаржы және бухгалтерлік есептемелер, сонымен бірге ірі  несиелер, пайыздық мөлшерлемелер, әр түрлі банктік тәуекелдер туралы мәліметтер) ақпараттар жүйесінің ағымы  болады. Мұндай жүйеге несиелік бюро қызметімен байланысты ақпараттық ағымдарды біріктіру  оңай секілді. Бірсыпыра экономикасы  өтпелі елдерде Орталық банктер  осындай институттардың ұйымдастыруын  белсенді анықтап жатыр[25.176б.]..

Дегенмен, коммерциялық банктердің өздеріде ақпараттық асимметрия мәселелерін  шешуде шетте қалмауы тиіс, өйткені  олар ең мүдделі жақ болып табылады. Несиелік бюроларды банктік ассоциациялардың жанында құру, бұл оның ең келешек  жоспар екенін көрсетіп отырады.

Ақпараттық асимметрия мәселелерін  шешу үшін институционалдық қоры –  экономикасы өтпелі елдердің қаржы  қауіпсіздігінің қажетті элементі, сыртқы жағымсыз әсерлерден орнықты  банк жүйесін құруға көмектеседі.

Қазақстан басқа көптеген нарығы дамып келе жатқан елдердегідей қаржы ынтымақтастық саласында, әсіресе төмен рентабельдік кәсіпорындар мен шаруашылықтардағы және залалдардың  жоғарғы үлес салмағы бар салаларда, оларға маңызды деңгейде ауыл шаруашылықтарды  жатқызуға болатын ақпараттық асимметрияның  ықпалын жақсы сезінеді. Осындай  түрдегі ақпаратың басымдығы  едәуір банктік тәуекелді басқарудың қиындатады.

Қазіргі уақыта несиелік бюроның  ұйымдық-құқықтық формасының екі негізгі  бағыты қалыптасқан:

- несиелік бюро не Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  жанында, не оның шешуші қатысуының  арқасында құрылады. Ұлттық банктің  несиелік тіркелім жүргізу бойынша  нақты тәжірибесінің бар екендігі  белгілі.

- несиелік бюро өзалдына  коммерциялық немесе коммерциялық  емес түрде құрылып отыр. Бұл  үшін Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкісінің көмегі жақсы  болар еді. Сонымен бірге, бұл  ұйымның жарғы капиталына мемлекеттің  қатысуы әбден мүмкін.

Бірінші түрінің пайдасы  үшін негізгі дәлелдерін Ұлттық Банк қадағалап қарайды:

-барлық несиелік ұйымдардың  қызметін бақылауды қамтамасыз  ететін орталық аппарат бөлімшелері  мен аумақтық мекемелерді біріктіретін  құрылыммен қамтылған;

-кең спекторлы сұрақтар  бойынша несиелік ұйымдардың  қызметі туралы есептемелерді  алуға заң жүзінде уәкілетті;

-республиканың барлық  аймақтарын біріктіретін және  электрондық түрдегі ақпараттарды  үлкен көлемде жеткізетін және  өңдейтін, сонымен қатар алуға  рұқсат беретін, мәліметтер қорын  басқару бойынша шешімдерді қабылдау  және қамтамасыз ететін бірегей  дамыған телекоммуникациялық жүйесі  бар.

Бірінші кезеңде несиелік бюроның қызметін қамтамасыз ету  үшін Ұлттық Банк басқармасы бекіткен қазіргі заңдарына қандай да бір  қосымшалар мен толықтырулар енгізуді талап етпейтін несиелік ұйымның  есептемелерін пайдалану жеткілікті. Ақпараттың дұрыстығына бақылау  жүргізу несиелік портфельдің жағдайын тексеру және дистанциялық қадағалау  жолы арқылы қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге, Ұлттық банктің  жанында несиелік бюроны ашудың өзіндік  кемшіліктері бар. Біріншіден, Ұлттық банк банктік қадағалау органы болып  табылады. Несиелік портфельдің сапалылығы туралы ақпараттарды ашу жағдайларының  қатарына қарыз алушының құрамы және нақты алынған несиелік ұйымның  клиенттердің адал емес бәсеке мақсатында үшінші жақ пайдалануы мүмкін, бұл  Ұлттық банк жүйесін және толық мемлекеттің  тұрақтылығын қамсыздандыру бойынша  шешімдеріне қарсы келеді.

Осыған байланысты көп  еңбекті және ұзақ мерзімді, бірақ  өте реалистік бағыт несиелік бюроны не коммерциялық, не коммерциялық емес ұйым ретінде құруға негізделген. Бұл құрылымның құқықтық нысаны акционерлік  қоғам (ашық типтегі), не коммерциялық емес серіктестер, не болмаса, қоғамдық ұйымдар бөлімшелерінің құрылымы (банктер  ассоциациясы, консалтингтік фирмалар, рейтингтік агентіктер және т.б.) болуы  мүмкін. Мұндай бағыт қосымша уақыт  шығындарымен кездессе де, көбінесе экономиканың жұмыс істеуі мен біршама елдер  тәжірибесінде нарық қағидаларына жауап береді. Бұл жағдайда Ұлттық банктің қолдауы тиісті ғана емес, сонымен қатар өте қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  несиелік ұйымды ұйымдастыру арман  емес, ақиқат болып табылады. Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің № 18 17.01.2003 ж. Бұйрығына сәйкес «Несиелік  бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заң жобасын өңдеу  бойынша жұмыс тобы құрылды.  Жұмыс  тобының құрамына ҚР-сы Ұлттық банкінен, Қаржыгерлер ассоциациясынан, Прагма/ЮСАИД  корпорацияларынан, екінші деңгейлі банктерден, сонымен бірге әр түрлі жеке операцияларды  жүргізетін ұйымдардан құрылған өкілдер  кіреді.

ЮСАИД Қазақстанның несиелік бюро мекемесі бойынша жұмысын қаржыландырады. Бірнеше ірі халықаралық несиелік бюроның операторларының өкілдері өткен жылы біздің елімізге келіп  және Республиканың несиелік бюроны құру туралы талпыныстары оларға үлкен  әсерін тигізді[26.400б.].

«Несиелік бюро және несиелік тарихы қалыптастыру туралы» заң  жобасын өңдеу бойынша жұмыс  тобы жобаны дайындалудағы өзінің жұмысын  аяқтап, оны енді үкіметке қарастыруға тапсырылған.Сөйтіп, 2005 жылы шілде айында «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізіледі. Бұл заңның шығуымен шағын және орта кәсіпорындар үлкен деңгейде жеңіп шығады. Өйткені, оларда ұзаққа созылған несиелік тарихы жоқ еді, осыдан банктік несиелер оларға қымбатқа түседі.

Несиелік бюро туралы заң  жобасы бойынша Қазақстан қаржыгарлер  ассоциациясы, Прагма Корпорациясы, Қаржы  нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау туралы агенттігінен осы жұмыс шегіндегі топтар мен  Парламент Мәжілісі жұмыс істейді. Ассоциация түзетулерінің көп бөлігі заң жобасымен жұмыс процесінде қабылданды. Тәуелсіз кеңесшілер (әлемдегі ең ірі несиелік бюроның бірі «Experian») ретінде заң жобасын жасау  процесіне тартылған шетелдік эксперттерінің бағалауы бойынша берілген заңның жағдайы  әлемдік тәжірбиеге сәйкес келеді.

Қазақстанда ашылған «Бірінші несиелік бюро» ЖШС-нің құрылтайшылары ретінде 7 банк: «Цесна банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «БанкТуранАлем» АҚ, «БанкЦентрКредит»  АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық  Банк» АҚ шықты. Бұл несиелік бюро қызметінің негізгі қағидалары жарғыда  анықталған. Оларға барлық қатысушылардың тең үлесі, салымдардың ақшалай  нысаны, құрылтайшылар жиналысы арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді  жеткізушілерді анықтау. Сондай-ақ, несиелік бюро тұрақты болып табылмайды. «Бірінші несиелік бюро» ЖШС-нің қызметі  қызықтаратын және осы серіктестік  жарғысымен анықталған қағидаларға  келісітін ұйымдар оның қатысушылар  құрамына кіре алады.

Бүгінгі таңда несиелік бюроның  жарғылық капиталы 28 350 000 теңге немесе 210 000 долларды құрайды. Жарғалық капитал құрылтайшылар санына пропорционалды түрде тең үлеспен (30 мың доллардан) құрылды.

Өзінің қарыз алушылары (клиенттері) туралы ақпаратты несиелік бюроға ұсынуға тиіс ақпарат жеткізушілер тізімі заңмен анықталған. Сол сияқты, ақпарат алушылар тізімі де нақты  анықталған. Бұл тізім одан да қатаң  – оған негізгі жеткізушілер мен  нессиелік бюроның өзі кіреді. Қарыз алушы туралы ақпарат несиелік бюроның ақпараттар базасына тек  қана оның жеке келісімімен беріледі. Несиелік бюроның несиелік есеп беруі  осы қағада арқылы жүргізіледі. Қарыз  алушының кез келген уақытта өзінің несиелік тарихы жағдаймен танысуға құқығы бар. Сонымен, «Қазақстан Республикасында  несиелік бюро және несиелік тарих  құру туралы» заңды құрушылар  пікірі бойынша ол өзін сенімсіз ақпараттардан  қорғай алады және өзі өтірік деп  санайтын ақпараттарды дәлелдей алады.

Қарыз алушы несиелік тарихын  қызықтырған тұлғаларды салыстырмалы түрде болса да елестету үшін қарыз  алушы өзі туралы алатын несиелік есепке міндетті түрде енгізіледі. Несиелік бюроның жеткізушіге ұсынылатын ақпараттарға қандайда бір өзгертулер енгізуге құқығы жоқ.

Несиелік бюроның негізгі  қызметі ақпарат жинау мен  тарату болғандықтан, мәліметтер берудің  қауіпсіздігі және мәліметтер базасын  сақтау болып табылады. «Бірінші несиелік бюро» қарыз алушы туралы барлық жағымды да, дағымсыз да ақпараттарды жинауды жоспарлауда. Қарыз алушы туралы несиелік бюроға үсынылған ақпараттар банктік құпия болып табылады.  Ал, несиелік бюроға ақпарат беру банктік құпияны жариялау болып табылмайды. Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» қызметтік тұлғалар, банк қызметкерлері мен басқа да тұлғалар банктік құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізеді және олардың жариялануына қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Несиелік бюроның қызметі, ең алдымен, банктер және несие ұсынатын басқа да қаржылық ұйымдар мен  осы несиені алушылар арасында көпір  құруға бағылталған. Яғни, несиелік бюро қызметінің негізінде несиелік бюроға ұсынылған ақпараттар арқылы қарыз  алушы клиенттің несиелік қабілетін  пен тәуекелді бағалау. Ең алдымен, техникалық құрал-жабдықтар мен  бағдарламалық қамтамасыз етулер қажет  болатын несиелік бюро қызметін ұйымдастыру  технологиялық едәуір қиын бизнес болып  табылады. Сондықтан, дәл бүгінгі  күндері мәліметтер базасын құру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуде  қолданылатын ішкі техника құрылымын  таңдау жүріп жатыр. 2005 жылдың 26 қарашасынан  Прагма Корпорациясы бағдарламалық  қамтамасыз ету түрін таңдауды бастады. Олар несиелік бюролар үшін бағдарлама орнату мен қызмет көрсету саласының  халықаралық нарығында жеткілікті дәрежеде тәжірибесі бар IT-технологиясының  шетелдік жеткізушілерінің ғана ұсыныстарын  қарастыруда. Мүмкін, бағдарлама жазу және софт орнату жұмыстарын отандық  компьютер фирмалары  мен жүйелік  администраторлар орындай алар. Бірақ, негізгі қиындық бұл тек Қазақстан  және ТМД мемлекеттері үщін ғана емес, сондай-ақ. дамушы елдер үшін де жаңа бизнес болып отыр.

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары