Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

 • қарыз алушының  төлем айналымындағы алшақтық  шамасына;

 • несиені қамтамасыз  ететін нақты тауарлы-материалды  бағалылар қорына және олардың  өтімділік дәрежесіне;

 • маржа деңгейіне; 

 • несиелік тәуекел  дәрежесіне және банктің клиентке  деген сенім дәрежесіне;

 • банкте бар ресурс  көлеміне және т.б. 

 Несиелерді авторизациялау  – несиелік тәуекелді төмендету  мақсатында жүргізілетін анықтамалар  және тексерулер процесін білдіреді. 

 Несиелік мониторинг  – несие бойынша мәселе туындай  қалған жағдайда, қарыз алушының  несиелік қабілетінің өзгерісін  қадағалап отыруға байланысты  шаралар жүйесі болып табылады.

 Несиелік портфельді  басқару – бұл банк қабылдауға  дайын болап отырған тәуекел  түрлерінің барлығын айқындауды  және олардың ең жоғарғы жететін  деңгейін анықтауды талап ететін  жоғарғы жетекшілер қызметі болып  табылады.

 Несиелік портфельді  басқаруды іске асырудың ортақ  алғышарттарына жататындар:

 • нақты қарыз алушылар  мен олардың топтары үшін несиелеудің  ішкі банктік лимитін белгіеу; 

 • несиелік рейтингпен  байланысты болатын, жекелеген  қарыз алушылардың тәуекел деңгейін  көрсететін несиелік тәуекелді  талдау формасын жасау; 

 • әр түрлі салалар  бойынша несиелеуді диверсификациялау; 

 • төменгі тәуекел  деңгейі бар ең маңызды салаларды  анықтау; 

 • жоғарғы тәуекел  деңгейі бар салаларға қатысты  несиелік саясатты қатаңдату; 

 • несиеге баға  белгілеу саясатын дайындау.

 Несиелеу лимиттерін  белгілеу – несиелік портфельді  құруға бақылау жасауды тәуекелдерді  төмендету және ұзақ мерзімді  өміршеңдік қабілетті жақсарту  үшін пайдаланылатын басты тәсіл. 

 Проблемалық несиелерге:

 • несиелік келісімшартта  көрсетілген уақытта қайтарылмаған,  уақыты кешіктірілген және қосымша  келісім берілген несиелер;

 • сақтандыру, кепілхат  немесе кепілдемеген қамтамасыз  етілген несиелер бойынша сақтандыру  қомпанияларының, кепілхатты және  кепілдеме берушілердің банк  алдындағы міндеттемелері орындалмағандар; 

 • несиелерге есептелетін  пайыздың несиелік келісімшартта  көрсетілген күннен 30 күн өткенге  дейін қайтарылмаған несиелер  жатады.

 Сондай-ақ проблемалық  несиелерге қарсы шараларға мыналар  жатады:

 • қарыз алушының  қызметін қайта құру;

 • несиені қайтару  кестесін өзгерту; 

 • пайыз (сыйақы) төлеу  тәртібін өзгерту. 

 Несие үшін төлейтін  сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі 

 • несиенің бағасын  білдіреді. Оның мөлшері, жалпы  жағдайда тартылған ресурстарға  төлем мен сыйақы маржасының  қосындысынан құралады.

 Несие тәуелдігі дегеніміз  – қарыз алушының өз қаржылық  міндеттемесі орындамаумен байланысты. Банктік қарыз бойынша төлем  төлемеу тәуекелдігі. 

 Ол қарыздар портфельінің  санасымен тікелей байланысты. Несие  тәуекелдігін 3 түрге бөлеміз: 

1. Қиянатшылық жасау. 1991-93ж  біздің Республикамызда банктің  үмітсіз қарыздарының неғұрлым  көп таралу себебі.

2. Шет ел несиелері  бойынша – дамушы елдің қарыз  алушының несиелер бойынша жаппай  төлем төлемеуіне байланысты 70ж.  анықталды. Бұл АҚШ-ң бір қатар  ірі банктің банктарға ұшырауына  себеп болған.

3. Ішкі зайымдар бойынша  төлемсіздік – қарыз алушының  төлем қабілетке ықпал ететін  барлық факторларды есепке алу  қиындығымен байланысты туындайды. 

 Несиелік тәуекелдікті  төмендетудің тәсілдері: 

1. Банктік қарыздар портфельдік  девирфикация яғни 1 қарыз алушыға  берілетін несиенің мөлшерін  несиелеу шегін белгілеу арқылы  азайту.

 Бұл тәсіл банк клиентінің  несиелік қабілетінің жеткілігіне  сенімсіз болған кезде қолданылады. 

2. Несие қабілетін талдау  – яғни қарыз алушының несиені  өтеу мүмкіндігін талдау. Несиелік  қабілетті бағалау қарыз алушының  қарсылық жағдайының тәуекелдігін  және олардың талдауын сипаттайтын  көрсеткіштер есебін білдіреді. 

 А) Абсолюттік өтімділік  коэфицент – ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді  міндеттемелерге қатысады.

 Б) Аралық өтеу коэфицент  – ақшалай қаражат + бағалы  қағаз + есеп айырысудағы құжаттардың  қарыз алушының қысқа мерзімді  міндеттемелеріне қатынасы.

 В) Жабудың жалпы  коэфицент – айнымалы капиталы  қарыз алушының қысқа мерзімді  міндеттемелеріне қатынасы.

 З) Несиелерді сақтандыру  тәсілі – несиенің қайтарылмай  қалу тәуекелі оны сақтандырумен  айналысатын ұйымдарға толық  өтеуін сипаттайды. [11]

Несиелік тәуекел –  қарыз алушының негізгі қарызын  және несие бойынша пайызын өтемеуі, пайыздық ставка тәуекелі және т.б. Несиелік тәуекелден алыстауға қарыз алушыларды мұқият таңдау, несие беру талаптарын талдау қарыз алушының  қаражат жағдайын, оның несиені төлеуге мүмкіндігін үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың орындалуы банктің маңызды операциясы, несие берудің сәтті өтуіне кепілдік береді. Несиелік тәуекелді басқару – бұл әрі процесс, әрі ауыр жүйе. Процесс “мақсатты нарық” деп жиі айтылатын несиелеу нарығын анықтаудан басталады. Ол қарыздық міндеттерден құтылу барысында жалғасады. 

 Несиелік тәуекелді  басқарудың қиыншылықтары. Банктердің  алдында несиелік тәуекелді басқару  ісінде жауапты қиыншылықтар  бар. Үкімет тарапынан бақылау,  саяси сипат жағдайындағы ішкі  және сыртқы қысым, өндірістік  қиыншылықтар, қаржылық шектеулер,  нарық қақтығыстары, өндірістік  графиктер мен жоспарлардың үзілуі  және бизнес пен өндіріс сферасындағы  тұрақсыздық жағдайлары қарыз  алушылардың қаржылық жағдайларын  түсіреді. Оған қоса қаржылық  ақпарат жиі сенімсіз болады, құқықтық құрылым қарыздың өтелуінің орындалуына ықпал етпейді. Банктер   берік жасалған несиелік тәуекелді басқару процесімен жиі жайғаспайды. Жиі кездесетін кемшіліктер ішінен келесілерді тізуге болады: саясат мазмұнының жазылып бекітілген құжат түрінің болмауы; портфель топтауына қатысты шектеулердің болмауы; несиелік басқарманың артық орталықтандырылуы немесе қайта орталықтандырылуы; несиеленетін саланың нашар талдануы; қарыз алушылардың үстіңгі қаржылық талдауы; кепіл құнының аса жоғары бағасы; клиентпен жиі қатынас ұсталынбау; жеткіліксіз тексерістер және несиелеу кезінде баланс жасаудың болмауы; қарызды бақылаудың болмауы; несие сапасының төмендеу деңгейінде кепіл бағасын жоғарылата алмау; қарыздарды құжаттауға бақылаудың нашарлығы; қарыздық қаражаттарды шамадан тыс пайдалану; толық емес несиелік құжаттау; несиелер бойынша шығындарды жабуға резервтерді қалыптастыруда активтер мен стандарттардың классификациясының болмауы; несиелеу процесін тиімді бақылай және аудиттей алмау. Бұл кемшіліктер бір салада не шаруашылық секторында көрсетілетін кредиттердің шектен тыс концентрациясын, несиені жасайтын үлкен портфельдер, несиелер бойынша шығындар, қаршы төлей алмауды есепке ала отырып несиелік портфельдің әлсіздігіне ауысады. [12]

Нәтижесінде, көптеген мамандар несиені тиімді басқарудың негізі портфельдерді  басқару болып табылады деп есептейді.  Портфельді басқару барлық портфельдің  тәуекелін қандай да бір нарыққа, клиенттерге, несиелік аспаптарға, несиелер мен қызмет шарттарына тән болатын  тәуекелді күте және бақылай отырып баланстауға     және ұстауға  мүмкіндік береді.

Әр  банктің  тәуекел   дәрежесі  әр   түрлі   болып   келеді. Ол банктің айналысатын қызметімен тікелей байланысты. Қазақстандық ең  ірі  банктердің  бірі  – «Цеснабанк»  АҚ-дағы  тәуекелдерді  басқару процесін зерттеу объектісі ретінде қарастырайық. 

 «Цеснабанк» АҚ – ның несиелік тәуекелін басқару процесінде келесі қадамдарды ерекшелеуге болады:

-        Банктің несиелік саясатының мақсаты мен міндеттемелерін өңдеу;

-       Несиелік тәуекелді басқарудың құрылымын құру және әкімшілік шешімдер жүйесін құру;

-         Қарыз алушының қаржылық жағдайын  зерттеу;

-         Несиелік келісімді өңдеу;

-         Несиенің қайтармауынан туындайтын  тәуекелдерге талдау;

-         Қарыз алушының және қарыз  портфелінің несиелік мониторингі;

-         Мерзімі өткен және күмәнді  несиелерді қайтару және кепілдемені  жүзеге асыру шаралары.[13]

        6-кесте. 2010 – 2011 жылдардың несие көрсеткіштері

Несиелер

2010

2011

Млн. теңге

%

Млн. теңге

%

Қамтамасыз  етілген

173 155

95,5

39 933

95

Қамтамасыз  етілмеген

8 175

      4,5

       3 713

5

Барлығы

181 330

100

73 646

100


Ескертпе: *Дерек көзі: АҚ «Цеснабанк» мәліметтерінен құрылған.

Несие портфелінің сапасын  жақсарту мақсатында банк мекемесі әрдайым  жаңа технологияларды енгізуде 2011 жылдың басында зиянды және белгісіз несиелердің  үлесі 8,8 % - дан 3,5 % - ға дейін кеміді. Резервтер деңгейі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 6,5 % - дан 6,2 % - ға жақсаруымен  байланысты кеміді.

Сондықтан шығарылған және қайтарылған несиелердің көлемі 2010 жылдың соңында 7 млрд. теңге, несие  портфелінің 3 % құрайды (2009 жылы 3,3 млрд. теңге несие портфелінің 7 %).

Нарықтық экономикаға  көшуімізге орай банктің активті  операциялары саласында тәуекелдерді дұрыс бағалауға үлкен көңіл  бөлінуде. Өйткені әрбір банк олармен  көптеген операцияларды жүргізуде  кезігеді.[13]

          7-кесте. 2009 – 2011 жылдардың несие портфелі

 

2009 

2010 

2011

1. Санақта жоқ және  есептен шығарылған (НЕТТО) несиелер (млн. теңге) 

2 763 

3 327 

6 962

7-кесте жалғасы

- санақта жоқ несиелер (млн. теңге)

577 

1 213 

2 312

- есептен шығарылған (НЕТТО)  несиелер (млн. теңге) 

2 187 

2 114 

4 680

2. санақта жоқ несиелер  мен есептен шығарылған (НЕТТО)  несиелердің несие портфеліндегі  үлесі (%)

3,6

2,2 

3,4

3. есептен шығарылған  несие құрамындағы орны толықтырылған  несиелердің үлесі (%)

67,9

15,0

7,8 


Ескертпе: *Дерек көзі: АҚ «Цеснабанк» мәліметтерінен құрылған.

Қазіргі кездегі банктік  нарықта тәуекелсіз қызмет ету мүмкін емес. Олар кез келген активті операцияларда  кезігеді және де олардың ауқымы әр түрлі болуы мүмкін. Ендеше банк қызметіндегі маңыздысы олардан  қашу емес, оларды көре білу және төмендету болып табылады. (кесте 7)

Міне осыдан тәуекелдерді бағалау негіздерін жасау, олардың  жеткілікті болатын деңгейін анықтау  және сәйкесінше стратегияларды жасау  тәуекелді басқарудың міндеттері болып  табылады.

Мысалы, 2011 жыл нәтижелері бойынша «Цеснабанк» АҚ 6251 мың теңге көлемінде немесе активтер саласы 46,2 % шығынмен шықты. Жұмыс істемейтін несиенің үлес салмағы 63,1% құрады. Оны төменгі 8 кестеден көруге болады.

8-кесте. «Цеснабанк»АҚ-ның ссудалық портфелінің жіктелуі

Жіктелуге сәйкес несиенің категориялары

1.01.2010

1.01.2011

Ауытқу (+) ұлғаю

(-) төмендеу

Қарыз қалдығы

Үлес салмағы

Қарыз қалдығы

Үлес салмағы

Қарыз қалдығы

Үлес салмағы

Стандартты

3689526

29,5

5281023

78,8

+1591497

+49,3

Субстандартты

1054943

8,4

471478

7,0

-583463

-1,4

Қанағаттанарлықсыз

359124

2,9

158101

2,4

-210023

-0,5

Тәуекел деңгейі жоғары күмәнді

 

366204

2,9

169891

2,5

-196313

-0,4

Үмітсіз

7043262

56,3

624811

9,3

-6418451

-4,7

                                                                                               8-кесте жалғасы

Барлығы

1251305

100

6705304

100

-5807755

-

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары