Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 20:30, курсовая работа

Описание

Менің жұмысымның мақсаты депозиттік нарықтың дамуын, банктердің депозиттік саясатын көрсету болып табылады. Осы мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттер ұғымын зерттеу, олардың пайда болуы, мәні;
- депозиттік нарықтың баға саясаты мәселесін қарастыру;
- клиенттерге кепілдік беруді енгізудің мәселелерін қарастыру және т.б.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Депозиттік операциялар
1.1. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі рөлі...................................4
1.2. Депозиттік операциялар түрлері...................................................................5
1.3. Депозиттер бағаларының ерекшеліктері.........................................................12
2 Қазақстан Республкасы депозиттік ресурстары
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі
ретіндегі мәні.........................................................................................................14
2.2. Қазақстан Республкасындағы депозиттік ресурстар...................................15
3 Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі..........................................18
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру
қорын құруды ұйымдастыру.................................................................................20
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................25
Қосымша материалдар........................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Банктің депозиттік операциясы.docx

— 131.54 Кб (Скачать документ)

          Бұл депозиттерден тыс көптеген  банктердің баланстық есеп берулерiне  «банк қызметкерi жазған чектер  және куәландыратын чектер» деп  аталатын шағын баптар енгiзiлiп  жүр. Куәландырылған чектер —  банк қызметкерлерi беретiн төлемi  кепiлденген чектер. Банктер чектi куәландыру кезiнде, куәландырылған  чекте керсетiлген соманы салымшы  шотынан алады және оны жеке  шотта ұстайды. Сонымен қатар,  чектi банк қызметкерлерiнің бiрi  немесе банктің меншiктi шығындарын  төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің  жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер  жазған чек сомасына теңестiрiп  депозит құрайды. Талап ету  депозиттерi бойынша эксплициттiк  пайыздың кiрiстер төленбеуiне  байланысты банктің көтеген клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының  мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы  әдістерiнің бiрi автоматты тазалау  шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi  пайдалану. Мұндай шоттармен ағымдағы  операцияларды жүргiзе отырып, банк  клиентпен келiсiлген аз шектен  асатын кез келген ақша сомасынан  шотты “тазартады” немесе оларды  аударады, оларды пайыздық кiрiс  әкелетін қаржылық құралдарға  орналастырады, мысалы, қайта сатьш  алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны  банк күнде iскерлiк күн соңында  орындайды. Мұндай жағдайларда,  банкке бұл операцияны өткізуге  қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету  депозитiне аударылады.

          Көптеген банктер өзінің клиенттерiнен  компенсациялық балансты ұстануды  талап өтедi, бұл талап ету салымдары  бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн  нысанды, яғни банктерге банктiк  қызметтердi төлеу үшін қажет.  Компенсациялық баланс яғни ақша  корларын тартуға орташа шығындарды  азайту жолымен қорлардың орташа  құнын төмендету айтарлықтай  тиiмдiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда  компенсациялық баланс неие ұсыну,  сондай-ақ банктiк карыз бойынша  пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін төлемдi ұсынады.

         Депозиттің келесi тобы — жинақ  салымдары. Жинақ депозит туралы  келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады.  Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің  басты типi жинақ кiтапшаларындағы  шоттар, жинақ салымының жағдайы  туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ  ақша нарығының депозиттік шоттары  болып табылады.

       Жинақ кітапшаларындағы шоттар  — бұл жедел алуға болатын,  пайыз әкелетiн чектiк емес  депозиттер.

        Олардың ерекшелiктерiне мыналар  жатады:

    — кiтапшалы жинақ салымында тұрақты  мерзiмiнің болмауы;

    — банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл  шоттардан ақша қаржыларын алуда  банктер ол талапты аз қояды;

    — шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;

    — салым иесiнің шоттан ақша алу  немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;

    — шоттағы міндетті ең аз баланстық  қалдық мазмұны туралы талаптардың  болмауы.

         Жинақ салымының жағдайы туралы  жазбасы бар шотттар жинақ  кiтапшаларындағы шоттарға ұқсас,  алайда олар үшін шот жағдайы  туралы кезеңдiк жазбалар жазбаның  жүргiзiлу тұрғысынан жинақ кiтапшаны  ауыстырады. Олар бойынша осындай  пайыз төленедi және олар осындай  функцияны орындайды.

          Ақша нарығының депозиттік шоттары  алғаш рет 1982 жылы енгiзілген  жинақ салымдарының бiр түрін  ұсынады. Қазiргi кезде оларда  жинақ кiтапшасындағы шоттармен  салыстырғанда, ол бойынша пайыз  мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң  өзгеруiмен реттелетiндiгiн және  бұл шоттарды қолдану кезiнде  операцияларды тiркеу үшін жинақ  кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген  ұқсас сипаттары бар.

        Жинақ салымдарының ерекшелiгi  мынадай:

    — бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;

    — салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;

    — бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап  етпеуге құқылы;

    — осы шоттар бойынша салымшы чектердің  тек санаулы шектелген санын  жазуға құқылы;

    — бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;

    — банк шығындарын өтеу мақсатында шот  иесiнен белгiленген төлем алынады;

    — егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.

          Кең тараған топтардың бiрi  — мерзiмдiк салымдар, оған мерзiмдiк  салымдар және салымды алу  туралы алдын ала хабарлауы  бар салымдар кiредi. Бұл салымдар  неғұрлым ұзақ мерзiмге, яғни  бiр айдан кем емес мерзiмге  салынады. Салымшылар басқа депозиттерге  қарағанда неғұрлым үлкен пайыз  алады және салым салымшыға  алдын ада келiсiмде көрсетiлген  мерзiмде қайтарылады. Банктер  салымды өз жарауы бойынша  келiсілген мерзiм ағымында толық  пайдалана алады. Депозиттің бұл  типiн ашу үшін мерзiмдiк депозит туралы келiсiм жасалынады (2- қосымша). Бұл салымдар қабылданатын мерзiміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;

    — 30 – 90 күнге дейiнгі;

    — 90 – 180 күнге дейiнгі;

    — 180 – 360 күнге дейiнгі;

    — 360 күннен жоғары.

        Мерзiмдi салымнан қаржы алу үшін  банкке күнi бұрын хабарланған  салымшының арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде  көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес  пайздық мөлшер белгiленедi. Егер  клиент банктi қаржы алу туралы  хабардар етсе, банк болатын өзгерістердi  ескере отырып, өзінің активті  операцияларын басқа көз есебiнен  қайта қаржыландырады, қаржыларды  алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi банк клиент кiрiсiн  азайтуға құқылы.

         Депозиттердің төртiншi тобы —  бағалы кағаздар, депозиттер түрі  ретiнде былайша бөлінедi:

    — аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің, акционерлiк  қоғамдар мен компаниялардың акциялары  және облигациялары;

    — сақтаудағы және қарызды қамтуға  қабылданған акциялар мен облигациялар;

    — шетел операциялары бойынша құндылықтар  мен құжаттар;

    — Депозиттік сертертификаттар.

         Депозиттік сертертификаттар қаржылық  құралдардың ең бір кең тараған  түрі.

    Депозиттік  сертификат — эмитент банктің  ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы  немесе оның құқық кабылдаушының  мерзiмi аякталғанда салым бойынша  салым сомасын және ол бойынша  пайыз алу құқын куәландыратын  жазбаша куәлiк.

      Депозиттік сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі, сол себептi ол сатылған тауар немесе көрсетiлген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну — цессия, ол Депозиттік сертификаттың сырткы бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға — цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзiмi жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетiн шот көрсетiлген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының сәйкестiгiн тексередi.

    Депозиттік  сертертификаттардың екi түрі болады:

    — жолданбайтын — салымшыда сақталады  және төлем мерзiмi жеткенде банкке    ұсынылады;

    — жолданатын — екiншi нарықта сатылуы  немесе басқа тұлғаға өтуi мүмкін.

         Жолданатын депозиттік  сертификаттар  капиталды кез келген мерзiмге  тиiмді инвестициялауға  көмектеседi ал қажет болған жағдайда сертификаттардыды  тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға  болады.

    Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:

    • Шығарылуыбойынша:

    — бiр рет;

    — сериямен шығарылатын.

    • Ресiмдеу тәсілі   бойынша:

    — арнайы;

    — ұсынушыға.

    • Төлеу шарттары бойынша:

    —анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейiн  пайыздың мөлшерi үнемі 

      • Төленіп тұратын сертификаттар;

    — сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн  сертификаттар.

         Депозиттік сертификаттарды жаңа  шығарымдармен, салымның басқа  түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қолемес аударымдармен  және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар  үшін) өтеле алады.

        Банкте шығарылатын сертификаттарды  баспалық тәсілмен шығарылуы  және осы сияқты бағалы қағаздарға  қойылатын талаптарға жауап беруі  тиіс.

        Сертификаттарда мiндеттi түрде  келесi деректемелер болуы тиiс:

    — аты;

    — сертификатты ұсыну себебi;

    — ұсыну күні;

    — салым сомасы;

    — депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға  банктің сөзсiз мiндеттемесi;

    — сертификат сомасын талап ету  күнi;

    — пайыз мөлшерi және есептелетiн пайыз  сомасы;

    —эмитент  банктiң аты және мекен-жайы;

    — банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге  қол қоюға өкiлеттi екi        тұлғаның қолы.

        Банк сертификаттар шығарады  және меншiктi сертификаттарды шығару  мен орналастыру шарттарын еркін  дайынайды. Өз сертификаттардын  тиiмдi орналастыру үшін банктер  келесi мiндеттемелерді назарға  алады:

    — инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме   деңгейі;

    —салымшыға  ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;

    — пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмі;

    — шығарымды стандартты шарттарын ;

    — номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;

    — кең жарнаманы.

        Жай депозиттiк сертификаттармен  рәсімделген мерзімдік салымдармен  салыстырғанда, сертификаттар бірнеше  артықшылықтарға ие:

    —сертификаттарды  тарату айналымындағы мүмкіндік  қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;

    — екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған  мерзімі 

      үшін кiрiс ала отырып, банк  ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ  жедел сатуы мүмкін.

         Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелi шоттары  мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге  сияқты табыс салығы салынбайды.

         Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда  сертификаттардың жетiспеушiлiгi  оның эмиссиясымен байланысты  банктің жоғары шығындарының  болуы.

    Банк  векселі банктің белгілі тұлғаға  немесе оның мұрагеріне белгіленген  мерзімде белгілі ақша сомасын төлеу  жөніндегі ештеңемен келісілмеген біржақты міндеттемесін білдіреді.

Информация о работе Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі