Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 20:30, курсовая работа
Менің жұмысымның мақсаты депозиттік нарықтың дамуын, банктердің депозиттік саясатын көрсету болып табылады. Осы мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттер ұғымын зерттеу, олардың пайда болуы, мәні;
- депозиттік нарықтың баға саясаты мәселесін қарастыру;
- клиенттерге кепілдік беруді енгізудің мәселелерін қарастыру және т.б.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Депозиттік операциялар
1.1. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі рөлі...................................4
1.2. Депозиттік операциялар түрлері...................................................................5
1.3. Депозиттер бағаларының ерекшеліктері.........................................................12
2 Қазақстан Республкасы депозиттік ресурстары
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі
ретіндегі мәні.........................................................................................................14
2.2. Қазақстан Республкасындағы депозиттік ресурстар...................................15
3 Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі..........................................18
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру
қорын құруды ұйымдастыру.................................................................................20
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................25
Қосымша материалдар........................................................................................26
2010
жылдың қортындысы бойынша 2011жылдың
1 қаңтарында клиенттердің салымдары 821,4
млрд. теңгеге немесе 13,7% - ға өсті. Клиенттер
салымдарының негізгі үлесін заңды тұлғалардың
салымдары құрады. Заңды тұлғалардың депозиттер
үлесі – 67,0% ,ал жеке тұлғалардың салымдарының
үлесі – 33,0% ды құрады. Заңды тұлғалардың
салымдары жыл басынан 12,5%-ға, жеке тұлғалардың
салымдары 16,2%-ға өсті (1-сурет).
1-сурет
Қай мерзімде болмасын заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінен артық. Бұл өз кезегінде халықтың әл ауқатының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.
Егер
алдыңғы жылдары клиенттердің шетелдік
валютасындағы салымдарының өсу
динамикасы байқалса, онда 2010 жылы валюталық
салымдардың үлесі 10,5 пайыздық тармаққа
47,7%-дан 37,2%-ға дейін қысқарғанын
атап көрсету керек.
2-сурет
Заңды
тұлғалардың жəне жеке тұлғалардың
салымдары құрылымында ең үлкен
үлес салмағын мерзімді салымдар алады
жəне жиынтық салымдардың 67,9% құрайды.
3-сурет
Клиенттер салымдарының үлесі 47,9%-дан 63,7% -ға дейін өсті, айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың үлесі 4,3 пайыздық тармаққа өсіп, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14,7% болды. Бұл ретте арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары үлесінің елеулі азайғаны байқалады, ол 2010 жылы 14,3%-дан бастап 0,2%-ға дейін қысқарды, тартылған заемдардың үлесі 4,7 пайыздық тармаққа төмендеп, жыл аяғында 6,4% құрады.
Есепті жылда ЕДБ міндеттемелері 1 821,6 млрд. теңгеге немесе 14,5% азайып, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 715,2 млрд. теңге құрады. Бұл ретте банк секторының шетелдік валютамен номинирленген міндеттемелері 53,8%-дан 44,3%-ға дейін қысқарды.
Депозиттік нарықтың жалпы көлемінің өсуіне біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының кепіл беру мөлшерінің талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін мерзімді депозиттер бойынша банктердің ынталандыру құралдарын пайдалану, оның ішінде пайыз мөлшерлемесінің талап етілетін салымдармен салыстырғанда жоғары белгіленуі жатады.
Депозиттік
нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі
факторлар, соның ішінде халық табыстарының
өсуі, теңгенің АҚШ доллорына қатысты
нығаюы, халықтың салымдарынан ұжымдық
кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі
және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық
өсуі ықпал етуде.
3
Депозиттерді басқаруды
жетілдіру механизмі
3.1
Депозиттерді сақтандырудың
әлемдік тәжірибесі
Халықтың жинақ ақшасы кез келген мемлекеттің ішкі инвестицияларының негізгі көзі болып табылады. Мемлекет оны екі негізгі жолдармен: бағалы қағаздар рыногы және қаржы мекемелері арқылы жұмылдыруға тырысады. Бағалы қағаздардың ролі өсе түскен қазіргі кезде халықтың жинағын тартуда банктер алда келе жатыр.
Мұндайда елдің барлық қаржы жүйесінің арқауы болып табылатын банк жүйесін нығайту өте маңызды.
Банк жүйесінің қызметтері сан-алуан – ол ақша-кредит саясатын, тәуекелдерді бағалау, есепайырысуларды жүргізу жұмыстарын атқарады. Сонымен бірге, бұл жұмыстар банктерді өз қызметтерінде тәуекелдерге итермелейді. Тәуекелдер мәселелерінің алдын алу мақсатымен бірнеше елдерде банктердің өзіндік қауіпсіздік жүйесі жасалған, атап айтқанда банк жүйесіне салымшылардың мүдделерін қорғау жөніндегі құрылым енгізілген, бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі болып табылады. Бұл құрылым - халықтың банктердегі салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі.
Дегенмен, халықаралық тәжірибе көрсеткендей депозиттерді сақтандырудың дұрыс жасалмаған жүйесі банк секторының тұрақтылығына жағдай туғызбайды, қайта қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Депозиттерге кепілдік беру әлеуметтік мақсаттарды (ұсақ жеке салымшыларды қорғау) және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (банктерден салымдарды жаппай алудың және дүрбелеңнің алдын алу). Мұндайда, көптеген елдерде соңғы кездері алапат толқын тәріздес, өзінің табиғаты бойынша тиімсіз банктік салымдарды жаппай алудың қаупіне қарағанда тым жоғары тәуекелді және спекуляциялық операциялардың нәтижесінде туындайтын банкроттық мәселесі маңызды болып отыр. Мысал ретінде 1990 жылдардағы Швеция, Мексика, Чили және Норвегия, сондай-ақ банктік бақылауы және реттеуі тиімсіз көшпелі экономикасы бар басқа елдерде болып өткен банктік кризистерді келтіруге болады. Көптеген банктердің төлем қабілетсіздігімен қоса қабат жүретін жүйелік банк кризистері Болгария, Венгрия, Латвия, Литва мен Румыния елдерінде орын алды.
Салымдарды жаппай алудың алдын алу және кризиске ұшыраған банк жүйесін тұрақтандыру үшін бірқатар елдер салымдарды мемлекеттік қорғау туралы жария етіп депозиттерді сақтандыруды жедел енгізбекші болып көрді.
Бірақ кепілдік берілетін салымдар жағдайы ауыр банктерде болып, ал оларды бақылаудың жоқтығы кризисті және оның салдарларын ұлғайта түсті. Егер депозиттерге кепілдік беру күшті банктік кризис жағдайында сақтандыру жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін, бір жағынан тиімді банктік қадағалау, екінші жағынан – тиісті қаржыландырумен қолдау көрсетілмеген кезде бұл жүйе банкроттыққа ұшырайды.
Депозиттерді сақтандырудың тиімділігінің төмендеуі банктердің де, сондай-ақ салымшылардың да жауапкершілігін төмендетуге алып келетін салымдарды сақтандыру қорының енгізілуі серпінді моральдық тәуекел мәселесімен (dynamic moral hazard problem) байланысты. Салымшылар жоғары проценттік ставкалар ұсынатын жоғары тәуекелді қаржы институттарына қаражаттарын жауапкершіліксіз орналастырып банктің қаржы жағдайын қадағалап отыру ынтасынан айырылады. Салымдарды сақтандыру негізінен тәуекелді банк қызметін ынталандырады. Банктік міндеттемелерге кепілдік беру салымдарды алу қаупін азайтады және банктерге қаражаттар шығынынан қауіптенбестен резервтердің көлемін төмендетіп және өздеріне жоғары тәуекелдерді қабылдауға мүмкіндік береді, яғни сақтандыру жоғары тәуекелді банктерге жасырын субсидия болып табылады. Осылайша депозиттерді сақтандыру банк жүйесінің статикалық тұрақтылығының жоғары дәрежесін қамтамасыз етсе де, бұл тұрақтылық бұзылуы мүмкін, өйткені депозиттерді сақтандыру банктерді жоғары тәуекелдерге итермелейді.
Соңғы жылдардағы әлемдік тәжірибе толық кепілдік беру банк жүйесінің қаржы тұрақсыздығына ұшырау ықтималын ұлғайтатынын көрсетіп отыр. Моральдық тәуекел мәселесі едәуір дәрежеде соңғы екі онжылдық ішінде жүйелік банктік кризистердің туындауына септігін тигізді. Дамымаған құқықтық базаның әсерінен үкімет тәуекелді қызметтің алдын алу үшін пруденциальдық банктік қадағалауды пайдалана алмағандықтан мұндай кризистер бірқатар елдерде болып өтті.
Бірқатар сарапшылар салымдарды сақтандыру жүйесі туындататын бұрмалаулар оны қолданудың артықшылықтарынан асып түседі. Салымшыларды қорғаудың қымбат емес және өте тиімді жолдары бар болса, салымдарды сақтандыру жүйесіне қарағанда соларды қолданған жөн.
Сонымен
қатар мынадай мәселе тұр: «Салымдарды
сақтандыру қандай болуы тиіс: мемлекеттік
пе, әлде жекеменшік пе?» Көптеген елдерде
банк салымдарын сақтандыру мемлекеттік
болып табылады, ал сақтандыру қызметін
жекеменшік компаниялар жүргізеді. Жекеменшік
салымдарды сақтандыру жүйесі егерде
дұрыс қаржыландырылса экономикалық тұрғыдан
тиімді, саяси тәуелсіз және икемді болады.
Бірақ жекенменшік сақтандыру институтының
қаражаты жетпеген жағдайда, бәрібір мемлекеттің
араласуының қажеттілігі туындайды. Сонымен
қатар, сақтандырудың жеке меншік жүйесі
қатаң реттеуді және қадағалауды талап
етеді. Мемлекеттік сақтандырудың тартымдылығы
мемлекеттік бюджет жүйесі өміршең болып
және халықтың сенімін тудырарлықтай
болса, салымшылар тарапынан үлкен сенімге
ие болатындығында. Салымдарға кепілдік
берудің мемлекеттік жүйесі көптеген
елдерде қолданылады, тек бірқатар елдерде
мемлекеттік және жекеменшік сақтандыру
жүйелері аралас қолданылады.
3.2
Қазақстан Республикасы
халқының салымдарына
кепілдік беру қорын
құруды ұйымдастыру
1999
жылдың мамырында Қазақстан
Салымшылардың мүдделерiн қорғаудың
деңгейiн арттыру екiншi деңгейдегi банктерде
депозиттерге кепiлдiк беру жүйесiнiң тиiмдiрек
жұмыс iстеуi нәтижесiнде мүмкiн болды.
Осы мақсаттарға орай 1999 жылдың 5 қарашасында
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының «Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке
тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне)
міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы –өзгертіліп,
2006 жылы Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерде депозиттерге
мiндеттi түрде кепiлдiк беру туралы"
Заңы қабылданды, ол мәжбүрлеп таратылатын
банктiң салымшылары болып табылатын жеке
тұлғаларға депозиттердi қайтарып беру
жөнiндегi сөзсiз кепiлдiктердi айқындайды.
Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсынымдарына
сәйкес кепiлдiк берген өтеудiң ең төменгi
мөлшерi өстi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы
жеке тұлғаларының салымдарына ұжымдық
кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушылар
33 екiншi деңгейдегi банк болып табылады,
халықтың банк секторына деген сенiмi артты,
мұның өзi банктердiң депозит базасының
ұлғаюына себепшi болды, 2004 жылдың басынан
бастап жеке тұлғалардың банктердегi салымдарының
көлемi 73,8%-ға ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына
596,8 млрд. теңгенi құрады. Осы кезеңде салымдарды
қорғау жүйесi депозиттердi сақтандырудың
негiзгi халықаралық стандарттарының барлығына
дерлiк, атап айтқанда ХВҚ және Қаржы тұрақтылығының
форумы ұсынған стандарттарға сәйкес
келедi.
Қордың негізгі міндеті салымшылардың мүдделерін қорғау, атап айтқанда қатысушы-банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымдар бойынша төлемдерді қайтарудың кепілділігі, төлемді қайтару үшін Қордың резервін құру туралы мәселе ең маңыздысы болып табылады. Кепілдік беру ережесіне сәйкес бұл резерв қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарын аудару есебінен құрылады. Қазіргі кезде барлық қатысушы банктер үшін сақтандырылған депозиттер сомасының 0,250% мөлшеріндегі бірдей міндетті күнтізбелік жарна ставкасы белгіленген. Бұл қаражаттан басқа, қажеттілік туындаған жағдайда Қор өзінің жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеге дейін пайдалануға құқылы, сондай-ақ қатысушы банктердің қосымша жарналарын және Үкімет займдарын, Ұлттық банктің немесе басқа ұйымдардың займдарын тартуға құқылы. Займды өтеу таратылатын банктің активтерін қайтару және кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктерден төтенше жарналары есебінен жүргізіледі.
Қазақстанда кепілдік беру жүйесі қалыптасу сатысында, осыған байланысты бұл кезеңде сақтандыру объектісіне тек жеке тұлғалардың теңгемен, АҚШ долларымен және евромен салынған мерзімдік салымдары кіреді. Осылайша ең бірінші кезекте халықтың көпшілігі кіретін және банк қызметінен малғұматы аз санатқа енетін салымшылар болып табылатын ұсақ салымшылардың мүдделері көзделген. Қордың салымды өтеуінің ең жоғарғы сомасы 1 млн. теңге, мұндайда 1 млн. теңгеден асатын салымдар бойынша өтеу сомасы Ережеге сәйкес мынадай схемамен есептеледі:
• 200 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 100%;
• 200 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 200 000 теңге + 200 000 теңгеден астам соманың 80%;
• 400 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 360 000 теңге + 400 000 теңгеден астам соманың 60%;
• 600 000 теңгеден 800 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 480 000 теңге + 600 000 теңгеден астам соманың 40%;
• 800 000 теңгеден 1 млн. теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 560 000 теңге + 800 000 теңгеден астам соманың 20%;
• 1 млн. теңгеден астам салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 600 000 теңге + 1 млн. теңгеден астам соманың 10%.
Информация о работе Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі