Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 20:30, курсовая работа

Описание

Менің жұмысымның мақсаты депозиттік нарықтың дамуын, банктердің депозиттік саясатын көрсету болып табылады. Осы мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттер ұғымын зерттеу, олардың пайда болуы, мәні;
- депозиттік нарықтың баға саясаты мәселесін қарастыру;
- клиенттерге кепілдік беруді енгізудің мәселелерін қарастыру және т.б.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Депозиттік операциялар
1.1. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі рөлі...................................4
1.2. Депозиттік операциялар түрлері...................................................................5
1.3. Депозиттер бағаларының ерекшеліктері.........................................................12
2 Қазақстан Республкасы депозиттік ресурстары
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі
ретіндегі мәні.........................................................................................................14
2.2. Қазақстан Республкасындағы депозиттік ресурстар...................................15
3 Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі..........................................18
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру
қорын құруды ұйымдастыру.................................................................................20
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................25
Қосымша материалдар........................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Банктің депозиттік операциясы.docx

— 131.54 Кб (Скачать документ)

      Банктер салымдарға кепілдік беру бойынша барлық шығыстарды банк клиенттерінің салымдары бойынша сыйақы төлемдерін азайту есебінен емес, Қорға күнтізбелік және басқа жарналарды банктің жалпы шығыстарына жатқызу есебінен аудару арқылы жеке жүргізеді.

    Қордың  отандық банк жүйесінде салымшылардың  сенімін қайтару жөніндегі жұмысы халықтың барлық топтарына кепілдік беру жүйесінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі кең ауқымды кампаниямен тығыз байланысты. Ал бұл Қор жұмысының негізін құрайтын қатысушы-банктердің депозиттер жөніндегі жұмысы туралы ақпаратты кіргізеді.

    Сақтандыру  институты әлемдік тәжірибеде 70 жылдан астам жұмыс істеп келеді, кепілдік беру жүйесі әлемнің жетпіс елінде қолданылуда, оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде жұмыс істеуде. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бұл салада көш бастаушы болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 
 

    Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын  еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне  – банк жүйесінің халықаралық  стандарттарына сәйкес келмеуі болып  табылады.

    Коммерциялық  банктердің қаржы тұрақтылығын нығайту  мақсатында тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат тиімді банк саясатының құрамдас бөлшектерінің  бірі болып табылады, ал оны қалыптастыру үш кезеңмен жүргізіледі:

    • зерттеу кезеңі;

    • жоспарлау кезеңі;

    • шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру  кезеңі.

      Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің  тұтынысын зерттейді: депозиттердің  қандай түрлері тартымды; депозиттердің,  салымдардың әр түрлеріне қандай  проценттер белгілеу керек. Бұлардың  барлығы банктің банк операцияларын  жүргізу жөніндегі мүмкіндіктерін  ескере отырып жүзеге асырылуы  тиіс. Бұл кезеңде қоршаған ортаны, рынокты, банктің бұл рыноктағы  орнын және ролін талдауы кіретін  рынокты зерттеу және талдау  жүзеге асырылады. Яғни, банктің  географиялық орны, оның клиентке  жақындығы, филиалдар желісінің  жеткіліктігі, қала немесе ауылдық  жер, бәсекелестердің бар екендігін  депозиттік саясатты дайындаудың  бастапқы сатысының өзінде-ақ  бұларды зерттеу қажет.

    Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар  бойынша талдау және табысты бағалауды  жүзеге асырып, түрлі тәуекелдерді жоспарлап, ұсынылатын қызметтердің ассортиментін  және т.б. кеңейтеді. 

    Шешімдерді  қабылдау және жүзеге асыру кезеңінде  белгілі кезең (жоспарлы) ішінде қандай депозиттер көлемі тартылатыны шешіледі. Мұнда қаражаттарды депозиттерге тартудың рәсімі (банк қызметкерлерінің клиенттермен табысты жұмысы, салымдардың түрлері, мерзімдері, артықшылықтары бойынша  түсіндіру жұмыстары) роль атқарады.

    Осылайша, депозиттік нарық – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі.

    Сонымен қатар, депозиттік рыноктың тұрақты  нығаю үрдісі бар:

    • банктердің сенімді тұрақтылығына (басқа қаржы институттарымен  салыстырғанда);

    • проценттік ставкалардың бәсекелестігімен (басқа салымдармен салыстырғанда);

    • ұсынылатын қызметтердің үлкен тізімімен;

    • банк қызметі саласындағы заңның дамуымен (депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу, «Банктік құпия туралы»  заң және т.б.).

    Банктер арасында салымшылар үшін, сондай-ақ сенімді, тиімді банк мәртебесі үшін бәсекелестік күресі күшейе түскендігі байқалады.  Қайта қаржыландырудың ставкасының (бұл күндері 11,5%) артынша одан әрі проценттік ставкаларды төмендету жалғасын табуда.

    Банктердің  дамуының экономикалық негізі олардың  жоғары дербестігі мен өзінің депозиттік және кредиттік саясатын жүргізудегі  серпінділігі болып табылады. Осыны  ескерегенде банктердің алдында  екі міндет тұр:

    1. Уақытша бос қаражаттарды жұмылдыру;  банктердің бәсекесі күшейген  қазіргі кезде маңызды болып  табылатын коммерциялық банктердің  есепайырысу және жинақтау операцияларына  қатысты жұмылдыру құралдарын  жасау;

    2. Коммерциялық банктердің жеке  депозиттік саясатын әзірлеу  үшін қызметтеріне талдау жасау  және оның нәтижелеріне қол  жеткізу.

    Депозиттік  операциялардың дамуын талдауы депозиттік саясатты (салынатын теңгенің орташа сақтау мерзімін табу және т.б.) жүргізуде  кредиттерді беруде оң нәтижелерге  жеткізетін математикалық есептеулердің  қажеті бар екенін дәлелдеді.

    Осы қарастырылып отырған кезеңдегі  депозиттік рыноктың даму үрдісін бағамдау мынадай қорытынды жасауға алып келді, инфляция қарқыны бәсеңдеді, бұл банктердің салымдары және депозиттері  бойынша табыстылығына қолайлы  болды: жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарының ағынын ұлғайтты, ал бұл өз тарапынан инвестициялық ахуалдың оң қалыптасуына жағдай туғызды.

    Бұл күндері жеке және заңды тұлғалардың теңге бойынша да, сондай-ақ валюта салымдары бойынша да тұрақты өсу байқалады. Бұл айғақ банктер таңдап алған депозиттік саясаттың дұрыстығын көрсетеді, дегенмен ол әлі толық жетілді деп айту ерте. Біздің банктердің оны жетілдіру қажеттігін түсінгені  бұл мәселенің негізгісі, өйткені қазақстандық банктер жинақтаған тәжірибенің және банк жүйесінің зор әлеуетінің бұл мақсатқа жеткізетіні анық.

    Халықтың  салымдарына кепілдік беру қорын  құру банктер алдында қойылған мақсатқа қол жеткізуде жауапты да маңызды қадам болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер 
 

  1. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заң.
 
  1. «Ұлттық банк туралы» Заң.
 

    3.  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 05.11.1999 ж. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы. 

    4. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерде депозиттерге мiндеттi түрде кепiлдiк беру туралы" Заңы 

    5. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.  

    6. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы, 2000ж.  

    7. Мақыш С.Б.  «Банк ісі», Алматы «Жеті жарғы», 2009ж.  

    8. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы, 2006ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша материалдар

    1-қосымша 

№  ЖИНАҚ ДЕПОЗИТІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ

заңды тұлғамен шетел валютасында

Алматы қ.                                                               « »    200     ж.

«                 » ААҚ бұдан әрі «Банк» деп  аталады, оның атынан

Жарғы және Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің Бас лицензиясы негізінде  әрекет етуші және азамат(ша)                        бұдан әрі «Депозитші» деп  аталады, Басқарма Төрағасы екінші жақтан, төмендегі мәселелер жөнінде  осы Келісімшартты жасады.

1.1. Депозитші Банктегі №                      депозиттік шотқа                                                                                                                                                                 

(жазбаша)

    Сома көлемінде           күнтізбелік күнге ақшасын салады, ол   бойынша сома түскен күннен бастап сыйақы есептеледі.

    1.2. Депозитші  депозиттік шотқа шетел валютасын  Депозитшінің немесе       үшінші тұлғаның басқа банктік  шотынан аудару арқылы, қолма  – қол,

        сондай – ақ қолма – қол  емес түрде енгізуі мүмкін.

        Қолма – қол шетел валютасын  депозитке енгізген кезде, Банк  Депозитшіге депозиттік шоттағы  ақша сомасын және ол бойынша  сыйақыны қолма – қол түрде  төлейді.

        Шетел валютасын қолма – қол  емес тәртіпте енгізген Депозитшінің  өтініші бойынша Банк Депозитшіге  депозиттік шоттағы ақша сомасын  және ол бойынша сыйақыны Банк  тарифтеріне сәйкес комиссиялық  ақысын ұстап қалу арқылы қолма  –қол емес тәртіпте төлейді.

1.3. Банк депозит орналасқан мерзім  ішінде ай сайын жылдық  

           Пайыз көлемінде депозит бойынша  сыйақыны есептейді, бір жыл  360 күнге      тең. Сыйақыны  есептеу кезінде депозитке ақшаны  енгізу күні мен оларды қайтару  күні Банкте бір күн деп  есептеледі.

    1.4. Депозитші  депозиттік шотқа шетел валютасында  қосымша ақша сомасын енгізу  арқылы депозиттік сома өссе  немесе депозитшінің келісімінсіз  ақшаны алуға уәкілетті үшінші  тұлғаның немесе депозитшінің  өкіміне сәйкес, сондай-ақ Депозитші  мен Банк арасындағы басқа  да келісішарт жағдайларына сәйкес  Банк талаптарын орындау кезінде  депозиттік шоттан ақшаны алу  кезінде шетел валютасындағы  депозит сомасы азайса, Банк ақшаны  түскен не алынған күннен бастап, депозит сомасының өзгеруіне  байланысты тарифтік мөлшерлемені  ескере отырып, өскен немесе азайған  депозит сомасына пайыз төлейді.

    2.1. Банк  Депозитшінің сеніп тапсырған  ақшасын, депозит құпиясын және  Депозитші және оның жүзеге  асыратын операциялары туралы  мәліметтерді құпия сақтауды  қамтамасыз етуге міндеттенеді.

    2.2. Депозитші  міндеттенеді:

          а) Банкке депозитті орналастыру  және ол бойынша операциялар  жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарын сақтауға;

          б) депозитті орналастыру мерзімі  ішінде өзінің депозиттік шотынан  ақшаны 3 реттен артық алмауға.

    2.3. Банк  депозит бойынша жылдық пайыздық  мөлшерлемені депозит орналасқан  мерзім ішінде өзгертуі қажет  болған жағдайда, пайыздық мөлшерлеме  өзгергенге дейінгі он күнтізбелік  күн бұрын бұл туралы Банктің  операциялық залдарында хабарландырулар  ілу арқылы ескертеді.

    2.4. Банк  депозитшіге салым сомасы мен  есептелген пайыздарды депозит  мерзімі аяқталғаннан кейін, депозитшінің  келісімінсіз шоттан ақшаны алып, қолданыстағы заңдарда көрсетілген  салық және бюджетке төленетін  міндетті төлемдер сомасын ұстап  қалады, сондай – ақ Банктің  Банк пен Депозитші арасында  бекітілген басқа да келісімшарт  жағдайларына сәйкес Банк өкімін  орындайды. 

    2.5. Осы  келісімшартты Депозитшінің жазбаша  өтініші бойынша тоқтату кезінде  Келісімшартты бекіту күнінен  бастап отыз күнтізбелік күн  өткенге дейін сыйақы төленбейді.

    2.6. Осы  келісімшартты Депозитшінің жазбаша  өтініші бойынша мерзімінен бұрын  тоқтату кезінде депозит бойынша  сыйақы Келісімшартқа отыру күнінен  бастап отыз күнтізбелік күн  өткенге дейін депозит сақталған  күндер санына талап етілгенге  дейінгі депозит ретінде төленеді.

    2.7. Осы  келісімшартты Банк тарапынан  мерзімінен бұрын тоқтату кезінде  депозит бойынша сыйақы осы  Келісімшарттың 1.3. – тармағында  көрсетілген пайыздық мөлшерлемеге  сәйкес оны нақты орналастыру  мерзіміне төленеді.

    3.1. Осы  келісімшарт банктегі депозиттік  шотқа осы Келісімшарттың 1.1. –  тармағында көрсетілген депозит  сомасын орналастыру сәтінен  бастап күшіне енеді және Депозитші  депозиттік шоттағы барлық ақша  сомасы мен оған есептелген  сыйақыны алғанға дейін немесе  Келісімшартты тоқтатқанға дейін  күшінде болады.

Информация о работе Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі