Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 09:09, курсовая работа
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Кіріспе
І бөлім. Лизингтің мәні
1.1 Лизинг түсінігі, ұғымның пайда болуы
1.2 Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері
1.3 Лизинг нысандары, типтері және түрлері
ІІ бөлім. Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері
2.1 Лизингті мемлекеттік реттелуі
2.2 Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары
2.3 Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі
ІІІ бөлім. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар
3.1 Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру
3.2 Лизинг кәсіпкер қаруы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қосымша материал
3.2 Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру бойынша шаралар кешеніндегі лизингтің орыны
Қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың кешені жасалды. Кәсіпорынның негізгі қаржылық ресурсы болып пайда мен өтелім болады. Пайда мен өтелімдік есептеулер есебінен инвестицияларды қалыптастыруды құқықтық реттеумен қатар, инвестициялық жобалар және т.б бойынша орталықтандырылған ресурстарды конкурстық орналастыру сияқты, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға жаңа тәсілдер енгізілуде.
Жүйе астының өзгеруінің өтуі жолымен барлық жүйеге өзгеріс енгізуге мүмкіндік жоқ болғандай, инвестициялық қызметті белсенділендірудің қандай бір факторын дамыту жолымен инвестициялық салаға мағыналы өзгеріс жасау да мүмкін емес. Бұл жерде пайдалы нәтижелерге кешендік тәсіл негізінде ғана қол жетеді. Бірақ Өкiмет Қазақстан Республикасында инвестициялық базаны дамыту үшін бірқатар қадамдар жасауда және онда лизингке маңызды орын берілуде. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының өкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған
қаржы лизингi шарттары бойынша
қаржы лизингіне беру
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы Өкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысы бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 5 шілде N 78-ІІ8 «лизингті дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады, онда әртүрлі министрліктер мен ведомстваларына (МИД, МНС, ГТК, МВЭС және т.б) қызметтің осы түрін дамытуға бағытталған әрекеттердің белгілі қатары ұйғарылады. Сондай-ақ 1998 жылы 3 қыркүйекте №1020 «лизингтік операцияларды жүзеге асыруға мемлекеттік кепілдіктерді бекіту жөнінде» қаулысы қабылданды. Қазақстаннның инвестициялық қызметке байланысты заңдылық базасында, лизингке көп көңіл аударыла бастады, бірақ тәжірибе жүзінде ол инвестициялық ауа-райына толық тәуелді, экономиканың нақты секторының дамуына байланысты.
АҚШ-та 90 жылдардың соңында, мәселен, инвестициялардың жалпы көлемінде лизингтік операциялардың үлес салмағы 35 пайыздан асты. Жапонияда, өз кезегінде, лизингтік операциялардың жылдық өсуі 25-40 пайызды құрайды.
Бірақ бұл елдерде, біздің елімізге қарағанда нарықтық экономика жағдайында дамудың орасан зор тәжірибесі бар, осы тәжірибелерге сүйене отырып, біз мұндай көрсеткіштерге, кезінде дамыған елдер келген кезден де тез келуіміз мүмкін.
Жыл сайынғы жалгерлік төлемнің толық төлемі салық салынатын кірістерді анықтағанда есептеуге жатады. Бірақ салық инспекциясы, бұл жалгерлік деп аталған, оны төлем мерзімін ұзартумен өтелетін несие алу емес, нағыз жалгерлік екеніне сенімді болуы керек. Сондықтан лизинг бойынша келісім-шарт салық инспекциясына тиісті нысанда жасалуы маңызды. Төменде салық инспекциясына ұсынылатын лизингтік мәмілелерге талаптар көрсетіледі.
1. Жалгерлік мерзімі 30 жылдан кем болмау керек, әйтпесе жалгерлік сатудың бір түрі ретінде қаралады.
Рента жалгер үшін біркелкі (тиесілі) пайда ұсыну керек; біркелкі – 8-ден 15 пайызға дейінгі диапазонда.
3. Жалгерде әртүрлі
сыртқы ұсынымдар арасында
Лизинг, баланстық есепте көрсетусіз қаржыландыру деп атайды, яғни, жалгерлік келісім-шарты бойынша жалгерлікке алынған активтер де, пассивтер де фирманың балансында көрсетілмейді. Ол 1 таблицада екі гипотетикалық А және В фирмасының баланстық есептері мысалында көрсетілген.
1 табл. Лизингтің баланстық есепке ықпалы. (1,331)
А және В фирмалары | ||
Қарызға алатын және сатып алатын А фирмасы |
Жалгерлікке алатын В фирмасы | |
Қарызы 50 $. |
Қарызы 150 $. |
Қарызы 150 $. |
Акционерлік капиталы 50/100 $ |
Акционерлік капиталы 50/100 $. |
Акционерлік капиталы 50/200 $. |
Барлық активтері 100 $. |
Барлық активтері 200 $. |
Барлық активтері 200 $. |
Екі фирманың да баланстық есептері ұқсас және екеуінде де 50 пайыздық қарыз коэффициенті бар. Сосын олардың әрқайсысы құны 100 долл. тұратын активтерді сатып алуға шешім қабылдайды. А фирмасы сатып алу жасау үшін 100 долл. қарыз алады, сондықтан олар оның баланстық есебінің белсенді және енжар бөлігіне қосылады. Және оның қарызының коэффициенті 75 пайызға дейін көбейеді. В фирмасы жабдықты жалгерлікке алады. Жалгерлік, А фирмасының несиесінен де асып кететін, жоғары қаржылық белгіленген шығынды талап етеді және жалгерлік туралы міндеттеме тең және ауыр болуы мүмкін. Бірақ, баланста көрсетілген В фирмасының қарыз коэффициенті А фирмасының сәйкес коэффициентіне төмен, В фирмасына басқа несие берушілерден қосымша несие алуға мүмкіндік береді.
Аталған мысал екі компанияларды салыстырғанда қарыз коэффициентінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Егерде компания жабдықты біршама сомаға жалгерлікке алса, онда қарыз коэффициенті оның левериджінің позициясын нақты емес көрсетеді.
Лизингке артықшылық беретін екі мүмкін жағдай бар, әсіресе қаржылық левериджінің барынша деңгейіне жетуге ұмтылатын фирмалар үшін.
Біріншіден, көбіне фирмалар, белгілі жабдықты сатып алу үшін кепілдендірілген несие келісіміне қарағанда, лизинг туралы келісім бойынша ұзақ мерзімге көп ақшалай сома ала алады деп хабарланады. Екіншіден, лизинг баланстық есепте көрсетілмегендік нәтижесінен (1 табл.қараңыз), лизингті қаржыландыру көзі ретінде пайдалану фирмаға оның төлеу қабілеті туралы үстіртін талдау жасағанда «жақсы көрінуге» мүмкіндік береді және қаржыландырудың басқа көздеріне қарағанда левериджінің жоғары деңгейіне ие болдырады. Бұл ұсақ фирмалар үшін аса маңызды. Фирманың басшылығы шешім қабылдау үшін бұл мүмкін болатын несие қанша болуы мүмкін екенін есептеу қажет. Сонымен қатар қазір лизингті капитализациялау туралы мәселе талқылануда. Егерде бұл қадам жасалса, онда лизинг несие алудың үлкен мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды.
Қорытынды
Лизинг инвестицияларды тартуға қабілетті, икемді және көп үміт күтерлік экономикалық иінтірек болып келеді, отандық өндірісті көтеруге мүмкіндік жасау, капиталды ел экономикасының маңызды саласына тарту, шағын бизнеске нақты қолдауды қамтамасыз етеді және т.б. Ресейдегі орасан зор потенциал осының көрінісі.
Үкімет, лизингке қолайлы жағдай саясатын декларациялар соңғы жылдары берік нормативтік база дайындады. өкінішке орай, заңмен анықталған барлық жеңілдіктер, орындарда нұсқаулықпен бекітілген және ал нақтылап алғанда орындалмайды.
Қорытындыда атап өту керек, лизинг несиені арзан ауыстыру болып табылмайды. Негізгі қаражаттың жабдығын қаржыландырудың белгілі артықшылығы бар, бірақ несиелеудің машықтары мен қаржылық ағындарды бағалау, қамтамасыз етілмеген несиедегі сияқты өте қиын. Басқа сөзбен айтқанда жетерлік қаражатсыз, бірақ жоғары тиімді жобамен істі бастау үшін, лизинг алушы үшін негізгі жағымды сәт жоғалады (соның ішінде шағын бизнес үшін), сондай-ақ, лизингте банктер кепілзатты талап етеді (лизингтік мәміленің объектісі жоба үшін бағалы болуы мүмкін, бірақ банктің шығынан жабу үшін, таратушылыққа сол шарада ие емес)
Осылайша, лизинг банктің «өз» клиенттерінің инвестициялық жобаларына қызмет көрсетудің тиімді құралына айналды. Бірақ Ресейдегі лизингтің потенциалы өте жоғары және мемлекет де және лизингтік компания да орасан зор жұмыс жасады.
Менің ойымша, біздің елімізде көлемінде келесі элементтері бар кешендік бағдарлама жетіспейді:
- өз қатарына: кәсіби
мамандардың дайындығын, ұсынатын
қызметтердің ақпараттық
- лизингтік мәмілердің
ұзақ мерзімдік несиеленуінде
(3 жылдан аса) банктің кең
- лизингте 100 пайыздық кепілзаттан сақтану үшін, кепілдік жүйесін дамыту (мәселен, сақтандыру);
- қабылданған шаралармен қатар (халықаралық лизинг келісім-шарттарындағы валюталық бақылаудың болмауы), лизинг көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенін күшейту.
Осындай бағдарлама коммерциялық банктерді күмәнді, қауіп-қатерлі пайданы қысқа мерзімнің ішінде алудың орынына сенімді пайда алу үшін ресейлік экономиканы қаражатты ұзақ мерзімдік инвестициялауға бағыттауға итерер еді.
Бағдарламаның осындай түрі Ресейді лизингтік шудан бөліп отыр.
Қызмет көрсету лизингі немесе операциялық лизинг негізгі қаражатын ғана емес, сондай-ақ оның пайдалануын да қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал лизбэк пен қаржылық лизинг қаржыландыруды ғана қамтамасыз етеді және несие көмегімен қаржыландырудың баламасы болып табылады.
Лизинг «баланстық есептен тыс» қаржыландыру болса, фирмалар егерде олар, қарызға алудан гөрі, лизингті пайдаланса, үлкен қаржылық левериджке ие болады. Бұл лизингтің артықшылығының бір себебі. Бірақ салықтар негізінен қаржылық лизингтің өсуінің басты себебі болып табылады. Лизинг салықтық жеңілдіктерді негізгі қаражатты пайдаланушыдан капиталды жабдықтаушыға беруге мүмкіндік береді және егерде бұл жақтар әртүрлі салықтық шарттарда болса, онда олар лизингтік келісімнен пайда таба алады. Қазір, қандай да мүмкіндік тиімді және іс жүргізу пайдалы болып отырғанда, мұндай салықтық және экономикалық жағдайдың қатаңдығында, аз шығынға ие болу өте маңызды, біздің елде де лизинг нарықтағы аса перспективті және тиімді нұсқасы деп қаралуы қажет.
Әдебиеттер тізімі
1 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Өкіметінің 2002.01.23. N 87 қаулысымен.
2 24.11.2004 / 10:19 Астана. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат.
3 «Краткий статистический ежегодник Казахстана 2005» Алматы, 2005, 111-бет
4 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы 5/2005» Алматы 2005ж. 20 бет
5 «Статистическое обозрение Казахстана, 1’2004», Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігі 1’2004 65-бет
6 «Қазақстан экономикасы мен білімін реформалау: теория жене тәжірибе» Астана 2003 250-бет
7 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 қаңтар N 117
8 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат