Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 19:19, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ ...........................................................4
Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы ..............4
1.2 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері ……..….9
1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары ………………...…14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША АЙНАЛЫСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ .....................……17
2.1 Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша айналысының даму барысы ....................................................................………………………….….17
3 ЕЛІМІЗДЕГІ АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ...................................22
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………
Монетаристер
деп аталатын, ағылшын классикалық
экономика мектебiнiң
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан
кейiн ақшаның сандық теориясы
өзiнiң күшiн жоғалта бастады,
себебi кейнсиандық теория
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi болып табылады.
Ақшаның сандық
теориясы айналысқа қажеттi ақша санын
дәл анықтауға мүмкiндiк
Орталық банк экономикалық
айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес,
несиелеу жолдары бойынша қажеттi
несие ақшаларының масасын беретiн,
өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн
атқарады. Ақша екi түрлi формада
болады: қолма – қол және банктiк
айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы
қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу
формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның
бұл екi формасы бiр – бiрiмен
тығыз байланыста. Банктiк айналымның
ақшалары әрдайым қолма-қол
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi. /8, 64 б/
Сонымен мен бірінші тарауда ақшаның жалпыға бірдей эквивалент тауар ретінде пайда болуы мен ондағы ақша айналысы теорияларының дамуын және ондағы металл ақшалардың пайда болуы мен олардың даму барысына тоқталып өттім. Енді келесі тарауда металл ақша айналысының экономикалық сипаты мен оның басқа ақша формаларымен ара қатынасын, бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуына тоқталып өтуді жөн көрдім.
1.2 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
Ақша
өзінің материалдық – заттық құрылымы
жөнінен металл ақшалар және қазыналық
билеттер (қағаз және несие ақшалары)
болып екіге бөлінеді. Екінші ір
қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі
– егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп
шығуына байланысты тауар өндірісі
қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз
құбылысқа айналғанда ақшаның ролін
орындайтын салмақты металл заттар жүре
бастады. Металл ақшаның пайда болуына
байланысты ақша белгілерінің салмағын
өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен
белгілі бір массасы
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл. Оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған. /9, 114 б/
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы екі жағында суретт салынған массасы бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар – ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық
еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы
сатысында металдан монета түрінде
ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың
дамуына байланысты тауар сатушылардың
арасынана көпестер бөлініп шығып,
олар тауар айырбасына тек делдалдық
кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета
деген заң жүзінде құрамындағы
белгілі бір металдың салмағын, сыртқы
түрін бекіткен тағайынды формадағы
ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын,
массасын, типін, ремедикмын (заңды
түрде бекітілгн нақты
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден соғылады.
Ақша
айналысында майда ақшаның
20- ғасырдың
70-жылдары алтынға
Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi – биметализм және монометализмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
Биметализм XVI-XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Дегенмен 1865 жылы Франция, Бельгия, Швейцарияда және Италияда биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде латын монеталық одағы конференциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны бес франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1/15,5 шамаға тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алмен мен күмістің нарықтық құнына сай келемейді.
Биметализм жүйесі өскелең капиталситік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді, жалпыға бірдей құн өлшеі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алытн , не күміс. Оған қоса XIX аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің арақатынасы 1/20 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.
Нәтижесінде
жалпы құн өлшемі ретінде
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын (алтын немесе күміс) ақша жүйесi.
Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет етті.
Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.
Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын және оның монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшалардың алтын монеталарға еркін ауыстырылу қауіпін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатты, кейіннен көптеген елдерде (АҚШ-тан басқасы) осы себептерге байланысты тоқтатылды. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылды және оны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Алтын монеталар қазынаға сақтауға жіберілді.
1924-29 жж. ақша
реформасының жүруі барысында
алтын стандартына қайта
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды. Оның алтын монетадан айырмашылығы мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады. Ұлыбританияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стирлинг, Францияда 12,7 кг алтын құймасының бағасы 215 франтке тең болды.
Информация о работе Металл ақша айналысы және қағаз ақшаға өту себептері