Тұтыну несиесі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:35, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады.

Работа состоит из  1 файл

тутуну несиеси жане онын дамуы.docx

— 173.18 Кб (Скачать документ)

    Халықтың  несие қатынастарының даму мүмкіншілігінің  қорытындысы:

    • халықтың банктерге салымдар жасаудағы өсім құнынан гөрі осы жиылымда несие беру көзіне айналдырудағы пайда табу қосымша құны өте жоғары. Бұл аралық банктер жүйесінің қосымша құнын молайту ынталығын арттыруда, керісінше халықтың қабілеттік ынталығын арттыру жолдары қарастырылуы керек;
    • халқтың несиені пайдалану мүмкіншілігі оның өсім құнына тікелей прпорционалды болғандықтан несие қатынастары жеткілікті дамымауда,мысалы, кәсіпкерлік бәсекелестерде тұрмыстық жағдайда, ұлттық табыстың молаюы мүмкін емес.
    • Халықтың қалыптасу,қолдау,даму бағыттарының алғашқы көздері несиелік (ипотекалық,лизингтік,ауылшаруашылық, тұтыну т.б.)бюджеттік қатынастардағы әлеуметтілікті қорғауды жетілдіру мәселелері./19, 33-37 бб/

    Ативтер мен пассивтерді басқару субъектілерінің  ішінде отандық банктік тәжірибеде қолданылып жүргендеріне: активтер мен  пассивтерді басқару комитеті, несиелік комитет, проблемалық несиелермен  жұмыс бөлімі, тәуекелдерді басқару  бөлімшесі және қазнашылық жатады. Мұндағы бастапқы екі комитет  бөлімшенің қызметін атқармайтыны белгілі. Олар қазіргі жағдайда банктің активтері  мен пассивтеріне құзіретті басқаруды  жүзеге асыра алмағандығын, бүгінгі  күні ҚР ЕДБ-нің ктивтері құрылымында  жіктелетін (күмәнді және үмітсіз) немесе проблемалық активтер үлесінің артуынан байқауға болады.

    Кесте-4

    Екінші  деңгейлі банктердің активтері мен  шартты міндеттемелері

    млрд.тг

Банк  активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелімі 2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж
Барлық  активтер мен шартты міндеттемелер,млрд,теңге  1 965,9 3 330,3 5 427,0 1 1242,5
Стандартты  1 467,2 2 411,5 3 973,0 8 117,7
үлесі% 74,6 72,4 73,2 72,2
Күмәнді 475,0 862,6 1 382,1 3 026,9
Үлесі,% 24,2 25,9 25,5 26,9
1-санатты  күмәнді 350,0 691,5 1 136,8 2 587,9
Үлесі,% 17,8 20,8 21,8 23,0

4-кестенің  жалғасы

2-санатты  күмәнді 37,0 28,9 38,2 112,7
Үлесі, % 1,9 0,9 0,7 1,0
3-санатты  күмәнді 51,4 97,9 142,8 236,1
үлесі,% 2,6 2,9 2,6 2,1
4-санатты  күмәнді 16,1 18,9 28,5 39,0
Үлесі,% 0,8 0,5 0,5 0,3
5-санатты  күмәнді 20,5 25,4 35,8 51,2
Үлесі,% 1,1 0,8 0,7 0,5
Үмітсіз 23,7 56,2 71,4 97,9
Үлесі,% 1,2 1,7 1,3 0,9
 

* Дерек  көзі: Екінші деңгейлі банктердің  есептік және Қаржы Қадағалау  Агенттігінің есептік мәліметтері  негізінде 

Кестеден  байқағанымыздай банктердің активтері  мен шартты міндеттемелерінің сапасына жасалған талдаудан, стандартты активтер мен шартты міндеттемелердің үлесінің 2006 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 74,6%-дан 72,2%-ға дейін төмендегенін көруге болады.

Ал күмәнді  активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі болса керісінше 2006 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 24,2%-дан 26,9%-ға дейін  өскен. Күмәнді активтердің ішінде, 1-санаттағы күмәнді активтер мен  шартты міндеттемелердің үлесі 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 17,8%-дан 23,0%-ға дейін  өскен.

Үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі керісінше төмендеп отыр, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,2%-дан 0,9%-ға дейін азайған.

Ондай бөлімше ретінде біз, банктің  басқару құрылымында әсіресе  активтерді басқаруға қатысты мамандандырылған бөлімше ретінде «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесін» құруды ұсынамыз.

Проблемалқ  активтер дегеніміз-бұл банктің  жіктелетін активтерінің бір бөлігін,яғни қайтару мерзімі кешіктірілген  активтер топтарын білдіреді.

Төмендегі суреттен 2006-2009 жж банктердің активтері  мен шартты міндеттемелерінің құрылымын  көруге болады.

Сурет 4- Екінші деңгейлі банктердің активтері  мен шартты міндеттемелердің құрылымы

*Дерек  көзі: Қаржы қаражат №5, 2009

Біздің  ойымызша қазіргі жағдайда банктің  активі мен пассивін кешенді басқаруға  тек теориялық тұрғыдан тоқталу  жеткіліксіз, себебі бұл жерде «басқару»  деген ұғымның өзі тәжірибенің  араласуын қажет етеді. Банк активтері  мен пассивтерін басқару отандық  тәжірибеде тек қана активтер мен  пассивтерді басқару комитетінің  қызметі, банктің өтімділігі мен  табыстлығы тұрғысынан қосымша бір  бөлімшенің болуы қажет саналады.

Ондай бөлімше ретінде біз, банктің  басқару құрылымында әсіресе  активтерді басқаруға қатысты мамандандырылған бөлімше ретінде «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесін» құруды ұсынамыз.

Проблемалқ  активтер дегеніміз-бұл банктің  жіктелетін активтерінің бір бөлігін,яғни қайтару мерзімі кешіктірілген  активтер топтарын білдіреді.

«Проблемалық  активтерді басқару бөлімшесі» сияқты басқару құрылымдары шетелдік банктер  тәжірибесінде бөлім түрінде  кездеседі. Ондай бөлім ретінде  отандық банктер тәжірибесінде  «проблемалық несиелермен жұмыс  бөлімі» алуға болады. Олар екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде  ғана құрылып қызмет етуде және оның тиімділігі де дәлелденіп отыр. Демек  проблемалық активтерді басқару  бөлімшесінің құзыреті жоғарыда аталған  бөлімге қарағанда кең, яғни ол бөлімнің сол бөлімшенің құрылымына жатқызуға  толық негіз бар. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» өз қызметінде банктік  заңдылықтарды, ҚҰБ мен ҚҚА-нің  нормативиік актілерін, банктің  жарғысын, Басқарманың шешімдерін, өзге банктің нормативтік және үкімдік  құжаттарын және аталған бөлімше  туралы ережесінбасшылыққа алады. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі»мынадай  типтік міндеттерді шешуге тиіс:

1)Жоғары  мөлшерде пайда табу мақсатында  банктің тиімді несиелік-инвестициялық  стратегиясын қалыптастыруға және  іске асыруға қатынасу.

Бұл жерде  ең бастысы проблемалық активтердің  пайда болуының алдын алу және пайда болған жағдайларда оларға мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру  шараларының іске асырылуы көзделеді. Ал енді пайда табу мақсатына келетін  болсақ мұнда аталған бөлімшенің ықпалымен банктің щығындарын азайта отырып, проблемалық активтерді барынша  қайтаруға жағдайлар жасау туралы айтылады.

2) Проблемалық  активтермен жұмыс бойынша қызметін  жүзеге асыру барысында банктің  және оның құрылымдық бөлімшелерінің  қатынасу қағидаттарын, стратегияларын, нысандары және әдістерін жасау.

Жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына  мыналар жатады:

Активтердің проблемалық активтер тобына өтуін  ескерту, яғни ПАББ активтік операцияларды  жүргізетін банктің өзге негізгі  бөлімшелерімен бірге активтерді орналастыру  туралы шешімдерді қабылдау үдерісіне  қатысып, банк активтері қожынының жағдайына жүйелі түрде бақылау жасауға және төлемді кешіктірген күннен бастап қарыз алушылармен жүргізілетін жұмыстарына қатысуға тиіс. Егер де қарыз алушының қарызды кешіктіруі техникалық себептерге байланысты болса,онда әрі қарай бақылау жұмыстарын жалғастыра береді.

Проблеманы  шешу тәсілдерінің толықтылығы мен  кешенділігі, яғни банктің,заңдар мен  нормативтік актілер шегінде  қарыз алушыларға ықпал ету мүмкіндіктерін жасау. Нақтырақ айтсақ, банктің экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, өндірістік-техникалық ерекшеліктерін, қарыз алушының жеке басының мінез құлқын және психологиясын  ескеретін әр түрлі стратегияларды жасап қоймай, сондай-ақ проблеманы шешудіңәр түрлі нысандары мен  әдістерін жүргізуге тиіс.

Қабылданатын  шаралардың өз уақытылығы, яғни проблемалық  активтермен жұмыс жасау барысында, кейде қарызды толық қайтару  немесе проблемалық активтермен  қалыпты активке айналдыруға  мүмкіндік беретін тез арада  шешім қабылдау керек болады. Егер уақыт өтіп кететін болса,онда активтердің  үмітсіз санатна айналуы мүмкін.

Қабылданатын  шешімдердің тиімділігі, яғни бөлімшенің жұмысының нәтижесі банктің табысының  нақты өсуімен сипатталуға тиіс. Ең басты назар аударатыны бұл  жерде уақыт факторы. Банк өз қызметінде кейде ағымдағы шығыстарды басынан  кеше отырып, нәтижесінде стратегиялық оң нәтижеге қол жеткізуі қажет.

Оң тиімділіктің артуы, яғни уақытында банктің алдындағы  қарызын қайтара алмаған қарыз  алушы, қарызын бөлшектеп, бірақ  келісілген кесте бойынша қайтаруға  және комитеттің қатаң бақылауында  болуы тиіс.

3) несиелердің  қайтарылмау тәуекелі мен бағалы  қағаздарды өтеуге байланысты  дефолттарды төмендету бойынша  кешенді шараларды жүзеге асру  барысында өзінің қарамағындағы  бөлімшелермен немесе филиалдармен  өзара байланысты дамыту.

Аталған бөлімше банктің өзге де бөлімшелер және филиалдарымен ақпарат алмасуды дұрыс жолға қоя білуі қажет. Егер филиал проблемалық активтерді қайтаруға байланысты шараларды  жүргізуге қатысатын болса, онда оның атқаруын тиісті іс-әрекеттерді  немесе міндеттерді айқындауға араласуы қажет. ПАББ-нің орталық аппаратының  қызметкерлері өңірлердегі филиалдарда  жиі бола отырып, ондағы әрәатестеріне  тәжірибелік көмек көрсетуге  тиіс. Проблемалық несиелермен жұмыс  жасау барысында банк қызметкерлерінің білікті маман ретінде бір-біріне деген сенімдерінің болуының маңызы зор.

4)проблемалық  несиелердің пайда болуы тәуекелдерден  қашу және оларды төмендетуге  байланысты операцияларды жүзеге  асыруда шетел банктерінің тәжірибелерін  үйрену және ПАББ-нің жұмысына  енгізу.

ПАББ-нің  қызметкерлері жүйелі түрде өздерінің  білімдерін жетілдіріп отыруға тиіс. ПАББ қызметкерлерінің білікғтілігін  арттыруда орталық аппараттың және филиалдардың, қызметкерлердің, сондай-ақ шетелдік банктердің осы саладағы әріптестерінің бірігуімен семинарлар өткізген дұрыс.

5.ПАББ  қызметінің барлық бағыттары  бойынша әдістемелік, нормативтік,  нұсқаулық және талдамалық материалдармен  банктің құрылымдық бөлімшелерін  ақпараттық қамтамасыз етуді  жүзеге асыру. 

ПАББ  өзінің құзыретінің шегінде банктің  нормативтік және үкімдік құжаттарын жасауға қатысады және оларды өзінің қарамағындағы бөлімшелердің міндетті орандауына бағыттайды. Ондай құжаттарға ПАББ-не жетекшілік банк басшысы қолын  қояды.

ПАББ-тің  жоғарыда ұсынылған типтік міндеттеріне байланысты, оның атқаруға тиісті мынандай қызметтерін бөліп қарастыруға  болады.:

  • Бөлімшенің қарауында болатын проблемалық активтер бойынша қарыздарды қайтару жұмыстармен байланысты кешенді шараларды жүзеге асыру;
  • өзге бөлімшелермен бірлесе отырып проблемалық қарыздарды қайтаруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және өзінің құзыретіне қарай банктің жоғары коллегиялық ұйымдарына арналған сараптамалық қорытынды даярлау;
  • активтердің прорблемалық топқа ауысу кезеңінен бастап, олардан нақты нәтиже шыққанша жұмыс жүргізу;
  • проблемалық активтермен жұмыс жасауға қатыстырылатын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және есепке алуды ұйымдастыру;
  • бөлімшенің қарауында есепке алынатын қарыздарды қайтаруа байланысты туындайтын зияндардың орнын жабуға арналған резервтермен есеп айырысуды, есептеуді және бақылау қоюды жүзеге асыру;

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның дамуы