Тұтыну несиесі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:35, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады.

Работа состоит из  1 файл

тутуну несиеси жане онын дамуы.docx

— 173.18 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар  торабы бар. 2007 жылдың 1 наурызында банкоматтар  саны -496, сауда \ қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS-терминалдар саны 2364-ті құрады, ал қолма-қол ақша беруге арналған POS- терминалдар саны-162. Банк сондай ақ Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік  қызметтер көрсету бойынша жетекші  банк болып табылады: Hombank.kz- жеке тұлғалар үшін, Onlinbank.kz- заңды тұлғалар үшін.

Банк  орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі  өнім мен қызметтер ұсынады;сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды  қаржыландыру, активтерді басқару, қысқа  мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы  банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік  деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік  клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай ақ қазіргі уақытта  ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы  өзінің негізгі клинттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады  және Ресей мен Қырғызстанның  ірі корпоративтік клиенттерін  қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының  негізгі қатысушысы бола отырып, ол компонияларға валюталық конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда, компонияларға ақша ресурстарын  басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын  және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға  құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаоажаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметін ұсынды.

Банк  стратегиясы  өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік арқылы табыстылықты арттыра отырып, көсбасшы банк және қаржылық қызметтер жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.

Банк  стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер  провайдері( жеткізушісі) позициясын ұстауды  кіргізеді. Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

«Казкоммерцбанк стратегиясы»

  • Банк қызметтерді кеңейту. Сондай ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейтуге және ссуда) қожынының сапасын жақсарта бермек. Өз қожынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді ұлғайтуға тырысады.
  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
  • Қор жасау базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш қаржылық ұйымдар мен және шетелдік кредиттік сараптау агенттіктерімен ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.
  • Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинау үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ «Казкоммерц Полис» АҚ еншілес кәсіпорындардың қызметі арқылы басқа заттар арсында өз орнын алып отыр./32/

    Банк  лицензиясы

Банкте  келесі лицензиялар бар.

  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің банктік заңнамалармен қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операция жүргізуге 20.02.04 жылғы № 48 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында делдалдық (брокерлік-дилерлік) қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0401100672 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0407100205 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген );
  • өз жұмыскерлерінің денсаулығы өмірін қорғауға, жеке мүлігін, оның ішінде тасып көшірген кезде сақталуына 21.06.2004 жылғы № 000982 күзет қызметімен айналысуға берілген МКЖ мемлекеттік лицензиясы (қолданыс мерзімі шектелмеген).

    Банк  Қазақстандық өзге де банктер сияқты жергілікті әрі шетелдік банктер  тарапынан бәсекелестікке ұшырайды. Банк активтердің ауқымды капиталдануы мен мөлшеріне қатысты, депозиттік база мен диверсификациялық клиенттіе  база құнының төмендігіне қатысты  Қазақстанның банктік секторында тиімді бәсекелестік үшін берік ұстанымда  болғанымен, ол қазақстандық банк секторының бірқатар елеулі және әлеуетті қатысушылары тарапынан бәсекелестікті бастан кешіреді. Оның ішінде, Қазақстанның Даму Банкісі (ҚДБ) 2001 жылы құрылған және Қазақстанның барлық жергілікті банктері арсында  мейлінше үлкен капиталды иеленеді. Банк ҚДБ корпорацияларға несие  беру секторында күшті бәсекелес  болу мүмкіндігін назарнда ұстайды. Елеулі бәсекелес ретінде ТұранӘлем, Халық банкі, БанкЦентрКредит, АТФ  Банк пен Ситибанк тәрізді банктерді  бөліп атауға болады. Казкоммерцбанк осы банктер мен бәсекелестікті ескере отырып, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, жаңа банктік технологияларды  дамытып, жүзеге асырады, бұл үшін қосымша  инвестициялар талап етіледі, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге  мәжбүр болады.

    Қазақстан нарығына шетелдік банктердің қызығушылығы артқанын ескере отырып, шетелдік қатысуымен бәсекелес болатын ірі банктердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды. Отандық қаржы нарығының салыстырмалы түрде аясының шектеулі болуы  жағдайында қазақстандық банктер арасында жаңа бәсекелестіктің пайда болуы  мүмкін емес болып көрінеді./30/

Кесте-1

Казкоммерцбанктің негізгі экономикалық көрсеткіштері

(млн  тг.)

Көрсеткіштер  2007 2008 2009
Жалпы активтер 2997232 2614805 2587873
Жарғылық  капитал 389,588 313,862 319,219
Меншікті  капитал 6,998 6,990 9,032
Резервтік қорға аударғаннан кейінгі таза операциондық табыс 107,946 50,970 58,959
Қаржылық  нәтиже 11457 24553 4735
Займдар және лизинг 281251 876231 119520
Бағалы  қағаздар 210343 251128 40399
Халық салымдары  351703 520153 83572
Акция котировкасы (жылдың соңғы айына  орта есеппен) 1316,16 1316,16 137,9
* Дерек көзі:Казкоммерцбанк Акционерлік  қоғамының корсеткіштері*  
 

Казкоммерцбанк  берген несиелер көлемінің өсуі 2007 жылға дейін ең алдымен сату желісінің  кеңеюімен бөлшек несиелеу белсенділігінің  артуы және халық үшін тартымды несиелік бағдарламалардың көбеюі арқасында  мүмкін болды. Ал 2008 жылдан бастап бұл  үдеріс кері бағытта жүрді. Оған әсер еткен бірден бір фактор бәрімізге  белгілі әлемдік қаржы дағдарысы  екені белгілі. Нақтырақ айтатын  болсақ 2007 жылы Казкоммерцбанк АҚ жалпы  активтері 2 997 232 млн теңге болса, 2008 жылы 2 614 805 млн теңгеге дейін  кеміген, ал 2009жылы ол тағы да азайып 2 587 873 млн теңгені құраған .

Осы 1-кестедегі  көрсетілген мәселелерді нақтырақ төмендегі 1-суреттен көруге болады.

Сурет 1. Казкоммерцбанктің активтерінің динамикасы

Дерек көзі: Ұлттық банк мәліметтері бойынша  автордың құрастыруымен

Мысалы, 2007 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 997 232мың теңге, ал 2008 жылы 2 614 805мың  теңге болып 2007 жылға қарағанда 382427 мың теңгеге кемісе, 2009 жылы 2 587 873 мың теңге болды яғни алдыңғы  жылмен салыстырғанда 26932 мың теңгеге  кемігенін көреміз.

Бұл айтылған жәйттер тек қана Казкоммерцбанкке ғана тән емес ол бүкілекінші деңгейлі банктердің де мәселесі екені белгілі. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.

5-кесте

Аймақтар  бойынша банктердің халыққа берген ипотекалық несиелері

Аймақтар 2007ж

Млн.тг

2008ж. млн.  теңге 2009ж. млн.  теңге өсуі (2009/2010)
Астана  қаласы 78351 64615 60953 0,97
Алматы  қаласы 361169 398092 306683 1,2
Акмола 23863 21027 17727 0,98
Ақтөбе 54529 46841 38099 0,98
Алматы  облысы 42982 36921 33512 1,01
Атырау 53916 44379 36702 1,02
Шығыс Қазақстан 82218 68272 55320 1,03
Жамбыл 41081 35273 31199 0,98
Батыс Қазақстан 29032 25110 19942 0,95
Қарағанды 83679 68150 57260 1,007
Қостанай 37963 28996 25829 0,94
Қызылорда 29570 25783 20882 1,03
Маңғыстау 58842 49038 41782 0,99
Павлодар 53095 40885 36048 1,01
Солтүстік Қазақстан 25946 19839 15843 0,97
Оңтүстік  Қазақстан 97400 77039 69665 1,08
Барлығы 1 157 635 1 020261 867479 1,06
Дерек көзі:ҚР Ұлттық банкінің статистикалық  бюллетенінің мәліметтері
 

     Жоғарыдағы  кестеден соңғы екі жыл ішінде республика аймақтары бойынша банктердің берген тұтыну несиелерінің көлемі кеміп  отырғандағын көруге болады. Әсересе, Алматы және Астана қалаларының үлес салмағы өте жоғары, айталық 01.2007 жылы Алматы қаласы бойынша 361169млн  теңге берілсе 2008жылы 398092млн.теңгені  құрап, 37млрд.теңгеге артқан, ал 2009жылы 306683млн.теңгеге тұтыну несиесі беріліп  алдыңғы екі жылмен салыстырғанда  еләуір кеміген, мұндай тенденция Астана қаласы бойынша да байқалады 2007жылы 78351 млн теңге тұтыну несиесі берілсе, ал 01.2008 жылғы мәліметтер бойынша  бүл несиелер көлемі кеміп, 64615млн.теңгені  құрады және 2009жылы 60953 млн теңгені  құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3млрд.теңгеге кеміген байқаймыз.

Осы жоғарыда айтылған мәселелерді нақтырақ келесі суреттен көруге болады 

Сурет 2. Банктердің несие портфелінің  өзгеру динамкасы млн. теңгемен

Дерек көзі: автордың Ұлттық банк мәліметтері  бойынша құрастыруы

Жалпы аймақ бойынша банктедің халыққа  берген тұтыну мақсатындағы несиелерінің көлемі соңғы екі жылда азайып отырғанын белгілі. Оның бірден бір  себебі еліміздегі қаржы дағдарысымен тығыз байланысты екені айтпаса  да түсінікті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының  Қаржылық Қадағалау Агенттігінің мэліметтеріне  сүйенер болсақ бүгінде елімізде орналасқан 38 банктің 18-і шетел капиталының  қатысуымен қүрылған банк болып ал резидент емес болып табылатын банктердің саны 26 болып тұр.

Банктегі  тура факторлар:

    • экономикалық даму – Банк клиенттерінің тарапынан несие қорларына деген сұранысты арттырады;
    • макроэкономикалық тұрақтылық – жаңа банктік өнімдерді өндіру үшін қолайлы жағдайлар жасайды;
    • техникалық жабдықтану – қазіргі заманға сай техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің бар болуы банкпен көрсетілген қызметтің өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайды;
    • несиелік рейтингтің бар – болуы Банкке салыстырмалы түрде арзан несие қорларын тартуға мүмкіндік береді.

Теріс факторлар:

  • бәекелестіктің әсері – көрсетілетін банктік қызметке бағаның арзандауына әкеп соқтырады.
 

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның дамуы