Тұтыну несиесі және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:35, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады.

Работа состоит из  1 файл

тутуну несиеси жане онын дамуы.docx

— 173.18 Кб (Скачать документ)

-бұл  несие тек бір бағытта қозғалыста  жүреді: оны тек –өндіріс құрал  жабдықтакрын шыңаратын салалар  және оларды пайдаланатын салаларңа  береді, керісінше болуы мүмкін  емес. Мысалы, комбайн зауыты өз  өнімін комбайындарды несиеге  алу шаруашылығына сатуына болады, ал ауылшаруашылығы комбайн зауытына  коммерциялық несие ретінде өз  өнімін бере алмайды. 

Қорыта  айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра айырмашылықтары бар.

Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы- кәсіпкер.

Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақщасын шоғырландырып ,оны капиталға айналдырады.

Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс кобейді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяады. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өссіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің мұндай шартты екі түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қаоыздаодың капитал несиесін алғаны.

Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады: өндірістің бір  саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі  мүмкін.

Несиенің  негізгі екі формасының- коммерциялық және банктік несиелер-әрқайсысы  ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т.б.

Тұтыну  несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-жиhаз,жеңіл машиналар,тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін./16,142-151бб/

Банктік тәжірибеде несие бойынша жай  және күрделі сыйақы есептеу фрмулалары қолданылады.

Коммерциялық  банктер төмендегідей қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына тұтыну несиесін береді:

  • Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер, автомобиль,жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да техникалар сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге берілген тауар кепіл ролін атқарады. Берілген несие сомасы қарыз алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі тиіс;
  • Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды,тауарларды жалға алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
  • Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
  • Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін ұзартуға берілген несиелер,егер бұл жағдай несиелік карточканы пайдалану келісім шартында қарастырылса;
  • Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу үшін, емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.

Экономикалық  мазмұны жағынан тұтыну несиесі  банктік несиесінің бір түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.

Тұтыну  несиесінің негізгі мақсаты- халыққа  тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз  байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген несиеге  деген сұранысты тудырады. Бұл  тәуелділік әсіресе қазір айқын  көрінеді.

Несиенің  бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін  сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі  несиенің жартысынан көбі автакөлік  сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол  ақша арқылы сатып алынады.

Тұтыну  несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік  органдар тарапынан реттеліп отырады.

Бұл реттеулерді  екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және тауарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды көздейді. Яғни, банктердің,қаржы мекемелердің қызметтеріне несиелік шектеулер қолданылады.

Экономикалық  құлдырауы,сұраныстың азаюы кезіндегі  мемлекеттің саясаты- елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген жеңілдіктер, мысалы: қолма қол ақшамен сатып  алынған тауарлардың бағасын  төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.

Ал, экономика  ақша инфляциясының күшеюі кезінде  алдағы айтылған саясатқа қарама қарсы  саясат жүргізіледі, яғни мемлекет несие  мерзімдерін азайтып,проценттік ставкаларды  жоғарылатады.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен  роль атқарады,тауарларға деген сұранысты,олардың  өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алды. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған  қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады. Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін  салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі  әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге сәйкес,көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін  несиелердің ішінде ең табысты түрі болып табылады,мысалы,әлемдегі ең пір танымал – « Ситикорп оф Нью-Йорк » өзінің мыңдаған бөлімшелері  бойынша,үнемі өсіп отырған ресурстарын  тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе,несие  карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін  несиелерге, тұтынушыларға электрондық  қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады,бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік  қызметтер қымбат және тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың  қаржылық жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын  жоғалтуға байланысты күрт өзгеруі  ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды  жүзеге асыру мүмкін жағдайларды  есепке ала отарап жүргізілуі тиіс.

Сонымен,халыққа  берілетін несиелер тұтыну несиесі  деп аталады. Тұтынушылық несиелендіру спектрі деп нені түсінеміз? Іс жүзінде  осының бәрі тұтынушыға бағытталған  несиелендіру, атап айтқанда автомобильді, жиһазды, тұрмыстық техниканы сатып  алуға арналған несиелер және тұрмысымызды жақсартуға қажетті басқа да заттар. Бұған, мысалы, жеке үй шаруашылықтарының  көлемінде қаржыландыру - бұл білім  беру, денсаулық сақтау,үйлену және т.б. қызметтердің ақысын төлеу. Егер адамдар  өздерінің ішкі, отбасылық жобаларын  жүзеге асыра алмаса немесе өздерінің  жинаған ақшасые жұмсағысы келмесе, нәтижесінде оларға қаржылай қаражат  ұсынылады. Бұл несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен

( несиелеу  объектісі ) анықталады.

Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін  кез келген несиелерді соның ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілетін несиелер, ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға  берілген несиелерді жатқызады.

Ал батыстағы  банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы Ресейде ерекшеленеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін және сәйкес қызметтерге  ақы төлеу үшін берілген несиелер.

Тұтыну  несиесінің негізгі ерекшеліктеріне  келетін болсақ, мүлік құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие  белгілі бір уақыт өткеннен кейін  және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік  арқылы қанағаттандыруға құқы бар.

Тұтыну  қажеттіліктеріне арналған несиені  алу үшін несие алушы банкке несиелік қарыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің соммасын, неиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк өз тарапынаннесие алушының несие  қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс  деңгейі мен олардың табыс  деңгейін қарастырады. Ол үшін банк қарыз  алушының жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді талап етеді. Егер осы  мәліметтерді зерттей отырып, несие  алушының несиені өтей алатынына  күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл  немесе кепілдемені талап етеді./16,121-135 бб/

1.2 Тұтыну несиесінің  түрлері және қажеттілігі

Тұтыну  несиелерінің бірнеше түрлері бар  және дамыған елдерде олардың  саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелуінің  мынандай нышандары бар: қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені  пайдаланудың мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.

Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне  қарай тұтыну несиесі – кейінге  қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді жөндеуге және оларды газ, су және тағы басқа  жүйелерге қосылуына берілетін  несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға  жеке шаруашлығындағы жұмыстарды жүргізу  үшін, шағын механизация құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау  – бақша өсірушілік кооперативтеріне және серіктестеріне кіретін мүшелердің әртүрлі мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар сатып  алуға, шаруашлықта қажет үй жануарларын  сатп алуға және тағы басқа қажеттіліктерге  беріледі.

Тұтыну  несиелерінің төмендегідей түрлері  бар:

Несиелік  мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы сипаты бойынша ):

    • Банктік тұтыну несилері;
    • Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
    • Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну несиелері
    • ( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
    • Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
    • Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей алынған тұтыну несиелері;

    Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері  былай жіктеледі: қысқа 

мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап  еткенге дейінгі несиелер.

Отандық банктер тәжірбиесінде банктік  несиелердің пайдалану мерзіміне  қарай бөлінуі:

    • Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
    • Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
    • Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )

Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық  деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз  алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген  жағдайда өзіне қолайлы уақытта  өтей алады.

Тұтыну  несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз (овердравт, кейінге  қалдырылмайтын қажеттіліктерге ) деп  бөлінеді. Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген (сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты. /16,146-150 бб/

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның дамуы