Тургын уй маселеси

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:04, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.
Кез-келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – «әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету».
Жылжымайтын мүлік рыногы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлік рыногы ауқымы кең рынок болып саналады. Тұрғын үй – рыноктық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқынын және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші.
Тұрғын үй мәселесі Кеңес дәуірі кезінен-ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты.

Содержание

Кіріспе
I. Қазақстан Республикасы тұрғын үй нарығы мәселесі
1.1. Тұрғын үй нарығының теориялық-әдістемелік негіздері
1.2. Тұрғын үй нарығының құрылымы мен қызмет ету механизмі
1.3. Тұрғын үй нарығының қалыптасу тенденциялары мен дамуы
1.4. Тұрғын үй нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары

II. Тұрғын үй НАРЫҒЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Ипотека және ипотекалық несиелеу ерекшеліктері
2.2. «Тұрғын үй құрылыс банкінің» Қазақстандағы рөлі
2.3 «Тұрғын үй құрылыс банкінің» ипотекалық несиелендіру механизмі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Тургын уй маселеси.docx

— 60.06 Кб (Скачать документ)

Біріншіден, жинақтау барысында  тиімді мөлшерлеме (тарифтік бағдарламаға байланысты) жылына 12,7 пайызға дейін  жетеді. Банк қосқан мөлшерлемелерден бөлек, салым соммасына қарай  мемлекет 20 пайыз сыйлықақы береді. Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақтау жөнінде Банк пен клиенттер арасында 114 мыңнан астам келісім жасалды.  Бұл көрсеткіш күннен күнге көбейе түсері анық.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Тұрғын үй нарығы – бұл тұрғын үй қоры және тұрғын үй қорымен болатын: сату, сатып алу, айырбастау, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымы, тұрғын үйді жалға беру, кепілге қою, тұрғын үйге инвестициялау бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтығы мен қызмет етуші субъектілер, басқа да қатысушылар арасында болатын бастапқы және екінші нарықтағы экономикалық қатынастар мен олардың қалыптасуымен;

  • тұрғын үйдің басқа тауарларға қарағанда ерекшелігі - бұл әр қайсысының бір-біріне ұқсамауы, табысқа қарағанда жоғары бағалануы, ұзақ мерзімде қолданылуы, кепілдік объектісі ретінде жүруі, орнынан қозғаудың мүмкін еместігі және уақыт факторына тәуелділігімен байланыстырылды.   

Шетелдік тұрғын үй нарығы тәжірибесіне жүргізілген зерттеулерде анықталған құрылыс пен сату стадиясының  ұйымдастырылу ерекшелігін Қазақстандық нарықта да қолдану қажет. Бұл  нарықтағы субъектілердің қызметіндегі анықтылық пен бақылауды күшейтеді  және құрылыс компанияларының монополист болуын тежейді.

Тұрғын үй нарығының қызметі  елдегі жекешелендіру тұсынан басталып, көптеген өзгертулер мен түзетулердің енгізілуімен дами түсті, бұлардың негізінде  отандық  нарықтағы болып жатқан өзгерістерге байланысты тұрғын үй нарығының  дамуының 4 кезеңі алынды: бірінші кезең -1991-1995 жылдары қалыптасқан тұрғын үй шаруашылық байланыстарының бұзылып, тұрғын үй саясатының қалыптасуы, тұрғын үй шаруашалығы қызметі реттелді, мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді, нарықты қаржыландыру бағыттары, тұрғын үй шаруашылығы нарықтық бағытта қалыптасып, дамыды; екінші кезең - 1996-1999 жылдары экономика аса жоғары емес, бірақ тұрақты түрдегі көрсеткіштерге ие болды, тұрғын үй құрылысының жандануы басталып, салада инвестициялау қарқыны жоғарлады, аймақтарда жекешелендіру процессі аяқталды;үшінші кезең - 2000-2005 жылдары Мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, тұрғын үй қорын сақтап қалу, үйлердің апаттық жағдайдан қирауының алдын-алуда, қаржы нарығында өзгерістер енгізілді, халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін арттыру көзделіп, бастапқы, екінші нарықтағы тұрғын үйлерді несиеге сатудың тұрақты нарығы қалыптасты, элитті, бизнес сыныбындағы пәтерлер құрылысы салына бастады;төртінші кезең -         2006 жыл және одан бері қарай - бағаның өте жоғары өсу темпі болып, кейін әлемдік қаржы дағдарысына байланысты тұрғын үй нарығында да құлдырау байқалды, мемлекет саясаты банк механизіміне бағытталды.

      Қазақстанда  озық банк жүйесі мен құнды  қағаздар нарығы қызмет етпеді, ал тұрғын үй нарығы капиталды  сақтау, көбейтудің бірден-бір көзі  болды; үшіншіден - тұрғындар санының, төлемқабілеттіліктің өсуі тұрғын үйге деген сұраныс мәселесінің туындауына әкелді; төртіншіден-екінші деңгейлі банктердің қаражатты орналастырудағы мүдделерінің болуы нарыққа оң ықпал етті, бұл қаражаттың нарыққа көптеп тартылуына, облыс орталығындағы тұрғын үй бағасының, жаңа жобадағы құрылысының өсуіне біртіндеп әсер етті; бесіншіден - тұрғын үй құрылысы, нарығы мен экономиканың белсенділігі саланың дамуына оң ықпал етті. 

       Тұрғын  үй нарығындағы мәселелерді қарастыра  келе, қол жетімді тұрғын үйлерді  қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік  бағдарламалардың одан әрі іске  асырылуы мен саладағы мемлекеттің  саясаты аса қажетті екендігін  анықтаймыз. Бұл шаралар біздің  пайымдауымызша төмендегі нәтижелерді  береді:

- тұрғын үй салуда  инвестициялық қаражаттың ұлғаюын;

- жалгерлік тұрғын үй  нарығының қалыптасуын;

- мемлекеттік тұрғын үй  құрылыс жинақ жүйесінің дамуын.

       Кластер  құру барысында көптеген кәсіпорындарды  жобаға тарту, кәсіпкерлер, кәсіпорындар, ғылыми зерттеу институттары, банктер,  мердегерлер, саладағы қызмет  көрсетуші ұйымдардың барлығы  жобаға қатысуға мүдделі болуы  қажет.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Асылжан П. Ипотекалық несие баспана алуға көмектеседі [Мәтін] / Асылжан П. // Семей таңы. - 2003. -  16 сәуір.- Б.2

 

  1. Балғарина, Бақыт. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде [Мәтін] / Б. Балғарина // Егемен Қазақстан. - 2009. - 3 ақпан.- Б.8.

 

  1. Бекетова, Қамар Назарбекқызы. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс саласы нысандарын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалау: экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қ. Н.

          Бекетова. - Алматы, 2009. - 25 б.

 

  1. Болатқызы, Салтанат. Қазақстан Республикасында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктер рыногының қалыптасуы мен дамуы: экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты  / С. Болатқызы. - Алматы : [б. ж.], 2009. - 30 б.

 

  1. Бораш Қ. Ипотека : аңыз бен ақиқат/ Бораш Қ. // Егемен Қазақстан. - 2004. -  10 қаңтар.- Б.3

 

  1. Елеусизова И.К. Қазақстан Республикасында тұрғын үй саясатының қалыптасуының негіздері/ Елеусизова И.К. // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. юридическая . - 2006. - № 3(39). - 76-79

 

  1. Ертаев, Ермек Жаханчаевич. Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында) [Мәтін] : экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты  / Е. Ж. Ертаев. - Түркістан : [б. ж.], 2009. - 30 б.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Егемен Қазақстан. - 2007. -  25 тамыз.- Б.5.

 

  1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры туралы = О жилищном фонде Республики Казахстан/ Қазақстан Республикасы статистика агенттігі. - Астана : Қазстатақпарат, 2010. - 51 б.

 

  1. Қондыбаева С. Қазақстандағы тұрғын үй саласының орнықты дамуының мемлекеттік саясаты/ Қондыбаева С. // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. экономическая . - 2011. - № 4. -  С. 79-85 б.

 

  1. Құмаров Е. Ипотекалық несие негізінде/ Құмаров Е. // Дидар. - 2005. -  29 наурыз.- Б.2

 

  1. Мыңжасарқызы Д. Баспана: Аңыз бен ақиқат/ Мыңжасарқызы Д. // Түркістан һttp://www.turkestan.kz. - 2007. -  1 ақпан.- Б.5

 

  1. Сағындықова М. "Тұрғын үй құрылыс банк" баспана баспалдағына бастайды: [Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкі басқармасының төрайымы...әңгіме/әңгімелескен Қ.Әзімхан] / Сағындықова М. // Жас алаш. - 1999. - 5 қазан

 

  1. Турлыбекова А. Қазақстан ипотекалық компаниясы және тұрғын үй құрлысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы/ Турлыбекова А. // Қазму хабаршысы. Экономика сериясы. - 2006. - №1.- Б.29-32

 

  1. Тұяқбаев Б. Тұрғын үй азаматтардың тұрмыс сапасының айнасы/ Тұяқбаев Б. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 20 тамыз (№ 379/383). - 7

 

  1. "Тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы/ Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. - 1999. - 10маусым.- Б.

 

  1. Шортанбаева Ә. Ипотека: [Тұрғын үй мәселесін шешудің бірден-бір жолы] / Шортанбаева Ә., Масалимов Т. // Заң. - 1996. - №17 көкек.- Б.(N18).-5

 

  1. Шохан, Роза. Тұрғын үй нарығының қалыптасуы мен дамуы (Қарағанды облысының мысалында): экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты  / Р. Шохан. - Түркістан : [б. ж.], 2009. - 30 б.

 

  1. Шыныбеков Н. Қазақстандағы тұрғын үйді несиелеуді жетілдіру жолдары (Қазақстан материалында): экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация / Шыныбеков Н. - Алматы : [б. ж.], 2006. - 28 б.

 

 

 

 

 


Информация о работе Тургын уй маселеси