Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:58, курсовая работа
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттері өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білген жөн. Мәдениеттің қалыптасуында дін ең маңызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес.Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен.
Кіріспе
Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не?мәселені іздеп, кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама қарсы тұжырымдарға, болжамдарға келді.
Дін дегеніміз (ал-милла) өзінің алдында қойған мақсатын қоғамда жүзеге асыруға және қоғамның өкілдерін белгіленген жазалардың күші арқылы басқаруға ұмтылған «бірінші басшының» қоғам үшін жасаған қағидаларымен шектеліп қойылған, нақтыланған көзқарастар мен әрекеттердің жиынтығы. Сол діндердің бірі Ислам діні.(1-108)
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттері өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білген жөн. Мәдениеттің қалыптасуында дін ең маңызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес.Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен.
Мәдениет шын мәніндегі өркениет жөнінде ең алдымен ислам мәдениеті туралы айтқым келеді. Адамзат тарихында ислам мәдениетінің орны ерекше. Өйткені ислам мәдениеті бүкіл әлемде жаратқан Ұлы Аллаһтың барлығы мен бірлігіне және ахырет күніне деген шынайы сеніммен сусынданған. Мұндай сенімге ие болған адамда мұндай сенім орын алған қоғам да тек дүние өмірін ғана ойламай, одан да маңызды мәңгі болған ахырет өміріне қамданып, бақытқа жетуге тырысып бағады. Өз нәпсісінің қалауы мен бас пайдасына қарай емес, дінінің әмірі мен тиымдарына сай әрекет етеді. Ұлы құдірет иесі Аллаһ алдындағы бұл мойынсұну ел арасында ұрыс-жанжалға жол бермейді, бірлікке шақырады, өзара жәрдемдесуге бір-бірінің құқығына құрметпен қарауға, адамдар мен қарым-қатынаста кішіпейілдік пен ұстамдылық көрсетуге, бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауға бастайды. Өйткені ортада адам бар. Дініміз адамға үлкен мән бере отырып, оның өз айналасындағы жанда-жансыз барлық жаратылысқа қамқорлықпен,жанашырлықпен қарауын, олардан заңды жолдармен және дін рұқсат еткен мөлшерде пайдалануын әмір етеді.
Орта ғасырды ислам мәдениеті үшін алтын шақ деп те атайды. Ол кездері ғалымдар мен шәкірттері елден-елге, бір бөлім орталығымен екіншісіне ілім жолында сапар шекті. Әл Хорезми, Әл Фараби, Ибн Сина, Бируни, Қожа Ахмет Яссауи, Имма Ғазали сияқты әлемге танымал ғұламалар айналысына білім нұрын шашты. Дініміз білім іздеуді әрбір мұсылман ер-әйелге бірдей жүктеген, ғылымға үлкен маңыз берген, әсіресе екі дүниенің бақыт кілті болған дін ілімін үйренуді міндеттеген.
І. Ислам дінінің қалыптасуы, таралуы.
Адамның бойындағы ең басты қасиет - ол таным және сенім. Таным кез-келген заттың, құбылыстың мәнін, сипатын, ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам сенімдерінің ең абзалы – Жаратушыға деген сенім болды. Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасты. Жаратушыға деген сенімі қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті, дәріптеді, соған сай береді деп үміттенді немесе Жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім, іс-әрекеттерді, құлшылықтарындағы жөн-жоралғылыр мен салттарды, ережелер мен қағидиларды бір атаумен жинақтап – «дін» деп атады. (2-7 бет)
Ата-бабадан бері өз абырой биігінен көрініп келе жатқан дініміз – Ислам. Иншаллаһ мұсылманбыз.(11-7)
Ислам діні қазақ даласына VII-VIII ғасырда келіп, тамыр жайғаны тарихтан белгілі.(14-5)
Ислам діні бойынша, жер бетіндегі алғашқы адам, сонымен бірге алғашқы пайғамбар – Адам. Жаратушының оған білдірген діні – тек тәңірлік яғни, бір құдайға сенушілік (монтеистік) дін. Одан кейінгі барлық пайғамбарлар да соған жақын дінді насихаттаған. Ислам дініде Құдайдың бар екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандықтың Жаратушыдан болатындығына, ақиретке сенуге шақырған.(2-11 бет)
Исламның кең ауқымда таралуы Әбу Бәкір (р.а), Омар (р.а), Оспан (р.а), Әли (р.а) сияқты төрт халифтың билігі тұсында жүзеге асты. Мұсылман қауымына басшылыққа Әбу Бәкір (р.а) сайланғаннан кейін Араб халифаты қалыптасады. Халиф Әбу Бәкір (р.а) Араб түбегіне түгел билік жүргізіп, ислам дінін таратты. Одан кейін Исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет атқарып, өшпес із қалдырған Омар ибн Хаттаб (р.а). Оның билігі тұсында ислам діні Солтүстік Африка мен Орта Азия аралығындағы аймақтарға түгел тарады. Мысыр, Сирия, Ирак, Иран, Әзірбайжан, Хорасан елдері ислам әлемінің құрамдас бөлігіне айналды.
Омар халиф (р.а) ұлан-ғайыр аймақты бір орталыққа бағындыру үшін ел басқару ісіне біраз жаңалықтар енгізді: мемлекетті басқару үшін кеңес мәжілісін құрды; мемлекеттік басқару жүйесін жасап, әкімшілік жаңа жобалар (өмірлерге адалдық антын қабылдатты, дүние-мүліктері жайлы мәлімет бергізді, халықтың арыз-шағымдарын қарастыру мерзімін бекіттірді, т.б.) енгізді, жер реформасын жасады, салық жүйесін қалыптастырды, шариғат негізінде сауда-саттық қатынасын реттеді, жаулап алынған жерлерде мектеп-медреселер ашып, оқу-ағарту ісін бір қалыпқа түсірді. Бұл реформалар сан алуан дін мен мәдениет, салт пен дүниетаным болуына қарамастан, барлық өңірлерде бірдей исламның орнығуына жағдай жасады.
Омар ибн Хаттаб (р.а) қайтыс болғаннан кейін оның орнына Осман ибн Аффан (р.а) отырды. Осман халифтың (р.а) кезінде мұсылман қоғамында әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер болды. Ислам Азия, Африка, Еуропа халықтарының мәдениеті, дүниетанымы таразысына түсті. 633 жылдан басталып, бір ғасырға жуық үздіксіз жүргізілген жорықтар нәтижесінде ислам діні оңтүстікте Солтүстік Африкаға, батысында Францияның Бурбон аймағына дейін, шығысында Синт (Үнді) өзеніне дейінгі жерлерге тарады Араб халифаты солтүстікке де ұмтылып, 705 жылы Мауреннахр жеріне аяқ басты. Атақты араб қолбасшысы Кутайба ибн Муслим 710-712 жылдары Бұхара мен Самарқанды, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. 751 жылы Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қаласының түбінде арабтар мен қарлұқтар бірлесіп, қытайларға қарсы соғысты. Талас шайқасынан кейін арабтардың Орталық Азияға келуі, негізінен, бейбіт сипат алды. Себебі өңірде дін тарату жолында арнайы мектептер мен олардың нақты ілімдері қалыптасқан болатын. (2-85-86)
1.1.Ислам дінінің Мұхаммед пайғамбары (с.ғ.с)
Араб әлемінің орталығы - Сауд Арабиясының аумағында VII ғасырда ислам дүниеге келіп, Араб халифаты мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с). («Мұхаммед» деп пайғамбардың есімін атасы Әбді Мүтәліб қойған. «Мақтаулы» мағынасын білдіретін бұл есім арабтарда оған дейін кездеспеген). (7-83).
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Дүниеге келуінен екі ай бұрын сапарда жүрген әкесі Абдолла өмірден өткен, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) үш жасына дейін сүт анасы Халиманың тәрбиесінде болды. 6 жасында анасы Әмина бинт Әбді Манап қайтыс болады. Жастай жетім қалған Мұхаммедті атасы Әбді Мүтәліб өз тәрбиесіне алады. Алайда, көп ұзамай атасы да дүние салып, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) немере ағасы Әбу Тәліптің қолында ер жетеді. Құрайыш тайпасы саудамен шұғылданғандықтан, ағасы Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) сауда ісіне араластырады.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 13 жасынан меккелік дәулетті әйел Хадиша бинт Хуайлидтің сауда ісін жүргізіп, 25 жасында оған үйленді. Хадиша адал жар, қамқоршы, әрі үлкен сүйеніш болды. Ислам дінін алғашқылардың бірі болып қабылдап, аянбай қызмет етті.(2-34)
Мұхаммедтің (с.ғ.с) балалық шағынан бастап-ақ пайғамбарлық нышандары білінген. Мысалы, қуаңшылыққа қарамастан сүт анасы Халиманың малдары сүтті көп беріп, отбасының береке-молшылығының артуы, қандай ыстық күндері болса да Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) шоқ бұлттың саясына алынып, оған ағаш бұтақтарының иіліп, ізет көрсетуі, қиыршық тастардың қаттылығы білінбей, мамықтай тиюі, т.б.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Әбу Тәліппен бірге сауда сапарында жүрген кезде Баһира атты христиан монахы Мұхаммедтің (с.ғ.с) бойынан пайғамбарлық белгілерін көреді. Онымен әңгімелесіп, пұтқа емес Аллаға табынатынын білген арқасындағы пайғамбарлық мөрін көреді. Монах Әбу Тәліпке інісін болашақта ұлы істердің күтіп тұрғанын және оны зұлым ниеттегі адамдардан сақтау қажеттігін ескертеді.
Алла елшісі
35 жасқа келгенде Құрайыш тайпалары
бірлесіп, Қағбаны жөндейді. Бірақ
құрылыс біткеннен кейін
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 40 жасқа келгенде жан дүниесіндегі ерекше құбылысты сезе бастайды. Мекке маңындағы Хира тауының үңгірінде оқшауланып , Алланы жадына алып, дүниеге ой жүгіртеді. 610 жылы рамазан айында Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) «Алақ» сүресінің алғашқы 5 аятын түсіреді. Уахидың алғашқы әсері жайлы жұбайы Хадишамен ой бөліседі. Хадиша Уарақа атты ағасынан Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) келген уахи жайлы сұрайды. Көне діни кітаптардан хабары бар Уарақа уахи берген Жәбірейіл періште екенін, пайғамбарлық жолдың басталғанын айтады.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) дініне әуелі жақын ағайындарын, жолдас – жоралары мен достарын жасырын түрде шақырады. Мұсылмандықты қабылдаған алғашқылардың бірі жақын досы Әбу Бәкір болды. Ол қауымына абыройлы, дәулетті адам еді. Әбу Бәкірдің ықпалымен кейін көптеген адамдар ислам дінін қабылдады. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) барлық араб тайпаларын ислам дінін қабылдауды жария түрде насихаттады.
Меккеде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) көптеген қарсылықтарға ұшырап, қиындықтар көрді. Мұсылмандықты қабылдағандарды меккелік көп дінді арабтар ата-баба дінінен бас тартты деп аяусыз азаптады. Мал-мүліктерін талан-таражға салды. Мұсылмандар көрші елдер мен қалаларға қашуға мәжбүр болды. Сол қиын кезеңде исламның орнығып, дамуына серпіліс берген Медине қаласы (ескіше Иасриб) болды. Мұсылмандықты бірінші болып қабылдаған Медине тұрғындары ансарлар Уақаба деген жерде Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с) кездесіп, дініне жәрдемші болуға қол беріп анттасты. Осыдан бастап мұсылмандар 622 жылы Меккеден Мединеге жаппай қоныс аудара бастады.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын ислам дініне үгіттеді. Меккедегі кезеңде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өміріндегі ерекше рухани құбылыс Миғраж сапары еді (Исра уа-л-Миғраж). Бұл оқиға исламда рухани тазалықтың, адамгершілік ғибраттың, ахлақтың кемелдіктің үлгісі болған пайғамбардың Аллаға аса жақындығының дәлелі ретінде қабылданды. Арабстанды мекендеген жергілікті тайпалар көбіне исламды өз еріктерімен қабылдады. Оларға пайғамбар көркем әрі жұмсақ мінезімен, кең пейілдігімен, шешендігімен, терең даналығымен, шешімді тез қабылдайтын тапқырлығымен, ақ-қара, бай-жарлы демей, адамның бәріне бірдей қарайтын әділдігімен ұнайтын. Мұсылмандар оның рухани өресінің, жан дүниесінің ұлықтығына разы болды.
Араб жартыаралында ислам діні орныққанға дейінгі кезеңде көшпенді араб тайпалары арасында өзара бітіспес қастандықтар мен азғындық істер кең етек алған еді. Ол кезең ислам тарихында «қараңғылық кезеңі» деп аталды. Осындай моральдық құлдырау етек алған кезде Алланың елшісі - Мұхаммед бейбітшілік пен татулыққа, келісім мен бірлікке негізделген ислам дінін жайды.
Хижрадан бір жыл өткен соң Мединеде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) түйесі алғаш шөккен жерді Сәһіл, Суһейл есімді ағайынды жігіттерден сатып алып мешіт салды. Мешіттің іргетасын Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өзі бастап қалап, оған Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб (р.а), Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп және т.б. мұсылмандар көмектесті. Мединеде мұсылмандардан басқа иудейлер, көп дінді арабтар мен христиан діні өкілдері де бар еді. Олардың арасындағы бақталастық, жанжалды тоқтату, тәртіпті нығайту үшін құқықтық, қоғамдық тәртіп негіздері жасалды. Ол ру, дін өкілдері тарапынан мақұлданып, қол кою арқылы рәсімделді. Нәтижесінде Мединенің жергілікті Аус, Хазрадж сияқты рулары арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыстар мен жанжалдар толастап, достық, бауырластық қарым-қатынас орнықты. Әртүрлі топ өкілдері бір-бірімен сыйласып, тілегі ортақ, жоғары адамгершілік қасиетке ие орта қалыптастырды.
Осылайша Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) ислам дінін уағыздаушыдан барша арабтарды біріктірген қауымның рухани басшысына айналды. Оның басты тірегі Меккеден өзімен бірге келген мұсылмандар - мұхаджірлер мен мединелік мұсылмандар — ансарлар болды. (2-76-80)
Хижрадан кейін мұсылмандарға қорғану мақсатында соғысуға рұқсат етілген Құран аяттары түсті. Алғашқы шайқас 624 жылы Бәдір жазығында (Мединеден 100 шақырым оңт. батыста) болды. Мұхаммед пайғамбар бастаған мұсылмандар меккелік пұтқа табынушылардың бірнеше есе күші басым жасағын тізе бүктірді. Мұхаммед пайғамбар қатысқан шайқастар діни әдебиеттерде «Ғазауат» деп аталды. Алла елшісі әскери стратегиялық маңызды шешімдер қабылдағанда сахабаларымен кеңесіп отырды. 625 жылы болған Ухуд, 627 жылы болған Хандақ ғазауаты ислам дінінің өркендеуіне қарсы өршіген кедергілерді жоюда үлкен рөл атқарды.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 628 жылы 1400 мұсылманды ертіп, қылыштан басқа қару алмай, Меккеге кіші қажылық жасау мақсатымен бет алды. Арабтарда, қалыптасқан салт бойынша, қасиетті айларда өзара соғыс тоқтатылып, ымыраға келіп, Қағбаны тауап етіп, ғибадаттарын бейбіт орындауға мүмкіндік берілетін. Бірақ, бұл жолы мүшіріктер мұсылмандарды Меккеге кіргізбейміз деп шешім қабылдап, соғысуға бел байлайды. «Қасиетті айда бір-бірімізбен соғыспайық, Қағба мен арамызға тосқауыл қойылмасын, біз қажылық ғибадатымызды орындап, құрбан шалайық» деген хабармен Меккеге елші жібереді. Қағба (Құбыла) – Жер бетіндегі ең ежелгі ғимарат
Қағба – куб формасында келген, ешбір зәулім үйлер мен сарайлар тең келмейтін, тарихта ауыз толтырып айтарлықтай орны бар ежелгі ғимарат (3-сурет). Қағбаға дүниенің әр бұрышындағы мұсылман күніне бес мәрте жүзін бұрып, намазға жығылады. Осылайша жалғасып келе жатқанына, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) заманынан бері шамамен 1400 жыл өтті.
Қағбаның қазіргі таңдағы ұзындығы 12,05 метр. Сыртынан есептегендегі ауданы 191 м2. Ішкі жағынан 13х9, дуалдарының қалыңдығы 1 м. Тауаф1(1) қылынатын жерден еденінің биіктігі 2,2 м. Төбесі мен шатыры шірімейтін стальден жасалған. Дуалдары тастан қаланған. Бұл ғимарат Адам а.с., заманында салынып Ибраһим а.с., Исмаил а.с., және Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарлар заманында қайта жөнделді. Мұндай құрметке Жер бетінде еш бір ғимарат еге болған емес. Дегенмен Қағбаның салынуы, құрылысы жайында білетін адамдардың саны санаулы ғана.
Қағбаның басқа да есімдері:
Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді. Және куб дегенде мағынасы бар. Сонымен бірге «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам» яғни «Қасиетті үй» деген мағына береді.
Қағба 12 рет қайта жөнделіп салынды: