Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:58, курсовая работа
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттері өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білген жөн. Мәдениеттің қалыптасуында дін ең маңызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес.Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен.
Еліміздегі ислам мәденнетінің ескерткіштеріне мешіт, медреселермен қатар кесенелер де жатады. Кесенелер ортағасырлық мұсылмандық дәуірге жататын алып құрылыстардың ең маңызды бедігін қамтиды.
Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігерлердің бірі Қожа Ахмет Ясcауи кесенесі (4-сурет). Бұл ғажайып сәулет туындысында ғасырлар бойы қалыптасқан далалық құрылыс тәжірибесінің ізі жатыр. Ғимараттың құрылыс тәсілдері мен өрнектері көне замандардағы сәулет және бейнелеу өнері туындыларында кездеседі.
Айша бибі кесенесі Қазақстандағы ислам мәдениетінің айрықша құнды мұраларының бірі саналатын ескерткіш (5-сурет). Бұл көне жәдігер ХІ-ХІІ ғасырларда бой көтерген. Ескерткіш бүгінгі кезге жартылай бұзылған күйде жеткенімен, сыны кетпеген қалпында сақталған. Аңыз бойынша, айдай ару Айша мен қолбасшы Мұхаммед (Қарахан) екеуі бір-біріне ғашық болып сөз байласады. Бірақ, Айша ару арманына жете алмайды, өзен жағасында жылан шағып өледі. Қарахан оның басына зәулім күмбез тұрғызады.
Айша бибі кесенесі құрылыс, сәулет, әшекей, математикалық есеп, т.б. салалардың жүздеген жылдар бұрын әлемдік деңгейде игерілгендігінің, сонымен бірге адамдардың ізгілік, имандылық, танымдық өрелерінің жоғары болғандығының белгісі.
Кесене әртүрлі міндеттерді атқаруға арналған қазандық (жамағатхана), қабірхана, үлкен және кіші ақсарай, кітапхана, асхана, құдықхана сияқты бірнеше бөлмелерден тұрады. Ғимараттың бөлмелері дәліздер мен баспалдақтар жүйесімен байланыстырылған. Ал ішкі және сыртқы қабырғаларында араб әріптерімен өрнектелген Құран аяттары мен хадистерді кездестіруге болады. Онда Алланың құдіреттілігі, жомарттығы, пенденің әлсіздігі, өмірдің өткінші екендігі жазылған.
Қазақ жеріне
ислам діні ту тігіп, біржола орныққаннан
кейін мешіттердің жанынан
Медреселер мен онда қызмет еткен ұстаздар, муддаристер, әдетте, араб, парсы дүниесі мен ондағы ғылыми-мәдени, діни ошақтармен байланысты болды. Таяу және Орта Шығыс елдерінен мұнда саяхатшы, жиһангерлермен қатар, ғылым, білім өкілдері де келіп-кетіп тұрды. Жер-жерлердегі оқу ордаларында олар дәріс берді.
Біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихы тым тереңде. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, діліміз Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан қиндылықтарға емес, ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Олай болса, ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз де.
Аталарымыз осыдан мың жылдай бұрын тек қана исламды таңдаған. Олай болса, сол асыл діннен бізді ешкім ажырата алмайды. Ол біздің қанымызда, жанымызда. Ислам діні - біздің өмір салтымыз, мәдениетіміздің терең тамыры. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «тегіміз - дініміз - ислам» екенін ешқашан ұмытпаймыз. Сол себепті діни-рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептейміз. Олай болса, рухани өміріміздегі ислам діні мен мәдениетінің алатын орны бөлек. Сондықтан да исламның мешіт, медреселерін ғана емес өзге де інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту - бүгінгі ұрпақтың үлкен міндеті.
«Мешіт – мұсылмандардың қалқаны, кәпірлердің зынданы»,-деген екен ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадиc шәріпінде. Мешіт – киелі де қастерлі ұғым. Ол Аллаһ Тағала мұсылман пендесінің ғибадат құлшылығы мен ақ тілегін қабылдайтын ерекше иман шашылған орын. (12-9)
Мешіттердің, оны салған адамдар сияқты, жүріп өткен жолы, қайталанбас тарихы бар. Олар да өзін дүниеге келтіргендер сияқты, әділдік пен зұлымдықты. қуаныш пен қасіретті бастан кешті. Бұл ретте әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, Алла тағаланың Қазақстандағы үйлерінің де өзіндік шежіресі бар екенін айтқан жөн. Олардың да тарихы сол жұрттың заманы, қоғамы, халықтары мен қала, кенттерінің тағдыр-талайымен тікелей байланысты. Сондықтан да мешіттер мен медреселер һәм рухани шамшырақтарымыз жайлы сөз өткенде, оларды, әдетте, сол елдің тарихымен орайластыра қарастырамыз.(2-сурет)
Қазақ халқы жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір сүрді. Сондықтан еліміздегі мешіттердің салыну мерзімдері де сан алуан және сан түрлі жылдарды қамтиды. Өйткені, ислам дінінің кең-байтақ елімізге тарауы қанатын қатайтып түпкілікті тұрақтауы да бірнеше ғасырларға созылды.
Ислам дінінің
қазақ даласында біржола
Отырар
мен оның маңындағы өзге де
қалашықтарды қазған
Алла үйлеріне қарапайым еңбек адамдарымен қатар, ғалымдар мен ұстаздар, ақындар мен жыршылар, әміршілер мен сарбаздар да келіп, мінәжат ететін. Мешіттерде имамдар мен ислам дінінің білгірлері - факиһтар, мударристер (оқытушылар) мен қазылар,мухаддистер (хадисшілер) мен рауилер (әңгімеші-шежірешілер) де жиі бас қосып, пікір таластырып жататын. Мұнда көз майын тауысып, тағылымды талай шығармаларды көшірген хаттаттар да отырып, қасиетті аяттарға ұйып, сәждеге бас қоятын.
Иә, елімізге мешіттер салудағы, қайталай айтсақ, татар бауырларымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының еңбегі ересен. Татар байлары мен көпестері мешіт салдырып қана қоймай, имамдық етіп, жергілікті халықтын діни сауатын ашты. Сөйтіп, Қазан төнкерісіне дейін қазіргі Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Акмола, Павлодар, Семей, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларында көптеген мешіттердің іргетасы қаланған. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облысының түрлі мекендерінде де мешіттер халықтың рухани кажетін өтеп жатты.
Ғибадат орындарын жами, забия мешіттері және ханака деп саралауға болады.
Жами деп күмбезді мешіттерді айтамыз. Онда шариғат үкімі бойынша жұма, айт намаздары оқылады. Қазақстан мешіттерінің басым көпшілігі ежелден жами мешіттер еді.
Қазакстанның ежелгі қалаларын зерттеп жүрген археолог К.М. Байпақов Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу жеріндегі мешіттер жайын да зерттей келе: «Мешіттер әрбір қала кұрылысындағы маңызды және міндетті бөлшегі болды», - деп атап көрсетеді. Одан әрі автор: «Мешіт салу о дүниеде нығметке бөленудің кепілі саналды. Бұл жайлы XV ғасырда белгілі хадиске сүйене отырып, Әмір Темірдің жылнамашысы Ғияс әд-Дин Әли Йезди «Кімде-кім Алла жолында мешіт салса, тіпті кұс ұясындай болса да, оған Алла жаннатта үй дайындап тұр» деп жазды.
Забия - арабтың зауия сөзінің бұрмаланған түрі. Зауия деп Машрик (Шығыс) араб елдерінде ертеректе сопылардың, Магриб (Батыс) араб жұртында марабуттардың мекен-жайын айтқан. Зауияның мағынасы да түрлі. Әдетте, зауия деп мешіттердегі қасиетті Құранды оқып үйренуге арналған жеке бөлмелер аталған. Кейінірек уағыз айтатын, діни насихат жүргізетін, шәкірттерге дәріс беретін сопы үйлері мен мекен-жайлары да осындай атау алған. Бертін келе кішігірім мешіттер зауия (забия) делініп кеткен. Ал забия мешіттерде, шариғат үкіміне сай болмағандықтан, тек күнделікті бес уақыт намаздар ғана атқарылады.Намазхандары аз шағын елді мекендердегі Алла үйлері забия мешіттер қатарына жатқызылады.
Ханака да мағынасы жағынан зауияға жақын. Бұл сөз де сопыларға байланысты шыққан. Ханака деп тұрақты үйлері жоқ сопылар тұратын, зікір салатын, діни рәсімдер атқаратын мекен-жайлар, тұрақтар аталған. Ол X ғасырда Хорасан мен Мәуереннаһрда пайда болды да, соңыра бірте-бірте өзге де елдерге тарады.
Ханака орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанға діни-рухани орталық ретінде тараған. Олар, әдетте, әулие, абыздар кесенссі жанына салынған. Зиярат етушілердің садақасы есебінен күн көрген ондағы шырақшылар келушілер өтінішімен әулие, абыз, ишан, яғни жалпы сонда жерленген сыйлы һәм діни кісілерге арнап кұран оқып, дұға бағыштап отырған.
Құдайсыз жүйе жымысқы да зымиян тәсілдермен ғиббадат және діни оқу орындары ғимараттарын жоюға белсене кіріскендерімен, ескі қорым, мазараттар маңындағы кесенелерді бұзуға халықтан қаймыққан сияқты. Сол себепті де елімізде біздің кезімізге мешіт, медреселерге қарағанда, белгілі тарихи адамдар, әулиелер мен абыздар, ишандар мен дін ғұламалары басына қойылған күмбезді кесенелер көбірек жетті.(2-26)
Мешіт - қасиетті мекен. Мұсылмандардың ар-ұяты, қорғаны, панасы. Бірақ оны белгілі бір ру, тайпа өкілдері немесе ұлт меншігіне айналдыру қате де қауіпті. Онда мұсылман үмметі жіктеліп, ыдырап, ынтымағынан айырылады.
Мешіт салуды жарысқа айналдыру да абырой әпермейді. Мешіт Алланың жердегі үйі. Оны кім салса да, кімнің қаражатына салынса да, ол әуелі халыққа- мұсылман жамағатына, мұсылман халықтарының бірлігі мен ынтымағы, достығына қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ, мешіт тек ғибадат орны ғана емес, діни руханият орталығына да айналуы қажет.
Мешіт қала ауылдың шеті емес, орталыққа, жұртшылыққа ыңғайлы да оңтайлы жерге салынған жөн.
Шындығында, мешіттер мен медреселер халық тарихының құрамдас бір бөлігі. Мешіт мұнараларынан шақырылған азан жұртты тек намазға, яғни ғибадатқа құлшылыққа ғана емес, сондай-ақ имандылыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, өткеніңді ұмытпай қастерлеуге де шақырады. Сол себепті мешіттер үлкен тәрбие орны .
Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис шәріптерінде: «Мешіт қандай мақсатпен салынса, сондай мұратқа қызмет етеді», - дейді. Сол себепті жұрт мешіті, ең әуелі, Алла тағала разылығына бөлену үшін салуы тиіс. Екіншіден, ол жамағатты қашанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын бірлікке, имандылыққа ұйыту үшін де қызмет етуі ләзім. «Тірлігінде жамандық жасаудан тыйылмай, өлер шаққа келгенде енді тәубе етемін деушілердің тәубесі қабыл болмайды». («Ниса» сүресі, 18 аят),-дейді Жаратушы иеміз Құран Кәрімде. Өйткені желік қуған жеңіл ойлылар мен 70 жыл бойы дінсіздік кезді бастан кешкенді сылтау етіп, Алла тағаланың мұстақим, яғни тура жолына түсе алмай жүргендер арамызда әлі де аз емес. (5-5)
Сондықтан да қасиетті Құран Кәрімде: «Сәждеге бас қойған сайын жүздеріңді Құдайға бұрыңдар, оған бар ықыластарыңмен құлшылық етіңдер. Алла әуелде қалай жаратса, оның алдына сол қияпатта қайтасыңдар» («Ағраф» сүресі, 29-аят) деп айтылған.
Алланың үйі мұсылмандарды ру, тайпа, жүз, ұлт түгілі, нәсілге де бөлмейді. Алланың үйінде әмірші мен қайыршы да, бағбан мен бақташы да бірдей. Мешіт – байлығы түртіп әспенсіген әсіреңкілерді де тәубесіне түсіріп, күнәсі үшін Жаратушы иемізден кешірім сұрап сәждеге жығатын, ізгілікке үйрететін киелі жер. Міне, дініміздің күш-қуаты, жасампаздығы да осында. Мешітке келушілер көбейсе, имандылық артады. Мешіт – жабығып жүргенге жұбаныш, тарығып жүргенге таяныш болатын да орын. Сол себепті мұнда келгендер қасиетті Құранның: «Мешіттер - Алланікі, Алла тұрғанда басқа ешкімге ғибадат етпеңдер» («Жын» сүресі, 18-аят) дегеніндей, бір Аллаға ғана мінәжат етіп, өзіне, отбасына, еліне, Отанына, халқына тілек тілейді.
Сөйтіп, көкке бой созған мешіт мұнаралары мен күмбездері ислам дінінің құдірет күшін ғана емес, сондай-ақ оны салған адам баласының жасампаздығын да паш етеді. (5-6-8)
4-сурет Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
5-сурет Айша бибі кесенесі
Қорытынды
Қорытындылай келе, Ислам адамзат баласына мінез-құлықтың, мәдениетті болудың ең әдемі үлгілерін ұсынған. Ол үлгіні біз пайғамбарымыздың өмірінен анық көре аламыз. Сондықтан пайғамбарымыздың салып кеткен жолы, көрсетіп кеткен үлгі өнегесі қияметке дейін мінез құлқымыз бен болмысымыздың таразысы, өмір тіршілігіміздің өлшемі болып қала бермек. Бұл Ислам әкелген әдет, әдеп, Ислам орнықтырған мәдениет. Сол себепті де Ислам - мәдениеттің түп қазығы.
Ислам мәдениеті үлгілі адам қалыптастыруды алғашқы сатыға: «Адам мен Аллаһ» ал екінші сатыға: «Адам мен ата-ана» , үшіншіге: «адам мен туыс», төртіншіге: «Адам мен қоғам», арасын реттейтін принциптерді қояды. «Жаратушыға мойынсұну, жаратылғандарға мейірім-шапағат көрсету»-деп сипатталған ислам бұл ережелерді қою арқылы тұлғалардың жақыннан ұзаққа қарай толқын-толқын өзара ықпал етуі мен жауапкершілігін белгілеген.
Тарих сахнасында ұлы мәдениеттер құрған ислам діні біз қазақ халқының да жүздеген жылдар бойы ұстанған діні екендігін мақтанышпен айтуымызға болады. Дамыған мәдениетті елдер қатарына көтерілгіміз келсе, дінімізді, тілімізбен әдет-ғұрпымызды дұрыс бағалап, жаңғыртуымыз керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә. Нысанбаев, Д. Кенжетай. Қазақ халқының философиялық мұрасы: Жиырма томдық. 4- том. «Аударма» басапсы, 2005.
2. Дінтану. Жалпы білім беретін орта мектептің 9 сыныбына арналған оқулық // Кенжетаев Д., Асқаров Н., Сайлыбаев Ә., Тұяқбаев Ө. – Астана: «Арман-ПВ», 2010.
3. «Рахмет самалы». Рухани-танымдық,діни, тарихи-мәдени журнал, №5 Желтлоқсан,2004.
4. Кәріпбеков Айтбай. Ислам және қожалар. Шежіре кітабы. – Алматы. «Айдана», 2009.
5. «Қазақстан мешіттері мен медреселері». Энциклопедия.- Алматы. 2010.
6. Қ.Мұханов, Г.Әйтімбетова. Діндер тарихы мен териториясы және еркін ой /арнаулы және еркін лекциялар курсы/ Алматы. Республикалық баспа газеті. 1994 ж.
7. Мәдениеттану: /Оқу құралы/. Ж.Н.Сарсенова – Алматы. «Бастау»,2010.
8. Ислам тану журналы. «Шапағат – Нұр»,№8 (123),2008.
9. Ислам тану журналы. «Шапағат – Нұр»,№6 (109),2007.
10. Қазақстан мұсылмандарының діни-танымдық газеті. «Ислам және өркениет», №12(96), 16-30 маусым,2007.
11. Қазақстан мұсылмандарының діни-танымдық газеті. «Ислам және өркениет», №08(92), 16-30 сәуір,2007.
12. Қазақстан мұсылмандарының діни-танымдық газеті. «Ислам және өркениет», №14(98), 16-31 шілде,2007.