Ислам діні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:58, курсовая работа

Описание

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттері өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білген жөн. Мәдениеттің қалыптасуында дін ең маңызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес.Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен.

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс айжан.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Намаз мұсылманның екінші парызы. Ол ақыл-есі сау, балиғат жасына жеткен барлық ер, әйел мұсылманға бірдей парыз. Парыздығы Құранмен,сүннетпен және мұсылман ғалымдарының бірауыздан қабылдаған шешімімен (ижмағ) бекітілген. Намаздың, үкіміне қарай, парыз, уәжіп, нәпіл, сүннет деген бірнеше түрлері бар.

Парыз намаздар. Мұсылмандарға күніне бес уақыт намаз оқу парыз етіп бекітілген: Бамдат (таң), Бесін (түскі), Екінті (намаздыгер), Ақшам (кешкі), Құптан (түнгі) намаздары, сонымен бірге Жұма намазы да парыз намазы болып саналады. Парыз намаздар «парыз айы» (жеке парыз) және «парыз кифая» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. «Парыз айы» әр мұсылманның атқаруға тиіс парыз намазы болып табылады. Ал «парыз кифая» жалпы мұсылмандарға парыз. Оған мысалы, жаназа намазы жатады. Бұл намазды бірнеше мұсылманның оқуы жеткілікті болып саналмақ. Басқалары оқымағандары үшін жауапты болмайды, ал ешкім оқымаса парыз өтелмей, күнә болады.

Уәжіп намаздар - мұсылмандардың орындаулары тиіс намаздар. Оған үтір намазы, Ораза мен Құрбан айт намаздары, нәзір (атау) намазы және аяқталмай бұзылған қаза намазы жатады.

Нәпіл намаздар парыз бен уәжіп намаздардан тыс өз қалауымен орындалатын намаздар. Жалпы нәпіл намазды жүйелі сүннет және ерікті сүннет деп екіге бөледі (көп жағдайда жүйелі сүннет - «сүннет намазы», ерікті сүннет - «нәпіл намазы» деп айтылады). Сүннет намазы белгілі бір жүйе бойынша бес уақыт парыз намаздарымен бірге оқылатын намаздар. Бес уақыт намаздардың сүннеттері - парыз намаздарға дайындық әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Сол себепті бұл намаздарды оқу сауабы мол іс болып саналады.

Намаз мұсылманға төмендегідей шарттармен парыз болады:1. Мұсылман болу. 2. Балиғат жасына жету (балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес). 3. Ақыл-есі дұрыс болу (Ислам діні адамның ақылына, мүмкіндігіне мән береді, сол себепті ақыл-есі сау болу, ниет ету мұсылман құлшылығының бәріде шарт).

Бес уақыт  намаз мұсылмандықтың негізгі көрінісі, имандылықтың дәлелі ретінде бағаланады. Құранда намаздың адамды жамандықтан, арсыз тыятын пайдасы баса көрсетіледі. Сондықтан оны тәрк ету, яғни расау мұсылмандыққа жат әрекет деп есептелінеді. 

Исламның  үшінші парызы - ораза. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау- парыз. Ораза ұстау - таңның атуы мен күннің батуына дейін ішіп-жеуден, күнәлі істен, жаман сөзден тыйылу. Рамазан айы жақсылықтың және Аллаһ тарапынан тілектердің қабыл болатын айы. Аллаһ айтты: « Рамазан айы – сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және ақ пен қараны айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын!» (Бақара,185). Оразаны араб тілінде «соум» деп атайды. Тіл саласында құлшылық ниетімен таң атқаннан күн батқанша ішіп-жеуден тыйылу дегенді білдіреді. (8-2) Оразаның парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариғатта белгіленген. Мұсылмандар ораза адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат деп санайды.

Зекет ислам  дініндегі бес парыздың бірі. Зекеттің қабыл болуы зекет бермекке шын ықыласымен ниет етуі және зекет беруші берген малын не ақшасын алушының толық иелігіне беруі керек. Зекет кедей-кепшіктерге, жетімдерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, қарызға батқан, қиындыққа душар болған адамдарға, жолаушыларға, ғылым жолында жүргендерге беріледі және жылына бір рет берілуі жеткілікті.

Қажылық исламның бесінші парызы. Қажылық ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, басы азат, оны өтеуге шамасы жететін мұсылманның өмірінде бір рет жасауы парыз. Сондай-ақ, мұсылманның жол қиындығын көтеруге денсаулығы болуы, баратын жолы сенімді болуы керек. Кажылыққа баратын жолда соғыс немесе басқа да қатерлі жағдайлар болса қажылыққа бару қауіп-қатер сейілмейінше парыз болмайды.

Қажылыктың парыздары: 1. Ихрам; 2. Арафат тауында тұру; 3. Тауап ету. Бұл парыздар қажылық кезінде қатаң сақталады. Өйткені, олардың бірі орындалмай қалған жағдайда қажылық дұрыс атқарылды деп есептелмейді.

      Ихрам деп қажылық жасауға ниет етіп, қажылықтың арнайы киім киюін және қажылық біткенше кейбір дүние істерін харам қылуды айтады. Ихрамға кірген адамға шаш, сақал-мұрт қысқартуға, тырнақ алуға, боянуға, хош иіс себінуге, сондай-ақ, тігілген киім киюге, тақия киюге немесе селде орауға, қолғап,шұлық киюге тыйым салынады.Сондай-ақ,аң аулауға,өсімдіктердіжұлуға,сындыруға,адамдармен жанжалдасуға,ашуланып жаман сөз айтуға,ренжітуге,күнә істерді жасауға болмайды.Бұларды қылған болса,шариғатпен белгіленген жазасын өтейді.

      Арафат тауында Арафа күні бір мезет болса да тұру қажылықтың екінші парызы. Арафат тауы мұсылмандарда қасиетті орын саналады. Бұл жерде аңыз бойынша,Адам ата мен Хауа ана екеуі табысқан,Адам атаның тәубесі қабыл болған,дұға тілек тілейтін,құлшылық ететін құтты жер. Арафа түнін қажылыққа бармаған мұсылмандар да ораза ұстап,ерекше құлшылықпен атап өтеді.

Қажылықтың  үшінші парызының бірі Қағбаны айналып  тауап ету. Тауап Қағбаның оңтүстік бұрышындағы қасиетті қара тастан басталып,оңнан  солға қарай жеті рет айналып  жасалады. Тауап Алла тағалаға деген  сүйіспеншілікпен,тағзыммен,құлшылық ниетпен жасалатын сауабы мол ғибадат саналады.

Қажылық ғибадатында  қажылықтың парыздары мен шарттарынан  басқа уәжіп міндеттер бар. Олар: Муздалифада (Меккенің маңындағы жердің аты) болу, шайтанға тас лақтыру,қажылық  рәсімдерін атқарып болғаннан кейін  шаш алдыру; қажылықтың соңғы амалы - қоштасу тауабын жасау.(2-119)

 Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні Құдайды аузына алған адам ғана теріс жолға түспес, ол үшін дініне берік, мұсылманшылдықты мойындап, шарттарын орындаса ғана мақсатқа жетер. Сондықтан тәрбиенің бірден-бір көзі болып саналатын дінімізді сақтап, қорғап, өркен жайып халыққа кеңінен қызмет етуіне себепші болу керек.(11-7)

   


1-сурет  Құран Кәрім


2-сурет  Мешіт

II Исламның ғылым, білім, мәдениетке әсері.

VIII ғасырдың екінші жартысында келген ислам діні Қазақстан территориясына өзімен бірге мәдениет пен ғылымды ала келді. Араб халифатында 1 млн-ға жуық кітабы бар «Дар әл-хикма» атты ғылым орталығы, 400 мыңдық қоры бар Куртубада (Андалусия) кітапханасы халық игілігіне қызмет етті. VIII ғасырда халиф Харун ар-Рашид ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін араб тіліне аударуға жағдай жасаса, оның ұлы әл-Мәмуннің «Байт әл-Хикма» (Даналық үйі) салдыруы ислам әлемінің ғылымына қосқан үлесі болды.

Орта ғасырларда пайда болған ислам мәдениеті басқа мәдениеттерге өз әсерін тигізіп, Орта Азия мен Жерорта теңізі елдерінде атақты философтар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері шыға бастады. Мұсылмандардың Испанияның оңтүстігіндегі Андалусияда тұрғызылған мәдени орындары, ме- шіттер мен медреселері әлі күнге дейін сақтаулы. Арабтардың билігі кезінде Андалусияда ибн-Туфейл, әл-Ғазали секілді атақты ислам ғұламаларының сол кезде жазған еңбектерін әлі күнге дейін мұсылман ғалымдары мен батыс ғалымдары өз еңбектеріне арқау етіп келеді. Сондай ғылыми даму Орта Азия мен Қазақстанда да орын алды. Өңірден әлемдік ғылымға үлес қосқан ғалымдар шықты, еңбектер жазылды. Сондай еңбектердің бірі математика ғылымының атасы, Орталық Азиядан шыққан әл-Хорезмидің «әл-Мәжисти» шығармасы. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, «Альмагест» деген атпен бүкіл Еуропаға әйгілі болды.

Қазақ даласына ислам діні енген орта ғасырларда Сайрам (Исфиджаб), Манкент, Тараз, Меркі, Баласағњн, Сыр бойындағы Сүткент, Иасы, Қарнақ, Сауран, Иөан, Үзкент, Жент, Қыпшақ, Сығанақ, Баршынкент, Қаратаудың теріскейіндегі Құмкент, Ақтөбе, Бабата, Саудакент, Созақ қалалары дін ғана емес, ғылым мен мәдениет орталығы ретінде де жанданды. Осындай қазақ топырағынан шыққан ғалымдардың бір тобы философия, тарих, астрономия, логика, музыка, тіл, медицина, тафсир, шариғат, хадис, құқық салаларына арналған еңбектерімен танылды. Бір ғана Сайрам (Исфиджаб) қаласынан Ахмад әл-Исфиджаби, Әли әл-Исфиджаби, әл-Қади әл-Байдауи, Әбу әл-Хасан, әли әл-Байдауи атты артына мол мұра қалдырған ғұламалар шықты. Сайрам қаласының әдемілігіне, ғылым орталығы ретінде дамығанына қарап арабтар оны «Дар әл-байда» (Ақ қала) деп атап кетті.

Сонымен бірге  ІХ-ХІІ ғасырларда бүкіл дүниежүзіне өздерінің фи- лософиялық, діни еңбектерімен танымал болған, Муса әл-Хорезми (783 - 850), Ахмад әл-Ферғани (798-861), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048), т.б. ұлы ой- шылдар, ғұлама ғалымдар дүниеге келіп, мәдениетке, ғылымға өшпес ізін қалдырған. Бүгінде бұл ғұламалардың еңбектері әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітапханалардан іздестіріліп, зерттеліп жатыр.

Алтын Орда дәуірінде ислам дінінің халықтық мәдениетіне, ғылымға косқан үлесі арта түсті. Алтын Ордалық ғалымдар білім алу мақсатымен мұсылман елдеріне сапар шекті. Олардың бірқатары Мысырда, Сирия, Бағдадта танымал болды. Мысыр жерінде дүниеге келген қыпшақ тілінде жазылған Сайф Сараийдің «Гүлстан бит-түркиі» мен «Суһаил уа Гүлдер- сіні» (1394 ж.), Құтыбтың «Хұсрау-Шырыны» (1342 ж.), Хорезмидің «Махаббатнамасы» (1358 ж.) Алтын Орда мен Мысырдағы түріктерге ортақ дүние болды.

Алтын Орда билеушісі  болған Өзбек ханның тұсында Қазақстан даласында ислам дәстүрлері толық орнығады. Халықтың арасында рухани өрлеуге, дінді үйренуге, оны терең тануға керемет зор құлшыныс байқалды. Осы кезде түркі тілінде жазылған Наср ад-дин Рабғузидің «Қиссасуләнбиясы», Хусам Катибтің «Жұмжұмасы» және «Нахжул-Фарадис», «Қиссаи Юсуф» сияқты діни шығармалары халық арасында кең сұранысқа ие болды. Көшпелі халық араб-парсы тілдерін үйреніп, Құран оқып, ислами әдебиет үлгілеріне зор қызығушылық танытты. Далада оқу-білім арнайы орналасқан киіз үйлерде жүргізілді. Қазақ халқының сол кездегі туындаған ауыз әдебиетіндегі басты кейіпкерлер (Оғыз қаған, Едіге би, Ер Қосай, Орақ-Мамай, т.б) мұсылман басшысы сипатында суреттелді. Халық осындай жырларды, діни дастандарды, қиссаларды құмартып тыңдап, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таратып отырды.(2-125-126)

 

2.1 Исламның мәдениетке қосқан үлесі

Мәдениетті болу мен көркем мінезді  болу арасында жақыннан байланыс бар. Мәдениет ұғымын жете түсініп, мәдениетті болудың алғашқы шарты кісінің көркем мінезді болуға тырысу және жағымсыз мінез-құлықтардан бойын аулақ ұстануда жатыр. Көркем мінезді адам ғана «мәдениетті адам» бола алады. Мінезі нашар адам мәдениетсіз адам ретінде саналады.

Ислам діні, әр бір тұлғаның мінез-құлқының көркем болуына үлкен мән берген. Құран Кәрімде де, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде де ахлақ (мінез-құлық) тақырыбына көп тоқталынған. Тіпті көркем мінез-құлық мәселесінде пайғамбарымыздың өмірі бүкіл адамзат баласына ең үздік үлгі-өнеге бола алады.

«Расында сендер үшін, Аллаһты және ақырет күнін үміт еткендер мен Аллаһты  көп еске алған кісілерге  Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзат: 21)

«Шын мәнінде сен ұлы мінезге  иесің» (Қалам: 4) деген Құран аяттарында пайғамбарымыздың мінез-құлұына үлкен назар аударылған. Расында да Пайғамбардың (с.ғ.с) дін тарату, үкім жүргізу, ел басқару барысында, т.б іс-әрекетте де керемет үлгісін көрсетіп кеткен.

Хазіреті Пайғамбар хадисінің  бірінде « Мен көркем мінезді  толықтыру үщін келдім» деген. Бұл хадис Исламның өзінен бұрынғы тәңірлік діндерді толықтырып, көркейткен  ең соңғы дін екенін көрсетеді. Әрі бұл міндетті атқаратын да Пайғамбарымыз (с.ғ.с) екендігі білдірілген. Расулуллаһтың (с.а.с) Аллаһ тағала тарапынан пайғамбар етіп жіберілудегі мақсатының өзі көркем мінез-құлықты орнықтыру. Яғни, өзінің жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, істеген ісі арқылы баласына үлгі болу. Бұл тұрғыда хазіреті Пайғамбарымыздың хадистерінде көп айтылған.

«Шынында, Аллаһ тағала өзі көрікті  және көріктіні сүйеді. Көркем мінез-құлыққа разы болып, жаман әрі жағымсыз әдеттен жирнеді»

Ғұламалар көркем мінез-құлықпен дінімізді, бұл дүниемізбен о дүниеміздің  баянды болуына бастайтын іс-әрекет екенін айтады.

Ислам- адамдарды көркем мінезге  жөнелту үшін «садақа» түсінігіне де көп мән берген. Садақаның мәні-Аллаһ тағаланың  ризалығын алу ниетімен мал-мүлік сарп ету. Ал пайғамбарымыздың сүннетінде кейбір іс-әрекеттердің де садақа берумен пара-пар екені, сол үшін жазылатыны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бір хадисінде жақсы мінез-құлық былай баяндалады: « Мұсылман бауырының жүзіне күлімдеп қарауыңның өзә саадқа, жаамндықтан қайтарып, жақсылыққа шақыру да садақа. Жолынан адасып қалғанға, жол көрсету де садақа. Адамдардың ары бері сапырылысып өтетін жолында жүрулеріне кедергі болып жатқан тас, темір алып тастау да садақа».

Исламда алыс-жақын, мұсылман-кәпір, бай-кедей, әйел-еркек, адам-хайуан деп бөле жармай, Аллаһтың жаратқандарының бәріне де мейіріммен қарау мәдениеттілктің  ең маңызды қағидасы болып есептелінеді.  (3-3-5)

Өмірде түзу жолды таңдап, жан  дүниеңді игіліктермен байытудың бір  ғана шарасы осы әдеппен жүріп, ақырет өмірін өмірін осы дүниеде ахлақ  халіне келтіру. Әйтпесе, ақыретке деген  иманы жоқ адамдарда және олар өмір сүретін қоғамда игіліктің  ауылы алыс болып, түзу жолдың қарасы көрінуі мүмкін емес. Егер олардың бойынан игіліктің нышаны қылаң берген болса, онда ол Аллаһ Тағаланың адам табиғатының бар болмысына нәр берген игілігінің арқасында ғана. (9-15)

 

2.2 Ислам сәулет өнерінің үлгісі болған ғимараттар

 

Ислам тек сенімді ғана қамтитын жүйе емес, сонымен қатар өркениеттің қайнар бұлағы. Қазақстан аумағында ислам дінімен қатар ислам мәдениеті өркендеп, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде кешенді құрылыстарымен ерекшеленген қалалар бой көтере бастады. Оларға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана, т.б. құрылыстарды жатқызуға болады.

Ислам діні кең жайылған қалаларда мешіттер мен медреселер саны көбейді. Кейбір тарихи деректерде Қарахан мемлекетінің астанасы болған бір ғана Баласағұн қаласында моңғол шапқыншылығына дейін 240 мешіт, 10 медресе, 20 ханака болғаны жазылған. Мешіттер мұсылмандардың құлшылық жасайтын орны болумен қатар өнер туындысына да жатады. Еліміздің Батыс өңіріндегі ескі ескерткіштердің бірі Баласағұн күмбезі (XI-XII). Шалқар қаласының солтүстік-шығыс жағына 50 шақырым жерде орналасқан бұл күмбез көне Үргеніште қолданылған сәулет өнерінің үлгісімен жасалған. XIII ғасырда қаланған Сарайшық қаласындағы Зәбия мешіті де өз заманындағы сәулет өнерінің үздік үлгісі болған.

Информация о работе Ислам діні