Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:58, курсовая работа
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанып келеді. Тарихымызға көз салсақ, кезінде теңдесі жоқ, мәдениеті мен ғылымы дамыған өркениетті мұсылман мемлекеттері өмір сүрген. Сол мәдениеттің мирасшыларынан болған халқымыз өз дінін, тілін, тарихы мен мәдениетін жоғары бағалай білген жөн. Мәдениеттің қалыптасуында дін ең маңызды фактор. Өйткені дінсіз, сенімсіз бір қоғамның өшпес және үлгілі бір мәдениет құруы мүмкін емес.Өйткені дәуірлерде кең байтақ жерді қол астында ұстап, алып мемлекеттер құрған қаншама қауымдар өткен.
Ғалымдар мен
тарихшылар Қағбаның 5-тен 12 мәртеге
дейін қайта салынғандығын
Қағбаны Құрайыштардың жөндеуі:
Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарға пайғамбарлық түспей тұрып, Қағбаның жөнделуіне қатысқан. Меккеде қатты жауыннан сел болып, Қағбаға біршама зиянын тигізеді. Осыған байланысты Қағбаға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады. Қағбаны жөндеу жұмысы құрайыштардың төрт тайпасына тапсырылып, оның ішінде Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарда қатынасады.
Қағбаның қабырғаларының ісі біткен соң, кезек Қағбаның шығыс жақ бұрышына «хажаруль әсуад» яғни қара тасты қоюға келеді. Бірақ тайпалар арасында келіспеушілік пайда болып, «қара тасты кім қояды?» деген сұрақ пайда болды. Келіспеушілік ушығып бара жатқанда, Меккенің ескі тұрғыны Абу Умайя «Таңертең мешіттің дарбазасынан бірінші кім кірсе, мәселені сол шешсін»,-деген ұсыныс айтты. Ертеңіне мешіт дарбазасынан бірінші болып Мұхаммед с.ғ.с. кірді. Меккеліктер: «Бұл Мұхаммед қой» с.ғ.с. «әл-Амин» (ең сенімді, жалған сөйлемейтін) деп қуанысып, айқайлап жіберді. Мұхаммед с.ғ.с. оларға жақындап келгенде, олар келісе алмай жатқан мәселелерін шешіп беруін өтінді. Сонда Мұхаммед с.ғ.с. жерге шапан төсеп, үстіне қара тасты қойып, төрт шетінен, төрт тайпаның басшыларына ұстатып Қағбаға жақындап, қара тасты Қағбаның қабырғасына қойды.
Құрайыштар Мұхаммед пайғамбардың ұсынысын қабылдамай, елшісіне құрмет көрсетпеді, Мұхаммед пайғамбар да сабырмен ақырын күтіп,кері қайтпады. Ақырында меккеліктер мұсымандармен келісім жасау үшін елшілерін жібереді. Пайғамбар меккелік елшілердің талаптарын қабылдап, мейлінше қарсы жақтың ұсыныстарын ескере отырып «Худайбия» бейбіт келісім шартын бекітті. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) бұл келісім шарттағы басты мақсаты - бейбіт келісім арқылы исламның саяси әлеуетін мойындатып, өзгелерге таныту еді. Сондықтан құрайыштардың ұсыныстары мұсылмандар мүддесіне нұқсан келтіретіндей көрінсе де, бейбіт өмір сүріп, ислам мемлекетінің іргесін бекіту үшін екі айтқызбай қабылданады. «Худайбия» келісімінен кейін өзге халықтар мен мемлекеттерді хақ дінге өндеуге мүмкіндік туды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Рим (Византия), Иран, Эфиопия, Мысыр, т.б. елдердің басшыларына Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын мойындауға, Ислам дінін қабылдауға шақырған хат жазып, елшілер жіберді. Көптеген ел басшылары Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) пайғамбарлығын және ислам мемлекетін мойындайтындықтарын білдірді, кейбіреуі қарсы болды.
Мұсылмандықты қабылдағандар тәубеге келіп, қарсылық ниеттерінен қайтып, ислам ұстанымдарына сай өмір сүруге ант берді. Осылайша, Меккедегі жеңіс мұсылмандарға мызғымас күш, тың серпіліс әкелді.
632 жылы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) соңғы қажылық сапарын атқарды. Арафат тауында Алланың атымен сөз бастап қоштасу құтпасын оқыды. Ислам тарихында «қоштасу құтпасы» деген атпен белгілі пайғамбардың соңғы өсиеті ғибратқа толы. Адамдарды татулыққа, бауырмалдыққа, бір-бірінің ар-намысына, мал-жанына құрметпен, даянатсыз ақ пейілмен қарауға, әйелдердің құқығын қорғауға үндейді. Өсімқорлыққа, қан дауына тыйым салады. Қасиетті Құран Кәрімнің мән-маңызын, адамның ұлтына, нәсіліне, жынысына қарамастан Алланың алдындағы теңдігін, тек тақуалығымен, ар-иманымен құрметке ие болатынын айтты.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 632 жылы қатты сырқаттан бұл дүниеден озады Медине қаласында жаназасын оқып, дүниеден өткен жеріне арулап қойды Сахабалар өзара кеңесіп, Пайғамбар ісін жалғастыратын халиф болуға Әбу Бәкірді (р.а) лайық көріп, бәрі бірауыздан соны сайлады.(2-81-84)
1.2 Құран кітабынының ислам мәдениетіндегі орны.
Құран - «оқу», «жатқа оқу» мағынасындағы араб сөзі. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атады. Ол – мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші,адамзатты ақиқатқа қауыштырушы қасиетті кітап. Адамзатты ізгілікке бастайтын Алланың рақымы. Сондай–ақ,Мұхаммед расулдың ең үлкен пайғамбарлық кереметі (пайғамбарлық кереметі исламда муғжиза дейді.). (1-сурет)
Құранда 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш аяттан тұратын «Кәусар» сүресі. Ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі. Қасиетті Құран Кәрімнің ең алғашқы «Ғалақ» сүресінде: «(Ей, Мұхаммед (с.ғ.с), барлық жаратылысты) Жаратушы болған Раббыңыздың атымен бастап оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Сенің Раббың адамзатқа қаламды (яғни, жазу хатты) үйреткен өте ардақты. Ол адамзатқа оның білмеген нәрселерін үйретті...» Түсініктеме: Осы аяттар адамзат өміріне жаңа иллаһи ереже заң және қияметке шейін бұзылмай сақталып қалатын, яғни Аллаһ Тағала жіберген діндердің алғашқы да, соңғысы да болған кәміл дін – Исламның келгендігі туралы алғашқы аяттардан-ақ Ислам діні адамдарды надандық төмендікке емес, ақиқат ілім-білімге шақыруы және де тек қана оқу үйренумен Жаратқан разы болатын тура жолды табуға шақыруы да. (10-4). Құран сүрелері меккелік мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелер – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Мекке қаласында тұрғанда түскен сүрелер. Онда жалпы иман–сенім, жаннат–жаһаннам, әлем мен адамның жаратылуы, бұрынғы өткен пайғамбарлар туралы тақырыптар баяндалады. Ал пайғамбардың Мединеге көшуіне байланысты, онда түскен сүрелер «мединелік сүрелер» деп аталады. Бұл сүрелерде қоғам өмірі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар бойынша әмірлер мен бұйрықтар, тыйымдар, т.б. тақырыптар баяндалады. Құран Алла әмірі-Жебірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы түскен. «Қадір» сүресінде алғашқы аян (уахи) 610 жылы рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) түскенін баяндайды.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) оқу-жазу білмейтін кісі болған еді. Ол Алладан аян келгенде уахи хатшыларына сүре аяттарын түскен жерде жаздырып отырған. Пайғамбардың сахабалары Құран аяты түскен мезетте толық жаттап алып, оны оқудың тәртібін де жете меңгеріп отырды. Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Әбу ибн Кағб, ибн Масғуд, Заид ибн Сәбит, Әбу Дарда, Муғаз ибн Жәбәл, Әбу Зайд және т.б. сахабалар Құранды жатқа білуімен танымал болды. Құранның бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік жасады. Ислам әдебиеттерінде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өзі өмірінің соңғы кездерінде Рамазан айында Жәбірейіл періштеге Құранды екі рет қайталап оқығаны, періште аяттардың қатесіз жатталғанын тексергені жайлы баяндайды. Ғалымдар Жәбірейіл періштенің пайғамбарды тыңдаудағы негізгі мақсаты: біріншіден, Құран Кәрімнің дұрыс сақталу жолын мұсылмандарға үйретіп, оның мінсіз сақталуы Алла тағала үшін қаншалықты маңызды екендігін білдіргендігі; екіншіден, аят пен сүрелердің бір-бірінің жалғасын тауып, орналасу жүйесін көрсетуі болды дейді. Сондықтан да мұсылмандар Рамазан айында тарауих намазын оқып, Құранды хатым етуді сүннет (Құранды толық оқып шығу) деп біледі.
Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірінің ақырына дейін уахи келуі (аян) ықтимал болғандықтан, оның көзі тірісінде Құранды бір кітап етіп жинақтау мүмкін болмады. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы халиф Әбу Бәкір кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Аң терісіне, құрма ағашына сүйекке, тегіс тастарға жазылған Құран аяттарын жинақтап, бір кітап ету Зәйд ибн Сәбитке тапсырылды. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, ибн Қағб көмектесті. «Мұсхаф әл-Имам» деп аталған осы кітап алдымен Әбу Бәкірде ол қайтыс болғаннан кейін Омарда, кейін Омардың қызы - Хафсаның қолында сақталды.
Құран аяттары кітаптың мағынасы мен сөздері Алла тарапынан өзгеріске ұшыраудан сақталғанын, бұдан кейін басқа бір қасиетті кітап келмейтінін, Құран белгілі бір қоғамға немесе қауымға ғана емес, барлық адамдар игілігіне ортақ кітап екендігі сияқты бірнеше ерекшеліктерін көрсетеді.
Мұсылман ғалымдар Құранның басты тақырыбы адамды жоғарғы адамгершілік иесі болуға және адамдардың бейбітшілік пен тыныштықта, бір-бірімен сүйіспеншілік пен қайырымдылықта өмір сүруге шақыру деп көрсетеді. Олар Құран әртүрлі оқиғалар мен сұрақтарға байланысты 23 жыл бойы түсуі себепті онда адамның өмірлік басты сұрақтарының бәріне жауаптар бар деп түсіндіреді. Сондай-ақ, онда бұрынғы кітаптар мен жазбаларда (парақтар) қамтылған діни құндылықтар, тарихи оқиғалар, пайғамбарлар өмірі, үздік сырлар қамтылған. Сол себепті Құранды уақыт пен кеңістіктің сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап беретін, Құдайдын адамзатқа берген теңдесі жоқ, ақырзаманға дейін өзгермейтін қасиетті кітабы деп есептейді. Мұсылман ғалымдар Құран аяттарын мағыналық мазмұны бойынша былай үшке бөледі:
1.Иман, сенімге байланысты аяттар;
2.Шариғат үкімдеріне қатысты аяттар;
3.Пайғамбарлар өмірі жайлы қиссалар.
Ислам ғалымдары Құранның ислам мәдениетінің өркендеуіне жағдай жасаған басты себебі ретінде Құранның адамды ақыл иесі ретінде бағалап, оған ақыл мен ойдың қабілетін жітілдіруді, интеллектуалды дамуды міндеттейтін ерекшелігін көрсетеді. Алланың Құранда тікелей адаммен сұхбат құруы оның ақыл иесі болуына байланысты. Сондай-ақ, Алланың адамға аманат жүктеп, оны өзге мақұлықтардан артық ету себебі де осы - ақыл деп ұқтырады. Құран аяттары адам егер даналықты өзіне міндеттесе, ақиқатты іздеуді өз мойнына алса, онда Алла оның білім көкжиегін кеңейтіп, жолын ашады деп уәде етеді (Анкабут, 69 аят). Ол үшін адам әрдайым терең ойлы, білімді, сергек болуға тырысуы керек деп түсіндіреді.
Құранда Алла адамды ойлау, зерттеу, сынау, бақылау, ұғыну және білуге шақырумен ғана шектелмей, олардың негізгі қағидасы мен жолын да көрсетеді. Мысалы, Құранда «Егер дүниеде де екі құдай болса, дүние бұзылар еді» (21-сүре, 22-аят) дей келе, «бір Алладан басқа Алла жоқ, егер де басқа бір Алла болса, әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесімен кетер еді де, бірін-бірі жеңер еді, Алла тағала мұндайлардан таза» (23-сүре, 91-аят) деп Алланың бірлігін қарапайым логика негіздерімен түсіндіреді. (2-86-89 бет)
Ислам дінінде Құдайды үшке не екіге бөлуге немесе оған серік қосуға болмайды. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға, т.б. табынуға, сыйынуға тыйым салынады. Абай қара сөздерінде: «Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір» демелік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз» деп, Құдайдың бірлігі, барлығы аса ауыр ұғым екенін айтады. Әрбір адам иманның мағынасын ұғыну, терең сезіну керек деп біледі. Ол Жаратушы Алланың барлығын, бірлігін ақылмен ғана білу аздық етеді, оны жүрекпен де сезіну керек деген ойға меңзейді. Исламда сенімдер мен ілімдер адам ұғымына түсінікті, ақыл мен қисынға қонымды, анық, қабылдауға жеңіл, ал қағидалары адамның, жаратылысына, мүмкіндігіне сай етіп белгілену шарт. Дінде рухтың көшуі (реинкорнация), тумысынан күнаһар болу, нақты бір тап өкілі болып туу деген сияқты өмірді қиын етіп көрсететін адам ұғымына ауыр сенімдерге жол берілмейді. Ислам дінінде адамның табиғатына жат, өміріне қиыншылық туғызатын қағидаларға тыйым салынады. Діннің басты негізгі және мұсылмандықтың кілті - «Лә иләһә илла Аллаһ, Мухаммадур расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Яғни, Алланың барлығына, бірлігіне сену, оған ешкімді тең көрмеу және Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) оның елшісі екенін мойындау. Сондықтан бұл қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен бекіткен адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны «кәлима таухид» деп атайды. Ислам адамның тән тазалығымен қатар, ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көп көңіл бөледі.
Ислам діні бес ұстанымға негізделген. Олар: иман, намаз, ораза, зекет және қажылық.
Иман - Аллаға, періштелерге, кітаптарына, пайғамбарларға, ақирет күніне, өлгеннен соң қайта тірілуге және тағдыр мен қазаға сенуден тұрады.
Аллаға иман. Аллаға иман - Алланы тану. Бұл ретте Алла бар және ол жалғыз. Барлығы, біз ойлаған барлықтан да барырақ, бірлігі біз ойлаған бірліктен де бірірек. Өйткені, біз ойлаған барлықтың пішіні бар және біздің ойымызға келетін бірліктің соңы бар. Ал Алланың басы мен соңы, пішіні, тәні, мекені жоқ. Алланың кәмілдігі, пәктігі, заты, сипаты да ойшының ойы, ақылдының ақылы жеткеннен де көп артық. Алланы, оның ұлықтығын осылай тану әрбір мұсылманға парыз.
Алла қандай мысал берді, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ деген көркем сөз тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол ағаш Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. (14-сүре, 24, 25-аят.)
Періштелерге иман. Періштелерді міндетіне берік, жынысы жоқ, ішіп- жемейтін, адамның көзіне көрінбейтін жаратылыстар деп білу. Періштелер нақты бір іске міндеттеледі және соған орай бірнеше түрге бөлінеді. Жәбірейл Алладан пайғамбарларға хабар жеткізуші періште. Микаил - әлемдегі табиғатты басқару қызметіне тағайындалған періште. Исрафил - Алланың әмірімен сүр (керней) үрлейтін періште. Оның сүр үрлеуімен қиямет қайым болады. Әзірейіл - жан алу қызметіне тағайындалған ажал періштесі.Бұл төрт періште ұлы періштелер деп саналады. Одан басқа адамның жақсылығы мен жамандығын жазып отыратын - Кирам Катибин, өлімнен кейін қабірде адамның жасаған істері жайлы сұрайтын Мүңкір-Нәңкір сияқты бірнеше періштелер бар.
Кітаптарға иман. Мұсылман нанымында Алла тағала қайсы бір пайғамбарларға парақтар, қайсы біріне кітаптар жіберген. Мұса пайғамбарға «Таурат», Дәуіт пайғамбарға «Забур», Иса пайғамбарға «Інжіл», Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) «Құран» кітабы түскен. Бұл кітаптардың ақиқат екенін қабылдау иманның үшінші шарты болып саналады.
Пайғамбарларға иман келтіру - олардың өсиеттеріне, өнегелі өмірлеріне ғибраттану, тарихта шын болғанына сену, Алланың шын елшісі деп мойындау. Ислам дінінде алғашқы пайғамбар ол - Адам, соңғы пайғамбар Мұхаммед. Бұл екі пайғамбардың арасында 124 мың пайғамбар өткен. Алайда Құранда олардың жиырма бесінің ғана аты аталған. Олар: Адам, Ыдырыс, Нұх, Һуд, Салих, Лұт, Ибрахим, Исмаил, Исхақ, Яқұб, Юсуф, Шұғайб, Һарұн, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Әйюуб, Зүл-Кифл, Юнус, Илиас, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с).
Ақирет күніне иман - ислам сенімі негіздерінің бірі. Ол - дүниедегі адам өмірі іліммен аяқталатынына және өлімнен кейін қайта тірілетініне сену. Адамның қайта тірілетін және бұл дүниедегі өмірінен есеп беретін, мизан таразысына түсетін, амал дәптері берілетін, сауап я жаза алатын «ақирет» күні Алланың қалауымен болады. Ұлы Алла барлық нәрсенің жаратылысынан бастап соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және жағдайларын, көлемі мен мөлшерін өлшеп, біліп пішеді. Оны тағдыр (араб. «тақдир») деп атайды, ал Алланың қалаған нәрселерінің уақыты келгенде тағдырға сай жүзеге асуын «қаза» дейді. Тағдыр мен қазаның жүзеге асуында адамның да белгілі бір дәрежеде еркі болады. Адам өзінің дүниедегі ісі мен ниетіне сай нәтижесін көреді, сынаққа түседі.