Венчурлық кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:36, курсовая работа

Описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.doc

— 376.00 Кб (Скачать документ)

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

    Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).

    Сатылған  тауарлардың өзіндік құнына:

      Дт: 7010 Сатылған өнімдердің

    өзіндік құны                                                                                300000 тг

    Кт: 1320 Дайын өнімдер                                                                       300000 тг

    Сатылған  тауарлардан алынатын сомаға:

    Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                            420000 тг

    Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты                420000 тг

    Сатылған  тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

    Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                            80000 тг

    Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы                                                80000 тг

    Сатылған  тауарлар үшін алынатын сома келіп  түскенде:

    Дт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»            500000тг

    Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                              500000 тг

    Жоғарыда  екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпоырндар мен ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен  қызметтеріне байланысты қосылған құн  салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп,1320«Қосылған құн салығы»шоты кредиттелінеді.

    Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың  пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, бағалы қағаздар бойынша  қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

    Шетелдік  валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге  де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

    Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың  сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

      Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған  жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 6030  «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттелініп, 1210  «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер»,      1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130  «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).

    Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық  қорлар бойынша шот фактуралары  немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай  басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.

    Тауралрды сату мен сатып алу кезіндегі  барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен  сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.

    Тұрақты баға келісімшартта көрсетліп, тауарларды төлеу кезінде қадағалаанды және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теғңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақьар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі  болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе100% сомасының төлегендігі тиімді болады.

    Тұрақсыз  баға келісімшартқа отыру барысында  тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.

    Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.

    Кейбір  жағдайларда жабдықтаушы сатып  алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

    Вексель дегеніміз –  ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

    Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:

ВЕКСЕЛЬ

         100000 (жүз мың) теңге                                       25.03.2004 жыл

Төленуге тиісті сома мөлшері                              Вексельдің берілген уақыты

«ККК» фирмасы

Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты

13.12.2004 жыл

Төлену  серзімі

«НҰР» акционерлік қоғамы

Вексель беруші ұйымның аты

Нұрхан_______________________________МО

Тиісті  адамдардың қолдары және ұйымның  мөр таңбасы

 

    Егер  вексель бойынша есеп айырысу  бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді.  Әдетте вексельдер  пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:

    • Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
    • Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;
    • Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
    • Айналымға жіберу  мүмкіндігі.

    Бухгалтерлік  есепте весельдер сатлыған, вексельге  айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы  болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы  вексель айналымы  мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып табылады.  Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй  және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

    Жай вексель дегеніміз  төлем мерзімі келген  кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым  тілмен айтқанда вексель берушінің  вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

    Айналым үдерісі кезінде вексель бір  адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парғында жағзылады.

    Аударылмалы вексель –  (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жә вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

    Вексельдерде  сонымен қатар пайыздық және пайыссыздық  деп екіге бөлуге болады.

    Пайыздық  вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдында көрсетіледі.

    Пайыссыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

    Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.

    Коммерциялық  вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы , яғни сатып алушы кәсіпоырндар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресіиделеді.

    Қаржылық  вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

    Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды  қоса алғандағы  бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін  қфысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

Информация о работе Венчурлық кәсіпорын