Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:36, курсовая работа
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Кіріспе
Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дт: 1620 «Сақтандыру полисі» шоты;
Кт: 1030«Есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;
8410 «Үстеме шығындар» шоттарының тиістілері;
Кт: 3210 «сақтандыру полисі» шоты.
«Жал төлемі» шот алдағы кезеңдер үшін төленегн жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты;
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған уақытта:
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;
8410 «Үстеме шығындар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.
«Басқадай алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.
Алдағы кезең шығындары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома | 1620 | 1030 | |
2 | Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды | 7110, 7440, 8048 | 1620 | |
3 | Алдағы кезеңнің
жал төлемі есеп айырысу шотынан
аванс ретінде алдын ала |
1620 | 1030 | |
4 | Есеп беретін уақытта жал төлемі есептен шығарылды | 7110, 7440, 8047 | 1620 |
2.2 Берілген аванстар есебі
Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:
Ал берілген аванстар 1610 дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, матриалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.
Бұл жоғарыда аталған шоттарға байланысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты.
Несие есебінен берілген аванс сомасы:
Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетліген қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;
Кт: «Банктен тыс мекемелердің несиелері» шоты немесе «Басқадай несиелер» шотының тиістісі.
Шетелдік ақша бірлігі, яғни валюта түрінде берілген аванстар бойынша тиімді бағамдық айырмашылықтың пайда болуына:
Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты.
Бұрынырақта аванс ретінде берілген соманың пайдаланғаннан қалғаны қайтарылғанда:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты;
Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыс пен көрсетлетін қызет үшін берілген аванстар» шотының тиістісі.
Бұрынырақта берілген аванс есебінен жабдықтаушыларға тиісті қарыз соамлары өтелгенде:
Дт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты;
Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі.
Жалпылама
аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-матреиалдық
қорларды жеткізгені үшін алдын ала
берілген аванстар сомасын сипаттайды.
Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың
сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен
үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы
түсініктеме алуға мүмкіндік береді.
№ | Операциялар мазмұны | Дт | Кт | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жабдықтаушыларға олардн алдағы уақытта алынатын тауарлар, материалдық құндылықтар үшін аударылған аванс сомасы | 1610 | 1070, 1050, 1030 | |
2 | Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударылған аванс сомасы | 1610 | 1070, 1050, 1030 | |
3 | Бұрын төленген аванс соамыс есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сома өтелді | 3310 | 1610, 1610 | |
4 | Аванс ретінде
жабдықтаушы-мердігерлерге |
1070, 1050, 1030 | 1610, 1610 |
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттарда жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес (тәуелді) серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жұргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.
Еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт: 1310 «Материалдар» шоты;
Кт: 2120 «Еншілес серіктестіктердің алашағы»,
2120 «Тәуелді серіктестіктердің
Ал еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпоырнның бухгалтерлік есебінде:
Дт: 2700 «Материалдық емес активтер» шотының тиістісі ;
2410 «Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;
Кт: 2120 «Еншілес серіктестіктердің алашағы»,
2120 «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға бас кәсіпорынның өтеген қарызына:
Дт: 2120 «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;
2120 «Тәуелді серіктестіктердің алашағы немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістісі;
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Бас
кәсіпорын мен еншілес
Дт: 2120 «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,
Кт:
1220 «Еншілес серіктестіктердің берешегі»,
«Тәуелді серіктестіктердің берешегі»
және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.
«Еншілес серіктестіктердің алашағы»,
«Тәуелді серіктестіктерлің алашағы»
және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
алашағы деп аталатын шоттарда талдамалық
есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі 1610, 3510 «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.
Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты;
Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:
Дт:1610 «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немес «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;
Кт: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншліес серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.
Алынған аванстар бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дт | Кт | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Сатылатын тауарлық-материалдық қорлар немесе көрсетілеін қызметтер үшін алдын ала аванс ретінде алынған сомаларға | 1050, 1030, 1010, 1020, 1030 | 1610 | |
2 | Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын ала алынған аванстар сомасынан шегеріледі | 1610 | 1210 | |
3 | Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардан аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда | 1610 | 1050, 1030, 1010, 1020, 1030 |