Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:36, курсовая работа
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Кіріспе
Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйым материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпоырндармен есеп айрысуының есебі 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айрысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олрадың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептеліген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленеген сомалар жазылады. 3310 «Жабдықтаушы мен мредігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша 6-журнал ордерге жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олрадың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналы» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журнал жасауға тиісті мәліметтер жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (наклоднойлары), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Фактураланбаған жабдықтар есебі
Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланған, яғни шот-фактурамен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактуралбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Матреиалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп ноірі 6-журнал-ордерге шот фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасадлған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетіледі. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөтіп жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептеліп, олардың құндары жабдықтаушылар мен мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі (қызыл жазумен жазылады).
Жабдықтаушылар
және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар
есебі жөніндегі журналда ай аяғында
«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп
айырысу» деп аталаын шот бойынша
талданған қалдықтар
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларжан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салық есебінсіз) акцептелген шот-фактурасына:
Дт: 1310 «Материалдар» немесе 1330 «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты;
Кт: 3310«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот-фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушылрағ таураларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барысында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасына шегерілгенде:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот;
Кт:
«Орны толтырылатын қосылған құнға салынған
салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы
жазылады.
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Келіп түскен тауарлық-материалдық
қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің
шот фактурасы акцептелді:
|
1310-1317, 1330, 1420 |
3310 3310 |
2 | Жабдықтаушы-мердігерлердің
шоттары акцептелді:
|
1310-1317, 1330 1420 |
3310 3310 |
3 | Орындалған
құрылыс-монтаж жұмыстары үшін мердігерлердің
талап еткен шоттарына:
|
2524 1420 |
3310 |
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Жалдық міндеттемелердің есебі
Бұл міндеттемелер есебі 3390 «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жабдық міндеттеме» деп аталтын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі
Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі 3380, 4160 «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталтын шотта жүргізіледі. Төленуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:
Дт: 7310 «Есептелген сыйақы бойынша шығындар шоты» шоты;
Кт: 3380, 4160, 7310 «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар сомасы төленегн кезде:
Дт: 3380, 4160, 7310 «Төленуге тиісті сыйақы» шоты;
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шот түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі
Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталтын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпоырндар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорынан жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда есептелмейді.
Зейнетақы бойынша жарналар соамыс есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: 3350 «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты;
Кт: 3220 «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоты.
Ал бұл соманы кәсіпорын тиісті қорға аударған уақытта:
Дт: 3220 «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот,
Кт: 1030 «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталынғанға дейін олардың табыстарының барлық түрелрінен 10% мөлшерінде ұсталады. Бірақ жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударылыуы тиіс, бірақ келесі айдың 10-ынан кеш қалмауы керек.
Қазақстан
Республикасының 1996 жылғы маусым айының
үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемелекеттік
емес ерікті зейнетақы қорлары туралы»
заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары, шет ел азаматтары және
азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті
қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге
құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы
қоры – бұл банкттік емес қаржылық мекеме
болып табылатын және жабық акционерлік
қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке
тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын
тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап,
қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет
жүргізетін заңды тұлға болып табылады.
Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан
ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын
өзі қлаған қорға салуына құқығы бар. Жинақталған
зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
мекемесі белгілеген сәйкес жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айрысудың есебі шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дт | Кт | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға | 3430 | 3220 | |
2 | Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы | 3220 | 1030 |
Басқа да есептелген шығындар есебі
Басқадай шығындардың есебі «басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.
Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»
7210 «Жалпы әкімшілік шығындары» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
Кт: 3390 «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Дт: 3390 « Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты;